Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар


*** Құбылыс құлпы кім көрінгеннің кілтімен ашыла берсе, оның несі құбылыс?! ***



жүктеу 0,53 Mb.
Pdf просмотр
бет11/23
Дата05.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#40471
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Оңашадағы онлайн ойлар

***
Құбылыс құлпы кім көрінгеннің кілтімен ашыла берсе, оның несі
құбылыс?!
***
«Жақсы кітап – жан азығы». Газет те сондай. Жетпісінші
жылдары зиялы қауым «ЛГ» мен «Қазақ əдебиетін» оқып, үлкендер
«Правда» мен «СҚ»-ны оқып, жастар «Лениншіл жас» пен «КП»-ны
оқып, білімін де жетілдіретінін, рухани шөлін де қандыратынын əлі
ұмыта қойған жоқпыз.
Сіресіп 
тұрған 
социализм 
заманында 
«ЛЖ» 
қазақ
журналистикасын түрен түспеген тың жолға салғаны көп адамның
есінде. Газет контентіне реформаторлық сілкініс енгізген Шер-ағаңның
жолын газет пішініне серпін əкелген Сейдахмет аға əрі қарай
дөңгелетіп əкеткен жетпісінші жылдары «ЛЖ» алабөтен «көзайым
модельмен» (модель ожидания) жарыққа шыға бастады. «Трафаретный
журналистиканы» ауыстырған жаңа журналистика өмірге осылай
келген. Оны «көркем журналистика» деп атаса да жарасып кетеді.
***
Испандықтарға риза боламын. Бір ғана боғауыз сөз қолданады.


«Пута» деген жалғыз түбірмен ит-теріңді басыңа қаптай салады. Басқа
боқтау қолданбайды. Ал, бізде ше? Не айтарымды білмей отырмын...
Əр регионның эксклюзивті өз боқтасуы бар. Ақтаулықтардікі «А-дан»
басталады, шымкенттіктердікі «Ш-дан» басталады, алматылықтардікі
«Ə-ден» басталады. Осылай кете береді. Барып тұрған калейдоскоп!
Ал, жекелеген адамдарымыздың осы саладағы «творчествосы»
тіптен таң қалдырады. Бұл жерде форма мен контенттің сан
алуандылығына сүрінетініңіз сөзсіз.
***
Құдай атып кеткен адам да өмірінде бір-екі рет біреулердің 
сауабын алып көз жұмады. Керемет деген кісіңіздің де кейде «анализі» 
дұрыс болып шықпай жатады. Келіспеске амалыңыз қалмайды,
дүниеде тек жақсы немесе тек жаман адамдар өмір сүреді деудің өзі 
жалпы диалектиканың заңына қайшы емес пе?! 
Мен жақсы көретін адамды басқа біреу жек көреді. Ол үшін
жақсы адам – мен үшін жаман адам. Неге? Өйткені, бəрі де
адамдардың арасындағы көңілдің бірлігіне байланысты. 
Көңілдің
бірлігі
болғанда ғана адамдар бірін-бірі түсіне біледі.
***
Қолдан көсем жасағаннан өткен кесапаттық жоқ. Жеке адамды
асқақтатудың ақыры жақсылыққа апарған ба?! Одан да сол тұлғаның
ел үшін жасаған қыруар қызметінің ішкі мəні мен мазмұнына терең
үңілгеніміз тірлігімізді түземек.
***
Бүгін Ақмолаға көшіп келгеніме тура 16 жыл болды. Ақмоланың


ол кездегі кескіні мен қазіргі келбеті жер мен көктей екенін
дəлелдеудің қажеті жоқ. Бұл – аксиомадан бұрын факт. Адамда «ішкі
сезім» деген болады. Философияда «подсознание» деген термин бар.
Мен осы екеуіне сендім. Алғаш келген кездегі ұсқынсыз Ақмола мені
шошыта алмады. Өйткені, менде əлгі сезім бар еді.
Сол кезде бір анық байқағаным, біздің Үкімет қағазбен көп
жұмыс істейді. Біраз жұмыстар сол қағаздың көлеңкесінде қалып
қоятын кездер де болады. Алайда, сол Үкімет нақты шаруаны қолына
алмайды, қолына алса, оны тез арада жүзеге асыра алатынына көзім
жетті. Сондай нақты іс Астананы көшіру болды. Мен о басынан бұл
шаруадан нəтиже шығатынына күмəн келтірген емеспін. Сондықтан да
Ақмолаға табаным тиген кездегі келеңсіз суреттерге мəн де берген
жоқпын.
Маркс айтқандай, «сананы тұрмыс билейді». Өтірік көлгірситін 
жағдай жоқ. Ол кезде басқаның жағдайын ойламақ тұрмақ, қарақан 
басымның қамын жеп жүрген кезім еді. Қазірде де қырып тастағаным 
шамалы, бірақ сол кездері əбден діңкелеп жүрген уақыт болатын. 
«Жыртық үйдің құдайы бар» деген. 1998 жылдың мамырында Үкімет 
аппаратындағы бұрынғы жұмысыма қайта шақырылып,
 
қарық болдым 
да қалдым. Жарты жылдың ішінде төрт бөлмелі пəтер де алдым. 
Кейіннен өз өмірімдегі үлкен үш жобаны да («Нұр Астана», «Айқара» 
республикалық апталықтары мен «Qogam.kz» саяси-қоғамдық 
порталы) осы қалада жүзеге асырдым.
Шынтуайтында, Астана тек Қазақстанның дамуына серпін беріп
ғана қойған жоқ, мыңдаған «қаратабан» қызметкерлердің қатарға
қосылуына бірден-бір себепші болды. Мен мұны ұялмай айта аламын
жəне осы жағдайды мақтанышпен еске алып отырамын.
***
Жалпылай алғанда журналистикаға оқытқанмен, іс жүзінде
студенттерді жаратылыс пен қоғамды тануға үйреткен əлдеқайда
дұрыс деп есептеймін. Өйткені, журналист – өмірдің қақ ортасында


жүретін репортер, адамдарды ойлауға үйрететін публицист. Ал, өмірді
зерттеп үйренбеген адам өмірді жазып қарық қылмайды. Күн
системасын білмейтін журналистер де бар. Жаратылысты зерттемей,
өмір туралы жазу мүмкін емес.
Ұстаздың ең басты міндеті – шəкірттерін ой қорыта білуге
үйрету. Негізінен сабақтарымда осыған көп назар аударамын. Мен
үшін «Көрген-білгенін айтпаса, аға кінəлі» деген Платонның сөзі
универден ай сайын алатын 40 мың теңгеден əлдеқайда жоғары тұр.
***
«Адамдар рухани азып барады» деп жар салушылар көбейді
қазір. Жазушылар «ешкім кітап оқымайды» деп қамығады,
журналистер «ел газетке жазылуды қойды» деп күйінеді. Бізде
қоғамды кінəлаудан гөрі адамды кінəлау басым.
Қазір «май берсең де жей беретін» социализм заманы емес.
Адамдар мифологиялық идеяларды енді ешқашан қабылдамайтыны
белгілі болып отырған кездің өзінде де біз ескі сүрлеуден əлі шыға
алмай келеміз. Өкінішті!
***
Біздің қоғамымызда этикалық нигилизм басымдық алғанға
ұқсайды. Ол жалпыадамзаттық моральды, тұтастай алғанда ізгіліктің
барын жоққа шығарады. Пессимизмге апарып тірейтін осы жол
адамның өзіне деген сенімін жоғалтуына əкеліп соғады. Сенімсіздік
пайда болған жерде кез-келген адам міндетті түрде маскировкаға
барады. Ал, бұл өз кезегінде біз күнде автобустан көріп жүрген
жасанды эгоизмді тудырмай қоймайды. Жасанды дейтін себебіміз, ол –
құнардан қалқиып шыққан эгоизм емес, тақыр жерде тұрған эгоизм.
Қарапайым түсіндірсек, шылқыған шонжардың өркөкіректігі
байлықтың буына негізделетіні рас. Ал, кондуктор мен қабылдау


бөлмесінде отырған шынашақтай қыздың тəкаппарлығы неге
негізделгені көп жағдайда түсініксіз. Айналып келгенде, бұл эгоизм
жалған намысқа ғана құрылып тұр. Басқа ештеңе де емес.
***
Кейде күлкілі əңгіме айтып отырған да дұрыс шығар. Соның бірі
есіме түсіп отыр. Профессор Қайыржан Бекхожин студенттерге 
ешқашан «4» қоймайтын, дауыс көтеріп ұрыспайтын жұмсақ адам еді. 
Сынақтан кейін өңкей «бестік» толған «ведомості» құшақтап деканға 
апарады. Сол «жомарттығы» үшін қаһарлы Қожакеевтен ұрыс естиді. 
Бірде Темкең Қайыржан ағамызға: «Сен берген балаларға бізде сабақ 
беріп жүрміз, бəрі бірдей үздік оқымайды. Енді осылай «5» қоя берсең, 
жұмыстан шығасың» деп əзілдеп, ұрысса керек. Ағай оны шын көріп, 
келесі емтиханда ең болмаса бір балаға «төрт» қоймаққа бекініпті. Сол 
баласы мен болып шықтым. 
Қайыржан ағайдың емтиханына кешігіп келсем, соңғы студент 
тапсырып жатыр. Ол «5» алып кетті. Мен билет алдым. Ең алдыңғы 
қатардағы үстелдің астыңғы тартпасында «шпаргалка-кітап» 
көлбеңдейді. Ағайдың көзі өте нашар көретін, білдіртпей кітапты 
парақтап, тез-тез оқып шықтым. Сақылдап жауап беріп отырмын. 
Сөйтсем, Қайрекең маған: «4» қоямын» дейді. «Неге «4» қоясыз? – деп
шоршып түстім. – Бəріне «5», маған неге «4»? Мен бəрін білемін.
Керек болса, қосымша сұрақ қойыңыз. Жауап беруге дайынмын».
Аракідік əлгі «шпаргалка-кітапты» қолыммен парақтап қоямын. Өте
сенімді отырмын.
Қайыржан ағай енді маған жалынуға көшті: «Жоқ, Шархан, 
қосымша сұрақ қой демеші, одан да саған «4» қояйыншы». Кəдімгідей,
баға қоюға ыңғайланып жатыр. Жалма-жан орнымнан атып тұрып, 
ағайдың қасына жетіп бардым. Қолына қаламын ұстатып, өзім ол 
кісінің алақанын сыртынан қысып ұстап, «ведомоске» «отл» деген 
бағаны қонжиттым. Сосын, «зачеткамды» ағайдың алдына тастай 
салдым. Етің тірі болғанға не жетсін! Жо-жоқ, экзаменатордың жуас 
болғанына не жетсін!


***
Позициясы қалыптасқан тұлғаны позицияң болғанда ғана
түсінесің. Принципі мен ұстанымы жоқ адам басқаның позициясын
түсіне алады дегенге сену қиын.
***
Қазақта өзі де, сөзі де көркем кісілер көп. Қай уақытта да аз 
болмаған. Арғы аталарымызды айтпағанның өзінде қазіргі 
жайсаңдарымыз да жетіп артылады. Олардың əрқайсысы бір-бір əлем. 
Сондықтан да болар, «Əнес əлемі», «Қалихан қарымы» деп айтып 
жататынымыз. Тұлғаларымызды насихаттау бізге оларға табыну үшін 
емес, ұлтты ұйыстыру үшін керек. Қазақ қашан да аузы дуалы адамға 
қараған, көшелі кісінің сөзіне тоқтаған. Осы орайда кесек турап, 
келелі іске бастайтын көшбасшыларымыздың жөні бөлек. Қай 
мəселеде болсын. 
***
Көркем əдебиет пен академиялық музыканың келешегі күнгірт
көрінеді де тұрады. Жолтай Əлмашұлы айтып еді: «Бір жақсы көретін
ағама сиясы кеппеген романымды оқуға беріп едім, ол кісі былай деді:
«Айналайын-ай, сен əлі жазып жүрсің бе?».
Иə, осыдан кейін адамдардың көркем əдебиетке құмарлығы 
басылған жоқ деп айту қиын. Бір анық, қазір көп кісілер көркем 
əдебиетті оқымайтынын ашықтан-ашық айтуға да ұялмайтын болды. 
Операда жағдай басқашалау. Бірақ түпкі нəтиже бірдей. Менің
байқағаным, қазір адамдар операға өзін элита деп сезіну үшін барады.
Дегенмен, мұның бəрі көзбояушылық пен сол адамның өзін-өзі
алдауынан басқа ештеңе де емес. Құдай сақтасын, мен операға барып


жүрген немесе бармай жүрген адамдарды кінəлауды мақсат етіп
отырған жоқпын. Дұрыс түсініңіз, фактіні ғана келтірдім.
Əлгі жалған «операшылдықтың» өз себебі бар. Соны 
мойындасақ деймін. Осы жерде мен цифрлық революция біздің 
санамызға қаншама антропологиялық өзгерістер əкелгенін астын 
сызып айтқым келеді. Барлық мəселе осында жатыр. Шынында да 
адамдардың сыртқы өміріндегі өзгерістер олардың ішкі дүниесіне 
ерекше əсер ететінін мойындамасқа амалың жоқ. 
Көркем əдебиет пен академиялық музыкаға деген құштарлықтың
жоқтығына жеке адамды кінəлаудан гөрі цифрлық революцияны
айыптау əлдеқайда дұрыс болады. Сондықтан да адамдар өзінің ішкі
эстетикалық жеке тəрбиесімен көбірек айналысқанын қалар едім.
***
Астанадан байтақ даламыздай үлкен кеңістік сезіледі. Дəл осы
кеңдік елорданың басты фишкасындай көрінеді. Тар қалаларда жүрегі
қысылып жүретін еуропалықтар да бізге келсе, кең тыныс алатынын
талай байқадым. Қазір қалада «Адам-Қала-Табиғат» симбиозы
қалыптасып келеді. Кейде бұрынғы таныс əнді «Сезім шіркін ақ
жаңбырға ұқсайды, /Астанада жаңа жауып, жаңа ғана басылған» деп
шырқағың келеді. Байқап жүрсіз бе, мұнда жаңбыр да бұрынғы
Алматыдағыдай жауатын болды. Жаңбыр да жасылы көп жерге
жауады.
Биыл маған Астана гүлзарларымен қатты ұнап жүр. Қайда барсаң
да, шоқ-шоқ гүлдер қарсы алдыңнан шығады. Тамаша. Əкімнің
қолтаңбасы көрініп тұр. Иманғали Нұрғалиұлы – өте сезімтал, эстет
тұлға. Əнеу күндері Астанада – қоңыр салқын, Алматыда – қатты
ыстық болып тұрды. Астаналықтарды «қызғанған» оңтүстіктегілер
керемет əзіл ойлап тауыпты: «Тасмағамбетов Астананың үстіне
кондиционер орнатып қойыпты!». Зілі жоқ əзілдің астарында
Имекеңнің іскерлігі мен тапқырлығы, халыққа жағдай жасай
білетіндігі жатқанында шүбə жоқ.



жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау