Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар


*** Талантты құр тамсанумен тойдыра алмайсың, ол тек тура сөзге тояттайды. ***



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет12/23
Дата05.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40471
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Оңашадағы онлайн ойлар

***
Талантты құр тамсанумен тойдыра алмайсың, ол тек тура сөзге
тояттайды.
***
Кухняда отырып, жердің түбіндегі əкім-қараны сынауға
шеберміз. Қарапайым мысал. Болар-болмас мекеменің толар-толмас
бастығының жаман жақтарын айтуға дəті бармайтын қызметкер
облыстың əкімін жерден алып, жерге сала беретін болды. Сол əкім
күндердің күнінде сол ұжымға келе қалса, жұмған аузын ашпайды.
Мұны «виртуальды батырлық» деген эксклюзивті терминмен атағым
келіп тұр.
Виртуальды батырлық енді өзінің тұрақты мекен-жайын
компьютерден тапты. Сайттарға кіріп, кез-келген адамды түкке
алғысыз етіп тастауды меңгеріп алғанымызбен, астына аты-жөнімізді
жазудан сескеніп отыратынымызды жасырып не керек. Порталдарды
есеп айырысу плацдармы ретінде пайдаланатын болдық. Осыдан кейін
көпшілігіміздің ішкі мəдениетіміз қандай дəрежеде екенін компаға
кіріп, дəлелдеуге алты-ақ секунд жетіп жатыр. Сөз бостандығы ең
алдымен тасада тығылып қолданылмайтындығымен бостандық
категориясына жатқызылады.
Осы тұста оппоненттерім Тойнбидің «вызов–ответ» теориясын
алдыма көлденең тартатынын сезіп отырмын. Иə, биліктің кей
жағдайда баспасөз бостандығын белден басып кететіні бумеранг болып
оралатыны – кездейсоқтықтан бұрын заңдылық. Қара мысықты да
бұрышқа тыға берсең, бір күні бетіңді тырнауы мүмкін. Алайда, қарсы
жауаптың да қашанда азаматтық мəдениет аясында айтылғанын қалар
едім. Қай істе де жер тепкілемей жөн сөз айтылса, жүйесін табары
талай дəлелденген. Қайсар қазақ қашан да сөзге тоқтаған. Иелі сөзге.
Жүйелі сөзге.


Иесіз сөзге, жүйесіз сөзге құлақ аспайтын қазақ мұндайда басқа
мақалына жүгінген: «Кісі ақысын жіберсең де, сөз ақысын жіберме».
Ең басты кілтипан жөн-жосықсыз бөсе бермей, кісілік келбетпен сөз
айта алмауымызда жатқанын ескеретін уақыт келді.
***
Қайран қаласың, қазақтың қарым-қатынасында құйтырқылық
көп. Бірақ қалай болғанда да осының бəрі жақсы процесс еместігі
қабырғаңа батпай қоймайды.
***
Күндіз де, түнде де ұлт болашағы үшін ұйықтамайтын
журналистердің бөлек бір буыны бар. Ол буын – жиырмасыншы 
ғасырдың төртінші ширегіндегі өтпелі кезеңде журналист болып нан 
тапқан біздің буын. Олар айырмашылығы жер мен көктей екі түрлі 
журналистиканы жалғап тұрған алтын көпірдей көрінеді маған. 
Пақырлардың пешенесіне «тауларды аласартпай, даланы жаңғырту»
миссиясы жазылыпты.
Олар кеше ғана социализмнің сойылын соғып, сыбызғысын
тартса, бүгін капитализмнің қамытынан қашып құтылмайтынына көз
жеткізіп, күйін күйттеуде. Бұл құбылысты сатқындық категориясына өз
басым жатқыза алмаймын. Адам қоғамнан қалай тыс өмір сүре алмаса,
журналист те сол қоғамның құлдығынан қалай қашып құтылар еді?!
Баяғыда қаламын тістеп отырмаса, шабыты келмейтін сол
жайсаңдар компьютер деген кереметтің құлағын шертуді үйренуге
мəжбүр болды. Бұрын «жасампаз совет адамының» жан дүниесін 
зерттеген олар енді қалталы қазақтардың мүддесін қорғауды 
үйрене
бастады. Жоспарлы экономиканың жауыр болған цифрлары мен
проценттеріне шайтан аяғын сындырып жатқанда да сыр бермейтін
социалистік баспасөз жауынгерлері қазір макроэкономистер мен
менеджерлерді сүріндіретін құйтырқы сұрақтар қойып, сұхбаттаса


беретін дəрежеге жетті. Бір журналистиканы табиғаты бөлек басқа бір
журналистикаға айналдырып жіберген осы буынды алтын көпірге
теңеп отырғаным да сондықтан.
***
«Халықтар достығы» деген терминді кім шығарғанын білмей-ақ
қойдым. Тұтас бір халық тұтас бір халықпен дос болуы саясатқа
сыйғанымен, санаға сыймайды. Жекелеген кісілердің ұлтына
қарамастан дос бола алатыны құлаққа қонады. Ал, халықтар достығы?
Кешіріңіз! АҚШ саясаткерлері мен публицистері неге «Нəсілдер
достығы» дегенді əлі күнге дейін ойлап таба алмай отыр? Ақылдары
жетпей жүр ме? Жоқ. Көлгірсуді білмейтін халық логикаға сай
келмейтін нəрсені мемлекеттік деңгейге көтермейді.
***
ХХІ ғасырда жау екеш жауың да сені білегінің күшімен емес,
ақыл-айласымен басып алады. «Пушкасымен емес, Пушкинімен»
басыңды айналдырады. Нəтижесінде тентек тоқтыдай есеңкіреп жүріп,
қай қорадан шыққаныңды білмей қаласың.
Ел болу деген, дос болу деген – ең əуелі барлық қазақ бірін-бірі
түсінуге ұмтылу. Бірлікте болу дегеніміз – бірдей пайдалы істі ойлау.
Қол ұстасып, қатар тұрсақ ғана бір арнада, бір тілде əңгіме өрбітеміз.
Ақиқатты анықтай аламыз. Бірімізді біріміз теріске шығарғанның
зиянын да, бас біріктірудің жасампаздыққа бастайтын ұлы күш екенін
де парықтай білеміз. Өз бармағымызды өзіміз тістегеннен Құдай
сақтағай!
***
Үкіметтің аппаратында жеті жыл жұмыс істедім. Апта сайын


болатын Үкімет мүшелері мəжілісінің біреуін де жібермей, БАҚ-қа
ақпарат тарату үшін бастан-аяқ қатысып отыратынмын. Бұл дегеніңіз
МГУ-дің экономика факультетін бітіргенмен бірдей деп айтар едім.
Талай нəрсені осында отырып көңіліме түйдім. Иə, ол кезде мен өз
атымнан мақала жазбаған болармын, биліктің қара жұмысын көбірек
атқарғаным рас. Бірақ дəл қазіргі шығармашылығыма сол кездегі
жиған-терген білімімнің əсері өлшеусіз деп айта аламын.

жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау