Қазақстан Республикасының Патент Заңы (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі №427 Заңы)



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет1/16
Дата14.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#7445
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


 

Қазақстан Республикасының Патент Заңы 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңы

 

МАЗМҰНЫ


 

      ҚОЛДАНУШЫЛАР НАЗАРЫНА! 

 

      Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 Заңымен енгізілген өзгерістер әртүрлі 



уақытта қолданысқа енгізілген (2-бапты қараңыз). Қажет болған жағдайда "Заң" Деректер 

базасының 5 версиясының алдыңғы редакцияларын қараңыз. 

 

 1-тарау. Жалпы ережелер  

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 

 

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 



 

      1) айрықша құқық - өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн өз қалауы бойынша кез келген 

әдiспен пайдалануға патент иеленушiнiң мүлiктiк құқығы;

 

      2) бюллетень - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми 



мерзiмдiк басылым;

 

      2-1) еуразиялық өтінім – 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына 



сәйкес берілген өтінім;

 

      2-2) еуразиялық патент – 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына 



сәйкес берілген патент;

 

      3) зияткерлiк меншiк объектiлерi - зияткерлiк қызмет нәтижелерi және азаматтық 



айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi дараландыру 

құралдары;

 

      4) қорғау құжаттары – өнертабыстарға, өнеркәсiптiк үлгiлерге және пайдалы 



модельдерге осы Заңға сәйкес берiлген патенттер;

 

       5) 



алып тасталды - ҚР 07.04.2015 

№ 300-V


 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

 

      6) лицензиялық шарт - патент иеленушi (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) 



өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн белгiлi бiр түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты;

 

      7) өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi - өнертабыстар, пайдалы модельдер және 



өнеркәсiптiк үлгiлер;

 

      7-1) өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектілері – қызметкер өзінің қызметтiк 



мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындау кезiнде жасаған 

өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер;

 

      8) Париж конвенциясы - кейiнгi өзгерiстерiмен және толықтыруларымен бiрге 1883 



жылғы 20 наурыздағы өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясы;

 

      9) патент иеленушi - қорғау құжатының иесi;



 

      10) патентке қабiлеттiлiк шарттары - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне құқықтық 

қорғауды берудiң осы Заңда көзделген шарттары;

 

      11) патенттелген өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi - қорғау құжаттары берiлген 



өнеркәсiптiк меншiк oбъектiлерi;

 

      12) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер - жеке және заңды тұлғалардың уәкiлеттi 



орган мен сараптама жасау ұйымы алдындағы өкiлдiгiне Қазақстан 

Республикасының заңнамасына сәйкес құқық берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;

 

      13) халықаралық өтінім – 1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы 



шартқа сәйкес берілген өтінім.

 

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.03.02. 



N 237 

Заңымен; өзгерістер 

енгізілді - ҚР 2012.07.10 

N 34-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа 

енгізіледі); 07.04.2015 

№ 300-V

 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он 



күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 



       2-бап. Патент заңы реттейтiн қатынастар 

 

      1. Осы Заңмен өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн жасауға, құқықтық қорғау мен 



пайдалануға байланысты мүлiктiк, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүлiктiк емес 

қатынастар реттеледi. 

 

      2. Интеллектуалдық меншiктiң өзге объектiлерiн (селекциялық 



жетiстiктер, интегралдық микротәсiм топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету 

таңбалары, тауар шығарылатын жерлердiң атаулары және басқалар) қорғау өзге заң 

актiлерiмен реттеледi. 

 

      3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 

 

      1. Осы Заңның ережелерi қорғау құжаттарын уәкiлеттi орган берген өнеркәсiптiк 



меншiк объектiлерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар 

негiзiнде патенттер берiлген өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне қолданылады. 

 

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше 



ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 

 

      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. N 586 



Заңымен. 

 

      4-бап. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және 

 

             өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы 

 

             уәкiлеттi мемлекеттiк орган 

 

      1. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау 



саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан 

Республикасының Yкiметi айқындайтын және өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, 

өнеркәсiптiк үлгілердi қopғay саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын 

мемлекеттiк орган.

 

      2. Уәкiлеттi органның құзыретiне: 



 

      1) өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi құқықтық қорғау 

саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруға қатысу;

 

      2) өнертабыстарға, пайдалы модельдерге және өнеркәсiптiк үлгiлерге қорғау 



құжаттарын беру;

 

      3) өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн пайдаланушы жеке және заңды тұлғалардың 



қызметiне бақылау;

 

      4) хаттамаларды жазу және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау, 



әкiмшiлiк жазалар қолдану;

 

      5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы 



Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де 

өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.07.09 



N 586

, өзгеріс енгізілді - 

2011.07.05 

N 452-IV


 (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

      4-1-бап. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi,

 

               өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы

 

               мемлекеттiк монополия

 

      1. Белгіленген мерзімнен кейін конвенциялық басымдықты сұрата отырып өтінімдер 



қабылдауды; халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыруды; формальды сараптама 

жүргізуді; мәні бойынша, сондай-ақ формуланың әрбір тәуелсіз тармағына біреуден артық 

қосымша сараптама жүргізуді; сараптаманың сауалына жауаптарды және төлемақыларды 

ұсынудың мерзімдерін ұзартуды және қалпына келтіруді; өнертабысқа немесе пайдалы 

модельге өтінімді қайта өзгертуді; өтінімді өтініш берушінің қатысуымен қарауды; өтінім 

құжаттарының қазақ тіліне немесе орыс  тіліне аудармасының ұсынылу мерзімін ұзартуды, 

сұратылатын құжаттарды ұсыну мерзімдерін әрбір айға белгіленген мерзімі аяқталған 

күннен  бастап он екі айға дейін ұзартуды, өтініш берушінің аударманы ұсыну бойынша 

өткізіп алған мерзімін қалпына келтіруді; өтінім материалдарына, қорғау құжатына, 



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау