Салыстырма кесте



жүктеу 1,23 Mb.
бет1/9
Дата20.05.2018
өлшемі1,23 Mb.
#15194
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына

САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ




Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме





  1. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі

1.

2-баптың

3-бөлігінің төртінші және бесінші абзацы



2-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының негіздері

1. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

2. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы:

1) еркек пен әйелдің некелік (ерлі-зайыптылық) одағының еріктілігі;

2) отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;

3) отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол берілмеушілік;

4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім арқылы шешу;

5) балалардың отбасында тәрбиелену басымдығы, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық;

6) отбасының кәмелетке толмаған, қарт және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін басымдықпен қорғау;

7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, осы құқықтарды сот арқылы қорғау мүмкіндіктері;

8) отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қолдау қағидаттарына негізделеді.

3. Тек мемлекеттік органдар қиған неке (ерлі-зайыптылық) ғана танылады.

Діни жоралар мен рәсімдер бойынша қиылған неке (ерлі-зайыптылық) тіркеуші органдарда тіркелген некеге (ерлі-зайыптылыққа) теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар тудырмайды.

Еркек пен әйелдің, сондай-ақ бір жыныстағы адамдардың шын мәнінде бірге тұруы неке (ерлі-зайыптылық) деп танылмайды.

4. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) кезінде және отбасылық қатынастарда шығу тегi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, нәсiлі, ұлты, тiлі немесе діни көзқарасы немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тыйым салынады.

Азаматтардың неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарындағы құқықтары тек заң негізінде және бұл тек конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен адамгершілік құндылықтарын қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, сол шамада шектелуi мүмкiн.



2-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасының негіздері

Некені қию немесе тоқтату (ерлі-зайыпты болу) бойынша діни жоралар мен рәсімдерді ғибадат ғимаратынан (құрылысжайлардан) тыс жерлерде жүргізуге жол берілмейді.

Діни жоралар мен рәсімдер бойынша некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірген адамдардың біреуі ғибадат ғимаратына (құрылысжайына) келе алмайтын айрықша жағдайларда (ауыр науқастануы, жүріп-тұру қиындығымен байланысты мүгедектігі, күзетпен ұсталуы немесе бас бостандығынан айыру орындарында болуы) некені діни жоралар мен рәсімдер бойынша қиюды (ерлі-зайыпты болуды) үйде, медициналық немесе өзге де ұйымда некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен тіркелген діни бірлестіктің өкілі жүргізеді.


Әділет министрлігінің статистикасы бойынша елімізде соңғы 10 жылда діни жоралар мен рәсімдер бойынша 30 мыңнан аса неке қию (ерлі-зайыпты болу) тіркелген!

Бұл туралы жақында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Әбдіхалықова: «Зерттеулер... мәжбүрлеп неке қию, әсіресе кәмелетке толмаған қыздарды некеге отыруға мәжбүрлеу сияқты ұмыт болған құбылыстар анықталды. Қазақстанда 15-18 жас аралығындағы қыздардың 5 пайызға жуығы тұрмыс құрған, бұл ретте, олардың көпшілігі мәжбүрлеп тұрмысқа шыққандар, алайда бұл қылмыс болып табылады. Мұндай қыздардың көпшілік саны Ақмола, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрады. Ерте тұрмыс құрудың зияны: олар қыздарды балалық шағынан айырады, олардың дамуына, білім алуына кедергі келтіреді, денсаулығына қауіп төндіреді.

Демек, мұндай ресми түрде тіркелмеген отбасылар заңнан тыс қалады.

Кәмелетке толмаған адаммен заңсыз некеге отыру деструктивті діни ағым өкілдері арасында жиі орын алады.

Бұған мысал ретінде азамат Самат Омарғазинның өткен жылы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетіне келіп түскен өтінішін айтуға болады, онда Семей қаласындағы «Тас Мешіт» мешітінің қызметшілері оның кәмелетке толмаған (17 жастағы) қызына қатысты «неке қию» рәсімін өткізген, бұл жерде ата-анасының немесе қамқоршы адамдардың жазбаша келісімінсіз неке қию болған, яғни Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы ҚР Кодексінің 10-бабының 5-бөлігін бұзушылық орын алған.

Көп жағдайда мұндай «неке одақтары» ер адамның қарапайым ауызша мәлімдемесімен бұзылады. Нәтижесінде жас қыздар жасөспірім балаларымен өмір сүруге қаражатсыз қалады. Бұдан басқа, әйелдерді бір ер адамнан бекінші ер адамға беру жағдайлары да кездеседі.

Атырау қаласының 35-жастағы Күләш есімді тұрғыны осындай алдаудың құрбаны болды. Соңғы 5 жылда ол 9 рет тұрмысқа шығып, сонша рет ажырасқан. Бүгін ол ұл өсіріп жатыр, бірақ баланың әкесі кім екенін өзі де білмейді.

Бұл осындай жағдайлардың тек біреуі ғана.

«365info.kz» ақпараттық агенттігінің сайтында «Шымкенттің жүкті оқушылары – ұлттық дәстүр ме?» деген мақала жарық көрді, бұл мақалада Оңтүстік Қазақстандағы «мектептегі» жүктіліктің жоғары көрсеткіштеріне қатысты мәселе көтерілді. Осы мақалада берілген мәліметтерге сәйкес жыл сайын 600-800 жуық жасөспірім қыздар мектеп қабырғасында жүріп жүкті болып қалады. Бұл олардың ерте тұрмсықа шығуларының салдары болып табылады. Мұндай некелер ресми тіркелмейді, имамдар неке рәсімін ғана өткізеді.

Демек, осы норманы заңнамалық деңгейде енгізу азаматтардың құқықтарын қорғауда қажет болып және ҚМДБ ресми ұстанымына қайшы болмайды.







2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі

2.

434-2 бап

Жоқ

434-2 бап. Бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге қатысты заңнама талаптарын бұзу

1. Бет-әлпетті тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орындарда киіп жүруге қатысты заңнама талаптарын бұзу –

жеке тұлғаларға ескерту жасауға не елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –

жеке тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Заң жобасы адамның бет-әлпетін тануына кедергі келтіретін киім киюді қоғамдық орындарда шектеу туралы ережені көздейтін 2-тармақпен толықтырылған «Заң бұзушылықтардың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабын ұсынады. Осыған байланысты оның бұзылуы мен қайталануына жауапкершілікті көздейтін норма енгізіледі.

3.

489-баптың

1-бөлігі



489-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру

1. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында айқындалған мақсаттар мен мiндеттердiң шегiнен шығатын әрекеттер жасауы –

ескерту жасауға немесе заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


489-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру

1. Қоғамдық, діни бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық, діни бiрлестiктiң осы қоғамдық, діни бiрлестiктердiң жарғыларында айқындалған мақсаттар мен мiндеттердiң шегiнен шығатын әрекеттер жасауы –

ескерту жасауға немесе заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның 3-бабына сәйкес (11-15 тармақтар) азаматтарға зорлық-зомбылық көрсетумен, олардың денсаулығына өзге де зиян келтірумен, ерлі-зайыптылардың некесін бұзумен немесе туыстық қарым-қатынастарды тоқтатумен, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға түрткі болумен ұштасатын діни бірлестіктер қызметіне жол берілмейді. Сондай-ақ, азаматтарды өз қызметіне мәжбүрлеп тартатын діни бірлестіктердің қызметіне, Діни бірлестіктің қатысушыларын (мүшелерін) және дін ұстанушыларын діни бірлестіктің пайдасына өздеріне тиесілі мүлкін иеліктен шығаруға мәжбүрлеуге жол берілмейді.

Осы аталған фактілер жекелей алғанда өз алдына қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін білдіреді. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғау тәртібінде нақты кінәлі жеке тұлғаларға қатысты шаралар қабылдануы тиіс.

