Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы



жүктеу 266,99 Kb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата07.02.2020
өлшемі266,99 Kb.
#28506
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

      21-1-бап. Селекциялық жетістікке патенттің қолданылуын

 

                қалпына келтіру. Соңынан пайдалану құқығы

 

      1. Патентті күшінде ұстап тұрудың белгіленген мерзімінде төленбеуіне байланысты 



төлемнің белгіленген мерзімі өткен күннен бастап тоқтатылған селекциялық жетістікке 

патенттің қолданылуы патент иеленушінің өтінішхаты бойынша қалпына келтірілуі мүмкін.

 

      Мұндай өтінішхат патентті күшінде ұстап тұру үшін төлемнің белгіленген мерзімі 



өткен күннен бастап үш жыл ішінде патенттің қолданылуын қалпына келтіру төлемі туралы 

құжат ұсынылған кезде, бірақ осы Заңға сәйкес белгіленген патенттің қолданылу мерзімі 

өткенге дейін берілуге тиіс.

 

      Сараптама ұйымы патенттің қолданылуы қалпына келтірілгені туралы мәліметтерді 



бюллетеньде жариялайды, сондай-ақ оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады. 

Жариялау күні патенттің қолданылуын қалпына келтіру күні болып табылады.

 

      2. Патенттелген селекциялық жетістікті патенттің қолданылуы тоқтатылған күн мен 



патенттің қолданылуы қалпына келтірілгені туралы мәліметтер бюллетеньде жарияланған күн 

арасындағы кезеңде Қазақстан Республикасы аумағында пайдалана бастаған не көрсетілген 

кезеңде осыған қажетті дайындықтарды жасаған кез келген тұлға патенттелген селекциялық 

жетістікті одан әрі өтеусіз пайдалану құқығын осындай пайдаланудың (соңынан пайдалану 

құқығы) көлемін кеңейтпестен сақтайды.

 

      Соңынан пайдалану құқығы басқа жеке немесе заңды тұлғаға осы селекциялық 



жетістікті пайдалану орын алған немесе осыған қажетті дайындықтар жасалған өндіріспен 

бірге берілуі мүмкін.

 

      


Ескерту. 6-тарау 21-1-баппен толықтырылды - ҚР 07.04.2015 

№ 300-V


 Заңымен (алғашқы 

ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

      22-бап. Патенттiң күшiн жою және оны мерзiмiнен 

 

              бұрын тоқтату 

 

      1. Селекциялық жетiстiкке берiлген патенттiң күшiн уәкiлеттi орган:



 

      1) оны осы Заңның 21-бабына сәйкес заңсыз деп таныған;

 

      2) сорт, тұқым бiртектiлiк пен тұрақтылық көрсеткiштерiне ендiгi жерде сәйкес 



келмеген;

 

      3) сорттың, тұқымның аман сақталуын тексеру үшiн сараптама органының өтiнiшi 



бойынша патент иеленушi қажеттi ақпаратты, ұрықты, асыл тұқым материалдарын және 

құжаттарды 12 ай iшiнде бермеген немесе осы мақсаттар үшiн жергiлiктi жерлерде сортқа, 

тұқымға инспекция жүргiзу үшiн жағдайлар болмаған;

 

      4) егер патент иеленушi басқа, неғұрлым лайықты атау ұсынбаса, патент берiлгеннен 



кейiн селекциялық жетiстiктiң атауы жойылған кездерде жояды.

 

       2. Патенттiң қолданылуы: 



 

      1) патент иеленушiнiң бюллетеньде патенттiң қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату 

туралы мәлiметтер жарияланған күннен бастап уәкiлеттi органға берген өтiнiшi негiзiнде;

 

      2) ақы төлеудiң белгiленген мерзiмi өткен күннен бастап патенттi күшiнде ұстаудың 



белгiленген мерзiмiнде ақы төленбеген жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.

 

      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 



Заңымен

.

 



   6-1-тарау. Апелляциялық кеңес және патенттік сенім білдірілген өкілдер 

      Ескерту. Заң 6-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми 

жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

 

      22-1-бап. Апелляциялық кеңес



 

      1. Апелляциялық кеңес осы Заңның 8-бабының 5-тармағына, 10-бабының 5-тармағына, 

21-бабының 2-тармағына сәйкес берiлетiн қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейiн қарау 

жөнiндегi уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.

 

      1-1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген қарсылықтар бойынша дауларды сотқа дейін 



қарау міндетті болып табылады.

 



      2. Апелляциялық кеңеске мынадай:

 

      1) уәкілетті органның селекциялық жетістікке патент беруге өтінімді одан әрі 



қараудан бас тарту туралы шешімдеріне;

 

      2) селекциялық жетістікке патент беруден бас тарту туралы;



 

      3) селекциялық жетістікке патент беруге қарсы қарсылықтар берілуі мүмкін.

 

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қарсылықты өтiнiш берушi немесе 



оның құқықтық мұрагерi тiкелей өзі не өкiл арқылы бере алады.

 

      Осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген қарсылықты кез келген мүдделi тұлға 



тiкелей не өкiл арқылы бере алады.

 

      Қарсылық уәкілетті органға қазақ және орыс тілдерінде жазбаша арыз нысанында 



тiкелей берiледi немесе пошта арқылы жiберiледi. Қарсылыққа қоса берілетін материалдар 

қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

 

      Егер қарсылық факсимильдiк байланыс немесе электрондық пошта арқылы берiлсе, ол 



осындай қарсылықты алған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қағаз жеткізгіштегі 

түпнұсқасымен расталуға тиiс.

 

      Қарсылық осы Заңда көрсетілген мерзiмдер iшiнде берiледi.



 

      Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген қарсылықтарды берудiң өтiнiм 

берушi өткiзiп алған мерзiмi оның өтінішхаты бойынша қалпына келтіріледі. Өтiнiш берушi 

мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi мерзімі өтіп кеткен күннен бастап он екі айдан 

кешіктірмей беруi мүмкiн. Мұндай өтiнiш апелляциялық кеңеске берілетін қарсылықпен бiр 

мезгілде ұсынылады.

 

      3. Қарсылықты патенттiк сенiм бiлдiрілген өкіл немесе өзге де өкiл арқылы берген 



жағдайда, сенімхат қазақ және орыс тілдерінде беріледі, егер сенімхат басқа тілде (шетел 

тілінде) берілсе, онда ол қазақ және орыс тілдеріне аударылуға тиіс, сенімхаттың 

аудармасы нотариаттық түрде куәландырылады. Қарсылықтың материалдарына нотариат 

куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы қоса беріледі немесе ол нотариат куәландырғанын 

растау үшін апелляциялық кеңестің хатшысына көшірмесімен бірге ұсынылады.

 

      4. Берілген қарсылық апелляциялық кеңес алқасының отырысында осы Заңда белгіленген 



мерзім ішінде қаралуға тиіс. Қарсылықты қарау мерзiмi қарсылықты берген тұлғаның өтiнiшi 

бойынша ұзартылуы, сондай-ақ патент иеленуші ұзартуы мүмкін, бiрақ бұл ұзарту қарсылықты 

қарау үшiн белгiленген мерзiм аяқталатын күннен бастап алты айдан аспауға тиіс.

 

      5. Қарсылық берген тұлға, патент иеленуші апелляциялық кеңес шешіміне осындай 



шешiмді алған күннен бастап алты ай iшiнде сотқа шағым жасауы мүмкiн.

 

      



Ескерту. 22-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.04.2015 

№ 300-V


 (алғашқы ресми 

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

31.10.2015 

№ 378-V


 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

      22-2-бап. Қарсылықты апелляциялық кеңесте қараудан бас



 

                тарту негіздері

 

      1. Егер:



 

      1) қарсылық апелляциялық кеңесте қаралуға жатпаса;

 

      2) қарсылыққа қол қойылмаса не оған қол қоюға өкiлеттiгi жоқ тұлға қол қойса;



 

      3) қарсылық белгiленген мерзiмдi бұза отырып берiлсе және аталған мерзiмдi ұзарту 

мен қалпына келтiру мүмкiндiгi жоқ болса;

 

      4) өтiнiш берушi қарсылықты берудi ресiмдеуге, мазмұндауға және рәсiмдеуге 



қойылатын талаптарға қатысты кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоймаса, қарсылықты 

қарауға қабылдаудан бас тартылады.

 

      Көрсетілген мән-жайлар болған жағдайда, қарсылық берген тұлғаға алынған қарсылықты 



қарауға қабылдауға болмайтыны және ол берiлген жоқ деп есептелетiнi туралы хабарлама 

жiберiледi.

 

      Қарсылық берген тұлға немесе оның өкiлi берiлген қарсылықты апелляциялық кеңес 



алқасы шешiмді жарияланғанға дейiн қайтарып алуы мүмкін.

 



жүктеу 266,99 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау