Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы


«Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қаржылық қолдау тапқан жобалар саны



жүктеу 1,61 Mb.
бет5/18
Дата30.12.2019
өлшемі1,61 Mb.
#25466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

«Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қаржылық қолдау тапқан жобалар саны

№14 кесте




Қолдау құралдары

2012

2013

2014

Қолдау алған жобалар саны

20

30

20

Жобалық құны, млн.теңге

6349,2

9968,2

8580,4

Жоғарыдағы қаржылай қолдау алған жобалар бойынша:



«Пирамида Өсімдік қорғау 777» ЖШС кәсіпорны «Golden Nomad» маркалы«Ерлерге арналған костюмдер мен сымдар тігетін тігін цехын ұйымдастыру» жобасы іске асып, 80 жұмыс орны ашылды. Жобаның құны 158,0 млн.теңге. 2015 жылдың 9 айында 124,1 млн. теңгенің өнімі өндірілген.

«Газ және су құбырларына арналған полиэтилен трубалар шығаратын» зауыт «ОҚО полимер трубалар шығаратын зауыт іске қосылуы жоспарланып отыр. Ашылған жұмыс орны 33 адам. Жобаның құны 1234,0 млн.теңге.

«Бидайды терең өңдеу арқылы глюкозалы-фруктозалы шырын, клейковина, крахмал, кебек өндіретін зауыт құрылысы» «Bio Grain» ЖШС іске қосылды. Ашылатын жұмыс орны 50 адам. Бірінші кезекте ашылған жұмыс орны 10 адам. Жобада 74,0 млн.теңге көлемінде инфрақұрылым дамытылған. 2015 жылдың 9 айында 674,2 млн. теңгенің өнімі өндірілген.

«Асыл ЛТД» ЖШС Түркия құрал-жабдығымен жабдықталған «Қуаттылығы тәулігіне 300 тонналық диірмен кешені» жобасы іске қосылды. Ашылған жұмыс орны 20 адам. Жобаның құны 897,0 млн.теңге.

«Мұнай БК» ЖШС-ның «Мұнай өнімдерін сақтайтын кешен құрылысы». Жобаның құны 2300,0 млн.теңге, қаржы құрылымы: 1 млрд 600,0 млн.теңге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қаржыланған, 700,0 млн.теңге жеке қаржысы есебінен. Ашылған жұмыс орны 23 адам.

«Ka.ZTel» ЖШС«Кабельді электр сымдарын өндіретін өндіріс орнын кеңейту».Жоба 2013 жылдан бері Өңірлік Индустрияландыру картасында. 2014 жылы қосымша құрал-жабдықтар алу үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 155,0 млн.теңге көлемінде қолдау алған. Өндірісте 49 адам жұмыс атқарады. 2015 жылдың 9 айында 1136,8млн. теңгенің өнімі өндірілген.

«Сайрам сүт» ЖШСЖоба 2013 жылдан бері Өңірлік Индустрияландыру картасында. 2014 жылы қосымша құрал-жабдықтар алу үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 185,0 млн.теңге көлемінде қолдау алған. 2015 жылдың 9 айында 243,6 млн. теңгенің өнімі өндірілген.

«Кайып ата» ЖШС «Ет өңдеу комбинатының құрылысы» жобасы. Жобаның құны - 230,6 млн.теңге. «БЖК 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша инфрақұрылымға 64,0 млн.теңге көлемінде қолдау алған.

Қарасу ауылындағы «Айлин» балабақшасы» іске қосылған.

Ақсу ауылындағы «Ақсу Энерго» ЖШС-ның «Шағын гидроэлектр станцасының құрылысы жобасы» желтоқсан айында, ашылатын жұмыс орны 12 адам .

«ПВХ трубалар шығаратын» «Еврокод» ЖШС-ның жобасы 2016 жылы іске қосылуы жоспарда. Ашылатын жұмыс орны 10 адам.

Ауданның кәсіпкерлігін дәріптеу мақсатында республикалық, облыстық, жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдарында «Хабар», «24 KZ», «Астана», «Асыл арна», «Қазақстан-Шымкент», «Ел Нұр» телеарналар эфирінде арнайы репортаждар шыққан және «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Мәртөбе», «Пульс Сайрама», «Сайрам садоси» басылымдарында аудандағы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде іске асқан жобалар туралы ақпараттар ай сайын шығарылуда.
Индустриялық аймақ

Сайрам ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы №154 қаулысына сәйкес Ақсукент ауыл округі, 050 кварталында орналасқан «Пирамида Өсімдік Қорғау-777» ЖШС-нің пайдалануындағы тауарлы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін №2950501877, №2950501878 актілері бойынша жалпы көлемі 36,0225 гектар жайылымдық жер учаскесі индустриалдық аймақ құру үшін 10 мерзімге резервте қалдырылды. 2015 жылдың 09 маусымдағы Сайрам аудандық сотының №2-875/15 шешіміне сәйкес «Пирамида Өсімдік Қорғау-777» ЖШС-ң кадастрлық нөмерлері 19-295-050-1877 және 19-295-050-1878 жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін актілерге сәйкес Манкент ауыл округі 050 кварталдан берілген жалпы көлемі 36,0225 га жер учаскесін Сайрам ауданының коммуналдық меншігіне түсті деп танылған. 2015 жылдың 18 тамыздағы «Сайрам ауданы, Ақсукент ауыл округі, 050 кварталда орналасқан индустриалдық аймақтың топотүсірілім және техникалық-экомикалық негіздемесін әзірлеуді ұтып алған.

2015 жылдың қараша айында ИА-тың топотүсірілім және техникалық-экомикалық негіздемесі әзірленген.
САУДА
Сауда - қазіргі кезде аудан экономикасының дамуының басымды бағыттарының бірі. Сауда және қызмет көрсету салаларында бәсекелестікті арттыру, қала халқын тұтыну тауарларымен, қызмет түрлерімен барынша толық көлемде қамтамасыз ету негізгі мақсат ретінде қойылып отыр. ҚР-ның экономикадағы орын алған жағдайларға байланысты, тұтынушылардың қала халқының тауарларды сатып алу қабілеттілігі төмендеуде. Сонымен қатар сауда орындарында жергігілікті тауар өндірушілердің өнімдерінің үлес салмағын арттыру, тұтынушыларға замануи талаптарға сай өнімдер ұсыну. Аталған салада қызмет көрсету мәдениетін жаңа деңгейге көтеру, жаңа технологияларды кеңінен ендіру мен инновациялық оң өзгерістерге қол жеткізу бағдарлама ауқымында жүзеге асырылады деп күтілуде.

2014 жылы ауданның бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 12252,8 млн.теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 22,1%, 2013 жылмен салыстырғанда 12,7% артты.

Ауданның бөлшек сауда тауар айналымының облыстың бөлшек сауда көлеміндегі үлесі 3,8% құраған. (№15 кесте)


Бөлшек сауданың негізгі көрсеткіштері

№15 кесте



Көрсеткіштер

2012

2013

2014

Бөлшек сауданың жалпы көлемі, млрд.теңге

10,04

10,9

12,3

азық-түлік тауарлары, млрд.теңге

4,1

4,4

5,0

азық-түлік емес тауарлары, млрд.теңге

6,0

6,5

7,3

Халық саны, мың адам

310,7

318,7

195,2

Адам басына шаққандағы бөлшек сауда көлемі, теңге

32286

34110

62770

ОҚО статистика департаментінің мәліметіне сәйкес
2014 жылы жалпы бөлшек сауда айналымының 60,8% сауда кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлер, ал 30,2 % базарлар арқылы жүзеге асырылған.

Облыстың бөлшек сауда тауар айналымындағы ауданның үлесі 2014 жылы 5,2% құраған.

Ауданда 10 базар жұмыс атқаруда, оның ішінде 2 азық-түлік, 1 мал базар, 3 киім-кешек, 3 әмбебап базары.

Ағымдағы жылдың қазан айында еліміздегі инфляция оның алдындағы аймен салыстырғанда 5,2 пайызды құраса, бұл көрсеткіш 2015 жылдың 10 айында 8,2 пайызды құраған, ал 2014 жылдың қазан айымен салыстырғанда 9,4 пайызды құрады. Сонымен қатар, 2015 жылға арналған бөлшек сауда индексінің көлемі 110,0 пайызды құрайды деп жоспарланған. Алайда, 2015 жылдың қаңтар-қазан айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 7579,9 млн.теңгені құрады, 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 100,1%.

2015 жыл соңына бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 8891,3 млн.теңге көлемінде, НКИ 101%-ға жоспарлануда.

Еліміздегі орын алған экономикалық дағдарыс жағдайларына байланысты, тұтынушылардың қала халқының тауарларды сатып алу қабілеттілігі төмендеуде. Сонымен қатар, шет ел валютасы АҚШ долларының еркін айырбастауының нәтижесінде сыртқы нарықтан келетін тауарларының бағасы 25-40 пайызға жоғарылауда және АИ-92 маркалы жанар-жағар майының көтерілуіне байланысты, тауарларды тасымалдау құны жоғарылап, сауда саласындағы кәсіпкерлік субьектілерінің тасымалдаушыларға деген сұраныс төмендеген. Қала аумағына тасымалданатын тауарлар көлемі көбеймегенімен, тауарлар бағасы жоғары. Ал, сатып алушылардың сатып алу мүмкіндігі төмендеген. Бұл әрине, бөлшек сауда индексіне кері әсер тигізеді.

Бөлшек сауда көлемінің ұлғаюы сауда саттық саласында кәсіпкерлер санының, тауар айналымының ұлғаюы есебінен, қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы көтеріледі деп жоспарлануда.

Бөлшек сауда көлемі 2015 жылдың қазан айына 7579,9 млн.теңгеге жетіп, 100,1 пайызды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға төмендеген. Жыл соңына дейін 101,0 пайызға яғни, 8891,3 теңгеге 0,4 пайызға көтерілуі күтілуде.

Көтерме сауда тауар айналымының көлемі 2014 жылы 25538,0 млн.теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 17,2% артты. Облыстың жалпы көлеміндегі ауданның үлес салмағы 2014 жылы 4,3% құраған. (№16 кесте)

Көтерме сауданың негізгі көрсеткіштері

№16 кесте



Көрсеткіштер

2012

2013

2014

Көтерме сауданың жалпы көлемі, млрд.теңге

18,0

21,8

25,5

азық-түлік тауарлары, млрд.теңге

6,1

7,4

8,7

азық-түлік емес тауарлары, млрд.теңге

11,9

14,4

16,8

Көтерме сауданың НКИ, %-бен алдыңғы жылға

119,0

121,2

117,2

ОҚО статистика департаментінің мәліметіне сәйкес
ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛАР
2014 жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 50355,5 млн.теңгені құраған, оның ішінде: Республикалық бюджеттен 3197,5 млн.теңге, жергілікті бюджеттен 2340,7 млн.теңге,бюджеттік емес инвестиция көлемі 8823,7 млн.теңге (жоспар 7985,0 млн. теңге), банктердің кредиттері 541,7 млн.теңге, Ұлттық компаниялардың қаржысы есебінен 35451,9 млн.теңгені құраған, 2013 жылмен салыстырғанда инвестиция көлемінің орындалуы 99,5% құраған. (№17 кесте)
Қаржыландыру көздері бойынша өндеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың құрылымы және динамикасы

№17 кесте



Көрсеткіштің атауы

2012

2013

2014

млрд.теңге

үлесі,%

млрд.теңге

үлесі,%

млрд.теңге

үлесі,%

Негізгі капиталға бағытталған инвестиция

16,407

100

51,587

100

50,356

100

Республикалық бюджет

2,186

13,3

2,626

5,1

3,198

6,4

Жергілікті бюджет

3,1

18,9

3,598

7,0

2,341

4,6

Жеке сектор

11,121

67,8

45,363

87,9

44,817

89,0

ОҚО статистика департаментінің мәліметіне сәйкес
2015 жылдың 10 айында негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 17138,3 млн.теңгені құрады (2014 жылдың 10 айында- 27598,8 млн.теңге), негізгі капиталға салынған сыртқы инвестицияның көлемі 5824,9 млн.теңгені құрады (2014 жылдың 10 айында – 11724,1 млн.теңге) 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 54,4 % төмендеген.

2014 жылы мемлекеттік бюджет есебінен инвестиция көлемі 5538,2 млн.теңгені құраған (оның ішінде РБ – 3197,5 млн.теңге, ЖБ- 2340,7 млн.теңге). Ал 2015 жылдың 10 айында мемлекеттік бюджет есебінен инвестиция көлемі 2205,1 млн.теңгеге кеміген ( 3333,1 млн.теңгені құраған, оның ішінде РБ – 1291,8млн.теңге, ЖБ– 2041,3млн.теңге). 2015 жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 5716,6 млн.теңге көлемінде жоспарланып отыр, 2014 жылмен салыстырғанда 103,2%. Мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырудың қысқаруынан жалпы негізгі капиталға бағытталған инвестицияның көлемі төмен болып отыр.

Сондай-ақ Әлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты және «теңге» курсының төмендеуінен банктік кредиттер мен басқа да қарыз қаражаттары есебінен инвестиция көлемі 2015 жылдың 10 айында 13,7%. төмендеген. 2015 жыл соңына дейін банктік кредиттер көлемін 74,0 млн.теңгеге және басқа да қарыз қаражаттары есебінен инвестиция көлемі 8112,9 млн.теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Ауданның негізгі капиталына тартылған сыртқы инвестициялардың төмендеуі аудандағы ірі жобалардың газ құбырын жүргізу жұмыстары мен Батыс Еуропа-Батыс Қытай жол дәліздері құрылысы жұмыстарының қаржылануының кемуіне әсерін тигізді.

2015 жылдың соңына дейін сыртқы инвестициялардың көлемін 7320,0 млн.теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Негізгі капиталға салынған сыртқы инвестицияның үлесі 16,0% көлемінде жоспарлануда. 2016 жылы – 22%, 2017 жылы – 22,5%, 2018 жылы – 23,0%, 2019 жылы -23,5%, 2020 жылы - 25% жоспарлануда.

2015 жылы адам басына шаққанда инвестиция көлемі 135,8 млн.тңг жоспарланып отыр. Жылдар кесіндісінде адам басына шаққанда инвестиция көлемі 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 100,2%, 2017 жылы – 106,4%, 2018 жылы – 101,6%, 2019 жылы – 102,7%, 2020 жылы – 106,9% болжамданып отыр.

Аудан көлемінде импорттың негізгі бабына инвестициялық қызметтегі тауарлар жатты (технологиялық құрал-жабдықтар, машиналар және оларға қосалқы бөлшектер). Осылардың негізінде аудан кәсіпорындарында техникалық қайта жабдықталу мен модернизациялану процестері байқалды.

Ауданда жаңа инвестициялық жобалар арқылы озық жаңа технологияларды өндіріске ендіру, инвесторларды тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту бойынша бірнеше кәсіпорындар іске қосылды.

2014 жылы аудан көлеміндегі жұмыс істеп тұрған инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 8,9%, өндірілген өнім көлемі 394,1 млн.теңгені құрады.

2015 жылы жұмыс істеп тұрған инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 9,1%, өндірілген өнім көлемі 453,2 млн.теңгені құрады.

Аудан көлемінде инвестициялық жобаларды іске асыру, индустрияландыру картасына енгізу мақсатында тұрақты жұмыстар жүргізілуде, басымдық шикізаттық емес сектордағы жобаларға беріледі. Сайрам ауданы агроөнеркәсіптік аймақ, іске қосылып отырған жобалар негізінен тамақ, тоқыма өнеркәсібі, машинажасау және құрылыс индустриясы салаларындағы жобалар.

2014 жылы



«Пирамида Өсімдік қорғау 777» ЖШС кәсіпорны «Golden Nomad» маркалы «Ерлерге арналған костюмдер мен сымдар тігетін тігін цехын ұйымдастыру» жобасын іске асып, 80 жұмыс орны ашылған. Жобаның құны 158,0 млн.теңге. Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 110,0 млн.теңге көлемінде қаржылай қолдау алған. Бүгінгі таңда кәсіпорын толық қуаттылықта жұмыс атқаруда.

«K.AZ TEL» ЖШС «кабельді электр сымдарын өндіретін өндіріс орнын кеңейту» жобасы бойынша 25 қосымша жұмыс орнын ашты. Кәсіпорында барлығы 46 адам жұмыс атқарады.

«Газ және су құбырларына арналған полиэтилен трубалар шығаратын» зауыт «ОҚО полимер трубалар шығаратын зауыт іске қосылуы жоспарланып отыр. Ашылған жұмыс орны 33 адам. Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қаржылай қолдау алған. Жобаның құны 1234,0 млн.теңге.

«Ақсу Энерго» ЖШС-ның «Қуаттылығы 1 мВт күн электр станцасының құрылысы»жобасы іске қосылды. Ашылған жұмыс орны 6 адам. Жобаның құны 300,0 млн.теңге.

