Жұмыс жоспары



жүктеу 389,59 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.11.2018
өлшемі389,59 Kb.
#22759


2017-2018 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН «СЕМЕЙ КӨП САЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІНІҢ ТӘРБИЕ 

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ.  

 

Семей  көп салалы  колледжінің  тәрбие  жұмысының  мақсаты  жалпыадамзаттық 



және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу. 

Міндеттері: 

1. Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат және патриот  қалыптасуына;  

тұлғаның    саяси,    құқықтық    және    сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетін 

қалыптастыруға;  балалар  мен  жастардың  құқықтық  санасының  өсуіне,  оның  балалар  мен 

жастар ортасындағы 

қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету. 

2.  Тұлғаның  рухани-адамгершілік  және  этикалық  принциптерін,  оның  қазақстандық  қоғам 

өмірінің нормалары және дәстүрлерімен келісілген моральдық қасиеттері мен мақсаттарын 

қалыптастыруға ықпал ету. 

3.  Тұлғаның  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтарға  бағдарлануына,  ана  тілі  мен 

қазақ  халқының,  Қазақстан  Республикасында  тұратын  этностар  мен  этникалық  топтардың 

мәдениетін құрметтеуіне ықпал ету. 

4.  Бала  тұлғасын  қалыптастыруда  ата-аналардың  ағарту  жұмысын,  психологиялық-

педагогикалық  құзыреттіліктерін  күшейтуге,  бала  тәрбиесі  үшін  олардың  жауапкершілігін 

арттыруға ықпал ету. 

5. Тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлауы мен кәсіби қалыптасуына және өзін -

өзі  жүзеге  асыруына  саналы  қарым-қатынасын  қалыптастыру,  экологиялық  мәдениетін 

дамыту. 


6.  Әрбір  тұлғаның  зияткерлік  мүмкіндіктерін,  көшбасшылық  қасиеттерін  және 

дарындылығын  дамытуды  қамтамасыз  ететін  уәждемелік  кеңістік  қалыптастыру,  оның 

ақпараттық мәдениетін қалыптастыруына ықпал ету. 

7. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құруға ықпал ету, жалпымәдени мінез -құлық 

дағдыларын  қалыптастыру,  тұлғаның  өнерде  және  болмыста  эстетикалық  нысандарды 

қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту. 



Тәрбие  жұмысы  негіздерінің  нормативтік  негізін  Қазақстан  Республикасының  келесі 

стратегиялық құжаттары құрайды: 

 



 Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылы 30 тамызда республикалық 

референдумда қабылданған. 2011. 02. 02. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен); 

−  «Неке    (ерлі-зайыптылық)    және    отбасы    туралы»    Қазақстан  Республикасының  2011  жылғы  26 

желтоқсандағы №518-ІҮ Кодексі (2014.17.11. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен); 

–  «Білім туралы»  Қазақстан  Республикасының  2007  жылғы  27  шілдедегі  №  319-III  Заңы (2015.13.01. 

берілген өзгертулер мен толықтыруларымен); 

–  «Қазақстан  Республикасындағы  баланың  құқықтары  туралы» Қазақстан Республикасының 2002 

жылғы 8 тамыздағы № 345-II Заңы (2014.29.12. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен); 

–  «Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2011  жылғы  11 

қазандағы № 483-ІV Заңы;  

–  Қазақстан    Республикасының    Президенті    Н.Ә.    Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы 

«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»; 

–  Қазақстан    Республикасының    Президенті    Н.Ә.    Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы 

«Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»; 

–  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы  «Нұрлы 

жол – болашаққа бастар жол»; 

–  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  7  желтоқсандағы  №  1118 

жарлығымен бекітілген (2014. 12.08. берілген өзгертулер мен толықтыруларымен); 



– Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған 

тұжырымдамасы.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2013  жылғы  30  мамырдағы  №  577 

жарлығымен бекітілген; 

–  Қазақстан  Республикасының  2015-2025  жылдарға  арналған  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

стратегиясы.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2014  жылғы  26  желтоқсандағы  №  986 

Жарлығымен бекітілген; 

−  «Барлық  білім  беру  ұйымдарында  оқытудың  тәрбиелік  құрамдасын  күшейту  жөніндегі  үлгілік 

кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 

873 Қаулысы; 

–  «Қазақстан  2020:  болашаққа  жол»  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  жастар  саясатының  2020 

жылға дейінгі тұжырымдамасы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 

Қаулысымен мақұлданған; 

–  Қазақстан  Республикасының  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  тәрбие  тұжырымдамасы.  Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2009  жылғы  16  қарашадағы  №  521  Бұйрығымен 

бекітілген; 

–  «Жалпы  білім  беру  ұйымдарына  арналған  жалпы  білім  беретін  пәндердің,  таңдау  курстарының 

және  факультативтердің  үлгілік  оқу  бағдарламаларын  бекіту  туралы» Қазақстан  Республикасы  Білім 

және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 Бұйрығы. 

 

В  соответствии  с  Концептуальными основами  воспитания  воспитательная  система  колледжа 



построена на следующих приоритетных направлениях воспитательной работы: 

Колледжде  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтар  тұтас  педагогикалық  процестің 

өзегі бола отыра, тәрбие жұмысының басым бағыттары арқылы өтеді. 

1.Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие 

2. Рухани-адамгершілік тәрбие 

3. Ұлттық тәрбие 

4. Отбасы тәрбиесі 

5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие 

6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие 

7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі 

8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. 

Бірінші бағыт – Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие 

Мақсаты: 

Жаңа  демократиялық  қоғамда  өмір  сүруге  қабілетті  азаматты  және  патриотты;  тұлғаның 

саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық 

санасын,  оларда  балалар  мен  жастар  ортасындағы  қатыгездік  пен  зорлық-зомбылыққа  қарсы  тұру 

даярлығын қалыптастыру. 

Міндеттері:  

Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға; 



 Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, 

әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар 

достығына; 

өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы 



жетістіктеріне; 

басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына; 



өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи 

өміріне; 

құқықтық білімге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына; 



заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне; 

әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезімін және 



жауапкершілік таныту. 

Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие 


Мақсаты:  Тұлғаның    қазақстандық    қоғам    өмірінің    жалпыадамзаттық  құндылықтарымен, 

нормаларымен  және  дәстүрлерімен  келісілген  рухани-адамгершілік  және  этикалық  ұстанымдарын, 

моральдық қасиеттерін жәнекөзқарастарын қалыптастыру. 

Міндеттері: 

- мораль мен этиканың көпшілік мақұлдаған нормаларына; 

- өзінің қасиетіне, арына және парызына; 

- ішкі бостандығына және адамгершілік шешім қабылдауына; 

- өзінің және өзге де халықтардың мәдениетіне, дәстүріне, әдет-ғұрпына; 

- діни құндылықтарға; 

- ой, сөз және іс бірлігіне; 

- өзінің мінез-құлқын жетілдіруге; 

- ар-ұжданымен орындалған қылықтарға; 

- түрлі мәдениет пен нанымның бірлігіне; 

- адамдарға риясыз қызмет етуіне; 

- өз ата-анасы, Отан, қоғам алдындағы парызына адамгершілік сезім білдіру. 

 

Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие 



Мақсаты:  Тұлғаны  ұлттық  және  жалпыадамзаттық  құндылықтарға,  ана  тілін  және 

мемлекеттік  тілді,  қазақ  халқының,  Қазақстан  Республикасындағы  этностар  мен  этникалық 

топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау. 

Міндеттері: 

- этникалық өзіндік санаға, этникалық сәйкестікке; 

- мемлекеттік тілді және ана тілін меңгеруіне; 

- өз халқының мәдени мұрасына; 

- қазақ халқының және өз халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрпына; 

- Қазақстанның этномәдениетіне; 

- этносаралық бейбітшілік пен келісімге мақтаныш сезім және жауапкершілік таныту. 

 

Төртінші бағыт - Отбасы тәрбиесі 



Мақсаты: Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық 

құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру. 



Міндеттері: 

этноәлеуметтік рөлдерге; 



өз отбасына және ұрпақ жалғастыруға; 

адамгершілік қағидаларын қолдау арқылы отбасы және неке құндылықтарына құрметпен, 



ұқыпты қарау. 

 

Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие 



Мақсаты: Тұлғаның  өзін  кәсіби  анықтауына  саналы  қарым-қатынасын қалыптастыру, 

экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту. 

Міндеттері: 

мемлекеттің экологиялық даму саласы бойынша саясатына, атап айтқанда «Жасыл 



экономика» бағдарламасына; 

экологиялық сауаттылыққа, табиғатқа, қоршаған адамдарға және өзіне; 



«адам-қоғам-табиғат» жүйесіне; 

табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы әр түрлі қызметке; 



кәсіби білім мен өнімді еңбекке; 

нарықтық экономика заңдарына құнтты және позитивті көзқарас қалыптастыру; 



экологиялық қауіпсіздік тәртібінің нормаларын сақтауға; 

еңбек қызметінде мақсатқа қол жеткізуге; 



мамандық таңдауына; 




үздіксіз білім негізінде кәсіби жинақылыққа саналы қатынас таныту. 

 

Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі 

Мақсаты:  Әрбір  тұлғаның  зияткерлік  мүмкіндігін,  көшбасшылық  қасиеттерін  және 

дарындылығын,  сондай-ақ  ақпараттық  мәдениетін  дамытуды  қамтамасыз  ететін  уәждемелік 

кеңістік қалыптастыру. 

Міндеттері: 

- өмір бойы білім алуына; 

- өздігімен білім алуы және алған ақпаратты пайдалану біліктілігіне; 

- сыни тұрғыдан ойлау, талдау және алған ақпаратты тиімді пайдалану қабілетіне; 

- зерттеушілік және жобалық қызмет біліктерін, инновацияға қабілеттілікті меңгеруіне; 

- пікірталас жүргізу дағдыларына; 

- жасампаз қызметке; 

- топтағы жұмысқа, корпоративтік рухты нығайтуға; 

- ақпарат көздерін сыни іріктеуге; 

- Интернет-қауымдастығына қосылу дәрежесіне; 

- Интернеттегі девиантты мінез-құлыққа қарсылық білдіру; 

- Интернет-сауаттылық қалыптастыруға; 

- ақпараттық қызметте және байланыс жасауда этикалық нормаларға; 

- жоғары  ақпараттық  мәдениет  қалыптастыруға  ұмтылу  және қызығушылық білдіру. 

 

 

Жетінші бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие 



Мақсаты:    тұлғаның    жалпымәдени   мінез-құлық   дағдыларын  қалыптастыру,  тұлғаның  өнердегі 

және  болмыстағы  эстетикалық  нысандарды  қабылдау,  меңгеру  және  бағалау  әзірлігін  дамыту, 

білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру. 

Міндеттері: 

толеранттық және ғаламдық пікірге; 



көпмәдениеттілік және көптілділікке; 

мемлекеттік тілді, орыс, ағылшын және өзге тілдерді білу; 



мәдениетаралық әрекетке; 

қоғамда және қоғамдық орындардағы жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларына; 



қарым-қатынас мәдениетіне; 

эстетикалық мұраттарға, көркемөнер құндылықтарына; 



шығармашылықпен  ойлауға  және  қиялға,  шығармашылық-эстетикалық  қызметті  қалыптастыруға 

қызығушылық, ұмтылыс таныту. 

 

 



Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты 

Мақсаты:  Салауатты  өмір  салты,  дене  дамуы  және  психологиялық  денсаулық  сақтау  дағдыларын, 

денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік 

орнату. 

Міндеттері: 

 - денсаулық жағдайының скринингіне; 

- әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге; 

- теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге; 

- табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға; 

- денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез-құлыққа; 

- өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылыққа; 

- қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге; 

- денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіруі. 

 

 



 


1.  Колледж редакциялық коллегиясының құрамы 

 

Редактор   



Казангапова А.А,  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары   

Редакциялық коллегия 

құрамы 

Мукашова Г.Б.,қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы  



Сайфутдинова Ф.Р., орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы 

Максен Д.Е., тарих пәнінің оқытушысы  



Жакина А.Т., колледж кітапханашысы 

 

жүктеу 389,59 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау