Бөлім Ⅲ
КӘСІБИ ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ
ҰЙЫМДЫ АНЫҚТАУ ТӘРТІБІ
Білім алушылардың кәсіби іс-тәжірибесін өткізу үшін база ретінде қызметі мамандарды
дайындау бейініне және оқыту бағдарламаларының талаптарына сәйкес келетін, кәсіби іс-
тәжірибеге жетекшілікті іске асыру үшін білікті кадрлері және материалды-техникалық базасы
бар ұйымдар анықталады.
Кәсіби іс-тәжірибесін өткізу үшін база ретінде анықталған ұйыммен кәсіби іс-
тәжірибені өткізу туралы, заңның 5 бабының 24 тармақшасымен сәйкес білім алушылардың
кәсіби іс-тәжірибесін өткізуге келісімнің типтік формасы негізінде жасалған келісім шарт
жасалынады, онда іс-тәжірибенің түрі көрсетіледі.
Техникалық және кәсіби оқу мекемелерінің, орта білімнен кейінгі білім, жоғары оқу
мекемелерінің білім алушылардың кәсіби іс-тәжірибесі базаларымен келісім, іс-тәжірибе
басталғанға дейін бір айдан бұрын жасалуы керек.
Келісімде кәсіби іс-тәжірибе базасы болып табылатын ұйымның, оқу мекемесінің,
кәсіпорынның және білім алушының міндеттері мен жауаптары анықталады.
Кәсіби іс-тәжірибесін өткізу үшін оқу мекемесі іс-тәжірибесі базасымен келісілген
кәсіби іс-тәжірибеден өту бағдарламасын, күнтізбелік кестелерді, оқу-тәрбие процесінің
кестесін бекітеді.
Кәсіби іс-тәжірибесін өтуге білім алушыны бағыттау барысында оларға кәсіби іс-
тәжірибенің жұмыс жоспар-кестесі, аталған ереженің 4 және 5 қосымшаларына сәйкес
формалар бойынша кәсіби іс-тәжірибеден өту туралы күнделік-есебі беріледі.
Кәсіби іс-тәжірибенің әрбір түрі бойынша білім алушыға оқу орнынан және
кәсіпорыннан – іс-тәжірибе базасынан жетекші тағайындалады. Қажет болған жағдайда
кеңестер беріледі.
Жетекшілердің функциялары, міндеттері мен жауапкершіліктері оқу орнымен және іс-
тәжірибе базасымен келісім бойынша өзіндік түрде анықталады.
Кәсіби іс-тәжірибеге шығындар оқу орнымен және іс-тәжірибенің базасы болып
табылатын кәсіпорынмен жоспарланады және кәсіби іс-тәжірибені өткізуге келісіммен
анықталады.
Өндірістік қажеттіліктер барысында білім алушы/практиканттар уақытылы жұмысқа,
белгілі бір лауазымға олардың еңбегін төлеу арқылы қабылданады.
іс-тәжірибенің базасы болып табылатын ұйым, білім алушыларға кәсіби іс-тәжірибеден
өту үшін оның бағдарламасымен сәйкес орындар ұсынады және білім алушының жұмыс
орнында қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етеді.
Ұйым - іс-тәжірибе базасы білім алушылар үшін, 2015 жылдың 23 қараша айынан
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кәсіби іс-тәжірибеден өту кезеңі
бойынша толығымен жауапкершілікті өз мойнына алады.
Бөлім Ⅳ
ІС-ТӘЖІРИБЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАСҚАРУ
Іс-тәжірибені ұйымдастыру үшін орнатылған және қорытынды конференциялар
өткізіледі. орнатылған және қорытынды конференциялардың уақытын кафедралар таңдайды.
Конференцияларға білім алушылар, іс-тәжірибе жетекшілері, деканат өкілдері
қатысады, ОӘБ өкілдері, іс-тәжірибе базасының жетекшілері шақырылады.
Орнытылған конференциялар студенттерді іс-тәжірибе бағдарламасымен және
олардың іс-тәжірибе базалары бойынша бөлу бойынша бұйрықпен таныстыру мақсатында
өткізіледі.
Студенттерді кәсіби іс-тәжірибенің мақсаттарымен, міндеттерімен, оның мазмұнымен,
студенттердің міндеттерімен, ұйымның жұмыс режимімен және ерекшеліктерімен, қызметтің
кәсіби салаларындағы заманауи проблемалармен, кәсіби этика және орындау тәртібі
сұрақтарымен таныстырады; кәсіби қызметтің түрлі аспектілерін өңдеуде тәжірибе, бастама
және белсенділік жинау бойынша ынталы жұмысқа нұсқаулар береді; студенттерді іс-
тәжірибе базалары бойынша бөлу бойынша бұйрықпен таныстырады. Орнатылған
конференцияға әдістемелік әдебиеттер, есептік құжаттамалардың үлгілерінің көрмесі
дайындалады.
Қорытынды конференция іс-тәжірибенің қорытындысын шығару; оның сапалық
және сандық проблемаларын анықтау; ұйымның проблемалық сұрақтарын және кәсіби іс-
тәжірибе барысындағы сұрақтарды анықтау; оларды шешу жолдары мен механизмдерін
анықтау мақсатында өткізіледі. Оған, білім алушылар іс-тәжірибеден өткен, іс-тәжірибе
базасының өкілдері шақырылады. Іс-тәжірибе жетекшілері жалпы қорытынды шығарады,
кәсіби іс-тәжірибенің бағасын хабарлайды. Қорытынды конференцияда кәсіби іс-тәжірибе
кезеңінде бастама, жемісті жұмыс үшін үздік практикантты мадақтау керек. Орнатылған және
қорытынды конференцияны жұмыс жиналысына айналдырып алмау маңызды, керісінше,
сәйкес көңіл-күйді құру және болғалы тұрған кәсіби қызметке оң нұсқауларды қалыптастыру
үшін пәндік-эстетикалық орта құру керек.
Іс-тәжірибеге оқу-әдістемелік жетекшілік ету, оқу жоспарларын орындау, іс-тәжірибе
бағдарламаларын орындау және оны өткізу сапасын бақылауды оқу орнының сәйкес
кафедрасы іске асырады.
Іс-тәжірибеге тікелей жетекшілікті кафедрадан, осы іс-тәжірибе түрі бойынша
бекітілген іс-тәжірибе жетекшісі іске асырады және кәсіби іс-тәжірибеден өту үшін студент
бағытталған ұйымнан іс-тәжірибе жетекшісі іске асырады.
Кафедрадан іс-тәжірибе жетекшілері тәжірибелі оқытушылар қатарынан
тағайындалады. Кафедрадан іс-тәжірибенің бірнеше жетекшілері тағайындалуы мүмкін.
Диплом алды іс-тәжірибесіне жетекшілікті, ереже бойынша, бітіруші білікті жұмыстың
жетекшісі іске асырады.
Іс-тәжірибе оқу-әдістемелік жетекшілік ету иерархиясы ұйымдық қызметкерлер және
басқарма функцияларының үш кезеңінен тұрады:
іс-тәжірибе ұйымы секторының жетекшісі (ІТҰСЖ);
іс-тәжірибе бойынша деканның орынбасары;
кафедрадан іс-тәжірибе жетекшісі.
Іс-тәжірибе ұйымы секторының жетекшісі ректораттың және одан да жоғары
ұйымның нормативтік құжаттарымен сәйкес іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу
бойынша жетекшілікті іске асырады.