|
Тақырыбы: «Заңды білу – заман талабы»
|
бет | 1/3 | Дата | 13.05.2023 | өлшемі | 23,21 Kb. | | #42546 | түрі | Сабақ |
| Заңды білу - заман талабыНавигация по данной странице:
- Түрі
Бекітемін: ____« », ____ 2015 ж Сыныбы: 6
Тақырыбы: «Заңды білу – заман талабы»
Мақсаты: оқушылардың құқықтық мәдениеттілігін көтеру; өз құқығын білуге деген қызығушылығын арттыру; заңдарды сыйлап, өз құқығын қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: жарыс сабақ
Көрнекілігі: слайд, АКТ
Сәлеметсіздер ма, ойынға қатысушылар, көрермендер, қазылар алқасы!
Бүгін біз «Заңды білу – заман талабы» атты сайыс ойынын өткізуге жиналдық. Бүгін біз адам дүниеге келгеннен бастап, тұлға боп қалыптасқанға дейін қандай құқықтарға ие болатынын білетін боламыз, яғни сіздердің құқықтарыңыз жайлы әңгіме қозғайтын боламыз.
Ойын сендердің құқықтық мәдениеттіліктеріңді арттырып, өз құқықтарыңды жетік білуге көмектеседі деген сенімдемін.
Сайыс кезеңдері:
І кезең: «Сен білесің бе?» (сұрақ-жауап)
ІІ кезең: «Өз құқығыңды біл!» (көрініс)
ІІІ кезең: «Кім жылдам?» (сөзжұмбақ шешу)
ІҮ кезең: «Жалғасын тап» (сөйлемді аяқтау)
Ү кезең: «Поэзия минуты» (Ата Заңымыз туралы өлең шумақтарын оқу)
Сонымен сайысқа 3 топ қатысады. (Оқушыларды топқа бөлуде түрлі түсті қағаздарды таңдау қолданылды)
І топ: « »
ІІ топ: « »
ІІІ топ: « »
І кезеңде 3 топ оқушыларына 20 сұрақ қойылады, сұраққа нақты әрі тез жауап беру талап етіледі. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
Барлық адамға ортақ ереже не деп аталады? (заң)
Заң ережелері қайда жазылады? (негізгі заң-Конституцияда)
Конституция неше бөлім неше баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)
Республика Конституциясында өзінің ең қымбат қазынасы? (ол адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары 1- бап)
Конституцияда бекітілген заңға қайшы әрекет ету? (заң бұзушылық)
Заң шығарушы орган? (парламент)
Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (зайырлы)
Балаларды қорғаудың халықаралық күні? (1-маусым)
Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қашан қабылданды? (1993 жылы, 28-қазан)
Мектепке бару құқығы балаға қай жаста беріледі? (6-7 жас)
Бала деп кімді айтамыз? 18 жасқа (кәмелетке) толмаған адам
Мемлекет басшысы? (президент)
Еліміздің негізгі заңы? (Конституция)
Қазақстан азаматы неше жасқа толғанда сайлау құқығына ие болады? (18 жас)
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата? (ту, елтаңба, әнұран)
Әр мемлекеттің аймағына кіруге және шығуға немесе өтуге берілетін рұқсат? (виза)
Балаларға қамқорлық көрсету кімдердің қасиетті борышы? (ата-ана)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды? (1992 жылы)
Еліміздің төл мейрамдарын атаңыз. (Конституция күні, Тәуелсіздік күні)
Жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым? (БҰҰ)
ІІ кезеңде әр топқа көрініс сценарийі алдын ала беріледі, оны қарсы топ оқушыларына қойып берулері керек, басқа топ оқушылары берілген сқраққа заңмен дәлелдеп жауап берулері керек. Жоғары ұпай 5 ұпаймен бағаланады.
І. Көрініс (Үш бала асық ойнап жүр.)
1-бала: -Серік сен ойнамайсың?
2-бала: -Неге?
1-бала: -Сенің киімің жыртық. Мамаң біздің мектепте еден жуады. Әкең жүргізуші. Сен кедейсің.
3-бала:- Ал менің әкем рэкет. Ешкімнен қорықпайды. Ал мамам «крупный бизнесмен».Біз үлкен коттеджде тұрамыз. Біздің үйде не керек бәрі бар.
1-бала: Ал менің әкем бастық. Мамам да бастық. Үлкен үйіміз бар. Шетелдік машинамыз бар. Ал сенде ештеңе жоқ. (Серікті ұрады. Ол жылайды.)
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|