Қазіргі танда діни сараптамалар ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.12.2014ж. № 162 бұйрығымен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес жасалады.
Сараптаманың нәтижесінің процессуалдық күші жоқ сараптамалық қорытынды нәтижелері туралы хаты болып саналады.
Осындай сараптаманың негізінде Қазақстанға бұндай әдебиетті әкелу тыйым салынып, миссионерлік қызметті падалануы тоқтатылады.
Сол уақытта Қазақстанның аумағына әкелінген рұқсаты жоқ кітаптардың тағдыры белгісіз.
32.
|
7-баптың атауы
|
7-бап. Діни жоралар мен рәсiмдер
|
7-бап. Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар
|
Заңның 7-бабының атауы осы баптың 2-тармағының мазмұнына сәйкес келтірілген.
|
33.
|
7-баптың
1-1-тармағы
|
7-бап. Діни жоралар мен рәсiмдер
Жоқ.
|
7-бап. Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар
1-1. Діни бірлестіктер мінажат етуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұйымдастырады.
|
Аталған норма ресми тіркелген діни бірлестіктер арқылы қажылықты реттеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда қажылықты ұйымдастыру мәселелері заңнамамен реттелмеген. Осыған орай, діни бірлестіктермен ұйымдастырылатын қажылық тәртібін діни қызмет саласындағы уәкілетті органмен әзірлеу және бекіту бойынша норма енгізіледі.
2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңға сәйкес діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған іс-шаралармен тек ресми тіркелген діни ұйымдар сонымен қатар ҚМДБ айналысады. Басқа да бір ұйым-құқықтық нысанда діни бірлестіктен тыс заңды тұлғаларға құру және діни қызметімен айналасуға болмайды.
Өзбекістан Республикасының «Ұждан бостандығы мен діни ұйымдар туралы» Заңның 14-баптың бірінші абзацы – діни ұйымдар құдайға құлшылық ету және діни жорамалардың ерікті қолжетімді жерлерін, және де қажылық жерлерін негізін қалауға және ұстауға құқығы бар. 2017 жылы Өзбекістанда қажылық жасауға бұрын қажылыққа бармаған тұлғалар ғана тізімге кіреді.
|
34.
|
7-баптың
2-1-тармағы
|
7-бап. Діни жоралар мен рәсiмдер
Жоқ.
|
7-бап. Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер және (немесе) жиналыстар
2-1. Құдайға құлшылық етуді, діни жоралар мен рәсiмдерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен оларды өткізуге уәкілеттік берілген адамдар өткізеді.
|
Соңғы жылдары лаңкестік шабуылдар аясында ұсынылған тыйым Елбасының мына заңнамалық ережелер мен нұсқаулықтарын жүзеге асыруға одан әрі көмектеседі:
- Ұлт Көшбасшысы «Стратегия» Қазақстан-2050» Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында: Басым тапсырмалар арасында құрылған мемлекеттің «жаңа саяси бағыты» радикализмнің, экстремизмнің және терроризмнің барлық формасымен анықталған. Бұл ретте ерекше назар діни экстремизмнің алдын алу үшін конфессия аралық бейбітбітшілік пен татулық орнаған Қазақстан Республикасындағы зайырлы құндылықтарға сай келетін діни сана сезім қалыптастыруға бағытталған;
- ҚР 2013 жылдың 24 қыркүйегінде № 648 Президенттің Жарлығымен бекітілген 2013-2017 жылғы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша Мемлекеттік тапсырмаларды жүзеге асырудың бірі, «радикалды идеологияға қарсы қоғамда төзімді діни сана мен иммунитет қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларын жетілдіру» болып табылады.
Осылайша, ұсынылған шектеу, ар-ождан бостандығы мен адамның конституциялық құқығын бұзбайды. Сонымен қатар, ол радикалды қозғалыстардың таралуына тосқауыл қояды.
|
35.
|
7-1 бап
|
Жоқ
|
7-1-бап. Діни бірлестіктердің ғибадат ғимараттарындағы (құрылысжайларындағы), үй-жайларындағы жүріп-тұрудың ішкі тәртібі
1. Діни бірлестіктер жарғысына сәйкес ғибадат ғимараттарындағы (құрылысжайларындағы), үй-жайларындағы жүріп-тұрудың ішкі тәртібін әзірлеуге құқылы.
2. Қоғамдық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, діни бірлестіктердің ғибадат ғимараттарындағы (құрылысжайларындағы), үй-жайларындағы жүріп-тұрудың ішкі тәртібін бұзуға жол берілмейді.
|
Бұл түзету тіркелген діни бірлестіктердің діни мекемелерде құрылған өздерінің табыну, діни рәсімдерін және өздерінің ішкі ережелеріне сәйкес жиналыстарды реттеу үшін енгізіледі. Алайда, кейбір тұлғалар ішкі тәртіптің бұзылуына түрткі болады. Осыған байланысты осы тәжірибені тоқтату қажет.
Ресей Федерациясының «Ар-ождан бостандығы және діни ұйымдар туралы» ФЗ 15-бабына сәйкес
1. Діни ұйымдар егер РФ заңына қайшы келмесе, өздерінің ішкі тәртіптеріне сәйкес жұмыс істейді және өздерінің ішкі жарғысында бекітілген құқық қабілеттілігіне ие болады.
2. Мемлекет діни ұйымдардың ішкі тәртіптерін құрметтейді, егер көрсетілген тәртіп Ресей Федерациясының заңына қайшы келмесе.
|
36.
|
8-баптың
4-тармағының
2-1) тармақшасы
|
8-бап. Миссионерлік қызмет
4. Миссионерлер тіркелу үшін жергілікті атқарушы органдарға мынадай құжаттар мен материалдарды:
1) паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін;
2) миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiшті;
3) дiни бiрлестiктің атынан миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген құжатты;
4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы және өкiлi миссионер болып табылатын дiни бiрлестiк жарғысының көшiрмесiн;
5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиетті, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды ұсынады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар миссионер ретінде тіркелу үшін жергiлiктi атқарушы органдарға мынадай құжаттарды:
1) миссионер өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тiркелгендігін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжатты;
2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыруын қосымша ұсынады.
Шет мемлекеттер берген құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының төлнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған түрінде табыс етіледі.
|
8-бап. Миссионерлік қызмет
4. Миссионерлер тіркелу үшін жергілікті атқарушы органдарға мынадай құжаттар мен материалдарды:
...
2-1) рухани (діни) білімінің бар екендігін растайтын құжатты;
|
Бұл түзету діни білімі жоқ тұлғалардың миссионерлік қызметпен айналысуына тосқауыл қойып, діни ілімнің тек діннен хабардар тұлғалар арқылы берілу талаптарын күшейтуге бағытталған.
|