Егер, белгілі діни бірлестіктің мүшелері тарапынан жасалған құқыққа қайшы әрекеттер жүйелі және мақсатқа бағытталған сипатқа ие болса, діни бірлестіктің – заңды тұлғаның өзінің жауапкершілігі туралы мәселені алға шығару керек.

Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттер жасауы, ескерту жасауға немесе қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейінгi мерзiмге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған жағдайда, қоғамдық бiрлестіктің қызметiне тыйым сала отырып, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Аталмыш шаралар алдын алу жұмыстарының маңыздылығын білдіреді, себебі ұйымның қызметі бірден тоқтатылмайды, тек уақытша тоқтатылады. Бұл діни бірлестіктің басшылығы мен мүшелері үшін өздерін тежеу факторына айналып, оданк ейін бұзушылықтардың орын алуына жол бермеуге мүмкіндік туғызады.

Бұзушылықтың қайталануы бірлестік мүшелерінің тек мақсатты түрде жасалған құқыққа қайшы әрекеттерін айқындайды.

Бұл жағдайда, дінге сенушілердің құқықтарын шектеуге қатысты сындар мен шағымдарға мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтарының бұзылуы туралы олардың негізделген арыздары бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр болғандығы туралы жауап беруге негіз болады.

Осылай, Конституцияның 12-бабының 5-тармағын мүлтіксіз сақтау қамтамасыз етіледі, аталмыш нормаға сәйкес адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс.


4.

489-баптың

2-бөлігі


489-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру

 2. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттер жасауы –

ескерту жасауға немесе қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейінгi мерзiмге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


489-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру

2. Қоғамдық, діни бiрлестiк басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық, діни бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын әрекеттер жасауы –

ескерту жасауға немесе қоғамдық, діни бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейінгi мерзiмге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


5.

489-баптың

3-бөлігі


489-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру     

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

      қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


489-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру     

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

қоғамдық, діни бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


6.

489-баптың

4-бөлігі


489-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру

4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген бұзушылықтарды жоймау –

      қоғамдық бiрлестіктің қызметiне тыйым сала отырып, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


489-бап. Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру

4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген бұзушылықтарды жоймау –

қоғамдық, діни бiрлестіктің қызметiне тыйым сала отырып, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


7.

490-бап

490-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында:

1) діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстар өткізуге;

2) қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға;

3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, басып шығаруға, және (немесе) таратуға;

4) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттар) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) белгіленген талаптарды бұзу

- қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын дінге көзқарасы себептері бойынша бұзу немесе олардың діни сезімдерін қорлау не қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру, егер жоғарыда баяндалған барлық әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса,

- жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Миссионерлік қызметті тіркеусіз (қайтатіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты миссионерлердің сол сияқты миссионерлердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімді таратуы – Қазақстан Республикасының азаматтарына бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Діни бірлестіктің өз жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асыруы – қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айналысу, сол сияқты саяси партиялардың қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, мемлекеттік органдардың қызметіне араласуы не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын діни бірлестіктер мүшелерінің иемденіп алуы – қызметті үш ай мерзімге тоқтата отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру – лауазымды – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Уәкілетті органмен келіспей шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікті басқаруы, сол сияқты діни бірлестік басшысының кәмелетке толмаған адамның ата-анасының біреуі немесе оның өзге де заңды өкілдері қарсылық білдірген кезде кәмелетке толмағандарды діни бірлестіктің қызметіне тартуға және (немесе) қатыстыруға жол бермеу шараларын қолданбауы –Республиканың шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, және жетінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – қызметке тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға үш жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


490-бап. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу

1. Қазақстан Республикасының заңнамасында:

1) діни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге;

2) қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға;

3) діни әдебиетті және діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, шығаруға, әзірлеуге және (немесе) таратуға;

4) ғибадат ғимараттарын (құрылысжайларын) салуға, ғимараттарды (құрылысжайларды) ғибадат ғимараттары (құрылысжайлары) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге);

5) дінді оқып-үйренуді ұйымдастыруға белгіленген талаптарды бұзу

жеке тұлғаларға – ескерту жасауға не елу, заңды тұлғаларға – ескерту жасауға не екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұруға әкеп соғады.

2. Заңды діни қызметке кедергі келтіру, сол сияқты дінге көзқарасы себептері бойынша жеке тұлғалардың азаматтық құқықтарын бұзу немесе дінге сенушілердің және (немесе) дінге сенбеушілердің сезімдері мен қадір-қасиеттерін немесе құдайға құлшылық етуді, діни жоралар мен рәсімдерді орындауды қорлау; қандай да бір дінді ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіру; діни радикализмнің көріністеріне жол беру, егер жоғарыда баяндалған барлық әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса –

жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Миссионерлік қызметті тіркеусіз (қайта тіркеусіз) жүзеге асыру, сол сияқты дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни әдебиетті, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни мақсаттағы заттарды миссионерлердің пайдалануы, Қазақстан Республикасында тіркелмеген діни бірлестіктердің діни ілімін тарату –

Қазақстан Республикасының азаматтарына – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Діни бірлестіктің өз жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асыруы –

қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Діни бірлестіктің саяси қызметпен айналысуы, сол сияқты саяси партиялардың қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылық қолдау көрсетуі, мемлекеттік органдардың қызметіне араласуы не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының функцияларын діни бірлестіктер мүшелерінің иемденіп алуы –

қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдарда, мекемелерде, оның ішінде денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру –

лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.



7. Уәкілетті органмен келіспей шетелдік діни орталық тағайындаған адамның діни бірлестікті басқаруы –

Қазақстан Республикасының азаматтарына – ескерту жасауға не елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Діни бірлестік басшысының он алты жасқа толмаған кәмелетке толмағандарды ата-анасының біреуінің, кәмелетке толған жақын туысқанының немесе кәмелетке толмаған адамның өзге де заңды өкілдерінің ілесіп алып жүруінсіз, сондай-ақ ата-анасының бірі немесе кәмелетке толмаған адамның заңды өкілі қарсылық білдірген кезде құдайға құлшылық етуге, діни жораларға, рәсімдерге және (немесе) жиналыстарға қатыстыруға жол бермеу шараларын қолданбауы –

ескерту жасауға не қызметті үш ай мерзімге тоқтата тұрып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Қазақстан Республикасы азаматтарының белгіленген тәртіппен шет мемлекеттерде рухани (діни) білім алуы жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы –

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Діни бірлестіктердің ғибадат ғимараттарындағы (құрылысжайларындағы), үй-жайларындағы ішкі тәртіпті сақтау жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы –

жеке тұлғаларға – ескерту жасауға не елу, заңды тұлғаларға ескерту жасауға не бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Мемлекеттік бюджеттен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджеті қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің діни бірлестіктердің мүддесі үшін қызмет бабын және онымен байланысты мүмкіндіктерін пайдалануға, сондай-ақ өзге тұлғаларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлеуге жол бермеу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы

жеке тұлғаларға ескерту жасауға не он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын көрсететін сыртқы атрибуттарды, киім-кешекті қоғамдық орындарда пайдалану, киіп жүру және тарату –

жеке тұлғаларға – ескерту жасауға не елу, заңды тұлғаларға ескерту жасауға не бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанып жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

қызметке тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


«Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы ҚР Заңында (бұдан әрі – Заң) «ақпараттық материалдар», «ақпараттық материалдарды» деген сөздер қолданылады. Бірақ, ҚР ӘҚБтК 490-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында «материалдар» деген сөз қолданылады. Осыған орай, осы баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасын «ақпараттық» деген сөзбен толықтыру ұсынылады.

Заңның 6 және 9-баптарына сәйкес келтіре отырып, «баспа» деген сөз алынып тасталды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК 490-бабының бірінші бөлігі 5) тармақшамен толықтырылды. Аталмыш түзету астыртын діни идеологияны тарататын «курстардың», соның ішінде шет тілін оқытатын курстардың қызметіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауаптылық туралы кодексінің 241-бабына сәйкес арнайы діни білімсіз және діни ұйымдарды басқарудың орталық органының рұқсатынсыз діни ілімді оқытқаны, сол сияқты жеке түрде діни ілімді оқытқаны үшін ең төмен жалақының оннан онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

Өзбекстанның Наманган облысының билігі азаматтардың «Чаткал» санаторийінде ем алу және ислам туралы дәрістер тыңдац мүмкіндігінің жолы кесті. Наманган облысы Пап ауданының Чодак қышлағындағы «Саидджалалходжа» мешітінің имам-хатибі, 44 жастағы Ахмаджон Эшматовқа тиісті рұқсатсыз және лицензиясыз уағыз оқығаны үшін Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауаптылық туралы кодексінің жоғарыда аталған бабы бойынша ең төмен жалақының мөлшерінде 10 еселенген мөлшерінде (230 АҚШ доллары шамасында) айыппұл салынды.



Тәжікстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 474(3)-бабымен мектепке дейінгі, жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерінде, сондай-ақ азматтардың тұрғын үйлерінде діни бірлестіктердің уағыздау және ағартушылық жұмыстарын жүзеге асырғаны үшін есептеуге арналған көрсеткіштердің отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кодекстің 2-бөлігі БҰҰ Адам құқықтары комитетінің 27.09.1993 ж. №22 (48) Жалпы тәртіп ескертулерінің 2-тармағына сәйкес 1996 жылғы 16 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 18-бабы бойынша жазылды.

Көбінесе практикада діни жораларды толық көлемде орындамайтын азаматтар немесе атеистер «дінсіз», «күнәһар» қорлауға жазғыруға ұшырап жатады, бұл діни төзімсіздік туындауы болып табылады.

Діни радикализация себептерінің бірі азаматтардың дінсіз деп айыпталуынан, діннен адасу және діни жораларды орындамауында айыпталуы үрей туғызады.

Аталған толықтыру дінге сену еркіндігіне, соның ішінде өзін ешбір дінге қатыстырмау еркіндігіне кепілдік берілетін көптеген батыс елдерінің тәжірибесіне сәйкес келеді.

Әлемдік практикада дінге сену еркіндігі өз дінің мен нанымыңыды еркін таңдауды, сондай-ақ атеисттік көзқарасты ұстануға еркіндікті білдіреді.

490-баптың 7 және 8-бөліктері редакциясын жақсарту және заң техникасын сақтау мақсатында жазылды.

Рухани (діни) білім алудағы тәртіпті бұзу қазақстандық студенттердің шет елде радикалды жат діни ағымдардың қатарына түсуіне ықпал ететін негізгі фактор болып табылады. Осы норма заңсыз жолмен шетелдік жоғары оқу орындарында діни білім алуға шешім қабылдаған адамдарға әсер етіп, ойынан айнуға септігін тигізеді.

Заң жобасында 7-1-бап ұсынылып отыр, оған сәйкес діни бірлестіктер өздерінің ішкі тәртібіне сәйкес жұмыс істейді. Сонымен қатар, осы бапта оны бұзуға жол бермеу жөнінде талаптар көзделеді.

Осыған байланысты, діни бірлестіктердің ішкі тәртібін бұзғаны үшін жауаптылықты белгілейтін норма енгізіліп отыр.



Деструктивті діни ағымдарға қатыстылығын анықтайтын сыртқы көріністерге тыйымды бұзғаны үшін жауаптылық шараларын анықтау мақсатында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының 3-бабына жаңадан 21-тармақты енгізу заң жобасында көзделген.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының бөліктерімен келістіру үшін.

Айыппұл санкциялары ҚР ӘҚБтК көзделген қолданыстағы санкциялардың шеңберінде белгіленген.


жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау