Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет138/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   187

280 
 
неміс-фашист  басқыншыларына  соққы  беріп,  батальонды  бірнеше  мәрте  жау  қоршауынан 
алып шықты. 
Ата мекен жер үшін, 
Қасиетті ел үшін, 
Әзиз ана, қарт ата
Ботакөз сұлу қарындас 
Күң, құл бомасын, - 
деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге шақырады. 
Кейіннен  атақты  жазушы  Александр  Бек  батыр  ағамыздың  ерліктері  жайлы 
«Волокаламск тас жолы» атты романын жазды [3]. Осы роман арқылы Бауыржан ағамыздың 
аты әлемге әйгілі болды. 
Бауыржан  Момышұлы  өз  шығармаларында  патриотизмге,  ерлікке,  батырлыққа 
байланысты біраз терминдерге анықтама берген. Енді соларға тоқталайық. 
Патриотизмдегеніміз  – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман– саулығының 
қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту 
дегеніміз  –  жеке  адамды  күшейту  екенін  мойындау,  қысқасын  айтқанда,  патриотизм 
мемлекет  деген  ұғымды  жеке  адаммен,  яғни  оның  өткенімен,  бүгінгі  күнімен  және 
болашағымен қарым-қатынасты білдіреді. 
Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және адамзаттың 
қасиетті  абыройын  ұятқа  қалу,  опасыздық  пен  масқара  болу  сезімінен  қорғай  отырып, 
адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті 
өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп қатерін де 
бөлісіп, жауды барынша жою, жанға – жанмен, қанға - қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке 
басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу. 
Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық. 
Табандылық – батырлардың қалқаны. 
Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен 
өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс. 
Сондай-ақ  Бауыржан  ағамыз  халықты  ерлікке,  патриоттыққа  тәрбиелеуде  артына 
көптеген мақал-мәтелдер қалдырған.  
Мысалы: “Үлкенді ізетте, кішінікүзетте көр”.  
“Ерлік тәрбиеден туады”,  
“Ерлік бірлікте емес, жүректе”, 
“Отанда опасызға орын жоқ”, 
“Тізе  бүгіп  тірі  жүргеннен,  тік  тұрып    өлген  артық”  деп  халық  атынан  ащы  да  әділ 
үкімін пайымдайды. 
Тіпті  Бауыржан  ағамыз  туған  ауылына  келіп,  ауыл  адамдарының  ынтымақсыздығын, 
қарттардың  қадірсіздігін,  жастардың  тәртіпсіздігін  көріп,  ызаланады.  Дастарханға  ас 
қайырып,  бата  бергенде,  бұрынғы  халықтық  бата–  тілекті  жаңаша  жаңғыртып,  “Я,  құдай, 
дозақтың  отынан  сақта,  қаңғыған  оқтан  сақта,  ынтымақсыз  туыстан  сақта,  қара  жүрек 
батылдан  сақта,  адамды  қадірлемес  есерден  сақта,  нанды  басқан  есерден  сақта,  кеудесін 
керген келіннен сақта, мезгілсіз келген өлімнен сақта, ұятсыз қызыңнан сақта, қайырымсыз 
жекжаттансақта, жалқау баладан сақта, жастарында әдеп жоқ,өлгенінде бәтуа жоқ құр айғай 
шат-шәлекей даңнан сақта” деген батасының тұнып тұрған тәлім, өзіндік үлгі өнеге, өлмес, 
ескірмес өсиет екенінде дау жоқ  [4; 6 б]. 
Ұрпақтары  жазушы,  тәлімгер  Бауыржан  атамыздың  еңбектерін  оқи  отырып,  оның 
шығармашылығындағы патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзіне сұсындайды. 
Қазақ  халқы  қылыштың  жүзімен,  найзаның  ұшымен  елдігін  сақтап  қалу  үшін  күресе 
отырып, туған елге, кіндік қаны тамған қасиетті жерге деген махаббатын ұрпақтан ұрпаққа 
аманат  етіп  беріп  отырды.  “Туған  жер”  ұғымын  бала  бойына  ерте  сіңіруге  тырысып,  оны 
Отан, ел-жұрт ұғымдарымен байланыстырып отырған. “Отан от басынан басталады”, “Отан 
оттан да ыстық”, “Елің үшін отқа түс күймейсің” деп тәрбиеленетін қазақ баласы үшін Отан - 


281 
 
отбасынан, ата-жұртынан, туып өскен топырағынан басталады. 
Патриоттық тәрбиенің нағыз қайнар көзі отбасынан және мектептен басталады. Мұндай 
тәрбие беруде халқымыздың тарихи мұраларын  пайдалану мен тарихи тұлғалардың ұлттық 
патриотизмге негізделген отансүйгіштік іс-әрекеттерін үлгі тұтудың үлкен маңызы бар екені 
бүгінгі таңда нақтылана түсуде.  
Батыр  атамыз  Бауыржан  Момышұлы“патриотизм  –  Отанға  (мемлекетке)  деген 
сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман-саулығы,  қоғамдық-мемлекеттік  қауіпсіздікке  тікелей 
байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз 
–  жеке  адамды  күшейту  екенін  мойындау,  қысқасын  айтқанда,  патриотизм  дегеніміз  – 
мемлекет  деген  ұғымды,  оның  жеке  адаммен  барлық  жағынан:  өткенімен,  бүгінгі  күнімен 
және  болашағымен  қарым-қатынасын  біріктіреді”,- дей отырып,   “Ұлттық  мақтаныш сезімі 
дегеніміз  белгілі  бір  немесе  басқа  ұлт  адамының  көптеген  жеке  мақтаныш  сезімінің 
жиынтығы болып табылады, ұлттық мақтаныш сезімі әрбір ұлт адамы үшін бұзылмас заң” – 
деп,  ұлттық  патриотизмнің  негізгі  қасиетін  атап  көрсетеді.  Бауыржан  Момышұлы 
ұлтжандылық пен ұлтшылдықтың да ара жігін ашып көрсетеді: “Екі түрлі ұғым бар: ұлттық 
рух – бұл асыл қасиет, ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік. Бұл 
мәселені  дұрыс  түсіне  білу  керек”  –  деген  сөздерінің  жастарға,  келер  ұрпаққа  патриоттық 
тәрбие беруде мәні зор.  
Бауыржан  Момышұлы  -  ержүрек  жауынгер,  атақты  қолбасшы,  әскери  жазушы.  Ең 
бастысы  –  әр  қылығымен,  әр  көзқарасымен,  бар  болмысымен  қазақтың  намыстан  жаралған 
халық екенін мойындата алған тұлға. Бауыржан Момышұлының отызға енді ілінген шағынан-ақ 
есімі  аңызға  айналды,  даңқы  әлемді  шарлады.  Ұлтжандылықтан  жаралған  батырлық  бейнесі 
тарих белдерін  аралап,  жыл  өткен  сайын  “тот  баспас  саф  алтындай  жарқыраған”  ерлік жолын 
жалғастыра отырып, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің қаһарманына айналды.  
Бауыржан Момышұлының патриот азамат ретінде қалыптасуы, қоғамдық-саяси істерге 
араласуы  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Мағжан  Жұмабаев,  Тұрар  Рысқұлов 
сынды  ұлт  зиялыларынан  бастау  алып,  Мұхтар  Әуезов,  Сәбит  Мұқанов,  Қаныш  Сәтбаев 
секілді  асыл  азаматтардың  қасында  өтті.  Демек,  оның  азаматтық  тұлғасы  өзіндік  сананы 
ұлттық санаға ұластырудағы биік парасат өлшемімен көрінеді [5].  Б. Момышұлы қайсыбір 
саяси,  мәдени,  әдеби  жиындарда  болсын,  еркін  сөйлеп  өз  ойын  ашық  айтып  отырған. 
Мысалы,  Нұртас  Дәндібайұлы  Оңдасыновқа  жолдаған  хатында  (1943  ж.)  халық  тәлімін 
негізге алып, жігітті батырлық, жауынгерлік, қаһармандық сияқты қасиеттерге тәрбиелейтін 
ой-тұжырымдарын  баяндайды.  Халық  тәлімінің  жүйе-желісін  ұстанған  жазушы  игі 
дәстүріміздің өмірде қайта жаңғыруына ат салысқан. 
Бауыржан Момышұлының хаттарының қаһарлы күндердің шежіресіндей болашақ үшін 
маңызы  зор.  Б.Момышұлының  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  халқымыздың  ақиық 
жазушысы  М.Әуезовке,  Қазақстан  КП(б)  Орталық  комитетінің  насихат  және  үгіт  бөлімінің 
меңгерушісі  М.Әбдіхалықовқа,  бүкіл  әлемге  әйгілі  “Арпалыс”  романының  авторы  А.Бекке, 
Қазақ  ССР-ы  Халық  комиссарлары  Советінің  председателі  Н.Оңдасыновқа,  Қазақ  ССР 
Ғылым  академиясының  президенті  Қ.Сәтпаевқа  және  басқа  да  белгілі  адамдарға  жазған 
хаттары,  біздің  ойымызша,  мән-мағынасын  жоймайтын,  биік  патриотизмге  толы,  болашақ 
ұрпаққа сабақ болар құнды шығармалар. 
Жауынгер  жазушының  шығармалары  арқылы  отбасы  тәрбиесі    ондағы  ұстаз  бен  ата-
ана,  мораль,  этика  турасында  тұщымды  сөз  қозғағанына  көз  жеткіздік.  Оның  қаламынан 
туған төл еңбектерінің  тәрбиелік жақтары ашылып, патриоттық мәні айқындалды.   
Бауыржан  Момышұлы  шығармаларында  ұлттық  рухтың  жоғары  болуына  айрықша 
назар  аударды.  Осыған  орай,  бірнеше  еңбектерін  жарыққа  шығарды.  Мәселен,  "Қанмен 
жазылған  кітап",  "Ұшқан  ұя",  "Жонарқа",  "Төлеген  Тоқтаров","  Бір  түннің  оқиғасы", 
"Генерал Панфилов", "Москва үшін шайқас", "Олар менің есімде", "Ел басына күн туса" атты 
туындылары  дүниеге келді.  
Қазақ 
жастарына 
патриоттық 
тәрбие 
беруде 
Бауыржан 
Момышұлының 
шығармаларының  мүмкіндіктері  кең.  Өйткені  ол  біріншіден,  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау