Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы



жүктеу 266,99 Kb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата07.02.2020
өлшемі266,99 Kb.
#28506
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

      Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы 

мүмкін;


 

      2) өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге де өкіл арқылы берілген 

жағдайда, сенімхат;

 

      3) мемлекеттік бажды төлегенін растайтын құжат қоса беріледі.



 

      Ұлттық өтініш берушілер жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, лицензиардың 

(қосалқы лицензиардың) басқару органдарының, (құрылтайшылардың немесе акционерлердің 

жалпы жиналысының) шарт жасасу және заңды тұлғаның атынан өтініш берген жағдайда, шартқа 

ұйым басшысының қолын қою өкілеттігін беру мәселесі жөніндегі шешімін ұсынады.

 

      Өтiнiш пен басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тiлдерiнде ұсынылады. 



Шетелдiк есiмдер мен заңды тұлғалардың атаулары қазақ және орыс транслитерациясымен 

көрсетiлуге тиiс. Егер құжаттар басқа тілде ұсынылса, өтінішке олардың нотариат 

куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі.

 

      Өтiнiш бiр лицензиялық шартқа қатысты болуға тиiс.



 

      Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе уәкілетті 

органға шарт материалдарын өз атынан беретін шетелдiк заңды тұлғалар, шартты тiркеуге 

байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының тiркелген патенттiк сенiм бiлдiрілген 

өкілдері арқылы жүзеге асырады.

 

      Уақытша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүрген оның азаматтары Қазақстан 



Республикасы аумағының шегiнде хат-хабар алмасуға арналған мекенжайларын көрсеткен 

жағдайда, шартты тiркеуге байланысты құқықтарды патенттiк сенiм бiлдiрілген өкілдерсіз 

жүзеге асырады.

 

      5. Өтініш беруші құжаттар тізбесін тіркеу үшін ұсынғаннан кейін сараптама жасау 



ұйымы өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарға 

алдын ала сараптама жүргізеді, оның барысында қажетті құжаттардың болуы және оларға 

қойылған талаптардың сақталуы тексеріледі, өтінішке қоса берілетін шарт материалдарында 

сараптама жүргізуге ақы төленгенін растайтын құжат болмаған жағдайда, өтініш берушіге 

төлем шоты беріледі. Бұл жағдайда көрсетілген мерзімдер сараптама жасау ұйымына төлемнің 

келіп түскен күнінен бастап есептеледі.

 

      Лицензиялық шарттың қарауға қабылданған материалдары бойынша жиырма күн мерзімде 



мәні бойынша сараптама жүргізіледі, оның барысында Қазақстан Республикасының 

қолданыстағы заңнамасына сәйкес лицензиялық шарт материалдарын зерделеу жүргізіледі.

 

      6. Жоюға болатын, лицензиялық шартты тіркеуге кедергі жасайтын негіздер:



 

      1) патенттің күшінде қалуы үшін төлемнің жүргізілмеуі;

 

      2) шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және Қазақстан 



Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы келетiн ережелердiң болуы.

 

      7. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар бұзылған немесе осы баптың 6-



тармағында көрсетілген, шартты тіркеуге кедергі жасайтын, бірақ жоюға болатын негіздер 

болған жағдайда сараптама жасау ұйымы өтініш берушіге ол ұсынылатын күннен бастап үш ай 

мерзімде жетіспейтін немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе қажетті өзгерістер мен 

толықтыруларды енгізу туралы ұсынысы бар сауалды жібереді. Бұл жағдайда осы баптың 5-

тармағында көрсетілген сараптаманы жүргізу мерзімдері жетіспейтін немесе түзетілген 

құжаттарды ұсынған күннен бастап есептеледі.

 

      8. Мынадай негіздер болған:



 

      1) соған қатысты шарт жасалатын селекциялық жетістікке патенттің қолданылуы 

тоқтатылған;

 

      2) сараптама жасау ұйымының сауалына үш ай ішінде уақтылы жауап қайтарылмаған;



 

      3) сараптама жасау ұйымының сауалына жауапта барлық қажетті мәліметтер мен 

құжаттар болмаған;

 

      4) лицензиялық шартта лицензиаттың қосалқы лицензиялық шарт жасасу туралы 



өкілеттігі болмаған және уәкілетті органда тіркелген лицензиялық шарт болмаған жағдайда, 


сараптама жасау ұйымы лицензиялық шартты тіркеуден бас тарту туралы қорытынды шығарады.

 

      Сараптама жасау ұйымы қорытынды шығарғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде бас тарту 



себептерін көрсете отырып, осы қорытындыны уәкілетті органға жібереді.

 

      9. Сараптама нәтижесi оң болған жағдайда сараптама жасау ұйымы бес жұмыс күні 



ішінде уәкілетті органға лицензиялық шартты тiркеуге кедергi келтiретiн негiздердiң 

жоқтығы туралы қорытындыны жiбередi.

 

      Лицензиялық шартты тiркеу туралы немесе тiркеуден бас тарту туралы шешiмдi 



уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы келіп түскен кезден бастап бес 

жұмыс күні ішінде қабылдайды.

 

      10. Лицензиялық шартты тіркеу туралы шешім шығарылғаннан кейін уәкілетті орган:



 

      1) соған қатысты шарт жасалатын өнеркәсiптiк меншiк объектiсiнiң қорғау құжатына 

қосымшаны ресiмдейдi;

 

      2) шарттың титулдық парағына тiркеу күнiн, тiркеу нөмiрiн көрсете отырып, оның 



тiркелгенi туралы мөртабан соғады;

 

      3) тiркелген шарттардың тiзiлiмiне шарт туралы мәлiметтердi енгізедi;



 

       4) 

алып тасталды - ҚР 07.04.2015 

№ 300-V


 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

 

      5) шартты тіркеу туралы мәліметтерді жариялау үшін тіркелген шарттың үш данасын 



қорытындымен бірге сараптама ұйымына жібереді.

 

      Шарттың екі данасы тиісті уәкілетті орган мен сараптама ұйымында сақталады және 



бақылау даналары болып табылады.

 

      Сараптама ұйымы тіркелген шарттар бойынша соған қатысты шарт жасалатын 



өнеркәсіптік меншік объектісінің қорғау құжатына қосымшаны ресімдейді, тіркелген шарттың 

екі данасын және қорғау құжатына қосымшаны өтiнiште хат-хабар алысу үшін көрсетiлген 

мекенжай бойынша жібереді, тіркелген шарттар туралы мәліметтерді, атап айтқанда, шарттың 

тіркеу нөмірі мен күнін, шарт тараптарының атауын немесе толық деректерін, шарт 

нысанасын, шарттың қолданылу мерзімін, шарттың қолданылу аумағын бюллетеньде жариялайды.

 

      Тіркелген лицензиялық шартқа, қосалқы лицензиялық шартқа өзгерістер немесе 



толықтырулар енгізу туралы өтініш уәкілетті органға беріледі, бұл ретте лицензиялық 

шарттарды тіркеу туралы ережелер қолданылады.

 

      Кез келген тұлға тiркелген лицензиялық шарттар, қосалқы лицензиялық шарттар 



тiзiлiмiнен тiркелген шарттар туралы мәлiметке қатысты үзінді көшiрменi ашық жариялау 

үшiн алуы мүмкін.

 

      Үшiншi тұлғаны лицензиялық шарт мәтiнiмен таныстыруға, сондай-ақ одан үзінді 



көшiрме алуға шарт тараптарының жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.

 

      Уәкілетті орган сараптама жасау ұйымының қорытындысы негізінде лицензиялық шартты 



тiркеуден бас тарту туралы шешiм шығарған жағдайда, қаралып отырған шарт бойынша 

құжаттар тiркеуден бас тарту туралы шешiммен бiрге өтiнiште көрсетiлген мекенжай бойынша 

қайтарылады.

 

      11. Лицензиялық шарт пен қосалқы лицензиялық шарт уәкілетті органда тiркелген 



күнінен бастап күшiне енедi.

 

      12. Елдегі төтенше жағдайлар кезiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң селекциялық 



жетiстiктi патент иеленушiнiң келiсiмiнсiз, бiрақ оны дереу хабардар етiп және оған 

мөлшерлес өтемақысын төлей отырып пайдалануға рұқсат етуге құқығы бар. Өтемақының 

мөлшерi туралы дауларды сот шешедi.

 

      Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 



№ 537-IV

 (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; 

өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015 

№ 300-V

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 



күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

 




жүктеу 266,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау