«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Заман шындығы» бөлімі Шығармалар: Б. Мұқай «Өмірзая» романы
Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі
БӨЛІМ
«Шындыққа әділеттің ақ жолымен бару керек. Жалынып, жаттың аяғына жығылып, жарамсақтанып жүріп нағыз шындыққа жете алмайсың, қарағым. Ол – адасу жолы, теріс жол». Шығармада берілген үзіндінің қай кейіпкерге тиесілі екенін анықтаңыз.
А) Аяған В) Асылхан
С) Қуат ақсақал
Алдияр Ақпанұлы
[1]
Аяғанға жабылған жалалардың ішінен артығын көрсетіңіз. А) Жақияны ұрып-соққан
В) Тарих пәнін бұрмалап оқытқан
С) Үйде құпия ақпараттар, кітап тығып ұстағаны
Ауғанстандағы соғысқа қатысты теріс пікір білдіргені
[1]
Шығармадағы Алмастың бейнесі сәйкес келетін нұсқаны көрсетіңіз. А) Жеке басының қамын ойлайды, жандайшап сатқын, опасыз
В) Аяғанды қиындықтан құтқарушы, студент жастарды үгіттеуші
С) Жағдайдың құрбаны, Хадишаны сүйеді, қолынан ештеңе келмейді
Жасаған қиянаты үшін опық жеген құрбан, Алдияр ақсақалдың жақтаушысы
[1]
«Пәтер іздер жүр едік» әңгімесінде пәтер іздеуші жас отау ұйғыр әйелден пәтер жалдаған болатын. Үйге кірген екеуі таң-тамаша боп жан-жағына қарайды. Келіншегі үйде бірдеңенің жетіспей тұрғанын айтады? Ол не?
А) айна В) стол С) терезе
теледидар
[1]
Автор пәтер қожайындары арқылы қандай адамдардың бейнесін бергісі келді? А) Өте пысық, еті тірі адамдардың бейнесі
В) Өмірде көпті көрген адамдардың бейнесі
С) Тойымсыз, жаны ашымайтын адамдардың бейнесі
Қиналғанда қол ұшын беретін адамдардың бейнесі
[1]
БӨЛІМ
«Өмірзая» романының негізгі идеясын бүгінгі заман шындығымен байланыстырып, талдау жасаңыз. Ойыңызды дәлелдеңіз.
[5]
«Кеудесі құр кеуек, түк қалмаған сияқты, иесіз қалған аңсал-саңғал үйдей құлазыды, жүрек жоқ, жан жоқ. Денесі кесіп тастай салған томар сияқты, тіпті еш жері – сынған қабырғалары да, күп болып іскен мұрны, жұдырық тие-тие шодырайып кеткен шекесі, басуға жарамай қалған аяғы да ауырмайды. Шыбын жаны әлдеқашан торғайға айналып, әлдеқайда ұшып кеткен тәрізді». Үзіндінің көркемдік тілін талдаңыз. Шығарма идеясымен байланыстырыңыз.
[5]
Жаңбыр толастайын деді, сүрепеті кеткен айғыз-айғыз көшемен қараңғы түн құшағына сіңіп барамыз. Пәтер іздеп жүрміз...
Әңгіме осылай аяқталады. Жас отаудың тағдыры әрі қарай қалай болатыны жайлы болжап, ойыңызды 5-6 сөйлеммен өрбітіңіз.
[5]
БӨЛІМ
Алып шаһарларға арман қуып келетін жастардың, соның ішінде, жас отаулардың бас сауғалайтын баспана таба алмай сандалып жүретіні қазіргі таңда да өзекті мәселе екені сөзсіз.
«Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесіндегі көтерілген мәселе мен бүгінгі заман көрінісін салыстыра отырып өз көзқарасыңызды айқын көрсетіп, аргументативті эссе жазыңыз. Ойыңызды деректермен дәлелдеңіз.
[10]
Достарыңызбен бөлісу: |