Бидайды терең өңдеу арқылы глюкозалы-фруктозалы шырын, клейковина, крахмал, кебек өндіретін зауыт құрылысы» «Bio Grain» ЖШС іске қосылды. Ашылатын жұмыс орны 50 адам. Бірінші кезекте ашылған жұмыс орны 10 адам. Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылымға қолдау алған.

«Асыл ЛТД» ЖШС Түркия құрал-жабдығымен жабдықталған «Қуаттылығы тәулігіне 300 тонналық диірмен кешені» жобасы іске қосылды. Ашылған жұмыс орны 40 адам. Жобаның құны 897,0 млн.теңге. Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қаржылай қолдау алған.

«Мұнай БК» ЖШС-ның «Мұнай өнімдерін сақтайтын кешен құрылысы» жоба қыркүйек айында іске қосылды. Жобаның құны 2300,0 млн.теңге, қаржы құрылымы: 1600,0 млн.теңге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қаржыланған, 700,0 млн.теңге жеке қаржысы есебінен. Ашылған жұмыс орны 23 адам.


ТУРИЗМ
2014 жылы ауданда «Манкент шипажайы» АҚ, «Эль Нұр» қонақ үйі, «Рандеву сити» қонақ үйі, «Болашақ» лагері барлығы 4 бірлік орналастыру орындары қызмет атқарды. Олардың орналастыру орындарымен көрсетілген қызмет көлемі 17955,0 мың теңгені құраған. Аталған орналастыру орындарындағы төсек-орын саны 974 бірлікті құраған.

2015 жылы кіру туризмі бойынша 15 адамға қызмет көрсетілген. Ішкі туризм бойынша 17050 адамға қызмет көрсетілген. Орналастыру орындарының көрсеткен қызмет көлемі 677 000 мың.теңге. Төсек-орын саны 974 бірлік.

«Манкент шипажай» АҚ «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 110,0 млн.теңге қолдау алып, қосымша жылы бассейнді ғимаратты 2015 жылдың мамыр айында іске қосты.

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ
Ауыл шаруашылығы – ауданда тұрғындарды маңызды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ететін салаларының бірі. Ауданның көкөніс, бақша дақылдары мен жүзім және жеміс-жидек өсіруге қолайлы климаттық жағдайлары бар, сонымен қатар жайылымдықтарды жыл бойына азықтық база ретінде қолдану мүмкіндігі бар және осы арқылы мал шаруашылығының дамуына ықпал ете алады.

Соңғы жылдары агроөнеркәсіп кешенінің дамуы тұрақтанған, ауыл шаруашылық өнімдерінің өсуі де байқалған.

Ауданның жалпы өңірлік өнімінің ішінде ауыл шаруашылығы өнімінің үлесі 35,8% құрайды (№18 кесте)

(№18 кесте)



Көрсеткіштің атауы

2012 ж

Жалпы өнімнің ішіндегі үлесі,%

2013 ж

Жалпы өнімнің ішіндегі үлесі,%

2014 ж

Жалпы өнімнің ішіндегі үлесі,%

Аудан бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі, млрд.тг.

110,1

5,9

117,6

5,5

118,1

7,6

оның ішінде:



















Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, млрд.тг.

33,4

30,3

35,6

30,3

35,7

30,2

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2012 жылы 33,4 млрд.теңгені құраған (107,6%), 2013 жылы өнім көлемі 35,6 млрд.теңгеге артты (106,7%), ал 2014 жылы 35,7 млрд.теңгені құраған (мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінің 11.1%) немесе 2013 жылдың деңгейіне 100,2% құраған (№19 кесте).


Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі
№19 кесте




Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі, млрд.теңге

оның ішінде:

Нақты көлем индексі 2014 жыл 2013 жылға, %-бен

өсімдік шаруашылығы, млрд.теңге

мал шаруашылығы, млрд.теңге




ОҚО

Аудан

ОҚО

Аудан

ОҚО

Аудан

ОҚО

Аудан

2012

259,2

33,398

142,5

14,39

115,5

18,830







2013

297,0

35,636

168,0

16,518

127,6

19,013







2014

322,8

35,707

180,4

16,405

141,2

19,716

101,5

100,2

Жалпы көлеміндегі үлесі, %

11,1

9,1

13,9




Облыстың ауыл шаруашылығы өнімінің көлемінде 2012-2014 жылдары ауданның үлесі аса өзгеріссіз қалған, яғни лезде төмендеуі немесе артуы байқалмаған (№20 кесте).


жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау