Сборник научных материалов студентов и молодых ученых



жүктеу 4,69 Mb.
Pdf просмотр
бет133/187
Дата21.12.2019
өлшемі4,69 Mb.
#24739
түріСборник
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   187

270 
 
3) Баланы ойлауға үйрету; 
4) Баланың өзін-өзітұлға ретінде дамуына жағдай жасау; 
Осыған  орай  мектеп  білімі  түбегейлі  жаңартылып,  мұғалімнің  қызметінің  мақсаттары 
кеңейіп,  үлкен  өзгерістер    үстінде.  Әр  педагогтың  міндеті  –  оқушының  шығармашылық 
ойына  бағыт  беру,  шығармашылық  ізденісті  қолдау,  жағдаяттар  туғызып,  оның  шешімін 
табуға  бағыттау,  жаңаны  іздеуге,  жүйелі  зерттеулерге  талдау  жасауға  талпыныс  беру.  Осы 
қажеттіліктерді оқушыларға меңгерту барысында жобалық оқыту әдісі тәжірибеге енгізілді. 
ХХІ  ғасырда  әлемдік  білім  беру  жүйесінің  дамудағы  негізгі  басымдықтарының  бірі  – 
мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде 
қолдана білу ажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. 
Оқушылардың  зерттеу  жұмысын  ұйымдастыру  және  жоба  жұмысын  ұйымдастыру 
және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені  – бүгінгі күн 
талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. 
Бұл  технология  әлемдік  педагогика  жаңалық  емес.  Ағылшын  тілінен  аударғанда  -  
«cooperative  learning»«бірге үйрену», ал латын тілінен аударғанда «projectus» - «алдын  ала»  
деген мағынаны білдіреді деген екі ұғым бар [2]. 
Кеңес  үкіметі  кезеңіндегі  мектептерде  жобалау  технологиясын  енгізуге  асықпай 
жүргенде,  еғылшын  тілінде  сөйлейтін  мемлекеттерде:  АҚШ-та  Канадада,  Англияда, 
Австралияда  және  Жаңа  Зеландияда  ол  кеңінен  таралып  жатты.  Еуропаның  да  бңрқатар 
мемлекеттерінде ол кең тамырын тереңге жая бастады. 
Жобалау  жұмысын  ұйымдастыру  үшін,  ең  алдымен  мұғалімдерді  даярлау  қажет, 
өйткені жоба әдісін сабақта пайдалану үшін оны мұғалім өзі жете меңгеруі керек.  Жобалау 
әдісі  –  бірінен  соң  бірі  орындалатын  қатаң  алгоритмде  болмауы  да  мүмкін.Оны  орындау 
барысында  жүйеліліктің  ғана  сақталуы  қажет.  Мысалы,  бір  бұйым  жасау  мақсатындағы 
жобаны алсақ, оның логикалық жүйесі сол бұйымға қажеттікті зерттеуден  – оны дайындау, 
сынақтан өткізу, бағалау кезеңдерінен тұрады. Осылайша, теориялық жобаның да логикалық 
жүйесі құрылып, сол бойынша жұмыс жасалады. 
Уақыт  өте  келе  еркін  тірбиелеу  ойынан  туындаған  жобалау  әдістемесі  біртіндеп 
«тәртіпке бағынып» білім беру әдістемесі құрамына табыспен еніп отыр. Бірақ оның негізгі, 
түпкі  мақсаты  қай  кезде  болса  да  қала  бермек  –  оқушыны  білім  алуға  және  сол  білімін 
мектеп қабырғасынан шыққанда нақты проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету. 
Жоба – мұғалімменұйымдастырылған және оқушымен өз бетінше проблема шешудегі 
жүзеге асырылған іс-әрекеттер жүйесі. 
Бұл  технологиялық  оқудағы  мұғалім  мен  оқушының  іс-әрекеттері  түбегейлі  өзгереді. 
Оны салыстырып көрелік: 
 
1-кесте – Мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері 
Мұғалім 
Оқушы 
Жеке 
тұлғаға 
қарай 
бағытталған 
ұсынушы 
Оқыту субъектісі 
Бағыт – бағдарберуші, кеңесші 
Мақсатқа   дербес  өз  іс-әрекетімен  жетуші 
белсенді субъект 
Оқушының  жетістігін  құптаушы 
Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы 
Ынталандырушы, мақсатқоюшы 
Өнерпаз, жасампазеңбектіңиесі 
Мақсаттарға  жетелеуші 
Өз 
ізденісімен  
табысқа  
жетуші 
шығармашылық  тұлға 
 
Жобалау  технологиясын  қолданудағы  негізгі  алдыға  қояр  мақсат  –  оқушылардың 
қызығушылық  ынтасын  дамыту,  өз  бетімен  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  білімдерін 
жетілдіру,  ақпараттық  бағдарлау  біліктілігін  қалыптастыру  және  сыни  тұрғыда  ойлау 
қабілетін арттыру арқылы әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. 
Егер  оқушы  жоба  тақырыбын  дұрыс  таңдай  отырып,  жоспарлай  білсе,  оны  дұрыс 


271 
 
орындай  алса  -  ол  болашаққа  дұрыс  бейімделген  тұлға  болыпқалыптасады.  Әртүрлі 
жағдаяттарда  дұрыс  шешім  қабылдай  отырып,  әртүрлі  адамдармен  тіл  табыса  отырып,  әр 
ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады. 
Жобаның  тиімділігі  –  көзбен  көріп,  құлақпен  естіп,  есте  сақтай  отырып  оқушыны 
ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті  жетілдіру арқылы түрлі 
мәселелерді  шеше  білуге,  тапқырлыққа,  жаңа  ғылыми  ізденіске  жетелеуде.  Жобалау 
технологиясының  негізінде  оқушылардың  жұппен  немесе  топпен  бірігіп  дайындайтын 
шығармашылық жұмыстар жатыр [3]. 
Жоба жетекшілері ретінде басқарушылар құзыреттіктерін арнайы дамыту, өз кезегінде, 
жүйенің қызметтік және құрылымдық компоненттеріне  белгілі бір өзгерістер ендіріп, оның 
мамұндық,  құрылымдық,  стратегиялық  дамуындағы  жаңа  сапалық  өзгерістерді  қамтамасыз 
ететіні анықталды. Төмендегі суретте өзгерістердің жүзеге асырылу кезеңдері берілген. 
 
2-кесте - Бастауыш сыныптар үшін жоба кезеңдері: 
Мотивациялық 
 
Жоспарлау - 
дайындық 
Ақпаратты-
операциялық 
Рефлексивті - 
бағалау 
Мұғалім 
жалпы 
түпкі 
ойды 
мәлімдейді,  жағымды 
мотивациялық 
күй 
туғызады 
Жобаның 
тақырыбы,  мақсат- 
міндеттері,  әрекет 
жоспары 
анықталады 
Оқушы: 
материал 
жинайды, 
әдебиетпен 
жұмыстанады, 
жобаны жасақтайды 
Оқушы: 
жобаны  ұсынады, 
ұжымдық 
талқылауға 
қатысады, 
өзін 
бағалайды. 
Оқушы   талқылайды, 
өз  ойларын  ұсынады 
Нәтиже, 
бағалау 
критерийлері, 
әрекет 
әдістері 
келісіледі. 
Бастапқыда 
мұғалімнің 
көмегінің 
кажеттілігі 
туындайды 
да, 
соңынан  оқушының 
өзбеттілігі 
басымдырақ 
болады. 
Мұғалім: 
бақылаушы, 
басқарушы,  ақпарат 
көзі. 
Мұғалім: 
қорытындылайды, 
ұжымдық 
бағалауға 
қатысады 
 
Бастауыш  сыныптарда  жобалық  оқытуды  қолдану  үшін:Оқушының  коммуникативтік 
дағдылары қалыптасуы қажет: 
–  сауалдар қою (басқа оқушының пікірін білу, ақпарат жетіспегенде 
–  мұғалімнен сұрау) 
–  дауысымен басқару; 
–  өз көзқарасын білдіру (барлығына түсінікті түрде өз ойын ашу, 
–  дәлелдеу) 
–  келісімге келу; 
Оқушының ой-өрісінің дамуы, «ақыл-ой толықтығының: 
–  талдау, біріктіру әрекеттерінің дамуы; 
–  салыстырмалы талдау жасау; 
–  негізгіні бөліп көрсету; 
–  жалпы әрекет әдісін табу, оны қолдану мүмкіндігі; 
Өзіндік бағалау әрекеті: 
–  өзінің және басқаның жұмысын шынайы бағалау; 
–  нәтижені және оқу міндеттерінің шешілу барысын бағалау дағдысы; 


жүктеу 4,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   187




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау