...
17.
|
5-баптың
1-тармағынынң
15) тармақшасы
| 5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салалары
1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру мынадай бағыттар:
1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
5) демография проблемаларын шешу;
6) гендерлік проблемаларды шешу;
7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;
9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;
10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
11) мәдениет пен өнерді дамыту;
12) тарихи-мәдени мұраны қорғау;
13) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту;
13-1) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;
13-2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша жүзеге асырылады.
13-3) алып тасталды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
14) алып тасталды - ҚР 02.12.2015 № 429-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
|
5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру салалары
1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру мынадай бағыттар:
15) діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы жөніндегі іс-шараларды өткізу.
|
Осы толықтыру деструктивті және экстремистік діни ағымдардың ықпалына түскен адамдарды оңалту мен бейімдеуді ұйымдастыруымен, халық арасында профилактикалық ақпараттық жұмыс жүргізумен байланысты және гранттар беру арқылы қызметтерді сатып алуды кепілді жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында қажет.
|
18.
|
21-баптың
2-тармағы
|
21-бап. Құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шаралары
Құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шаралары:
1) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарын қорғау жөніндегі шараларды;
2) экономиканы, әлеуметтік саланы, құқық қорғау қызметін басқарудағы қателіктер мен кемшіліктерді жоюға, сондай-ақ құқық бұзушылық профилактикасын нормативтік, ақпараттық, әдістемелік және ресурстық қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шараларын;
3) азаматтардың жалпы, тұрмыстық және құқықтық мәдениетін арттыратын, жалпы адамзаттық құндылықтарға, заңға мойынсынушылық мінез-құлыққа, құқыққа қарсы мінез-құлыққа төзбеушілікке бағдарланған адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру арқылы криминогендік факторларды жоятын немесе шектейтін идеологиялық шараларды;
4) құқық бұзушылық жасауға тосқауыл болатын ғылым мен техника жетістіктерін қолдану арқылы іске асырылады.
|
21-бап. Құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шаралары
Құқық бұзушылық профилактикасының жалпы шаралары:
1) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарын қорғау жөніндегі шараларды;
2) экономиканы, әлеуметтік саланы, құқық қорғау қызметін басқарудағы қателіктер мен кемшіліктерді жоюға, сондай-ақ құқық бұзушылық профилактикасын нормативтік, ақпараттық, әдістемелік және ресурстық қамтамасыз етуді жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шараларын;
3) азаматтардың жалпы, тұрмыстық және құқықтық мәдениетін арттыратын, жалпы адамзаттық құндылықтарға, заңға мойынсынушылық мінез-құлыққа, құқыққа қарсы мінез-құлыққа төзбеушілікке бағдарланған адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру арқылы криминогендік факторларды жоятын немесе шектейтін идеологиялық шараларды;
4) құқық бұзушылық жасауға тосқауыл болатын ғылым мен техника жетістіктерін қолдану арқылы іске асырылады.
2. Қызметтік (лауазымдық) міндеттерін атқару, медициналық мақсаттарда, азаматтық қорғау, ауа райы жағдайларында, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу үшін қажет болатын жағдайларды қоспағанда, бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге тыйым салынады.
|
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Конституцияда негізгі құқықтық қағидаттар анықталған. Ондағы мемлекет алдындағы азаматтық құқықтар мен міндеттер салалық қаңдарда көрсетіледі.
Заң әркімге діни сенім бостандығы құқығын растайды, діни нанымына қарамастан әркімнің теңқұқықтылығына кепілдік береді, конфессияаралық келісімнің, діни төзімділіктің және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын таниды.
Конституцияның 14-бабының 2-тармағына сәйкес тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Аталмыш норманы қабылдау әйелдердің дінді ұстану немесе ұстанбау құқығын шектемейді. Мемлекеттің зайырлы құрылысы діни немесе әлеуметтік-мәдени әртүрлілігіне қарамастан, елдегі барлық әйелдердің мүдделері мен құқықтарын қорғайды.
Бельгияда бетті жасырып тұратын және оның иесін анықтауға кедергі келтіретін киімді киюге заңнамалық түрде тыйым салынған. Мұндай киіммен көшеде, саябақтарда және ресми мекемелерде жүруге жол берілмейді. Заңды бұзып, қоғамдық орындарда бетін жауып шыққандарға 15 бастап 25 еуроға дейін айыппұл салынады немесе жеті тәулікке дейін қамаққа алынады. Егер, жергілікті билік келісім берсе, мерекелер, карнавалдар және өзге мәдени іс-шараларға бұл норма қолданылмайды.
Болгарияда бетті «жауып тұратын» немесе «жасыратын» маскаларға, орамалдарға және барлық осыған ұқсас заттарға (әдеттегі тығыз немесе жартылай мөлдір матаны қосқанда) тыйым салу туралы заң қабылданған. Бұл жағдайда, оларды киіп жүруге ерекшелік ретінде тек діни бірлестіктерде, сондай-ақ тұрып жатқан орындарында рұқсат етіледі. Заңды бұзғаны үшін мынадай айыппұл көзделген: бірінші рет бұзған жағдайда 200 лев (100 еуро), қайталанып бұзса – 1,5 мың лев (750 еуро). Лауазымды тұлғалар үшін айыппұлдың жоғарылатылған мөлшері көзделген – 250 және 1000 еуро тиісінше.
Өзбекстан. 1998 жылғы «Ар-ождан бостандығы және діни ұйымдар туралы» Заңның 14-бабына сәйкес «Өзбекстан Республикасының азаматтарына (діни ұйымдардың қызметшілерін қоспағанда) қоғамдық орындарда культтік киімдерде жүруге жол берілмейді».
Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауаптылық туралы кодексінің 184-1-бабының 1-тармағына сәйкес «Өзбекстан Республикасының азаматтарының (діни ұйымдардың қызметшілерін қоспағанда) қоғамдық орындарда культтік киімдерде келуі – 5 бастап 10 дейін еңбек ақының ең төменгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады».
«LOI n° 2010-1192: Loi interdisant la dissimulation du visage dans l'espace public» Франция Заңына сәйкес қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын бас киімдерді, маскаларды, шлемдерді, балаклаваларды, никабты және өзге жамылғыларды киюге тыйым салынады. Сондай-ақ, тыйым егер бетті жауып тұрса, толық денені жауып тұратын бетпердеге де қолданылады. Заңмен 150 еуроға дейін айыппұл салынады. Сондай-ақ, Заң жобасында тыйым салынған киімді киюге мәжбүрлегені үшін 30 000 еуро көлемінде айыппұл немесе бір жыл мерзімге түрмеге қамау көзделген.
Адам құқытары жөніндегі Еуропалық Сот тәжірибесі
Манн Синг Францияға қарсы (2008)
Арызданушы, дінді практикалық тұрғыдан ұстанатын сикх, оның жүргізуші куәлігіндегі жеке басын куәландыратын фотосуреттерін талап ету оның жеке өміріне және дін мен ар-ождан бостандығына қол сұғушылық деп сендірді. Ол тиісті ережелерде сикх қауымының мүшелеріне деген ерекше қатынас көзделмегеніне арызданды.
Сот арызды қабылдауға келмейді (анық негізделмеген) деп таныды. Сот қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпке (әсіресе, жол жүру ережелеріне сәйкес жүргізілетін тексерістер кезінде) жауапты органдар үшін субъектінің басы ашық түскен фотосуреттері жүргізушіні сәйкестендіру үшін қажет екендігін атап өтті. Сондай-ақ, мұндай тексерістер Конвенцияның § 2 9-бабына сәйкес қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет деп атап көрсетті. Сот таласқа түскен араласу негізінде негізді және мақсатқа лайық деп шешті.
Эль Морси Францияға қарсы (2008)
Арызданушыға жеке басын анықтау үшін бас орамалын шешуін талап ету шектеуге жатады. Арызданушы аталмыш шара заңда көзделмеген деп айтпады. Шара § 2 9-бабында көзделген заңды мақсаттарды, атап айтқанда қоғамдық қауіпсізідкті қорғау және қоғамдық тәртіпті қорғаудың бірін қамтыды. Демократиялық қоғамда мұндай араласудың қажеттігі туралы мәселеге қатысты Сот қоғамдық қауіпсіздік мақсатында қажетті деп танылған, келушілердің жеке басын анықтауды қоса алғанда, консулдыққа кіре берістегі тексерістерге қатысты «Фюль Францияға қарсы» іс бойынша өзінің шешімінен бас тартуға себептерді көрмеді. Оған қоса, тексеріс үшін бас орамалды өте қысқа мерзімге шешу ғана талап етілді. Арызданушының бас орамалды тек әйел адамның көзінше ғана шешетіні туралы ұснысына қатысты, тіпті егер аталмыш мәселе консулдық басшылығымен қаралды деп есептесек, басшылықтың консулдықтағы әйел адам қызметкердің арызданушының жеке басын тексеруі туралы өкім бермеуі, Мемлекеттің осы мәселедегі қарау еркіндігінің шегінен асқан жоқ. Осылай, арызданушының дін бостандығы құқығын жүзеге асыруға заңсыз араласу орын алған жоқ.
Дахлаб Швейцарияға қарсы (2001)
Арызданушы, ислам дінін қабылдаған, бастауыш сынып мұғалімі мектеп билігінің оған жұмыс уақытында орамал тағуына тыйым салғанына шағымданды. Бұрын ол мектепте ешқандай проблемалық мәселесіз бірнеше жыл бойы орамал тағып жүрген. Сот аталмыш шара негізсіз деп есептей отырып, атап айтқанда мемлекет өкілі ретінде арызданушы жауапты болатын балалар төрт жастан бастап сегіз жасқа дейінгі, яғни ересек оқушыларға қарағанда, ықпалға тез берілетін жастағы балалар екендігін ескере отырып, арызды қабылдауға келмейді (анық негізсіз) деп таныды.
Куртюлмуш Түркияға қарсы (2006)
Бұл – университет профессорына қызметін атқару барысында исламдық бас орамалды киюге тыйым салу туралы іс. Арызданушы оқыту кезінде орамал тағуға тыйым салу оның өз дінін еркін ұстану құқығын бұзды деп сендірді. Атап айтқанда, тәртіптік соттың исламдық бас орамалды тағу нәтижесінде оның қызметтен кетуі тиіс болғандығы туралы шешімі Конвенцияның 8 (жеке өмірді құрметтеу құқығы), 9 және 10 (Өз еркін білдіру бостандығы) баптарында бекітілген оның құқықтарының бұзылуы деп айтты.
Сот арызды қабылдауға келмейді (анық негізсіз) деп таныды. Сот мемлекет пен дін арасындағы нақты қатынастарда ішкі саяси қайраткердің рөліне ерекше назар аударылуы тиіс деп шешті. Демократиялық қоғамда, егер тәжірибеде өзге тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатына тап болса, мемлекет исламдық орамалдарды тағуды шектеуге құқығы бар. Осы істе арызданушы мемлекеттік қызметші болуға шешім жасаған; арызданушы сылтеме жасаған билік тарапынан көрсетілген «төзімділікті» заңдық тұрғыдан аса міндетті емес деген қағида етіп жасаған жоқ. Мемлекеттік қызметтің барлық қызметкерлеріне қандай да бір ерекшеліктерді ескермей қолданылған дресс-код секуляризм мен мемлекеттік қызметтің, атап айтқанда мемлекеттік білім берудің бейтараптығы қағидаттарын қорғауға бағытталды. Бұдан басқа, мұндай шаралардың ауқымдылығы мен оны жүзеге асыру шаралары белгілі деңгейде тиісті мемлекеттің қарауында қалуы тиіс. Соған сәйкес, осы мәселеде бір-бірімен келісетін мемлекеттердің көзқарастарының шектерін ескере отырып, араласу іс жүзінде негізді және мақсатқа лайық болды.
Лейла Шахин Түркияға қарсы (2005)
Сот арызданушының құқықтары шектелді және бұзылды деп есептемеді. Арызданушы Стамбул университеті ректорының қабылдаған директивасы негізінде оның құқытары бұзылды деп алға тартты. Оған сәйкес хиджаб киетін студент қыздарға дәрістерге, сабақтар мен семинарларға қатысуға рұқсат берілмеді. Сот құқыққа араласу болды, негізінде ақталған және мақсатқа тепе-тең, демек «демократиялық қоғамда қажетті» деп танылуы мүмкін деп есептеді.
Дору және Керванчи Францияға қарсы (2008)
Арызданушылар хиджабты шешуден бас тартқандары үшін дене шынықтыру сабағынан шығарылған. Сот екі жағдайда да Конвенцияның 9-бабының бұзылуы орын алмады деп шешті. Атап айтқанда, ұлттық биліктің исламдық хиджаб сияқты орамалды тағу денсаулықты немесе қауіпсіздікті сақтау бойынша дене шынықтыру сабағына сай келмейтіні туралы шешімі негізсіз болмады деп қаулы етті.
Эбрахиман Францияға қарсы (2015)
Арызданушы оның әлеуметтік жұмысшы ретінде келісім-шартын қайта жасамауы туралы шешім оның өз дінін ұстану құқығын бұзды деп шағымданды. Сот Конвенцияның 8-бабын (жеке және отбасылық өмірді құрметтеу құқығы) бұзушылық орын алмады деп шешті, француз билігі өз көзқарастарының шектерінен аспады деп қаулы етті.
S.A.S. Францияға қарсы (2014)
Дінді практикалық тұрғыдан ұстанатын мұсылман, Франция тұрғыны қоғамдық орындарда бетті тұмшалауға тыйым салатын 2011 жылғы 11 сәуірдегі Заң күшіне енгеннен бастап, паранжа мен никабты көпшілік алдында киюіне енді рұқсат етілмейтіні туралы шағымданды.
Сот Конвенцияның 8-бабын (жеке және отбасылық өмірді құрметтеу құқығы) және 9-бабын (ой, ар-ождан және дін бостандығын құрметтеу құқығы) бұзушылық орын алмады деп шешті. Атап айтқанда, Сот «қатар өмір сүру» шарттарын қарастырылып жатқан шараның заңды мақсаты және мемлекеттің маңызды қайшылықтар болған аталмыш мәселеге қатысты кеңейтілген көзқарастар жүйесі болғандықтан, 2010 жылғы 11 қазандағы Заңмен енгізілген тыйым Конвенцияны бұзбайды деп қаулы етті.
Сондай-ақ, Сот Конвенцияның 8 және 9-баптарымен қатар 14-бабын (кемсітушілікке тыйым салу) бұзушылық болған жоқ деп шешті: 2010 жылғы 11 қазандағы Заңмен енгізілген тыйым, көпшіліктің мойындауымен діни көзқарастары бойынша бетперде киюге ниет білдіретін мұсылман әйелдердің жағдайының нақты кері салдарына ие болды, дегенмен бұл шара объективті және саналы негізде қабылданды деп қаулы етті.
|
19.
|
23-баптың
2-тармағының
3-1) тармақшасы
|
23-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары
2. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары:
1) профилактикалық әңгімелесу;
2) қорғау нұсқамасы;
3) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс;
4) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;
5) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу;
6) профилактикалық есепке алу және бақылау;
7) әкімшілік жаза қолдану;
8) ата-ана құқықтарынан айыру не оларды шектеу, бала (ұл, қыз) асырап алудың күшін жою, қамқоршыларды және қорғаншыларды өздерінің міндеттерін орындаудан босату және шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу;
9) сот үкімі бойынша қабылданатын шаралар;
10) әкімшілік қадағалау орнату;
11) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу болып табылады.
|
23-бап. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары
2. Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы шаралары:
...
3-1) ресми алдын ала ескерту;
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымда № 500 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде діни саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі дінді деструктивті мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге тұрғысынан халықтың барлық нысаналы топтарын атаулы және жаппайі қамту болып табылады.
Сонымен қатар, еліміздегі діни ахуал қазақстандықтардың көпшілігіне тән діни көзқарасқа сабырлығына қарамастан мемлекеттің зайырлы негіздерін бұзу қатерлерінің барымен сипатталады. Аталған қатерлер, ең алдымен, теологиялық танымның жеткіліксіздігінен діндар халықтың белгілі бір бөлігінің радикалдануын көбейту қатерімен сипатталады.
Бұдан басқа, талдау деструктивті және радикалды діни ағымдардың ізбасарларына өзінің діни ықыласын және көзқарасын мемлекеттің зайырлы принциптеріне және дәстүрлі рухани құндылықтарға дау айту және қарсы шығу тән. Деструктивті діни ағымдардың радикалды қолдаушылары құқыққа қайшы, соның ішінде мемлекет, қоғам және азаматқа қарсы күш қолдану актілерін ұйымдастыруға дайын тұрады. Бұл ретте, бұл тек қана террористік немесе экстремисттік қылмыстар ғана емес, пайдақор және пайдақор-күштеу түріндегі жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар да бар.
Мәселен, 2017 жылдың басынан республика бойынша деструктивті діни ағымдардың (ДДА) қылмыс жасаған 744 қолдаушылары анықталды және аталған санаттың әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 11145 адамы аңықталды. Осылайша, тек осы жылы деструктивті діни ағымдардың 50%-дан көбі (жалпы саны - 22 945) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттерін жасаған.
Осылайша, деструктивті діни ағымдардың қолдаушылар ортасында жақтаушылардың қылмыстандыру үрдісі және маргиналдар саны көп екені көрініп тұр.
|