іс-тәжірибе қорытындысын, студенттердің дайындығының кемшіліктерін
талдайды, кәсіби іс-тәжірибені өткізу туралы уақытылы
есеп құрайды және оны
оқу-әдістемелік басқармасына ұсынады;
іс-тәжірибені дамыту бойынша ұсыныстар енгізеді және оны іске асыруды
ұйымдастыруға қатысады;
іс-тәжірибе аяқталған соң бір апта көлемінде іс-тәжірибеден өту туралы кафедра
меңгерушісіне жазба есебін ұсынады.
Іс-тәжірибе базасынан басшысының міндеттері:
іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу туралы орнатылған келісімнің
шарттарын сақтау.
Кәсіпорыннан іс-тәжірибе басшысының міндеттері:
кәсіби іс-тәжірибеге білікті жетекшілікті іске асырады және әрбір білім
алушы/практикантты жұмыс орнымен қамтамасыз етеді;
практиканттарға еңбек қорғауы және қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе
нұсқаулық
беруді қамтамасыз етеді;
іс-тәжірибеден өтуге байланысты сұрақтар бойынша қажет түсіндірме береді
және практиканттың жұмысты уақытылы және сапалы орындауын талап етеді;
іс-тәжірибе бағдарламасына сәйкес іс-тәжірибені басқарады;
іс-тәжірибе аяқталған соң әрбір практикантқа жазбаша сипаттама береді.
Мектеп басшысы немесе оның орынбасарының міндеттері:
педагогикалық іс-тәжірибеден өтудің нормалы жағдайларын қамтамасыз ету, іс-
тәжірибе алдында мұғалімдермен, қызмет көрсетуші персоналмен және
оқушылармен іс-тәжірибе сұрақтары бойынша жұмыс жүргізеді;
студенттерді мекеменің оқу-тәрбие жұмыстарымен, мұғалімдер құрамымен,
құжаттармен, оқу-өндірістік базасымен (кабинеттермен, шеберханалармен,
кітапханамен және т.б.), оқу-өндірістік және тәрбие жұмысының жалпы
жағдайымен, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибемен таныстырады,
студенттерге педагогикалық кеңестің отырыстарына, пәндік (бейіндік)
комиссиялар отырыстарына қатысуға мүмкіндік береді, олардың жұмыс
жоспарымен таныстырады;
іс-тәжірибе жетекшілерімен бірлесе отырып студенттерге сыныптарды бекітеді;
студент-практиканттың сабақтарына, тәрбие жұмыстарына және басқа да іс-
шараларына қатысады және олардың талқылануына қатысады; педагогикалық
іс-тәжірибені дамыту сұрақтары бойынша ұсыныстарын енгізеді; оқу-көмекші
мекемелерде педагогикалық іс-тәжірибе қорытындысы бойынша жиналыс
жасайды; және мүмкіндік бойынша, университеттегі орнатылған және
қорытынды конференцияларға қатысады.
Пән мұғалімінің міндеттері:
өзіне бекітілген студенттерді өзінің оқу-тәрбие жұмыстарымен таныстырады,
ашық сабақтар және сыныптан тыс сабақтар өткізеді, олардың талдауын
ұйымдастырады;
іс-тәжірибе жетекшісімен бірлесе отырып, пән бойынша сабақтар тақырыбын
және сыныптан тыс іс-шараларды студенттер арасында бөледі; студенттерге
сабақтарға дайындалу және өткізу барысында кеңес береді, жоспар-конспектті
қарайды және бекітеді;
студенттерге түрлі типті сабақтарға дайындық барысында көмек көрсетеді,
практикалық және зертханалық сабақтар өткізу барысында көмектеседі;
студенттердің берген сабақтарының әрқайсысына талдау жасауға және бағалауға
қатысады;
студентке сипаттама және олардың оқу жұмысына баға береді, мүмкіндігінше,
институттағы орнатылған және қорытынды конференцияларға қатысады.
Сынып жетекшісінің міндеттері:
студенттерді сыныптың жалпы сипаттамасымен, негізгі тәрбие міндеттерімен
және өзінің жұмыс жоспарымен таныстырады;
іс-тәжірибе жетекшілерімен бірлесе отырып, студенттерге тәрбие жұмысының
жоспарын
құру барысында көмектеседі, оның орындалуына бақылау жасайды,
кеңес береді;
іс-тәжірибе жетекшісімен бірлесе отырып, оқушылар мен сынып ұжымын
зерттеу бойынша, психологиялық-педагогикалық сипаттама құрастыру
барысында практикант жұмысына жетекшілік етеді;
студенттердің өзіндік тәрбие іс-шараларына қатысады, оларды талдау және
бағалауға қатысады; студенттерді сыныппен ағымдағы тәрбиелеу жұмыстарына
тартады;
студенттерге сипаттама береді, олардың тәрбие жұмысына баға береді,
мүмкіндігінше, институттағы орнатылған және
қорытынды конференцияларға
қатысады.
Факультеттердегі кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыруды бақылау және реттеуді
факультет декандары іске асырады.
БөлімⅤ
ІС-ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Кәсіби іс-тәжірибенің барлық түрлеріне бағыттау оқу орнының басшылығының,
мерзімдерін, базасын және оқу орнынан іс-тәжірибе жетекшісін көрсетілген бұйрығымен
бекітіледі.
Білім алушыға аталған Ережелердің қосымшасына сәйкес форма бойынша бағыттаушы
беріледі.
Оқу және өндірістік іс-тәжірибе ұйымы барлық кезеңдерінде студенттердің кәсіби
қызметтерді түлектің дайындық деңгейінің талаптарына сәйкес меңгеруінің кезектілігін және
үзіліссіздігімен қамтамасыз етуге бағытталған болуы керек.
Оқу іс-тәжірибесі университеттің құрылымдық бөлімшелерінде (мысалы, оқу-
өндірістік зертханаларында, кафедраларда), дайындық (мамандық) бағытының бейініне сәйкес
ұйымдарда, білім беру мекемелерінде, балалар сауықтыру лагерлерінде өтіле алады.
Студенттердің өндірістік іс-тәжірибесі (сонымен қатар диплом алды іс-тәжірибе)
университет пен ұйым арасындағы келісім негізінде, ұйымдарда және кәсіпорындарда,
ғылыми ұйымдарда, зертханаларда өткізіледі.
Іс-тәжірибе өткізу мерзімдері мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларымен және оқу
процесінің кестесімен сәйкес орнатылады, дегенмен университет және ұйымның оқу-
өндірістік базасының мүмкіндіктерін есепке алу керек.
Студенттерге іс-тәжірибе кезеңінде, оларды жұмыс орындарына бөлу барысында,
оларға ұйымда жұмыс жасайтын, еңбекті қорғау тәрітібі және ішкі тәртіп ережелері қатысты
болып табылады.
Оқу және өндірістік іс-тәжірибелері университет пен ұйымдар арасындағы келісім-
шарт негізінде іске асады. Іс-тәжірибелерді ұйымдастыру және өткізу туралы келесімдерді
тіркеуді Оқу-әдістемелік басқармасыда іске асырады.
Іс-тәжірибе ұйымдастыру және өткізу жауапкершілігін, жоғары оқу мекемелерінің
жетекшілері және орнатылған келісім шарт негізінде, іс-тәжірибе базасының жетекшісі алады.
Жоғары оқу мекемелері:
іс-тәжірибе базасы ретінде бекітуге білім мекемелерімен келісім
орнатады және
оқу жылының басына дейін базалармен іс-тәжірибе бағдарламаларын мақұлдайды және білім
алушылардың іс-тәжірибеден өту күнтізбелік кестесін мақұлдайды. Іс-тәжірибе базаларымен
келісім шарттар, кәсіби іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу бойынша типтік келісім-шарт
формасына сәйкес жасалуы керек, және оқу жылы басталғанға кем дегенде 1 ай қалғанға
дейін;
іс-тәжірибе жетекшісі ретінде іс-тәжірибе базасының қызметін және
мамандықтың бейінін жақсы білетін тәжірибелі оқытушыларды тағайындайды;
білім алушылар іс-тәжірибеден өтетін білім мекемесін және практиканттардың
өздерін іс-тәжірибе бағдарламаларымен қамтамасыз етеді;
білім алушылардың кәсіби іс-тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу бойынша,
оның мерзімдерін сақтау және мазмұны бойынша бақылауды іске асырады;
іс-тәжірибе базасы болып табылатын білім мекемесі:
екі жақты орнатылған келісім-шарт негізінде білім алушылардың іс-тәжірибеден
өтуін ұйымдастырады;
білім алушы практиканттарға бағдарламаға сәйкес іс-тәжірибе орынын ұсынады;