есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына
келтіру мерзімі өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
5. Егер сараптама жүргiзу барысында сұрыптың, тұқымның патентке қабiлеттілік
талаптарына сай келмейтiндiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк комиссия
қорытындысының негiзiнде он жұмыс күні ішінде патент беруден бас тарту туралы шешiм
қабылдайды, бұл жөнінде өтiнiм берушiге он жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама
жiберіледi.
Өтiнiш берушi патент беруден бас тарту туралы шешiмге оны алған күннен бастап үш
ай мерзімде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен
күннен бастап үш ай мерзiмде қарауға тиiс.
Шағым кеңесiнiң шешiмiне өтiнiш берушi ол шешiмдi алған күннен бастап алты ай
iшiнде сотқа шағымдана алады.
6. Өтiнiш берушi сараптама қарсы қойған барлық материалдармен таныса алады.
Өтініш берушi сұраған материалдардың көшiрмелерiн уәкiлеттi орган оған сауал салудан
алған күннен бастап бiр ай мерзiмде жiбередi.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09
N 586
, 2012.01.12
№ 537-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi); 07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-тарау. Автор және патент иесі
11-бап. Селекциялық жетiстiктiң авторы
1. Селекциялық жетiстiктi шығармашылық еңбегiмен жасаған, ашқан немесе өсiрiп
шығарған жеке тұлға автор болып танылады.
2. Егер селекциялық жетiстiк бiрнеше адамның ұжымдық шығармашылық еңбегiмен
жасалса, олардың бәрi де оның авторлары (Қосымша авторлары) болып есептеледi. Авторларға
тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы келiсiммен белгiленедi.
3. Авторға (авторларға) тек техникалық, ұйымдастырушылық, материалдық (қаржылық)
көмек көрсеткен немесе сортқа, тұқымға берiлетiн құқықтарды әзiрлеуге және ресiмдеуге
жәрдемдескен адамдар авторлар болып танылмайды.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015
№ 300-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12-бап. Селекциялық жетiстiк авторының құқықтары
1. Автордың жеке мүліктік емес құқықтары иеліктен шығарылмайтын болып табылады
және мерзімсіз қорғалады.
2. Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген селекциялық
жетiстiктiң патент иеленушi болып табылмайтын авторына уәкiлеттi орган оның авторлығын
растайтын ресми куәлiк бередi.
3. Өзiнiң селекциялық жетiстiгiне өз есiмiн беруге автордың құқығы бар.
4. Автордың өзi жасаған, ашқан немесе өсiрiп шығарған селекциялық жетiстiктi
патенттiң қолданылу мерзiмi iшiнде пайдаланғаны үшiн патент иеленушіден сыйақы алуға
құқығы бар. Сыйақы төлеу мөлшерi мен шарттары патент иеленушi мен автор арасында
жасалған келісімде айқындалады. Келісім болмаған жағдайда авторға сыйақы төлеу мөлшері
мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалады.
Бұл орайда автор сыйақысының мөлшерi патент иеленушiнiң селекциялық жетiстiктердi
пайдаланғаны үшiн алатын жыл сайынғы түсiмдерi, оның iшiнде лицензия сатудан алатын
түсiмдерi сомасының бес процентiнен кем болмауға тиiс.
Егер автордың патент иеленушiмен шартында өзгеше көзделмесе, авторға сыйақы
селекциялық жетiстiк пайдаланылған әрбiр жыл бiткеннен кейiн алты ай iшiнде төленедi.
Егер селекциялық жетістікті бiрнеше автор жасаса, ашса немесе шығарса, егер
олардың арасындағы келiсiмде
өзгеше белгіленбесе, сыйақы авторларға тең үлеспен
төленеді.
Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09.
N 586
; 07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 31.10.2015
№ 382-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
13-бап. Селекциялық жетiстiктiң патент иесi
Патент:
1) селекциялық жетiстiк авторына (авторларына);
2) оның мұрагерiне (мұрагерлерiне);
3) автор (авторлар) немесе оның (олардың) құқықтық мирасқорлары Селекциялық
жетiстiкке патент беру туралы шешiм қабылданған кезге дейiн селекциялық жетiстiкке
жасаған өтiнiмiнде не уәкiлеттi органға берген өтiнiшiнде көрсетiлген жеке және (немесе)
заңды тұлғаларға (олардың келiсiмi болған кезде);
4) егер селекциялық жетiстiктi қызметкер қызметтік тапсырманы немесе қызметтiк
мiндеттерiн
орындау кезiнде жасаса, ашса немесе шығарса, жұмыс берушiге берiледi.
Атына патент беру сұралып отырған бiрнеше адам болған жағдайда, оларға бiр патент
берiледi.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09.
N 586
; 07.04.2015
№ 300-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) Заңдарымен.
14-бап. Патент иеленушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Егер мұндай пайдалану басқа патент иеленушiлердiң құқықтарын бұзбайтын болса,
патент иеленушiнiң селекциялық жетiстiктi пайдалануға айрықша құқығы болады. Селекциялық
жетiстiкке қатысты мынадай iс-әрекетке патент иеленушiнiң рұқсаты керек:
1) өндiру немесе молайту (көбейту);
2) көбейту мақсаты үшiн ұрықты себетiндей деңгейге жеткiзу;
3) сатуға ұсыну;
4) сату немесе өткiзудiң өзге де түрлерi;
5) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;
6) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу;
7) жоғарыда аталған мақсаттар үшiн сақтау.
2. Патент иеленушiнiң құқығы азаматтық айналымға патент иеленушiнiң рұқсатынсыз
енгiзiлген ұрықтар мен асыл тұқымды жануарлардан өндiрiлген өсiмдiк материалы мен
тауарлы малға да қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi селекция жетiстiктерiнiң сорты мен
тұқымының:
1) егер осы селекциялық жетiстiктердiң өздерi басқа селекциялық жетiстiктiң
белгiлерiн
мұра ретiнде иеленбеген болса, селекциялық жетiстiктiң белгiлерiн елеулi
дәрежеде мұра ретiнде иеленетiн;
2) селекциялық жетiстiктен көрiнеу ерекшеленбейтiн;
3)
Алынып тасталды
4) оларды молайту селекциялық жетiстiктi сан мәрте пайдалануды қажет ететiн
ұрықтары мен асыл тұқымды материалына қатысты қолданылады.
Селекциялық жетiстiк бастапқысынан айқын ерекшеленген кезде:
1) бастапқы селекциялық жетiстiктiң генотипiн немесе генотиптерiнiң комбинациясын
бiлдiретiн негiзгi белгiлердi сақтай отырып, бастапқы селекциялық жетiстiктiң немесе
бастапқы селекциялық жетiстiктiң маңызды белгiлерiне өзi ие болып қалатын селекциялық
жетiстiктiң неғұрлым маңызды белгiлерiне ие болып қалса;
2) бастапқы сорттан, тұқымнан жеке iрiктеу, индукцияланған немесе өздiгiнен
клондалған мутантты iрiктеу, қайыра будандастыру және гендiк
инженерия сияқты әдiстердi
қолданудан туындаған ауытқуларды қоспағанда, бастапқы селекциялық жетiстiк генотипiне
немесе генотиптерiнiң комбинациясына сәйкес келсе селекциялық жетiстiк басқа (бастапқы)