Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы


Мектепке дейінгі білім беру



жүктеу 1,61 Mb.
бет7/18
Дата30.12.2019
өлшемі1,61 Mb.
#25466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Мектепке дейінгі білім беру


Ауданда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны жылдан жылға артуда. 2012-2014 ж.ж. аралығында құрылыс, жекеменшік балабақшалар ашу және бұрын жекешелендірілген балабақшалардың ғимараттарын қайтару, бос тұрғандарын ыңғайластыру, тұрғын-үй кешендерінің 1- қабатында ашу сияқты өзге де енгізу тәсілдері есебінен (2012 ж – 82, 2013 ж – 108, 2014 ж – 73) мектепке дейінгі ұйымдардың саны жылдан жылға артқан. Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту пайызы 2014 жылы 57,8-ден 2014 жылы 76,3% дейін жоғарылады. 2014 жылы Шымкент қаласына ауыл әкімшіліктердің өтуіне байланысты 35 жекеменшік әріптестік негізінде жұмыс істер тұрған балабақшалар (оның ішінде 3 мемлекеттік балабақша, 9 – мектеп жанындағы шағын орталықтар) қалаға өткен. (№31 кесте)
Балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамтамасыз ету

№31 кесте






Балабақша саны

3-6 жастағы бала саны

5-6 жастағы бастауыш сыныпта және мектепалды даярлық топтарындағы балалаар саны

Қамтуды қажет ететін балалар саны

Қамтылған балалар саны

Қамту пайызы

2012

82

31040

10579

20461

11827

57,8

2013

108

33520

11995

21525

14013

65,1

2014

73

19109

8396

10713

8178

76,3

«Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі мекемелерді іске қосу қадамдық жоспары бойынша 2014 жылы 2 мемлекеттік, 7 жекеменшік, 2 мектеп жанынан шағын орталықтар ашылған. Балабақшамен қамтуды қажет ететін 10713 баланың 8178 баласы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, қамту пайызы межеленген 76,3%-ға жетті.

Соңғы үш жылда 3-6 жастағы балаларды қамту көрсеткішінің өсім беталысы байқалған. 2014 жылы бұл көрсеткіш 18,5 пайыздық пунктке ұлғайып, 76,3% құраған.

Мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету мәселесінен бөлек педагог- тәрбиешілердің біліктілігін жоғарлату мәселесі де бар. Мектепке дейінгі білім беру саласында 2014 жылы. (№32 кесте)


Мектепке дейінгі мекемелердегі қызметкерлер туралы

№32 кесте



Мектепке дейінгі мекеме

Балабашқа саны

Қыземткерлер саны

оның ішінде

жоғары білімі бар

орта білімі бар

Мемлекеттік балабақша

12

159

29

18

Жекеменшік балабақша

46

975

161

179

2013 жылы республикалық бюджет есебінен Құтарыс ауыл округіне қарасты «Аққайын» балабақшасының қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 2014 жылдың басында пайдалануға тапсырылды.

2014 жылы республикалық бюджеттен Ақсукент елді мекенінде 280 орындық «Шаттық» б/бақшасы салынған. Облыстық бюджет есебінен Ақсукентте 1 санаторий үлгідегі балабақшаға қайта құру жұмыстары жүргізіліп, нысан пайдалануға тапсырылған.

Ауданда мүмкіндіктері шектеулі балалар мен түрлі кемістігі бар балалар үшін инклюзивті білім беруді ұйымдастырылған. Осыған сәйкес, ауданда 2013 жылы 5 мектепте 9 сыныпта 120 бала, 2014 жылы 19 мектепте 32 сыныпта 319 бала, 2015 жылы 15 мектепте 28 сыныпта 274 бала санымен инклюзив сыныптар ашылған. (№33 кесте)
Инклюзивті білім беру

№33 кесте



Жылдар

Мектеп саны

Балалар саны

Сынып саны

Қамту пайызы,%

2013

5

120

9

23,8

2014

19

319

32

25,7

2015

15

274

28

6,7

2014 жылы 3-7 жас аралығынадғы мүмкіндігі шектеулі балалар саны 1812 болса, инклюзивті біліммен ақмтвлған балалардың үлесі 7,1% құрап, облыстық көрсеткіштен төмен болған (облыста 9,7%), ал 7-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны 3288 бала болса, инклюзивті біліммен қамтылған оқушылардың үлесі 6,3% құрап, ол да облыс көрсеткішінен (облыста 16,6) төмен болған. (№34 кесте)


3-7 және 7-18 жас аралығындағы балаларды инклюзивті біліммен қамтамасыз ету

№34 кесте






3-7 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар саны

Инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі, %

7-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі оқушылар саны

Инклюзивті біліммен қамтылған оқушылардың үлесі, %

ОҚО

10260

9,7

25481

16,6

Аудан

1812

7,1

3288

6,3

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы жағдай дамыған елдердің заманауи тәжіриебсіне сүйене отырып, жағымсыз құбылыстарды жеңіп шығудың, ұйымдастырушылық, құрылымдық қайта құрулардың қажеттілігін білдіреді.


Орта білім
Сайрам ауданында 2014 жылы 71 мектепте 45965 оқушы 2040 сынып бекітілген. Жыл сайын мектептерде 1900-2000 бала өсімі болып отырады. (№35 кесте)

Ауданның орта білім беру саласы

№35 кесте






2011-2012

оқу жылы

2012-2013

оқу жылы

2013-2014

оқу жылы

2014-2015

оқу жылы

2015-2016

оқу жылы

Мектеп саны

104

104

105

71

71

Оқушылар саны

74060

75966

78549

51070

52826

Оқушылар өсімі

1642

1906

2583

  • 27479

1756

2014-2015 оқу жылы сынып жиынтықтар саны 2240, оқушылар саны-45965. Оның ішінде:

1-4 сыныптарында 974 сынып, 20018 оқушы;

5-9 сыныптарда 975 сынып, 20069 оқушы;

10-11 сыныптарда 291 сынып, 5878 оқушы;

Мектепке дейінгі даярлық сыныптары-256 сынып, балалар саны-5105;

Мектепке дейінгі мекемелерде 264 тәрбиелеу тобы, тәрбиеленушілер тобы 7342 болып бекітілген.

2014-2015 оқу жылында 71 білім мекемесі жұмыс істейді, оның 55-і жалпы орта мектеп, оның ішінде 2-і мектеп-гимназия статусы бар мектептер. Жалпы 71 мектептің 46-cы, немесе 64,8% типтік, 25-і, немесе 35,2% ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан. Жалпы орта мектептердің ішінде 17 мектеп мемлекеттік тілде, 2 – орыс тілінде, 6 -өзбек тілінде, 3 – қазақ-орыс тілдерінде, 26 – қазақ-өзбек тілдерінде, 2 – қазақ-орыс-өзбек тілдерінде. (№36 кесте)

№36 кесте








Типтік

Ыңғайластырылған

Оқушылар саны

Мемл. тіл

орыс

Өзб.

Қазақ-орыс

Қаз-өзб

Орыс-өзб

Үш тілде

ЖОМ (жалпы орта мектеп)

55

37

19

42655

17

2

6

3

26




2

НОМ (негізгі орат мектеп)

14

6

8

5151

4




1




8




1

БМ (басатуыш мектеп)

2




2

116

1










1






Білім беру саласындағы мақсат бірінші кезекте апатты жағдайдағы және 3 ауысымдағы мектептерді жою, оқушыларға жаңа стандартқа сәйкес сапалы білім беруге бағытталған. Жалпы мектептер құрылыстарына кеткен қомақты шығындарына қарамастан, бекітілген санитарлық нормаларға сәйкес оқу орындарымен камтамасыз ету, үш ауысымдық және апатты мектептер мәселесі бүгінгі күнге шешімін толық таппаған. Мектептер өткен ғасырдың 50-60 жылдары салынғанын ескере келе, олар толығымен тозған, оған дәлел апатты мектептердің санының жылда өсуі.

2014 жылы республикалық бюджет есебінен үш ауысымды және апатты мектептердің бірі Манкент ауылындағы 600 орындық Рашидов атындағы орта мектептің құрылысы аяқталып, 2015 жылы пайдалануға тапсырылған.

Аудандағы 71 мектептердің барлығы компьютерленген. 2011-2015 ж.ж. аралығында мультимедиялық кабинеттермен қосқанда барлық компьютерлердің саны 2264 құраған. Орта есеппен әр компьютерге шаққанда 20 оқушыдан келеді. ал 2011 жылы аталған көрсеткіш 28-ді құраған. 21 мектепте электронды оқыту жүйесі орнатылған. Интернет желісіне мектептердің 100 пайызы қосылған. 60 мектептерде, немесе 84,5%, спорт залдары бар. Аудан көлеміндегі 71 мектептің 43-де асхана, 23-де буфет жұмыс істейді, яғни асхана және буфетпен мектептердің 93,0%-ға қамтамасыз етілген, ал 5 мектепте асхана,буфет жоқ.

2014-2015 оқу жылында педагогтардың жалпы саны 5650 адам, оның ішінде жоғары білімімен 5467 мұғалім, орта кәсіптік білімімен 183 мұғалім. 880 мұғалім жоғары санаты барлар, 1441 мұғалім бірінші санаты барлар, 2122 мұғалім екінші санаты барлар, 1207 мұғалім санаттары жоқтар. 5650 педагог қызметкерлердің 4031-і әйел азаматтар.

2014 жылында өткен кезінде аудан мектептеріне 78 жас мамандар қабылданған. Оның ішінде ең көп қабылданған мұғалімдер төмендегі мамандықтар ағылшын тілі 13 мұғалім, математика 8 мұғалім, денешынықтыру 6 мұғалім, бастауыш сынып 16 мұғалім.

2014 жылы білім саласында 10 мекеме басшылары заң шеңберінде конкурс негізінде жұмысқа тағайындалған. Олар 7 мектеп директорлары және 3 балабақша меңгерушілері.

2013-2014 оқу жылында аттестаттау комиссияларының қорытындысы бойынша аудан көлемінде 226 педагог екінші санатын алған, 304 педагог екінші санатын растаған және 198 пегагогтің екінші санаты мойындалмаған. 91 педагог бірніші санатын алған, 119 педагог бірінші санатын растаған және 26 педагогтың бірінші санаты мойындалмаған. 42 педагог жоғары санатын алған және 96 педагог жоғары санатын растаған.


Орта кәсіптік білім беру.

Ауданда жұмыс атқарып жатқан 5 колледж 2014 жылы – 1123, 2015 жылы – 1247 түрлі мамандарды дайындап шығарған. 2013-2014 оқу жылдарында ауданымыздағы Ақсукент көпсалалы колледжін 296 түлек бітірсе, соның ішінде 71 түлек мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан. № 25 Д.Қонаев атындағы колледжді 2013-2014 оқу жылдарында 198 түлек бітіріп шықса, соның ішінде 188 түлек жұмыспен қамтылған, ал Оңтүстік Қазақстан индустриалды-инновациялық колледжін 91 түлек бітірсе, 72 түлек жұмысқа орналасқан.

15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET –ағыл. Not in Education, Employment or Training) үлесі 2014 жылы – 7,9% орындалған.

Бұл көрсеткіш түрлі тиімді бағыттар арқылы жастар арасында жүргізілген жұмыстар есебінен орындалған. Жастар арасындағы патриоттық рухты асыру, ұлтаралық татулықты нығайту, бос уақытты тиімді пайдалану, БАҚ арқылы насихаттық жұмыстарды күшейту барысында қол жеткізілген.

Негізінен осы жоспарды орындауға ауданның мүмкіндігі жоғары. Оқу орындарының базасы жастарға кәсіптік білім беруге жеткілікті. Ең бастысы – бағыттағы түсіндіру, насихаттық жұмыстарды жүйелендіре түсіп, көзделген пайызды орындау.

Дегенмен, кәсіптік-техникалық білімі бар, білікті жас мамандарға сұраныс арта түсуде. Жоғары да атап өткендей – заманауи техниканы жан-жақты меңгерген кәсіби білікті мамандардың қажеттілігін туғызуда. Ендеше, ол жастарды жұмыспен қамту мәселесі де күн тәртібіндегі басты мәселе. Ең бастысы аудандағы 5 колледждің 3-еуінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік білім береді. Оның біреуі – дуалды білім беру жүйесі бойынша болса, екеуінде студенттер – ауылшарушылығы мен техникалық мамандықтар саласы бойынша тәлім алады. Оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы техникалық және кәсіптік білім беретін орындары түлектерінің жұмысқа орналастырылғандардың үлесі 2014 жылы – 40,2%-ға артқан.

Типтегі жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу осы арқылы жұмыссыздық мәселесін шешуге болады. Қамтылу үлесі 2012 жылы 12,7%; 2013 жылы – 22,2%, 2014 жылы – 12,0% құраған.


ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ.
Аудан тұрғындарына жалпы 5 аурухана, 2 ауылдық емхана, 13 амбулаторлық - дәрігерлік, 12 фельдшерлік – акушерлік, 18 медициналық ұйымдар медициналық санитарлық көмек көрсетеді. Одан басқа ауданда 18 жеке медициналық пунктері жұмыс атқаруда. Ауданда 3 жедел медициналық жәрдем стансалары ұйымдастырылған. Олар Ақсукент, Қарабұлақ, Қарамұрт елді мекендерінде орналасып, онда 120 фельдшерлік, 27 дәрігерлік, 1 реанимациялық бригадалары қызмет атқаруда.

2014 жылы емханадағы дәрігерлердің қабылдауында 516,9 мың адам болған, ал дәрігерлер үйіне барып көрү көрсеткіші – 50,9 мың. Аудан бойынша амбулаториялық-емханалық ұйымдарда 135 төсек-орындық күндізгі стационарлар жұмыс атқаруда.

Есептік кезеңде ауруханаларда – 11426 науқас емделіп шықты, ал ауруханадағы күндізгі стационарда -1818 науқас емделіп шыққан.

2014 жылы ауданда 5889 бала туылып, бір жасқа дейінгі 46 бала шетінеді, жас нәрестелер шетінеу көрсеткіші 9,2 құрап, өткен жылмен салыстырғанда шетінеу көрсеткіші өскен. 10826 балаға жоспарға сәйкес спецификалық –профилактикалық егулер жасалынды. Жыл басынан бері ана өлімі тіркелмеген. Жалпы аурушаңдық көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. (№37 кесте)


Денсаулық сақтау саласы бойынша көрсеткіштер

№37 кесте






Көрсеткіштер

нақты

2011

2012

2013

2014

1

Медицина мекемелерінің саны, барлығы

74

66

69

49




Оның ішінде –

орталық, аудандық, ауылдық ауруханалар



7

6

6

5

 

Амбулаторлық-емханалық ұйым

20

18

19

13

 

ФАП

5




20

12

 

МП

42

42

24

19

 2

Төсек-орын саны, бірлік

825

825

809

630

 

10000 адамға шаққандада, бірлік

27,9

27,3

26,0

19,7

 3

Дәрігерлер саны, барлығы, адам

446

493

504

381

 

10 000 тұрғынға шаққанда, адам

15,1

16,3

16,2

11,9

 4

Орта буынды медицина персоналыңың саны, адам

1837

1957

2022

1513

 

10 000 тұрғынға шаққанда, адам

62,2

64,7

65

47,4

 5

Дәрігерлер біліктілігін жоғарлату

114

156

197

190

 

Орта буында медицина персоналының біліктілігін жоғарлату

215

363

438

564

 6

Халықтың өмір сүрі ұзақтығы, жас

69,8

69,7

69,8

69,9

 7

Жалпы өлім көрсеткіші, 1000 туылғанға шаққанда

5,1

5

4,8

4,2

 8

Ана өлімінің көрсеткіші, 100 мың тірі туылғандарға шаққандағы саны

11,7

11,1

0

0

 9

Сәби өлімінің көрсеткіші, 1000 тірі туылғандарға шаққандағы саны

12,7

14,6

11,9

7,5

 10

Туберкулез ауруының көрсеткіші, 100 мың тұрғынға шаққандағы саны

41,2

37,8

35,5

22,2

 11

Қатерлі ісік аурулардың I-II сатысында анықталған науқастардың үлес салмағы cтадии

46,1

47,2

47,4

48,7

Облыстық бюджет есебінен 2012 жылы Қарасу ауыл округі Мәртөбе ауылында «Мәртөбе» дәрігерлік амбулатория (ДА) және Жібек Жолы ауыл округіне қарасты Машат ауылында «Машат» медициналық пунктінің құрылыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды. (№38 кесте)



жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау