Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы



жүктеу 266,99 Kb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата07.02.2020
өлшемі266,99 Kb.
#28506
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 

Заңымен.


 

      5-бап. Селекциялық жетiстiкке патент алуға өтiнiм 

 

      1. Патент алуға өтiнiм сараптама жасау ұйымына берiледi.



 

      Өтiнiм электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрiнде 

берiлуi мүмкiн.

 

       Автордың немесе оның құқықтық мирасқорының патент алуға өтiнiм беруге құқығы бар. 



 

       Селекциялық жетiстiк қызмет тапсырмасын немесе қызметтiк мiндеттердi орындау 

кезiнде жасалған, ашылған немесе шығарылған жағдайда, егер автор мен жұмыс берушiнiң 

арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, патент алуға өтiнiм беру құқығы жұмыс берушiге 

тиесiлi болады. 

 

       Егер селекциялық жетiстiктi бiрнеше адам жасаса, ашса немесе шығарса немесе олар 



авторлардың құқықтық мирасқорлары болса, өтiнiмдi сол өтiнiш жасаушылар беруi мүмкiн. 

 

      Өтiнiм сенiмхатқа негiзделген өкiлеттiкке сүйенiп, патент алуға байланысты iстi 



жүргiзетiн өкiл арқылы берiлуi мүмкiн.

 

      1-1. Мемлекеттiк комиссияда еңбек функциялары жүзеге асырылғанға дейін жүргізілген 



селекциялық жетістіктерді жасау, анықтау және шығару жөніндегі селекциялық жұмыс 

жағдайларын қоспағанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сынақтан өткiзу 

жөнiндегi мемлекеттiк комиссиялардың қызметкерлері комиссиядағы бүкіл жұмыс кезеңі 

ішінде селекциялық жетістікке Қазақстан Республикасының патентін беруге өтінім ұсынуға 

құқығы жоқ.

 

      2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк 



заңды тұлғалар патент алу және олардың күшiнде болуы жөнiндегi істердi жүргiзедi, шағым 

кеңесiне қарсылықтар бередi және уәкiлеттi органда тiркелген патенттiк сенiм бiлдiрiлген 

өкiлдер арқылы оларды қарауға қатысады.

 

       Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тысқары жерлерде 



жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiндегi хат жазысу мекен-жайын 

көрсеткен жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлсiз патенттермен байланысты iстердi 

жүргiзе алады. 

 

      Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң өкiлеттiгi оған өтiнiм берушi немесе патент 



иесi берген сенiмхатпен куәландырылады.

 

      3. Селекциялық жетiстiкке патент алуға өтiнiм өсiмдiктiң әрбiр сортына, 



жануарлардың тұқымына ресiмделедi және онда:

 

      1) патент беру туралы өтiнiш;



 

      2) селекциялық жетiстiк сауалнамасы;

 

      3) iс өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, сенiмхат болуға тиiс. 



 

      Селекциялық жетiстiкке патент беруге жасалған өтiнiмге  белгiленген мөлшерде 

өтiнiм беруге ақы төленгенiн растайтын құжат және оның мөлшерiн азайту үшiн негiздеменi 

растайтын құжат қоса тiркеледi, олар өтiнiммен бiрге немесе өтiнiм түскен күннен бастап 

екi ай iшiнде табыс етiлуi мүмкiн. Тиiстi ақы төленген жағдайда бұл мерзiм ұзартылуы 

мүмкiн, бiрақ екi айдан аспауы керек. 

 

      Белгiленген мерзiмде ақы төленгенi туралы құжаттар табыс етiлмеген жағдайда өтiнiм 



берiлмеген деп танылады.

 

      4. Патент алуға арналған өтiнiм қазақ немесе орыс тiлiнде берiледi.



 

      5. Өтiнiм құжаттарына қойылатын талаптарды және оларды қарау тәртiбiн уәкiлеттi 

орган белгiлейдi. Мәлiмделген сортқа, тұқымға сараптама жасауға қажеттi басқа құжаттар 

мен материалдар мемлекеттiк комиссияның сауал салуы бойынша берiледi. 

 

      Сараптама жүргiзуге арналған өтiнiмдi мәнi бойынша қарау тәртiбiн агроөнеркәсіптік 



кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

 

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09. 



N 586

, 2007.03.02. 

N 237



2011.01.10 



N 383-IV

 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 




қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 

№ 537-IV


 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн 

күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 

N 239-V

 (алғашқы ресми 



жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

07.04.2015 

№ 300-V

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 



қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

      6-бап. Селекциялық жетiстiктiң атауы 

 

      1. Селекциялық жетiстiктiң атауы селекциялық жетiстiктi бiр ізге түсiруге 



мүмкіндік беруге, қысқа болуға, сол немесе соған жақын ботаникалық немесе зоологиялық 

түрдiң бар селекциялық жетiстiктерiнiң атауларынан өзгеше болуға тиiс. Ол тек цифрлардан 

ғана тұрмауға, қасиеттерiне, шығу тегiне, селекциялық жетiстiктiң маңызына, 

селекционердiң жеке басына қатысты жаңылыстырмауға тиiс, адамгершiлiк пен мораль 

принциптерiне қайшы келмеуге тиiс. 

 

      Селекциялық жетiстiктiң ұсынылған атауының дұрыстығын тексерудi мемлекеттiк 



комиссиялар сараптама жасау ұйымынан өтiнiм материалдары келiп түскен күннен бастап екi 

ай мерзiмде жүзеге асырады.

 

      2. Егер бiрдей сорт, тұқым үшiн селекциялық жетiстiкке берiлген өтiнiм Қазақстан 



Республикасына немесе басқа елдерге берiлсе, сорттың, тұқымның атауы осы баптың 1-

тармағының талаптарына сай келмейтiн жағдайларды қоспағанда, бiрдей сорттың, тұқымның 

атауы да бiрдей болуға тиiс.

 

      3. Егер сорттың, тұқымның атауы осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген 



талаптарға сай келмесе, өтiнiш берушi сараптама жасау ұйымының сауал салуы бойынша екi 

ай мерзімде жаңа атау ұсынуға мiндеттi.

 

      Егер аталған мерзім ішінде өтінім беруші аталған талаптарға сәйкес келетін жаңа 



атау ұсынбаса не шағым беру кеңесінде селекциялық жетістіктің мақұлдаудан бас тартуды 

дауламаса, уәкілетті орган селекциялық жетістікті тіркеуден бас тартады.

 

       4. Селекциялық жетiстiктi пайдаланушы кез келген адам, тiптi патенттiң қолданылу 



мерзiмi өтiп кеткен соң да, сорттың, тұқымның Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк 

тiзiлiмiнде тiркелген атауын көрсетуге мiндеттi. 

 

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.07.09. 



N 586

, 2007.03.02. 

N 237



2011.01.10 



N 383-IV

 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 

№ 537-IV


 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн 

күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

 

      7-бап. Селекциялық жетiстiктiң басымдығы 



 

      1. Сорттың, тұқымның басымдығы сараптама жасау ұйымына өтiнiм берiлген күн бойынша 

белгiленеді.

 

      Егер сарапшы ұйымға бір мезгілде бір сол селекциялық жетістікке патент беруге екі 



немесе одан да көп өтінім түссе, неғұрлым бұрын ұсынылатын өтінімге басымдық 

белгіленеді. Егер өтінім берушілер арасындағы келісіммен өзгеше көзделмесе, бұл 

өтінімдер бір күнде ұсынылатын жағдайда, патент сарапшы ұйым берген неғұрлым бұрынғы 

тіркеу нөмірі бар өтінім бойынша беріледі.

 

         2. Басымдық Селекциялық жетiстiктердi қорғау жөнiндегi халықаралық конвенцияға 



қатысушы елде бiрiншi өтiнiмнiң берiлген күнi бойынша белгiленуi мүмкiн (конвенциялық 

басымдық). Өтiнiш берушi бiрiншi өтiнiмнiң конвенциялық басымдық құқығын ол берiлген 

күннен бастап 12 ай iшiнде пайдаланады. 

 

       Конвенциялық басымдық құқығын пайдаланғысы келген өтiнiш берушi сараптама жасау 



ұйымына ұсынылатын өтiнiмде бiрiншi өтiнiмнiң басымдық күнiн және келесi өтiнiм берiлген 

күннен бастап үш ай iшiнде бiрiншi өтiнiмнiң осы өтiнiм берiлген орган куәландырған 

көшiрмесiн табыс етуге тиiс. 

 

       Осы шарттар орындалған жағдайда өтiнiш берушi бiрiншi өтiнiм берiлген күннен 



бастап үш жыл iшiнде қосымша құжаттама мен сынақ өткiзуге қажеттi материал бермеуге 

құқылы. 


 


жүктеу 266,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау