Ғылыми-практикалықжәне ақпараттық журналының



жүктеу 38,12 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі38,12 Kb.
#13134

1 қосымша
«Қазақстан Республикасындағы курортология сұрақтары»

ғылыми-практикалықжәне ақпараттық журналының

2017 жылғы №1 нөміріне

МАҚАЛАЛАРДЫ РЕСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ
Жариялауға теориялық, шолу, эксперименталды-зерттеу жұмыстары, сонымен бірге клиникалық материалдар қабылданады. Материалдар келесілердің негізінде қабылданады:

- жұмыс орындалған ұйым жетекшісінің журнал Редакциясына жолдама хаты.

- ғылыми мақаланы жариялау үшін мақала тақырыбы бойынша мамандардың немесе тәуелсіз ғалымдардың мақаланы басылымға шығаруға ұсынатыны туралы 2 (екі) рецензиясы болу керек. Мақала авторлары мен рецензенттер әртүрлі ұйымдардың қызметкерлері болуы шарт. Рецензияда рецензенттің қызметі, жұмыс орны, қолы және ұйымның мөрі көрсетілуі тиіс.

Басылымға жіберілетін материалдар келесі ережелерді қатаң сақтай отырып орындалуы керек:

1. Ғылыми мақалалардың құрылымы журналдың қабылдаған құрылымына сәйкес келесі рубрикаларды көрсете отырып орындалуы керек: кіріспе, материалдар және әдістері, нәтижелері және талқылау, қорытынды, әдебиет. Барлық бөлімдер үшін мақаланың соңында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қысқаша түйіндеме (резюме) беріледі.

2. Мақала мәтіні 1 данада беріледі, бір (1,0) интервалмен, А4 форматындағы стандартты парақта, 14 Times New Roman шрифтімен басылу керек, жоғары және төменгі жағынан 2,0, оң және сол жағынан 3,0 см қалдыру керек. Мақаланың түпнұсқасымен қатар бірінші автордың тегін, есімін, әкесінің атын (Т.Е.Ә.) көрсете отырып жеке файлда электронды варианты жіберіледі (Касымов А.А.doc).

3. Ғылыми мақаланың көлемі қолданылған әдебиетті, түйіндемені қоса есептегенде 16 беттен аспау керек.

4. Мақаланың аты автордың аты-жөнінен және қаласын көрсете отырып жұмыс орындалған мекеменің атынан кейін үлкен әріптермен жазылады. Мақаланың соңында жеке парақта автордың аты-жөні толығымен, ғылыми дәрежесі және атағы, қызметі, қала және оқу орны, байланыс телефондары (жұмыс және мобильді), факс, e-mail көрсетілуі тиіс.

5. Мақаланы автор мұқият тексеруі қажет. Түзетпелер авторға жіберілмейді, түзету электронды тасымалдағышта (вируссыз) автор жіберген түпнұсқамен тексеріледі, интервал 1,0, MS Word 6.0 2003 for Windows форматында.

6. Фотосуреттер, диаграммалар, суреттер сканерленеді және абзацты бұзбай мақала мәтіні бойынша қойылады. Кестелер А4 форматындағы парақтың үштен бір бөлігінен аспау керек. Кестелердегі шрифт 10. Кестелер саны біреуден көп болса нөмірленуі және аталуы керек.

7. Жалпы қабылданғандардан басқа сөздерді, атауларды қысқартуға болмайды. Өлшем бірліктер СИ жүйесінде беріледі. Аббревиатуралар мәтінде бірінші берілген кезде толық ашып көрсетіледі, сонан кейін өзгеріссіз қалады.

8. Суреттер – рұқсат етілуі 300 dpi Tiff форматында; графиктер – Microsoft Excel форматында; тікелей диагностикалық аппаратуралармен қағазға түсірілген фотосуреттер, слайдтар, бейнелер – А4 форматынан жоғары емес (210х297 мм). Суреттерге жазбалар суреттің нөмірін көрсете отырып жазылады; жазбада барлық әріптерге, сандарға, қисықтарға және басқа шартты белгілерге түсініктеме беріледі.

9. Әдебиеттің тізімі мәтінде қолданылуына байланысты әдебиетке қойылатын сілтемеге сәйкес құрылады. Мәтінде әдебиетке сілтеме нөмірі төрт бұрышты жақша ішіне жазылады. Тізімде көрсетілген әдебиеттер деректерінің дұрыстығына автор жауапты болады. Журналдардан алынған мақалаларға сілтеме жасағанда авторлардың аты-жөні, журналдың және мақаланың аты, жылы, том, беттің нөмірі көрсетіледі. Жинақтардағы мақалаларға сілтеме жасалғанда авторлардың аты-жөні, мақаланың аты, жинақтың аты, шығарылған орны және жылы, беттің саны көрсетіледі. Монографияға сілтеме жасалғанда автордың аты-жөні, монографияның аты, шығарылған орны, баспаның аты, шығарылған жылы, беттің саны көрсетіледі. Монографияның бөліміне сілтеме жасалғанда бөлім авторының аты-жөні, бөлімнің аты, монография авторларының аты-жөні, монографияның аты, шығарылған орны және жылы, беттің саны көрсетіледі.

10. Редколлегияның мақаланы ғылыми және әдебиеттік редакциялауға құқы бар. Ғылыми мақалаларды жариялау туралы шешім Редколлегия құрамына кірмейтін тәуелсіз сарапшылардың берген оң ұсыныстары негізінде қабылданады.

11. Басқа басылымдарға жіберілген немесе бұрын жарияланған мақалаларды редакцияға жіберуге рұқсат етілмейді.

12. Мақаланың журналда жариялануы автордың мақалада мазмұндағанын редакция мақұлдайды дегенді білдірмейді. Қажетті жағдайларда мақалада көрсетілген мәселелерге редакция өз пікірін комментарий түрінде білдіруге құқы бар.

13. Ғылыми жарияланымдарда авторлық құқық қатаң сақталуы тиіс. Ресімделуі редакция талаптарына сай келмейтін мақалалар қабылданбайды.

14. Ғылыми мақалалар үшін қабылдау – тегін, жарнамалық материалдар үшін – бір беті 1000 теңге.



15. Редакция адресі: 010000, Астана қ-сы, Есіл ауданы, Мәнгілік Ел к-сі, 2, Министрліктер үйі, 1В кіреберіс, тел: +7 7172 74-94-49, +7 7172 74-94-42 e-mail: nkakz@bk.ru, сайт: www. nkakz.kz
жүктеу 38,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау