3) селекциялық жетістіктерге құқықтарды қорғау мәселелері бойынша уәкілетті
органмен және (немесе) сараптама жасау ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, оның ішінде хат-
хабар алмасуды жүргізу, сараптама шешімдеріне қарсылықтарды дайындау және жолдау,
сараптама жасау ұйымы жанындағы сараптама кеңесінің отырыстарына қатысу;
4) лицензиялық (қосалқы лицензиялық) шарттарды және (немесе) өзгеге беру шарттарын
жасасуға, қарауға және кейіннен оларды сараптамаға жіберуге жәрдемдесу қызметін жүзеге
асыруға құқылы.
2. Патенттiк сенiм білдірілген өкiлдiң өкiлеттiгi сенiмхатпен куәландырылады.
3. Патенттік сенiм білдірілген өкіл селекциялық жетістіктерге өтінімдер беруге
және (немесе) қорғау құжаттарын алуға, сондай-ақ апелляциялық кеңеске қарсылықтарды
беруге байланысты істерді жүргізуге арналған сенімхаттың көшірмесін ұсынған жағдайда,
көрсетілген өтінім немесе қарсылық берілген кезден бастап үш ай ішінде патенттік сенім
білдірілген өкіл сенімхаттың түпнұсқасын тиісінше сараптама жасау ұйымына және уәкілетті
органға ұсынуға міндетті. Түпнұсқалылығы расталғаннан кейін сенімхаттың түпнұсқасы
қайтарылуға жатады.
Егер сенімхат шетел тілінде жасалса, онда міндетті түрде оның нотариус
куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы ұсынылуға тиіс.
4. Егер патенттiк сенiм білдірілген өкiл осы iс бойынша мүдделерi іс жүргізу
туралы өтiнiш жасаған тұлғаның мүдделерiне қайшы келетiн тұлғалардың атынан өкiлдiк етсе
немесе оларға консультация берсе немесе оны қарауға өзгеше қатысса, сондай-ақ, егер iстi
қарауға патенттiк сенiм білдірілген өкiлдің жақын туысы, жұбайы (зайыбы) және оның жақын
туысы болып табылатын лауазымды адам қатысса, ол тапсырманы қабылдамауға міндетті.
22-6-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігін
қайтарып алу және оның күшін жою
1. Патенттік сенiм білдірілген өкіл аттестаттау комиссиясының шешімімен:
1) өзінің аттестаттау комиссиясына берген өтініші негізінде;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан
Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;
3) патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс
болған жағдайда;
4) патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау
үкімі күшіне енген кезде;
5) патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе ол хабар-ошарсыз кеткен
деп танылған не қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;
6) патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті
шектеулі деп танылған жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен
шығарылады.
2. Патенттік сенiм білдірілген өкіл осы баптың 1-тармағының 4), 5) және 6)
тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша тізілімнен шығарылған жағдайда, аттестаттау
комиссиясының шешімімен куәліктің күші жойылады. Куәліктің күшін жою туралы мәліметтер
патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізіліміне енгізіледі.
3. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда,
патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігі патенттік сенiм білдірілген өкілдің өзінің
немесе соған негізі бар үшінші тұлғалардың өтінішінің негізінде аттестаттау
комиссиясының шешімімен қайтарып алынады.
Осы баптың 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының негіздері бойынша тізілімнен
шығарылған патенттік сенiм білдірілген өкіл өзін тізілімнен шығаруға себеп болған
негіздер тоқтатылып, тізілімнен шығару туралы шешім жарияланған күннен бастап үш жыл
ішінде аттестаттау комиссиясына өтініш берген жағдайда, біліктілік емтиханын қайта
тапсырмай-ақ, патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде қайта тіркелуі мүмкін.
Аттестаттау комиссиясы ұсынылған құжаттар бойынша осы баптың 1-тармағының 1) және 2)
тармақшаларында көрсетілген негіздердің жойылу фактісін анықтайды.
4. Патенттік сенiм білдірілген өкілдердің тізілімінен шығарылған патенттік сенім
білдірілген өкіл, бұл туралы мәліметтер енгізілген күннен бастап патенттік сенiм
білдірілген өкілдің қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылады, ал оны патенттік сенім
білдірілген өкіл ретінде тіркеу туралы куәлік қайтарып алынады не оның күші жойылады.
5. Патенттік сенiм білдірілген өкіл осы Заңда белгіленген өз міндеттерін адал
орындамаған жағдайда, уәкілетті орган құрамы уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ
санынан тұратын апелляциялық комиссия құрады.
Апелляциялық комиссия алқалы орган болып табылады және жеке және заңды тұлғалардың
өз құқықтары мен заңды мүдделерін білдіретін патенттік сенім білдірілген өкілдердің
қолданыстағы заңнаманы бұза отырып жасаған іс-әрекеттеріне олардың шағымдарын қарайды.
Патенттік сенiм білдірілген өкілдің іс-әрекеттеріне шағым берген тұлғалар және
өздеріне қатысты осындай шағым берілген патенттік сенім білдірілген өкілдер апелляциялық
комиссияның отырысына қатысуға құқылы.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия уәкілетті органға патенттік
сенім білдірілген өкіл куәлігінің күшін жою туралы сотқа талап арыз жолдауға ұсыным
жасайды не мынадай:
1) дәлелдемелердің жеткіліксіздігіне байланысты немесе объективті шешім қабылдауға
ықпал ететін мән-жайлар анықталғанға дейін шағымның қаралуын кейінге қалдыру туралы;
2) шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады және хаттамамен
ресімделеді. Апелляциялық комиссияның шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Апелляциялық комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
7-тарау. Қорытынды ережелер
23-бап. Осы Заңды қолдануға байланысты дауларды шешу
1. Сортқа және тұқымдарға берiлген патенттер туралы заңдарды бұзуға байланысты
даулар, атап айтқанда:
1) сортқа, тұқымға авторлық туралы;
2) патент иеленушiнi белгiлеу туралы;
3) патент иеленушiнiң пайдалануға ерекше құқығын және басқа мүлiктiк құқықтарын
бұзу туралы;
4) селекциялық жетiстiктi пайдалануға лицензиялық шарттарды жасасу және оны
орындау туралы;
5) осы Заңда көзделген өтемақыларды төлеу туралы;
6) шартқа сәйкес авторға сыйақы төлеу туралы;
7) патент беру туралы;
8) мәжбүрлеп лицензия беру туралы;
9) патенттен туындайтын құқықтарды қорғауға байланысты басқа да даулар сот
тәртiбiмен қаралады.
2. Осы Заңның 22-1-бабының 2-тармағында көрсетілген уәкілетті органның шешімдеріне
арыздар тиісті қарсылықтар апелляциялық кеңесте қаралғаннан кейін сотқа беріледі.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015
№ 378-V
Заңымен (01.01.2016
бастап қолданысқа енгізіледі).
24-бап. Селекциялық жетiстiктердi өндiрiсте пайдалану
1. Пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімдеріне
селекциялық жетістіктерді агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган:
1) тұқымдар бойынша – шаруашылықтағы пайдалылығы жөнінде тұқымдарды сынау және
байқау жөніндегі мемлекеттік комиссия жүргізетін мемлекеттік сынақ нәтижелері бойынша;
2) сұрыптар бойынша – шаруашылықтағы пайдалылығы жөнінде ауыл шаруашылық
дақылдарын сұрыптық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия жүргізетін мемлекеттік сынақ
нәтижелері бойынша немесе өтінім берушінің деректері бойынша енгізеді.
2. Өткiзiлетiн ұрықтармен және асыл тұқымдық материалмен олардың қандай сортқа,
тұқымға жататынын, қайдан шыққанын және сапасын куәландыратын тиiстi құжаттар қоса
жүруге тиiс.
Құжат тиiстi аймақта пайдалануға ұсынылатын сорттың ұрығына, тұқымның асыл тұқымды
материалына берiледi.
Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.10
N 383-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
25-бап. Заңдық маңызы бар іс-қимылдарға ақы төлеу
Уәкiлеттi органның патент беру, шарттарды тiркеу жөнiнде iс-қимылдар жасағаны үшiн
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынақтан өткізу жөніндегі мемлекеттік
комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ауыл шаруашылығы дақылдары
сорттарын патентке қабілеттілігіне сынақтан өткізгені үшін төлемақы алады.
Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10
N 34-V
(алғашқы ресми жарияланған
күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
26-бап. Жарияланымдар
1. Бюллетеньде селекциялық жетiстiктi тiркеуге қатысты:
1) селекциялық жетiстiк басымдығының күнiн, өтiнiм берушiнiң атын (атауын),
селекциялық жетiстiктiң атауын, егер бас тартпаса, автордың аты-жөнiн көрсете отырып,
оңды нәтиже мен алдын ала сараптамадан өткен патент беруге жасалған өтiнiмдер туралы;
2) патент беру туралы өтiнiм бойынша қабылданатын шешiмдер туралы;
3) селекциялық жетiстiктердiң атауындағы өзгерiстер туралы;
4) патенттердi жарамсыз және олардың күшi жойылды деп тану туралы;
5) селекциялық жетiстiктердi қорғауға қатысты басқа да мәлiметтер жарияланады.
2. Өтiнiм туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн кез келген тұлға өтiнiм
материалдарымен танысуға құқылы.
Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586
Заңымен.
27-бап. Шет елдерде селекциялық жетiстiктердi патенттеу
Өтiнiм берушi Қазақстан Республикасы селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы екi
жақты немесе көп жақты халықаралық шарт арқылы байланысы бар басқа мемлекеттiң құзыреттi
органына селекциялық жетiстiктi қорғауға алғашқы өтiнiм беруге құқылы.
Өтiнiм берушi өзi алғашқы өтiнiм берген мемлекеттiң құзыретті органы оған қорғау
құжатын бергенiн күтпей-ақ басқа мемлекеттердiң құзыреттi органдарына өтiнiм беруге
құқылы.
Селекциялық жетiстiктерге құқықтарды Қазақстан Республикасының шегiнен тыс
қорғауға байланысты шығындарды өтiнiм берушi өтейдi.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586
Заңымен.
28-бап. Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және
шетелдiк заңды тұлғалардың құқықтары
1. Шетелдiктер мен шетелдiк заңды тұлғалар осы Заңда және Қазақстан
Республикасының селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы өзге де заң және
нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген құқықтарды Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттары негiзiнде немесе өзара түсiнiстiк принципiнде Қазақстан
Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен бiрдей пайдаланады.
2. Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда және
селекциялық жетiстiктердi құқықтық қорғауға қатысты өзге де актiлерде көзделген
құқықтарды, егер осы Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден өзгеше
туындамаса, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен бiрдей пайдаланады.
29-бап. Халықаралық шарттар
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан басқа
ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ
РМК
Document Outline - 1-тарау. Жалпы ережелер
- 1-бап. Осы Заң реттейтін қатынастар
- 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
- 3-бап. Селекциялық жетiстiктi құқықтық қорғау
- 3-1-бап. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган
- 3-2-бап. Селекциялық жетiстiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк монополия
- 2-тарау. Селекциялық жетістіктің патентке қабілеттілігі
- 4-бап. Селекциялық жетiстiктiң патентке қабiлеттiлiк шарттары
- 5-бап. Селекциялық жетiстiкке патент алуға өтiнiм
- 6-бап. Селекциялық жетiстiктiң атауы
- 7-бап. Селекциялық жетiстiктiң басымдығы
- 3-тарау. Селекциялық жетістікке патент беруге жасалған өтінімнің сараптамасы
- 8-бап. Алдын ала жүргізілетін сараптама
- 9-бап. Селекциялық жетiстiктiң уақытша құқықтық қорғалуы
- 10-бап. Селекциялық жетiстiктiң патент қабiлетiне жасалған өтiнiмдер сараптамасы
- 4-тарау. Автор және патент иесі
- 11-бап. Селекциялық жетiстiктiң авторы
- 12-бап. Селекциялық жетiстiк авторының құқықтары
- 13-бап. Селекциялық жетiстiктiң патент иесi
- 14-бап. Патент иеленушiнiң құқықтары мен мiндеттерi
- 15-бап. Патент иеленушiнiң құқықтарын бұзғаны үшiн жауаптылық
- 16-бап. Құқықты мұраға қалдыру
- 17-бап. Патент иеленушiнiң айрықша құқықтарын бұзу болып танылмайтын iс-әрекет
- 17-1-бап. Бұрынғыша пайдалану құқығы
- 5-тарау. Селекциялық жетістікті пайдалану
- 18-бап. Лицензиялық шарт
- 19-бап. Ашық лицензия
- 20-бап. Мәжбүрлеу лицензиясы
- 20-1-бап. Селекциялық жетістікке патентті немесе патент алу құқығын өзгеге беру
- 6-тарау. Патенттің қолданылуын тоқтату
- 21-бап. Патенттi жарамсыз деп тану
- 21-1-бап. Селекциялық жетістікке патенттің қолданылуын қалпына келтіру. Соңынан пайдалану құқығы
- 22-бап. Патенттiң күшiн жою және оны мерзiмiнен бұрын тоқтату
- 6-1-тарау. Апелляциялық кеңес және патенттік сенім білдірілген өкілдер
- 22-1-бап. Апелляциялық кеңес
- 22-2-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңесте қараудан бас тарту негіздері
- 22-3-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңес алқасының отырысында қарау
- 22-4-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер
- 22-5-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің құқықтары мен міндеттері
- 22-6-бап. Патенттік сенiм білдірілген өкілдің куәлігін қайтарып алу және оның күшін жою
- 7-тарау. Қорытынды ережелер
- 23-бап. Осы Заңды қолдануға байланысты дауларды шешу
- 24-бап. Селекциялық жетiстiктердi өндiрiсте пайдалану
- 25-бап. Заңдық маңызы бар іс-қимылдарға ақы төлеу
- 26-бап. Жарияланымдар
- 27-бап. Шет елдерде селекциялық жетiстiктердi патенттеу
- 28-бап. Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың құқықтары
- 29-бап. Халықаралық шарттар
Достарыңызбен бөлісу: |