Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы



жүктеу 266,99 Kb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата07.02.2020
өлшемі266,99 Kb.
#28506
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2004.07.09. 

N 586


, 2007.03.02. 

N 237


2011.01.10 

N 383-IV

 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

   3-тарау. Селекциялық жетістікке патент беруге  



 жасалған өтінімнің сараптамасы  

      8-бап. Алдын ала жүргізілетін сараптама 

 

      1. Өтiнiм берiлген күннен бастап екi ай мерзiм өткен соң сараптама жасау ұйымы ол 



бойынша алдын ала сараптама жүргiзедi. Алдын ала сараптама жүргiзу барысында өтiнiмге 

басымдық берiлген күн белгiленедi, қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға белгiленген 

талаптардың орындалуы тексерiледi. Патент беруге жасалған өтiнiмге алдын ала сараптама 

екi ай мерзiмде жүргiзiледi. 

 

      Өтінім берушінің селекциялық жетістіктің мәнін өзгертпей, өтінім құжаттарына 



түзетулер мен нақтылауларды осы өтінім бойынша тиісті шешім қабылданғанға дейін енгізуге 

құқығы бар.

 

      Көрсетілген өзгерістер өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде енгізілген 



кезде төлем алынбайды.

 

      Қорғау құжатын алу құқығын басқаға беру кезінде өтінім берушіні көрсетуге қатысты 



өзгерістер немесе өтінім берушінің атауын өзгерту, сондай-ақ өтінім құжаттарындағы 

техникалық сипаттағы қателерді түзету тиісті төлем төленген кезде Селекциялық 

жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне тіркелген селекциялық жетістік туралы мәліметтер 

енгізілген күнге дейін жүргізілуі мүмкін.

 

      Сараптама ұйымы жоқ құжаттарды немесе түзетілген материалдарды сұрата алады, 



өтінім беруші оларды сұрау салу жөнелтілген күннен бастап екі ай мерзімде ұсынуға 

міндетті.

 

      2. Сортқа, тұқымға жасалған өтiнiмге келiп түскен, өтiнiмнiң алғашқы 



материалдарында келтірілмеген белгілері бар және өтінім берiлген сорттың, тұқымның мәнiн 

өзгертетiн қосымша материалдар өтінiм қаралған кезде назарға алынбайды.

 

      3. Алдын ала сараптаманың оң нәтижесін алған кезде уәкілетті орган өтінімді одан 



әрі қарау туралы шешім қабылдайды, бұл жөнінде өтінім беруші он жұмыс күні ішінде 

хабардар етіледі. Өтiнiмнiң және селекциялық жетiстiк сауал-сұрақтарының көшiрмелерi 

мемлекеттiк комиссияға жiберiледi.

 

      4. Егер алдын ала жүргiзiлген сараптамада өтiнiмнiң белгiленген талаптарға сай 



келмейтiндiгi анықталса, оны одан әрi қараудан бас тарту туралы шешім қабылданады, ол 

туралы өтiнiш берушiге бiр ай мерзiмде хабарланады.

 

      5. Өтiнiмдi одан әрi қараудан бас тарту туралы шешiмге өтiнiш берушi шешiмдi алған 



күннен бастап екi ай iшiнде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Шағым кеңесi 

қарсылықты ол келiп түскен күннен бастап екi ай мерзiмде қарауға тиiс.

 

      Шағым кеңесi шешiмiне өтiнiш берушi ол шешiмдi алған күннен бастап алты ай iшiнде 



сотқа шағымдануы мүмкiн.

 

      6. Алдын ала жүргiзiлген сараптама нәтижесiнде оң шешiм шығарылған өтiнiмдер 



туралы мәлiметтер өтiнiм түскен күннен бастап 18 ай өткеннен кейiн бюллетеньде 

жарияланады. Өтiнiш берушiнiң өтiнуi бойынша сараптама жасау ұйымы өтiнiм материалдарын 

аталған мерзiмнен бұрын да жариялай алады.

 

       7. Сорттың, тұқымның авторы өтінім материалдарында өз есiмiнiң жариялануынан бас 



тартуға құқылы. 

 

      Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. 



N 586

; 07.04.2015 

№ 300-V

 

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 



енгізіледі) Заңдарымен. 

 

 




 

      9-бап. Селекциялық жетiстiктiң уақытша құқықтық 

 

             қорғалуы 

 

      1. Қорғауға өтiнiм жасалған селекциялық жетiстiкке өтiнiм туралы мәлiметтер 



жарияланған күннен бастап патент берiлген күнге дейін уақытша құқықтық қорғау 

белгiленеді.

 

      2. Патент иесi патент алғаннан кейiн селекциялық жетiстiктi уақытша құқықтық 



қорғау кезеңiнде осы Заңның 14-бабының 1-тармағында аталған әрекеттерді өтініш берушінің 

рұқсатынсыз жасаған адамнан өтем алуға құқығы бар.

 

       3. Селекциялық жетiстiктi уақытша құқықтық қорғау кезеңiнде өтiнiш берушiге тек 



ғылыми мақсаттарда және сату мен өзгедей беру селекциялық жетiстiкке құқықты өзгедей 

беруге немесе ұрықты, асыл тұқымдық материалды олардың қорын құру мақсатымен өтiнiш 

берушiнiң тапсырысы бойынша өндiруге байланысты болған жағдайларда ғана ұрықты, асыл 

тұқымдық материалды сатуға және өзгедей беруге ұсынылатын. 

 

       Аталған талаптарды өтiнiш берушi немесе оның келiсiмiмен басқа адам бұзған 



жағдайда уақытша құқықтық қорғау болған жоқ деп есептеледi. 

 

      10-бап. Селекциялық жетiстiктiң патент қабiлетiне 

 

              жасалған өтiнiмдер сараптамасы 

 

        1. Кез келген мүдделi адам өтiнiм туралы мәлiметтер жарияланған күннен күннен 



бастап алты ай ішінде мемлекеттік комиссияға мәлiмделген селекциялық жетiстiкке қатысты 

талабын жiбере алады. 

 

       Негiзделген талаптың түскенi туралы мемлекеттiк комиссия өтiнiш берушiге талаптың 



мәнiн баяндай отырып хабарлайды. 

 

       Талаппен келiспеген жағдайда өтiнiш берушiнiң хабарламаны алған күннен бастап үш 



ай мерзiмде мемлекеттiк комиссияға дәлелдi қарсылық жiберуге құқығы бар. 

 

      Уәкiлеттi орган мемлекеттiк комиссияның қорытындысы негiзiнде шешiм қабылдайды 



және ол туралы мүдделi адамға хабарлайды. 

 

      Егер сорт, тұқым жаңалық өлшемiне сәйкес келмесе, патент беруден бас тарту туралы 



шешiм қабылданады.

 

      2. Сорттың, тұқымның ерекшелiгiн, бiртектiлiгiн және тұрақтылығын сынақтан 



өткiзудi қабылданған әдiстемелер бойынша мемлекеттiк комиссиялар белгiленген мерзiмде 

жүргiзедi.

 

      Мемлекеттiк комиссиялар сараптама жасау ұйымы өтiнiм материалдарын жiберген күннен 



бастап бiр ай iшiнде патент қабiлеттiлiгiне сынақтар өткiзудiң нақты мерзiмдерi туралы 

сараптама жасау ұйымын хабардар етеді.

 

      Өтiнiш берушi ұрықтың немесе асыл тұқымдық материалдың сараптама үшiн қажеттi 



мөлшерiн табыс етуге мiндеттi.

 

      3. Мемлекеттiк комиссиялар Қазақстан Республикасының, сондай-ақ тиiстi шарттар 



жасасылған басқа мемлекеттердiң басқа да ұйымдары жүргiзген сынақтардың нәтижелерiн және 

өтiнiш берушi табыс еткен деректердi пайдалануға құқылы.

 

      4. Сұрып, тұқым патентке қабiлеттілік шарттарына сәйкес келген кезде, мемлекеттiк 



комиссия сұрыпты, тұқымды сипаттай отырып, қорытынды жасайды.

 

      Мемлекеттік комиссия қорытындысының негізінде уәкiлеттi орган он жұмыс күні ішінде 



селекциялық жетістікке патент беру туралы шешім шығарады, бұл жөнінде өтінім берушіге он 

жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жіберіледі.

 

      Уәкiлеттi органның патент беру туралы шешiм қабылдағаны туралы хабарлама өтiнiм 



берушіге ұсынылатын күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiм беруші сараптама ұйымына патент 

беруге дайындағаны және жариялағаны үшiн тиiстi төлемді, сондай-ақ мемлекеттік баж 

төлемін растайтын құжатты ұсынады. Көрсетiлген құжаттар ұсынылмаған кезде, өткізіп алған 

мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі үш ай 

ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтiнiм кері қайтарып алынды деп 



жүктеу 266,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау