Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет1/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176



 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  
I.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 
 
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 
ЖЕТЫСУСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ 
И.ЖАНСУГУРОВА 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНЕ 
ЕНДІРУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ» 
 
дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция  
МАТЕРИАЛДАРЫ 
16-17 қаңтар 
 
 
 
 
 
МАТЕРИАЛЫ  
региональной научно-методической конференции 
 
«ВНЕДРЕНИЕ ИННОВАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В 
ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ  ПРОЦЕСС – ОСНОВА КАЧЕСТВЕННОГО 
ОБРАЗОВАНИЯ» 
16-17 января 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ТАЛДЫҚОРҒАН - 2015  
ТАЛДЫКОРГАН - 2015 



 
УДК 37.0   
ББК 74.04 
И 67 
 
 
 
         Редакция  алқасы:  Ә.Е.Бектұрғанов  (бас  редактор),  М.Т.Кантуреев  (бас 
редактордың орынбасары), Е.Б.Мукажанов, Х.Т.Наубаева. 
 
            И 67   «Инновациялық технологияларды білім беру процесіне ендіру- 
сапалы білім негізі» дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция 
материалдары: казақша, орысша. Талдықорған: І.Жансүгіров атындағы Жетісу 
мемлекеттік университеті. 2015. 362 бет 
ISBN  978-601-216-278-8 
 
  
 
 
 
УДК 37.0   
ББК 74.04 
 
 
 
 
 
 
          Жинак материалдары докторанттарға, магистранттарға, студенттерге және 
ғылыми мәселелермен айналысатын окырмандарға арналған. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ISBN  978-601-216-278-8 
 
 
 
 
© І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 2015 



 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры,   
ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының (ҰҒА) корреспондент мүшесі,  
з.ғ.д., профессор Ә.Е.Бектұрғановтың  
АЛҒЫ СӨЗІ 
 
 
 
Құрметті әріптестер, конференцияға 
қатысушы қонақтар! 
  
І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу 
мемлекеттік 
университетінде  
«Инновациялық 
технологияларды 
білім  беру  процесіне  ендіру  –  сапалы 
білім  негізі»  атты  аймақтық  ғылыми-
әдістемелік 
конференциясын 
өткізу 
дәстүрге айналып отыр. Өздеріңіз жақсы 
білесіздер  өндірістің,  экономиканың, 
әлеуметтің  қай  саласында  болмасын 
инновациялық  негізде  ізденіп  қызмет 
етпесе, елімізде  ілгері даму болмайды. 
Инновация  оқу-тәрбие  процесінің 
ағымы 
мен 
нәтижесін 
жақсартуда  
педагогикалық  жүйедегі  өзгеріс  десек, 
қазіргі  уақытта  инновация  деп  көбінесе 
жаңа  технологияларды,  әдістер  мен 
құралдарды  жасау  және  оны  қолдануды 
айтамыз. Сондықтан оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, 
жаңарту нысаны болып табылады. 
 Елбасымыздың Қазақстан ғылымы мен білімінің әлемдік беделін арттыру жолындағы 
қамқорлығы  қазіргі  таңда    өз  нәтижесін  беруде.    Биылғы  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар 
жол»  атты  халыққа  Жолдауында  индустрияландыру  бағдарламалары  негізінде  жоғары 
білімді  мамандар  даярлауға  көңіл  бөліп,  жоғары  оқу  орындарының  алдына  үлкен  мақсат  -
міндеттер қойып отыр.  
Оның  бірі  -  бүгінгі  күні  өзіміз  көтеріп  отырған    инновациялық  оқыту  технологиясы 
арқылы  оқу  мен  тәрбие  жұмысын  дамыту.  Елдің  әлеуметтік  -экономикалық  жағдайын 
жақсарту  бағытында  жеке  тұлғаға  жүйелі,  нақты  білім  беру.      Алайда,  инновациялық 
педагогикалық технологияларды  қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы жеке тұлғаның 
білім  деңгейін,  шығармашылық  қабілетін  қоғамдық  сұранысқа  сай  қалыптастыру    барлық 
білім  беретін  мекемелердің  дағдылы  ісіне  айнала  қойған  жоқ.  Әлі  де  болса  кейбір 
оқытушыларымыз  оқыту  үрдісін  ұйымдастыру  мен  жүргізуде  оқытудың  дәстүрлі  әдістері 
мен тәсілдерін пайдаланумен шектеліп келеді.   Осы тұрғыда бүгінгі ұйымдастырып жатқан 
семинарымыздың берері,  айтар жаңалығы, үйретер тәсілі, жинақтар тәжірибесі  мол болады 
деп сенемін.      
Жалпы, инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану оқу процесін сапалы 
түрлендіруге,  жаңашыл  жобаларды  енгізуге,  оны  тиімді  басқаруға  негіз  болып,  әрбір  білім 
мекемесінде  өзіндік  даму  жолын  табуға,  әрбір  мұғалімге  өзінің  әдістемелік  жүйесін  құруға 
септігін  тигізетінін  күнделікті  көріп  жүрміз.  Сондықтан  оқытудың  инновациялық 
технологияларын  оқу  орындарының  практикасына  белсенді  түрде  ендіру  қажеттілігі  күн 
санап артып отыр.  
Құрметті  әріптестер!  Өздеріңіз  жақсы  білесіздер,  Елбасы  биылғы  Жолдауын 
жылдағыдан  ерте  жариялап,  жыл  басынан  Жолдауда  көрсетілген  бағыттар  бойынша  іске 



 
кірісуді талап еткен болатын. Ел болашағы жастардың бойына отаншылдық қасиетті сіңіріп, 
жаңа қазақстандық патриотизмде тәрбиелеуді мақсат етіп отыр.  
Тәуелсіз Қазақстанның біз бағалауға тиісті құндылықтары көп. Соның бірі әрі бірегейі 
– Тәуелсіздік ұғымы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы:  «Қазақстанның тәуелсіздігі  деген өте  
қасиетті ұғым. Бабалардың аңсағаны біздің буынның бақытына келді. Оны сақтау бәріміздің 
азаматтық парызымыз. Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың 
мемлекеттілігінің  тарихы  сол  кезден  бастау  алады»  -  деуі  көп  дүниені  аңғартады.  Бүгінде 
ғаламды  мойындатқан    қазақ  елі  осыдан  550  жыл  бұрын  іргетасын  қалаған  сол    қазақ 
хандығының заңды жалғасы екендігін жас буын жүрекпен сезінуі тиіс.  
Сонымен  қатар  тәуелсіз  елдің  басты  айғақтарының  бірі    Есім  ханның  ескі  жолы, 
Қасым ханның жолы, Тәуке ханның жеті жарғысының  бүгінгі үлгісі Тәуелсіз Қазақстанның 
Ата заңына да 20 жыл толады. Бұл елдіктің, адами құндылықтың, бірліктің, берекенің кепілі. 
Конституцияны қастерлеу әр азаматтың қасиетті борышы.  
Елбасының  тағы  бір  ерен  еңбегінің  бірі    130-дан  астам    ұлттардың басын  біріктіріп, 
бір  шаңырақтың  астына  жиюы.  Елімізде  құрылған  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  өзге 
елдерге, мемлекеттерге үлгі көрсетіп қана қойған жоқ, бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін 
қалыптастырды.  Бүгінде  сол  Ассамблеяның  құрылғанына  20  жыл  толды.  Осы  жерде  айта 
кеткен  жөн  болар,  Ассамблеяның  20  жылдығына  орай  университетте  «Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы» кафедрасы құрылып, жұмыс істеуде.  
Биылғы  жыл  тарихи  құндылықтарға  толы,  ұлт  мүддесін  ұлықтайтын  берекелі  де 
мерекелі  жыл.  Сондықтан  Елбасы  бастамасын  қолдап,  ерекше  ынтамен  аталған  Қазақ 
хандығының  550  жылдығын,  Ата  заңымыздың  20  жылдық  мерейтойын,  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының 20 жылдығын атап өту, атап қана қоймай жас буынның жадында жаңғырту, 
жүректеріне  ұялату  біздің,  әсіресе,  білім  саласындағы  азаматтардың  басты  міндеті  деп 
ойлаймын.  Жаңашылдыққа  ұмтылған  жаһандану  уақытында  осындай  құндылықтарымыз 
арқылы елдігімізді еңселі, тәуелсіздігімізді тұғырлы ете аларымыз хақ. 
2015  жыл  да    білім  беру  саласындағы  инновациялық   тың  жобалардың  туындауына 
мүмкіндік беретін жыл болады деп сенемін.  Сондықтан, қай салада болмасын өз ісіне берік, 
білімді, бәсекелестікке қабілетті жаңалықтар әкелетін сапалы мамандар қажет.   
Бүгінгі  біздің  конференциямызда  оқылатын  баяндамалар,  айтылатын  пікірлер, 
жарыссөздер  отандық  білімді  инновациялық  тұрғыда  дамытып,    ғылыми  негіздеп,  жаңа 
технологиялық әдістерді оқыту процесінде қолдануда тың шешімдерге әкеледі деп сенемін.  
Баршаңызды белсенділік танытуға шақырамын. Конференция жұмысы сәтті өтсін! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау