Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет137/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   187

278 
 
 - білімді шығармашылықпен пайдалану дағдыларын тәрбиелеу (игерілген білімді жаңа 
ситуацияда пайдалана алу) және оқу проблемаларын шеше алу; 
 - шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру және молайту  (ғылыми зерттеу 
әдістерін меңгеру, практикалық проблемаларды шешу). 
 Проблемалық  оқыту  барлық  жағдайда  бірдей  тйімді  бола  алмайды.  Практикада 
көрсеткендей  проблемалық  оқыту  процесі  танымдық  белсенділікті  дамытуда,  жаңа  білімді 
меңгеруде студенттердің әр түрлі  білім деңгейін анықтап отыр. Шығармашылықтың түріне 
сәйкес проблемалық оқытудың үш түрін бөліп айтуға болады: 
 -  біріншісі,  теориялық  шығармашылық  студенттің  өзі  үшін  жаңа  ережені,  заңды, 
теорияны  ашады.  Мұның  негізінде  теориялық  оқу  проблемаларын  қою  және  оны  шешу 
дағдыланады; 
 -  екіншісі,  практикалық  шығармашылық:  студенттің  меңгерген  білімін  жаңа 
ситуацияда қолдануы,  құрастыруы, ойлап табуы негізінде практикалық  оқу проблемаларын 
қою және оны шешу мақсат көзделеді; 
 Проблемалық  оқытудың  барлық  түрі  студент  іс-әрекетінің  шығармашылығымен, 
проблеманы шешудегі ізденіспен сипатталады.  
Біздің  ойымызша  білім  беру  жүйесінде  студентке  білім  бере  отрып,  олардың  іскерлік 
дағдыларын 
қалаптастыра 
білу 
педагог 
үшін 
үлкен 
жауапкершілік 
болып 
таблады.Білімшындықты  танып  білу  процесінің  нәтижесі,  оның  адам  санасында  елес,  ұғым 
пікір, ой-тұжырымы, теория түрінде сәйкесті көрінісі болып табылса керек. Шынайы білім - 
танудың  нәтижесі,  қоғамдық  -  тарихи  практикамен    тексерілген  және  логикамен  көз 
жеткізілген.  Білім  арқылы  жеке  адам  табиғаттың  және  қоғам  құбылыстарының  объективті 
жақтарын  зерттейді,  түсінеді,  ұғады.Білім  беру  арқылы  біз  осы  проблемалық  оқыту  әдісін 
қолдануда оқытушының түсіндіруін қабылдауы, проблемалық ситуация жағдайында ақыл-ой 
әрекетінің үлгісін меңгереді, студент өзіндік жұмысты орындайды, ауызша жауап береді. 
Студент  логикалық  талдауды  қажет  ететін  өзіндік  жұмыстарды  орындайды,  жаңа 
амалдарды ашады, дербес шешім шығарып топшылайды, психологиялық мәселелерді шешу 
жолдарын  ұсынады.  Әрине,  әр  сабақтың  психологиялық-педагогикалық  заңдылықтарына 
сүйеніп оқытушы көптен-көп ізденіп жүреді. Ізденіс - табыс кепілі. 
 
ӘДБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 1.  Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылга  арналған  Мемлекеттік 
бағдарламасы // Егемен Қазақстан - 2004. 
 2. Инновациялар мен оқу - білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы //Егемен Қазақстан 27.05.2006. 
 3. Жұматаева Е. Жоғары мектеп дидактикасы дамуының ғылыми-практикалық негіздері. Алматы,2003  
4.  Рысбаева  А.К.  Иитерактивное  обучение  как  фактор  успешной  учебной  деятельности  учеников  // 
КазНІІУ им. Абая. Вестник.2007 №4(16) 
5.  Рысбаева  А.Қ.  Педагогикалық  ситуациялар  мен  тапсырмалар.//  (Педагогика  курсының  лрактикалық 
сабақтарына арналған мұғалімлар мен оқушылар ушін оқу - әдістемелік құрал) Алматы,2002. 
 
 
ӘОЖ355.233.231.1(574) 
КЕНЖЕБЕК А., ТАУБАЕВ К., ҚАЙСАНОВА Т.Т. 
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ. 
 
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ 
ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМ МЕН ТӘРБИЕ 
 
Қазақ халқының ұлы перзенті, қаһарман жауынгер, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының 
Батыры, әйгілі жазушы Бауыржан Момышұлы-XX ғасыр биігінде тұрған дара тұлға, қиян  - 
кескі  кезеңдерінде  алған  бағытынан  қайтпастан  өз  заманының  биігіне  көтерілген  қазақ 
баласы  көзі  тірісінде  бүкіл  Кеңес  Одағы  мақтан  тұтатын  және  шет  елдер  танитын  аңыз  - 
адамға айналды. 
Еліміздің  Тәуелсіздік  алғанын  халқымыздың  аяулы  перзенті,  ұлтымыздың  қаһарман 


279 
 
ұлы  Бауыржан  Момышұлы  көрген  жоқ.  Бірақ  «тәуелсіздік»  деген  қасиетті  ұғым  мен 
Бауыржан Момышұлының есімі тығыз байланысты.  
Дәл қазіргі кезеңде қазақ жастарына жан-жақты үлгі бола алатын ұлы тұлғаның бірі әрі 
бірегейі - сөз жоқ, Бауыржан Момышұлы. Б. Момышұлы Кеңес заманында өмір сүріп, Кеңес 
өкіметі  кезінде  қызмет  еткенімен,  оның  бүкіл  іс-әрекеті,  қайраткерлігі,  біздің  бүгінімізбен 
үйлесіп  қабысып  жатыр.  Ол  -  шын  мәніндегі  тәуелсіз  тұлға.  Тәуелсіздік  идеясын  ту  етіп 
ұстаған  тұлға.  Өкінішке  орай  оның  тәуелсіз  ойларының,  тәуелсіз  пікірлерінің,  аса  құнды 
жазбаларының біразы архивте жатты. Әлі айналымға түскен жоқ. Бір  ғана дерек Бауыржан 
Момышұлы  туралы  бұрынғы  кітаптар  мен  зерттеулерді  алып  қарасаңыз,  оның 
«батырлығына,  ерлігіне,  отаншылдығына»  көбірек  көңіл  бөлінгенін  байқайсыз.  Ал,  батыр 
атамыздың  азаматтық  тұлғасына,  адамгершілігіне,  зиялылығына,  тектілігі  мен  кінәсіздік 
болмысына  жете  мән  беріле  қоймағанын  аңдайсыз.  Бауыржан  Момышұлы  -  «жоғарғы  жақ 
осылай  деді,  мен  соны  қайтсем  де  орындауым  керек»  деген  секілді  көзсіздікке  еш  уақытта 
ұрынбаған.  Өзінің  әрбір  ісіне  өзі  іштей  есеп  беріп,  оны  артынан  асықпай  парақтап.  «Осым 
дұрыс болды ма, жоқ әлде бұрыс болды ма?» деп ой елегінен өткізіп отырған. Мұндай қасиет 
-  нағыз  зиялыға,  ұлттың  зиялысына  ғана  тән  қасиет.  Мәселен,  Б.  Момышұлының  көзі 
тірісінде  жарық  көрмей,  кейіннен  ғана  жарық  көрген  естелігіне  көз  жүгіртіңізші.  Былай 
дейді:  «Соғыс  жүріп  жатқан  уақытта  менің  полкымның  бір  бөлімшесі  шабуылға  шықты. 
Шабуыл барысында бөлімшенің көпшілігі жараланып қалды. Сол кезде осы бөлімшеге көрші 
бөлімшенің  бір-екі  офицері  көмек  беруден  бас  тартыпты.  Шайқас  біткеннен  кейін  маған 
«осындай  адамдар  бізге  көмек  беруден  бас  тартты»  деп  мәлімдеді.  Сонда  бүкіл  полктың 
