Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы



жүктеу 1,61 Mb.
бет3/18
Дата30.12.2019
өлшемі1,61 Mb.
#25466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп секторының негізгі қызметі ауылшаруашылық машиналары мен оларға қосалқы бөлшектер шығару, жеміс-жидек консервілерін шығару, ұн, пісірілген нан, минерал суын және көптеген импорт алмасу стандарттарына сай халық тұтынатын тауарлар шығару. Белсенді кәсіпорындардың қатарына «ЮКМЗ» АҚ, жергілікті ет-сүт өнімдерін өндіретін «Сайрам сүт», «Рассвет» ӨК , «ШИШ и К», «Алма СТК» сияқты кәсіпорындар жатады.

Ірі өнеркәсіп орындары орналасқан өнеркәсіп аймақтардың Шымкент қаласына өтуіне байланысты, ауданның экономикалық потенциалы 2014 жылдан бастап біршама төмендеген.

2014 жылы жалпы өнеркәсіп кәсіпорындарымен 23,47 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2013 жылмен салыстырғанда 58,8 %-ды, нақты көлем индексі 103,2% құрады.

Облыстың жалпы өнеркәсіп өнімінің көлемінде ауданның үлесі 2014 жылы 3,9% құраған. Аудан өнеркәсібінің құрылымы: 3,5% кен өндіру өнеркәсібінің басқа да салаларынан, 81,0% өңдеу өнеркәсібінен және 15,5% электр қуатын, газды және буды өндіру және үлестіру салаларынан құралған.

Аудан өнеркәсібінің басымды салалары:

Тамақ өнеркәсібі саласы - ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және сусындар шығару. Бұл саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 56,5%.

Резіңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі - саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 3,6%.

Дайын металл бұйымдарын жасау саласы, яғни құрылыстық металл конструкциялар мен металл конструкциялар және оның бөлшектерін жасау саласы. Саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 14,3%

Өнеркәсіптің нақты көлем индексі 2012-2014 ж.ж. аралығында 0,5 пунктке төмендеп, 2014 жылы 103,2% құрағаған. (№3 кесте)
2012-2014 жылдардағы өнеркәсіп салаларының көлемі және НКИ

№3 кесте





Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млрд.теңге

НҚИ, алдыңғы жылға %

2012

2013

2014

2012

2013

2014

Өнеркәсіп

33,6

20,5

23,5

103,7

102,2

103,2

Кен өндіру өнеркәсібі

0,366

0,518

0,81

118,5

142,6

180,9

Өңдеу өнеркәсібі

30,67

17,1

19,0

102,9

102,0

103,0

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

1937,7

2405,4

3286,2

99,9

164,2

63,2

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

570,2

1569,4

2319,4

95,2

71,4

39,9

ОҚО статистика департаментінің мәліметіне сәйкес

2015 жылы өнеркәсіп кәсіпорындары 18314,1 млн.теңгенің өнімін өндіруі жоспарланып отыр. 2014 жылдың деңгейіне 78,0%. Нақты көлем индексі 104%.



Кен өндіру өнеркәсібінің басқа да салалары

2012 жылы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласы бойынша кәсіпорындар 280,5 млн.теңгенің немесе 439,5 мың текше метр түйіршіктер, тас үгіндісі, гравий, ұсақ тас, 22,9 мың текше метр табиғи құмдар өндірді Кен өндіру өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп көлеміндегі үлесі 0,8% болған. 2012 жылы ауданның жер қойнауын пайдалануға облыс әкімдігімен жасалған келісім-шарттың саны - 66. Оның ішінде құмды-гравийлі қоспаны барлау және өндіру жұмыстарына – 28, өндіруге – 15, саздақты барлау және өндіруге – 16, өндіруге – 6, құмды өндіруге – 1 жер қойнауын пайдаланушылармен келісім-шарт жасалған.

2013 жылы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласы бойынша кәсіпорындар 518,5 млн.теңгенің өнімін өндірген, 2012 жылмен салыстырғанда өсім 42,6%. 2013 жылы саланың жалпы өнеркәсіптегі үлесі 1,3% болған.

2014 жылы 63 кәсіпорын ауданның жер қойнауын пайдаланған. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласы бойынша кәсіпорындар 809,8 млн.теңгенің өнімін өндірген. 2015 жылдың 11 айында салада 26,1 мың текше метр табиғи құм, 843,2 мың текше метр түйіршіктер, тас үгіндісі, гравий, ұсақ өндірілген. 2015 жылы ауданға қатысты карьерлердің саны 23 бірлік. Жыл соңына күтілетін өнім көлемі 598,4 млн.теңге. (№4 кесте)



2012-2014 жылдар аралығында кен өндіру өнеркәсібі саласының даму динамикасы

№4 кесте


Көрсеткіштің атауы

Өл.бір.

2012

2013

2014

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

млн.тнг

366,2

518,5

809,8

Кен өндіру өнеркәсібінің НКИ

%

118,9

142,6

180,9

ОҚО статистика департаментінің мәліметіне сәйкес
«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізінің құрылысы кен өндіру өнеркәсібі саласына әсерін тигізді, салдарынан қазбаларға сұраныс көбейген.

Перспективалары:

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласы – аудан өнеркәсібі дамуының перспективалы бағытының бірі болып отыр.

Сондықтан аталған саланы дамыту үшін перспективалы кен орындарын тартумен байланысты болады.

Тау-кен өнеркәсібінің өзге де салаларын өндіруді ұлғайту есебінен көлемді ұлғайту күтілуде, өйткені өнімге деген сұраныстың объективті түрде артуы байқалады.
Өңдеу өнеркәсібі

Ауданда басымды сала өңдеу өнеркәсібі. 2012 жылы өңдеу өнеркәсібінің жалпы өнеркәсіп өніміндегі үлесі 91,2% құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындар барлығы 30670,1 млн.теңгенің өнімін өндіріп, 2011 жылмен салыстырғанда 15,6% өскен.

2013 жылы өңдеу өнеркәсібінде 36470,4 млн.теңгенің өнімі өндірілген. 2012 жылмен салыстырғанда өнім көлемінің өсімі 18,9% құраған.

Өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпорындар 2014 жылы 19014,3 млн.теңгенің өнімін өндіріп, 2013 жылмен салыстырғанда 52,1 пайызға төмендеген. Нақты көлем индексі 65,9% құрады. 2015 жылдың 11 айында өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары 12931,5 млн.теңгенің өнімін өндірген. Нақты көлем индексі 103,8%. 2015 жылы 14619,9 млн.теңгенің өнім көлемі күтілуде. Нақты көлем индексі 104%.

Өндіріс көлемінің өсіміне тамақ өнімдрін өндіру, машинажасау, металлургия, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру әсерін тигізді (№5 кесте).
2012-2014 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібі саласындағы өнім көлемі және НКИ

№5 кесте





2012

2013

2014




млн.теңге

%

млн.теңге

%

млн.теңге

%

Өңдеу өнеркәсібі

30670,1

102,9

17116,7

102,0

19014,3

103,0

Тамақ өнімдерін өндіру

13415,4

107,2

9295,8

93,9

10509,6

109,6

Сусындарды өндіру

2961,1

110,3

309,7

99,2

231,5

52,5

Киім өндіру

218,9

107,8

40,5

19,4

6,4

0,5

Қағаз және қағаздан жасалған өнімдерді өндіру

537,4

117,6

1489,0

177,1

1629,0

43,4

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

911,5

64,2

651,9

103,8

689,5

83,9

Өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру

6877,3

151,9

1126,4

131,7

771,8

175,4

Машина жасау

1436,8

2,8 есе

1321,3

72,5

1362,8

73,4

ОҚО статистика департаментінің мәліметіне сәйкес
Перспективалары:

Ауданда Ақсу ауылында жоспарланып отырған индустриалды аймақ құрылысы салаға инвестиция тартуға, өңдеу өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салуға ықпал етеді.

Өңдеу өнеркәсібі әлеуетіндегі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысын ескергенде, ауданда тамақ өнеркәсібі, тігін өнеркәсібі, құрылыс индустриясы басым. Аталған салалардағы кәсіпорын құрал-жабдықтарын жаңарту үшін белсенді түрде инвестиция тартылады.

Өңдеу өнеркәсібінің салалары:
Тамақ өнімдерін өндіру

Тамақ өнеркәсібі ауданның тұрақты экономикалық дамуында аса маңызды орын алады. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі өңдеу өнеркәсібінің ең қарқынды дамып отырған секторы болып табылады. 2012 жылы тамақ өнімдері өндірісінің үлесі ауданның өңдеу өнеркәсібі құрылымында 52,8% құрады. 2012 жылы аудан кәсіпорындары, сусындарды есепке алғанда, тамақ өнімдерін (үй шаруашылығы секторындағы жеке тұрғындарды қосқанда) 15999,3 млн.теңге сомасында шығарған. 2011 жылдың деңгейіне өсім 117,9% құрады. 2012 жылы «Алтын дән» ЖШС 500 мал басын бордақылайтын цехты модернизациялап, жаңадан сүт өңдеу жүйесін орналастырып, 22 жұмыс орнын ашты. «СММК Жаңа-Талап» ЖШС- сүт фермасы мен сүт өңдейтін цехты іске қосып, қосымша 19 жаңа жұмыс орнын ашты.

2013 жылы салада 18645,3 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 13,9 % құрады. Бұл саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 51,8% құраған.

2014 жылы салада 10741,0 млн.теңгенің өнімі өндірілген.

2015 жыл соңына салада 10733,1 млн.теңге өнім көлемі күтілуде, 2014 жылмен салыстырғанда 100%. (№6 кесте)
2012-2014 жж. өңірдегі тамақ өнеркәсібі саласы бойынша көрсеткіштер

№6 кесте


Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Тамақ өнеркәсібі өндірісінің көлемі

млрд.

теңге


15999,3

9605,5

10740,0

Тамақ өнімдерін өндіру көлемі

млрд.

теңге


13166,3

9295,8

10509,6

Нақты көлем индексінің өткен жылға

%

107,2

93,9

107,6

Сусындарды өндіру

млрд.

теңге


2833,0

309,7

231,5

Нақты көлем индексінің өткен жылға,

%

110,3

99,2

52,5

Тамақ өнеркісібінің (сусындарды есептегенде) өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі үлесі

%

52,2

56,1

56,5

ОҚО статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес
2014 жылы салада «Тәулігіне 300 тонна бидай өңдейтін "Асыл LTD" ЖШС, ашылған жұмыс орны 20 адам, «Глобус плюс» ЖШС «көкөніс консервілеуге арналған қосымша жүйені қою» жобасы, ашылған жұмыс орны 42 адам. Жобаның құны 200,0 млн.теңге. «Green Land Корпорациясы» ЖШС «62 жер теліміне интенсивті бақ отырғызу» жобасы, ашылған жұмыс орны 19 адам. Жобаның құны 295,2 млн.теңге. 2015 жылы "J.F.M. Company" ЖШС - балық түрлерін өңдеу және консервілеу жобасы, ашылған жұмыс орны 150 адам. "Балғын сүт" ЖШС - ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кешен құрылысы жобасы, ашылған жұмыс орны 10 адам., жобалары іске қосылған.

Саладағы «Сайрам сүт» ЖШС, «Globus Plus» ЖШС, «Корпорация Green Land» ЖШС, "Bio Grain" ЖШС кәсіпорны өңірлік индустрияландыру картасында, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдау алған.



Перспективалары:

2015-2019 жылдарға арналған МИИДБ екінші бесжылдығы аясында 870,5 млн.теңгеге 2 инвестициялық жобаны іске асыру, 85 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Инвестициялық жобалар «Қайып ата» (Қайнарбұлақ ауылы) «Ет өңдейтін комбинат құрылысы», «Бірлік-4» (Ақсу ауылы) «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кешен құрылысы» жобаларын жүзеге асыру көзделген.


Жеңіл өнеркәсіп.

Тоқыма өнеркәсібі

Тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындары 2012 жылы 973,8 млн.теңге сомасында өнім шығарды, 2011 жылмен салыстырғанда 140,0% артық. Оның ішінде: тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындары 701,9 млн.теңгенің өнімін өндірген, 2011 жылмен салыстырғанда өсім 139,5%. Салада 2012 жылы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында «АГФ групп» ЖШС тоқыма фабрикасы іске қосылды, ашылған жұмыс орны 50 адам.

Тігін өнеркәсібі саласында 271,9 млн.теңгенің өнімі өндірілген, 2011 жылмен салыстырғанда өсім 141,3%. 2012 жылы тоқыма өндірісінің үлесі ауданның өңдеу өнеркәсібі құрылымында 3,2% құрады.

2013 жылы сала кәсіпорындары 941,7 млн.теңгенің өнімін өндірген, 2012 жылдың деңгейіне өсім 114,5 %. Саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 2,6% құрады.

Тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындары 2014 жылы 122,0 млн.теңге өнім өндірген, 2013 жылмен салыстырғанда 11,6% төмендеген. Тоқыма саласында Шымкент қаласына қарасты «ЮЭСС индустриальная компания» ЖШС-ның өнім көлемі 2015 ж. 10 айында 2,2 млн.теңгеге өнім өндірген.

Аудан көлемінде тоқыма саласында 2016 жылы өнім өндіретін кәсіпорындардың жоқтығына байланысты 2016-2020 жылдарға өнім көлемі жоспарланбаған.

Тігін өнеркәсібі саласында 2014 жылы 6,4 млн.теңгенің өнімі өндірілген. 2014 жылы салада «Golden Nomad» тігін цехы іске қосылып, 108 жұмыс орны ашылған. 2015 жылы киім тігу өндірісінде 316,5 млн.теңгенің өнімі күтілуде. 2016-2020 жылдар аралығында саладағы өнім көлемінің өсімі жыл сайын 2-5% -ға жоспарланған.

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіретін кәсіпорындар 2014 жылы 42,7 млн.теңгенің өнімін өндірген. 2015 жылға өнім көлемі 45,0 млн.теңге көлемінде күтілуде. Ауданда «LEON» ЖШС кәсіпорны былғары және оған жататын өнімдерді өндіреді. (№7 кесте)


2012-2014 жж. аралығында жеңіл өнеркәсіптің даму динамикасы

№7 кесте


Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлік

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Тоқыма бұйымдарын өндіру көлемі

млн.

теңге


776,4

889,2

72,9

НКИ, өткен жылға

%

97,8

88,1

31,3

Киім өндіру көлемі

млн.

теңге


271,9

19,5

6,4

НКИ, өткен жылға

%

107,8

19,4

0,5

Барлық сала бойынша

млн. теңге

1048,3

908,7

79,3

Жеңіл өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі үлесі

%

3,4

5,3

0,4

ОҚО статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес
Ағаштың өндірісі және ағаштан бұйымдарды өндіру

Саланың мекемелері 2012 жылы 397,7 млн.теңгеге өнім шығарды, немесе физикалық көлем индексі 2011 жылмен салыстырғанда 100% құрады. Салада ағашты өңдеумен және ағаштан дайындалған өнімдер өндірісімен айналысатын шағын «Артек-2» ЖШС, ЖК «Жамалбеков Б», ЖК «Жамалбеков Ж» цехтар қызмет көрсетеді (терезелер, есіктер, олардың рамалары, табалдырықтар, құрылысқа арналған ағаш құрастырғыштар, столярлық өнімдер және т.б.).2012 жылы ағаш өндірісі және ағаштан бұйымдарды өндіру үлесі ауданның өңдеу өнеркәсібі құрылымында 1,3% құрады.

2013 жылы сала кәсіпорындары 163,6 млн.теңгенің өнімін өндірген, 2012 жылмен салыстырғанда өнім көлемі 60,4 пайызға төмендеген. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 0,4% құраған.

Сала 2014 жылы 532,3 млн. теңгеге өнім шығарған, 2013 жылмен салыстырғанда өсім 3,3 есе болған. 2015 жылы 183,5 млн.теңгенің өнім көлемі күтілуде. 2016-2020 жылдар аралығында өнім көлемінің өсімі жыл сайын 5-10 пайыз аралығында болжамданған. Салада ағашты өңдеумен және ағаштан дайындалған өнімдер өндірісімен айналысатын шағын «Артек-2» ЖШС, ЖК «Жамалбеков Б», ЖК «Жамалбеков Ж» цехтар қызмет көрсетеді. Олар терезелер, есіктер, олардың рамалары, табалдырықтар, құрылысқа арналған ағаш құрастырғыштар, столярлық өнімдер және т.б. өндіреді.


Целлюлозалық-қағаз өнеркәсібі, баспа ісі

Сала кәсіпорындары 2012 жылы 495,5 млн.теңгеге өнім шығарған немесе олардың физикалық көлем индексі 2011 жылға қатысты 85,5% құрады. Салада «Фирма Инкас» ЖШС негізгі қызметі-қағазды қырқу және орау, көтерме-бөлшек сату болып отыр. Өнім көлемінің төмен болуы дайын өнімге тапсырыстың жоқтығынан. 2012 жылы целлюлоза-қағаз өндірісінің үлесі ауданның өңдеу өнеркәсібі құрылымында 1,6% құрады.

2013 жылы салада 929,7 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 2012 жылмен салыстырғанда өсім 73%. Саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 2,65%.

2014 жылы салада 1629,0 млн.теңгенің өнімі өндірілген. 2015 жылдың 11 айында 411,2 млн.теңге «Қағаз шахары», «Инкас», «Инкас Рареr» (Шымкент қ. өткен) кәсіпорындардың өнімі алынған.

Бұл салада ауданда үлкен көлемде өнім өндіретін кәсіпорын жоқ. Ауданда әжетхана қағазын шығаратын «Армикс» ЖШС шағын кәсіпорын (4 адам) 2015 жылдың 11 айында 14736 кг әжетхана қағазын шығарған. (№8 кесте)

2012-2014 жж. аралығында қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру динамикасы

№8 кесте


Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлік

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру көлемі

млн.

теңге


537,4

1489,0

1629,0

НКИ, өткен жылға

%

117,6

177,1

43,4

Өңдеу өнеркәсібінің көлемінде химия өнеркәсібінің үлесі

%

1,75

8,7

8,6

ОҚО статистика департаменті мәліметтеріне сәйкес
Мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі

2012 жылы ауданда бұл салада - мұнайлы битум шығаратын «Оргсинтез-СБН» ЖШС және Индустриаландару Картасы аясында іске қосылған «Строительные технологий» ЖШС кәсіпорындары 228,9 млн.теңгенің өнімін өндірген. 2013 жылы шикізат тапшылығынан өнім көлемі 10,1 млн.теңгені құраған.

2014 жылы аталған салада өнім өндірілмеген. 2015 жылдың желтоқсан айында «STRATUS OIL» ЖШС – «Мұнайды сақтайтын және өңдейтін кешен құрылысы» кәсіпорны іске қосылған. 2015 жылға 512,2 млн.теңге, НКИ- 102% жоспар қойылған. 2015 жылдың 11 айында «Stratus Oil» ЖШС (кәсіпорынның берген мәліметі бойынша 8,2 млн.теңге өнім өндірген. 2015 жыл соңына дейін шикізат тапшылығына байланысты 44,4 млн.теңге өнім көлемі күтілуде.



жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау