Келісілді:
(жұмыс беруші әріптес мекеме, басшысының қолы, мөрі )
________________
«____» 2014 ж.
|
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
«Тарих, құқық және экономика» институты
«Қаржы» кафедрасы
5В050900- Қаржы мамандығының
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
|
«БЕКІТЕМІН»
Жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс бағдарламалары комитетінің төрағасы _____________________
«______» 2014 ж.
|
Ғылыми-әдістемелік үйлестіру кеңесінің төрағасы
__________________________
«_____» _________2014 ж.
|
|
|
№
|
Пән атауы
|
Пән коды
|
Пән циклы
|
Кредит саны
|
ECTS бойынша кредит саны
|
Курс
|
Академиялық кезеңі
|
Бақылау түрі
|
Бақылаудың өту түрі (тест, жазбаша, ауызша)
|
Пәннің сипаттамасы: 1. Пререквизиті; 2. Постреквизиті; 3. Пәннің мақсаты; 4. Қысқаша мазмұны; 5. Құзіреттілігі; 6. Күтілетін нәтиже
|
Бағдарлама жетекшісінің аты- жөні, ғылыми атағы мен дәрежесі
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
|
«Қаржылық менеджмент» білім алу траекториясы бойынша
|
|
Оқуға түскен жылы: 2013
|
|
Мамандық үшін таңдау бойынша модульдар
|
|
1
|
а) ҚР ақша жүйесі
|
KRAZh 2203
|
БП
|
3
|
5
|
2
|
3
|
емти-хан
|
тест
|
1. Пререквизиті: «Экономикалық теория», «Қаржы нарықтары және делдалдары»
Постреквизиті: «Банк ісі», «Банктердің валюталық операциялары», «Банктік маркетинг», «Банктік менеджмент»
3. Мақсаты: Студенттерге Қазақстан Республикасы ақша жүйесінің қалыптасу тарихы мен қазіргі даму жағдайы жөнінде теориялық білім негізін қалыптастыру және ғылыми ізденіс дағдыларын қалыптастыру.
4. Курстың қысқаша сипаттамасы: Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы және оның қажеттілігі мен жүргізілу ерекшеліктері. Ұлттық валюта теңгенің айналысқа енгізілуінің тарихи маңызы. ҚР ақша жүйесінің құрамдас элементтері. Ұлттық валютаның сатып алу қабілеті. ҚР ақша айналысын ұйымдастыру. Нақты және нақты ақшасыз айналым. Ақша массасы және ақша агрегаттары. ҚР ақша жүйесін реттеу.
Құзыреттілігі: Мамандар кәсіби және әлеуметтік қызметте ғылыми тәсілдерді дұрыс қолдана білуі қажет. Ақша жүйесінің негізгі даму заңдылықтарын, принциптерін, қаржылық институттардың қызметінің негізін, банктік және валюталық жүйеде даму тенденциясын талдауды үйрену.
6. Күтілетін нәтижелер: студентердің бойында ҚР ақша жүйесінің қалыптасу тарихы, мәні мен маңызы, теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде білім жүйесінің қалыптасуы және оны практикамен ұштастыру дағдыларының қалыптасуы
|
Айдосова Б.Х – аға оқытушы, э.ғ.к
|
|
|
б)Ақша теориясы
|
AT 2203
|
|
|
|
|
|
|
|
1. Пререквизиті: «Экономикалық теория», «Қаржы нарықтары және делдалдары»
Постреквизиті: «Банк ісі», «Банктердің валюталық операциялары», «Банктік маркетинг», «Банктік менеджмент»
3.Мақсаты: Қазіргі ақша теориясын оқып үйрету.
4. Курстың қысқаша сипаттамасы: Ақша теориясының сапалық жақтары: ақшаның шығуы, табиғаты, функциялары, сатып алу күші және ақшаның құнын анықтайтын факторлар, «ақша» ұғымының «өтімді активтер» ұғымына трансформациялану алғышарттары, алтын стандартының алынуы және толыққанды ақшаның айналымнан кетуі, қазіргі заманғы несие жүйесінің дамуы және институционалдық құрылымдардың күрделенуі; ақша теориясының сандық жақтары: ақшаның экономикалық үдерістерге тигізетін әсері. Айналым жасау жылдамдығы, ақшаның тұтыну сұранысына, сақтықтар (жинақтар) мен инвестицияларға тигізетін әсері, ақша- несиелік реттеу, номинал ақша кірісі теориясы.
Ақшаның сандық теориясының трансакциялық нұсқасы және оның тауар айырбастау мәмілелерімен байланысы.
5. Құзыреттілігі: ақша қатынастарына байланысты экономикалық ойлар мен теориялар мектебінің негізін білу; ақша жүйесін дамытуда тарихи аспектілерді білу; ақша жүйесін ұйымдастыруда экономикалық және құқықтық аспектілерді білу;
6. Күтілетін нәтижелер: Студенттердің бойында ақша, несие және банктердің теориялық аспектілері, ақша және несие жүйесінің жұмыс істеу негіздері бойынша білімдердің тұтастай жүйесін қалыптастыру.
|
Женсикбаева К.М - аға оқытушы
|
|
в) Ақша Несие Банктер
|
ANB 2203
|
|
|
|
|
|
|
|
1. Пререквизиті: «Экономикалық теория», «Қаржы нарықтары және делдалдары»
Постреквизиті: «Банк ісі», «Банктердің валюталық операциялары», «Банктік маркетинг», «Банктік менеджмент»
Пән мақсаты: Студенттердің бойында ақша, несие және банктердің теориялық аспектілері, ақша және несие жүйесінің жұмыс істеу негіздері, халықаралық несие – есеп айырысу және валюталық қатынастар бойынша, бағалы қағаздар нарығының негіздері бойынша білімдер жүйесін қалыптастыру.
4. Курстың қысқаша сипаттамасы:
Ақша, несие және банктердің теориялық аспектілері. Ақша несие жүйесінің жұмыс істеу негіздері. Қазақстан Республикасындағы ақша-несие жүйесі. Халықаралық несие – есеп айырысу және валюталық қатынастар. Бағалы қағаздар нарығының негіздері. ҚР банк жүйелерінің сипаттамасы. ҚР ақша-несие және банк жүйелерінің жұмыс істеу нормативтік – құқықтық базасы.
5. Құзыреттілігі: Қаржы саласында қаржы тетіктерін дұрыс қолдана білу, несиелік қатынастарды және қаржы –несиелік институттардың қызметінің негізін меңгеру.
6. Күтілетін нәтижелер: ақша, несие және банктер теориясы бойынша қажетті теhоиялық білімдердің белгілі бір минимумын білуі; банк саласында жұмыс жасау үшін қажетті тәжірибелік дағдыларға ие болуы; ҚР ақша-несие және банк жүйелерінің жұмыс істеу нормативтік – құқықтық базасын білуі тиіс.
|
Женсикбаева К.М - аға оқытушы
|
|
2
|
а)Баға және баға белгілеу
|
BBB 2204
|
БП
|
3
|
5
|
2
|
4
|
емти-хан
|
тест
|
1. Пререквезиттер: «Экономикалық теория», «Микроэкономика».
2. Постреквезиттер: «Корпоративтік қаржы», «Қаржылық менеджмент»
3. Пәннің мақсаты: баға түсінігін анықтау, бағалар жүйесі, құрамы мен құрылымы, баға саясатының мазмұны, инфляция жағдайында баға белгілеу, бағаларды мемлекеттік реттеу сынды баға белгілеу теориясының басты мәселелері бойынша негізгі теориялық білімдерді игеру.
4. Қысқаша мазмұны: Баға, оның экономикалық санат ретіндегі мәні, функциялары және факторлары. Бағалардың сыныптамасы және олардың жүйесі. Баға саясаты және оның мазмұны. Кәсіпорынның нарықта жүргізетін баға белгілеуінің әдістері. Баға белгілеудегі тәуекелдер және сақтандыру. Инфляция жағдайында баға белгілеу. Нарық жағдайында бағаларды мемлекеттік реттеу.
5. Құзыреттілігі. Білім алушының кәсіпорында баға белгілеу мәселелері тұрғысында теориялық және практикалық дағдыларды игеруі. Баға белгілеудің әдістері мен баға белгілеуде кездесетін тәуекелдерді анықтауға қатысты қабілеттердің болуы.
6. Күтілетін нәтижелер. Пәнді игергеннен кейін білім алушы кәсіпорында баға белгілеудің теориялық негіздерін, баға саясатын жүргізуді, баға белгілеудің түрлерін білуі қажет. Кәсіпорында баға белгілеудің әдістерін қолдануға, баға белгілеу кезіндегі тәуекелдерді азайтуға қабілетті болуы қажет.
|
Бекешева Д.А- аға оқытушы, э.ғ.к
|
|
б)Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі
|
UEBK 2204
|
БП
|
|
|
|
|
|
|
1. Пререквезиттер: «Экономикалық теория», «Микроэкономика».
2. Постреквезиттер: «Корпоративтік қаржы», «Қаржылық менеджмент»
3. Пәннің мақсаты. «Ұлттық экономиканың бәсекегеқабілеттілігі» пәнінің мақсаты мемлекеттің бәсекелестік артықшылықтарының негізгі түсініктері мен қалыптастыру стратегиясының қағидаттарын жүйелі меңгеру болып табылады.
4. Қысқаша мазмұны. Бәсекелестік қатынастардың теориялық негіздері. Бәсеке теориясының эволюциясы. Бәсекелестік артықшылық теориясы. Ұлттық бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыру жолдары. Экономиканың бәсекегеқабілеттілігін бағалаудың әдістемесі. Ұлттық бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастырудың негізгі бағыттары. Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекегеқабілетті дамуының мәселелері мен болашағы.
5. Құзыреттілігі. Білім алушылар бәсекегеқабелітті экономиканы қалыптастыру тұрғысында теориялық және практикалық білімдерді игеріп, оларды іс жүзінде қолдана білуі қажет.
6. Күтілетін нәтижелер. Білім алушылар экономикалық дамудың заңдылықтары негізінде ұлттық экономиканың бәсекегеқабілеттілігімен байланысты мәселелерді талқылап, өз бетінше бағалай біледі. Бәсекегеқабілетті экономиканы қалыптастырудың түрлі теориялары мен оларды қолдану дағдыларын біледі.
|
Әбдімомынова А.Ш- доцент, э.ғ.к
|
|
в)Бизнесті бағалау
|
BB 2204
|
БП
|
|
|
|
|
|
|
1. Пререквезиттер: «Экономикалық теория», «Микроэкономика».
2. Постреквезиттер: «Корпоративтік қаржы», «Қаржылық менеджмент»
3. Пәннің мақсаты. «Бизнесті бағалау» пәнінің мақсаты түрлі меншік пен шаруашылықтану нысандарында бизнесті бағалаудың негізгі тәсілдемелері мен әдістерін және нақты міндеттерді шешу үшін кешенді бағалауларды есептеулерін оқып үйрену болып табылады.
4. Қысқаша мазмұны.
Бизнесті бағалаудың заманауи түсінігі: пәні, мақсаты, тәсілдемелері. Құнының түрлері мен бизнесті бағалаудың негізгі қағидаттары. Бизнесті бағалауды анықтау үшін ақпараттық негізді қалыптастыру. Бағалау тәртібі. Бизнесті бағалаудың шығындар тәсілдемесі. Бизнесті бағалаудың табыстар тәсілдемесі. Бизнесті бағалаудың салыстырмалық тәсілдемесі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Жер телімінің құнын бағалау. Жылжымайтын мүлікті бағалау. Кәсіпорын машиналары мен құрал-жабдықтарының құнын бағалау. Кәсіпорынның айналым капиталының құнын бағалау. Кәсіпорынның материалдық емес активтерін бағалау. Бизнесті бағалаудың шетел тәжірибесі.
5. Құзыреттілігі.
Білім алушы бизнесті бағалаудың әдістері мен тәсілдемелерін, бизнесті бағалау үшін ақпараттық негіз қалыптастыруды, бағалау тәртібін мен түрлерін білуі қажет.
6. Күтілетін нәтижелер.
Білім алушы бизнесті бағалаудың негізгі әдіс-тәсілдерін оқып-үйрену негізінде кәсіпорынның негізгі қаржылық көрсеткіштерін және соның негізінде бизнесті бағалауды, бизнесті бағалауда түрлі тәсілдемелерді қолдана біледі.
|
Ахметова А.А- доцент, э.ғ.к
|
|
3
|
а) Банктердегі тәуекел менеджменті
|
BTM 2205
|
БП
|
3
|
5
|
2
|
4
|
емти-хан
|
тест
|
1. Пререквезиттер: «Қаржы нарықтары және делдалдар»
2. Постреквезиттер: «Банк ісі», «Банктік менеджмент және маркетинг»
3. Мақсаты: тәуекелді басқару, яғни банк әрекетіндегі қолайсыз жағдайды туындатпау амалдары мен тәсілдерін үйрету. Банк нарығы тәуекелсіз, тәуекел банк үшін болғандықтан операцияның спецификасын үйрену әрдайым міндетті болмақ.
4. Қысқаша мазмұны: Банктік тәуекелділік анықтамасы және мазмұны. Тәуекелділік түрлері. Тәуекелділікті басқару кезеңдері. Тәуекелділікке баға беру және оның маңызы. Тәуекелділікті бағалау әдісі: қолайсыз жағдайлардың туындауы, «жағдай-нәтиже», қауіпті жағдай ағашын құру, қауіпті индекс тәсілі. Зиян, зиян түрлері. Тәуекелділікті азайту тәсілдері. Диверсификация, тәуекелділікті беру, сақтандыру, тәуекелділікті қаржыландыру, өзін-өзі сақтандыру. Тәуекелділікті басқару тиімділігін бағалау.
5. Құзыреттілігі: Банк қызметіндегі тәуекелділікті басқарудың теориялық дағды және білімін көрсете біледі.
6. Күтілетін нәтиже: тәуекелділікті анықтау және баға беруді, оларды қаржылық және басқару тетіктерін қолдану, алдын-алу шараларын ұйымдастыруды үйренді; әртүрлі қызмет түрлерінде тәуекелдікке баға беру әдісін, тәекелділікті азайту тәсілдерін қолдануға дағдыланды.
|
Айдосова Б.Х – аға оқытушы, э.ғ.к
|
|
|
б)Сақтандыру
|
Sak 2205
|
|
|
|
|
|
|
|
1. Пререквезиттер: «Қаржы нарықтары және делдалдар»
2. Постреквезиттер: «Қаржы», «Сақтандыру менеджменті»
3. Пәннің мақсаты. Сақтандыру ісі облысында білімдерді жүйелеу, атап айтқанда сақтандырудың теориялық аспектілері, сақтандыру ісін ұйымдастыру, сақтандыру қатынастарын мемлекеттік реттеу, сақтандыру салалары бойынша оның ерекшеліктерін анықтау, сақтанушының қаржылық ерекшелігін оқу.
4. Қысқаша мазмұны: Сақтандырудың экономикалық мәні. Экономикалық категория ретінде сақтандырудың спецификасы. Сақтандыруды ұйымдастыру, өткізу формасы мен салалық мәні бойынша классификациялау. Сақтандыру ісінің құқықтық негізі. Сақтандыру келісімі. Сақтандыру ісі бойынша бақылау қызметінің функциялары. Сақтандыру тарифі, оның түрлері, мәні және құрылуы. Тарифтік саясаттың принциптері. Сақтандырудың сыйақы түрлері. Тәуекел және сақтандыру келісімдері мен түрлері. Рестроцессия. Әлеуметтік сақтандыру. Мүліктік және жеке сақтандыру. Өмірді сақтандыру. Медициналық сақтандыру.
5. Құзыреттілігі: Сақтандыруды үйымдастырудың негізгі принціптерін және ерекшеліктерін, сақтандырудың негізгі экономикалық категорияларын, сақтанушылардың негізгі қызметін, қайта сақтандыру, өзін-өзі сақтандыру қызметінің негізін, шетелде сақтандыру нарығының қызмет ету негіздерін біледі.
6. Күтілетін нәтиже: Алынған теориялық білімді практикада қолданады, жеке және мүліктік сақтандыру келісім-шарттарын жасағанда сақтандыру операцияларын талдап, бағалауға епті.
|
Еділбаев Н.Б- аға оқытушы
|
|
в)Хеджерлеу
|
Hed 2205
|
|
|
|
|
|
|
|
1.Пререквизиті: «Қаржы нарықтары және делдалдары», «Экономикалық теория»
2.Постреквизиті: «Сақтандыру менеджменті», «Банк ісі», «Банктердің валюталық операциялары»
3.Пәннің мақсаты: Студенттерде хеджерлеу түсінігін қалыптастыру. Портфельдік инвестициялаудағы хеджирлеу Хеджердің мәні мен мазмұны, хеджерлеу түсінігі. Несиелік тәуекелдерді хеджерлеуді жетілдіру.
4.Қысқаша мазмұны: Хеджирлеу. Жіктелімі және оның түрлері туралы түсінік. Биржалық алыпсатарлық. Хеджирлеудің
|
Ыдырыс Е.Ж – аға оқытушы, э.ғ.к
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
техникасы мен стратегиясы. Қор нарығының даму шарттары және факторлары. Туынды бағалы қағаздар түрлерінің даму тенденциясы және сыныптамасы. Хеджерлеу операциясын өткізу әдістері.
5. Құзіреттілігі: Қор нарығының негізгі құралдарымен және туынды бағалы қағаздардың өтеуі, жылжыуы, шығарылуы, негізгі операцияларының есебі, талдануы, аудит әдістерімен танысу.
6. Күтілетін нәтиже: Туынды бағалы қағаздар түрлерінің даму тенденциясы және сыныптамасын білу және талдау; Хеджерлеу операциясын өткізу әдістерін меңгеру.
|
|
|
4
|
а) Дүниежүзілік қаржы нарықтары
|
DKN 2206
|
БП
|
3
|
5
|
2
|
4
|
емти-хан
|
тест
|
1.Пререквизиті: «Халықаралық валюта-қаржылық және несиелік қатынастар».
2. Постреквизиті: «Бағалы қағаздар нарығы», «Банк ісі»
3. Пән мақсаты: Дүниежүзілік қаржы нарығы саудалық капиталдар нарығының құрамдас бөлігі ретінде және функционалдық көзқарас жағынан өндірістің рентабельділігі мен үздіксіздігі мақсатында әлемдік қаржылық ағымдарды шоғырлау мен қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарық қатынастардың жүйесі ретінде оның маңызын қарастыру.
4. Қысқаша мазмұны Дүниежүзілік қаржы нарығын ұйымдастырудың ғылыми негізі. Қор нарығын құрудың заңдылығы. Мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздар нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері. Әртүрлі елдерде бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мен олардың қызметтерін лицензиялау тәсілдері. Бағалы қағаздар түрлері. Бағалы қағаздар нарығының конъюнктурасы. Брокерлік фирмалық қызметін ұйымдастыру. Биржалық сауданың қатысушылары. Биржалық сауда механизмі.
5. Құзіреттілігі: Өздігінен қаржы нарықтарының дамуына экономикалық талдау жасайды, талдау нәтижесін қорытындылап, сапалы шешімдер қабылдауға шаралар өңдейді.
6. Күтілетін нәтиже: Дамыған және дамушы елдерде бағалы қағаздар нарығының қызмет етуінің теориялық аспектілерін, сондай-ақ қазіргі қор нарығын ұйымдастыру принціптері мен формаларын, бағалы қағаздар эмиссиясы мен айналысын біледі.
|
Бисенова Р.А- аға оқытушы
|
Достарыңызбен бөлісу: |