алдында  әлгі  екі  офицерді  шығарып,  жауынгерлердің  көз  алдында  атқызып  тастап  едім. 
Соларды,  сол  мықты  жігіттерді  неге  атқыздым?  Мүмкін  олар  өз  қателігін  түсініп,  түзеліп 
кететін бе еді? Ендігәрі мұндай қателік жібермейтін бе еді? «Сонда асығыстық жасадым-ау» 
деп әлі күнге өкінемін....»[1; 101-103 бб]. 
Қараңызшы,  не  деген  мойындау?!  Ештеңені  жасырып  тұрған  жоқ.  Рас,  соғыс  кезінде 
қаталдық керек - ақ еді. Әйтсе де, сол соғыс кезіндегі қаталдығына артынан кеңес әскерінің 
командирі ретінде емес, зиялы ретінде, ұлт зиялысы ретінде баға бергенінің өзі неге тұрады?!  
Бауыржан Момышұлының тағдырында, өмір тарихында талай әділетсіздіктердің  орын 
алғаны  да  мәлім.  Әйгілі  Саққұлақ  шешен  «Аспан  толы  жұлдыздан  -  жарқырап  тұрған  ай 
артық, жабыдан шыққан жүйріктен - қазанат туған тай артық, түйе сойған жиыннан - тоқты 
сойған той артық, ықылассыз берген етіңнен  - жайдары ішкен шай артық» деген екен.  Сол 
сияқты,  Бауыржан  Момышұлының  өмір  -  тарихындағы  кішкене  ғана  эпизод,  не  болмаса 
шағын ғана оқиға, тіпті айтыс тартыстың өзі  - кейбіреулердің күллі ғұмырынан артық екен 
[2]. Өйткені, Бауыржан Момышұлы өзі айтты емес пе: «Ер намысы - ел намысы. Ел намысы - 
ердің  туы.  Жақсы  жігіт  елін  өрге,  жаман  жігіт  елін  көрге  сүйрейді,  Ата  күшін,  ана  сүтін 
ақтағысы келген жігіт елін өрге сүйрейді. Халқымның қалпына қара таңба бастырмаймын, ел 
намысына  кір  жұқтырмаймын,  еркіме  ен  салдырмаймын  деген  ниетім  өмірдің  талай 
арпалысында маған медет те, қуат та болды» деген балатын батыр атамыз. 
Патриотизм  дегеніміз  -  Отанға,  елге,  туған  жерге,  халыққа  деген  сүйіспеншілікті 
білдіретін  ұғым.  Патриоттық  идея,  отаншылдық  сезім  –  адамға  туа  біткен  қасиет  емес.  Ол 
бірте-бірте адамның саналы өмірімен бірге қалыптасатын саяси-әлеуметтік құбылыс. 
Патриоттық  тәрбие  мәселесі  адамзат  тарихының  өн  бойындағы  ұрпақтан  -  ұрпаққа 
жарасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы  Отанға 
деген  сүйіспеншілігін,  яғни  патриоттық  санасын  дарытуда    халқымыздың  біртуар  ұлы, 
ержүрек қолбасшы, жазушы, Батыр, Қазақстанның Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлы 
ағамыздың  кейінгі  ұрпаққа  үлгі  етіп  қалдырып  кеткен  өсиеттерінің  және  ерлікке  толы 
шығармаларының алатын орны ерекше. 
Жиырма жылдық өмірін әскер  қатарында өткізген Бауыржан ағамыз  өмірінің соңына 
дейін әскери-патриоттық тақырыптарға шығармалар жазды. 
Екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезінде  атақты  генерал  И.Панфиловтың  сегізінші 
гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, кейін дивизия командирі кызметін атқарып, 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау