Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы


жылы облыстық бюджеттен жүргізілген құрылыстар тізімі



жүктеу 1,61 Mb.
бет8/18
Дата30.12.2019
өлшемі1,61 Mb.
#25466
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

2012 жылы облыстық бюджеттен жүргізілген құрылыстар тізімі:

(№38 кесте)






Нысанның аталуы

Тапсырыс беруші

Жобалаушы мекеме

Мердігер мекеме

Қадағалаушы мекеме

Сметалық құны (мың теңге)

1

Сайрам ауданы Қарасу а/о Мәртөбе ауылындағы "Мәртөбе" дәрігерлік амбулаториясының құрылысы

ОҚО құрылыс басқармасы

"ДУМ проект" ЖШС

"Эксперт Строй Монтаж" ЖШС

"Оңтүстікқұрылыс сараптама аумақтық орталығы" ЖШС

62 246

2

Сайрам ауданы Жібек жолы а/о Машат ауылындағы "Машат" медициналық пунктінің құрылысы

ОҚО құрылыс басқармасы

"Jer Group" ЖШС

"Жамал РМ" ЖШС

"Оңтүстікқұрылыс сараптама аумақтық орталығы" ЖШС

25 500

Облыстық бюджет есебінен 2013 жылы Қарасу а/о Бескепе ауылында «Бескепе», Қайнарбұлақ а/о Сарыарық ауылында «Сарыарық» жәен Ошақты ауылынадғы «Ошақты» медициналық пункттерінің, Жібек Жолы а/о Сиқым ауылындағы «Сиқым» фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды. (№39 кесте)


2013 жылы облыстық бюджеттен жүргізілген құрылыстар тізімі:

(№39 кесте)





Нысанның аталуы

Тапсырыс беруші

Жобалаушы мекеме

Мердігер мекеме

Қадағалаушы мекеме

Сметалық құны (мың теңге)

1

Сайрам ауданы Қарасу а/о Бескепе ауылындағы "Бескепе" медициналық пунктінің құрылысы

ОҚО құрылыс басқармасы

"ШымГорПроект" ЖШС

"Бағаналы консалтинг" ЖШС

"Мир - Строй и Компания" ЖШС

30 125

2

Сайрам ауданы Қайнарбұлақ а/о Сарыарық ауылындағы "Сарыарық" медициналық пунктінің құрылысы

ОҚО құрылыс басқармасы

"ШымГорПроект" ЖШС

«Оңтүстік құрылыс компаниясы" ЖШС

"Корпорация Барс" ЖШС

30 407

3

Сайрам ауданы Қайнарбұлақ а/о Ошақты ауылындағы "Ошақты" медициналық пунктінің құрылысы

ОҚО құрылыс басқармасы

"Jer Group" ЖШС

"Ас-бай и компания" ЖШС

"Мир - Строй и Компания" ЖШС

32 564

4

Сайрам ауданы Жібек жолы а/о Сиқым ауылындағы "Сиқым" фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы

ОҚО құрылыс басқармасы

"Jer Group" ЖШС

"Ас-бай и компания" ЖШС

"Корпорация Барс" ЖШС

36 950

Облыстық бюджет есебінен 2014 жылы Қайнарбұлақ а/о Қасымбек Датқа ауылында «Көмешбұлақ-2» фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды. (№40 кесте)



2014 жылы облыстық бюджеттен жүргізілген құрылыстар тізімі:

(№40 кесте)





Нысанның аталуы

Тапсырыс беруші

Жобалаушы мекеме

Мердігер мекеме

Қадағалаушы мекеме

Жалпы құны (мың теңге)

1

Сайрам ауданы Қайнарбұлақ а/о Қасымбек Датқа ауылындағы "Көмешбұлақ-2" фельдшерлік-акушерлік пунктінің құрылысы

ОҚО құрылыс басқармасы

"Jer Group" ЖШС

"АқНұр-Строй" ЖШС

"Тұран Құрылыс" ЖШС

36950

«Саламатты Қазақстан 2011 - 2015» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғындарды профилактикалық скринингтік тексеруден өткізу, амбулаториялық-емханалық денгейде науқастарды дәрігердің рецепті бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылуда.

Сайрам ауданында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басты сапалық нәтижелері мыналар болған:

- күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 2020 жылғы деңдейден (68,41 жас) 2,04-ке өсіп, 2014 жылы 69,8 жасты құрады;

- халықтың жалпы өлім-жітімі 2010 жылғы деңгейден 17,8%-ға төмендеген (2010 жылы 1 мың тұрғынға 5,6 қарағанда, 2014 жылы 4,6);

- ана өлім-жітімінің көрсеткіші шамамен 3 есеге азайып, 2010 жылғы 44,7-ге қарағанда 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2012 жылы 11,2 құраған, 2013-2015 ж.ж. аралығында ана өлім-жітімі тіркелмеген;

- сәби өлім-жітімінің көрсеткіші шамамен 3 есеге азайып, 2010 жылғы 20,8-ге қарағанда 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2014 жылы – 7,5-ті құраған;

- халықтың туберкулезге шалдығуы 2 есеге төмендеген (2010 ж. – 48,3, 2014 ж – 22,2 құраған), өлім-жітім 5 жылда кемінде 2 есеге азайған (2010 ж – 4,9, 2014 ж – 2,5 құраған);

- АИТВ ЖИТС таралуын шоғырландыру сатысында 0,2-0,6 %-да ұстап тұра алдық;

- ретровирусқа қарсы терапияны кеңінен енгізуге байланысты ем алатын науқастар тобында ЖИТС-тен болатын өлім санының төмендеуі байқалған.


ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Оңтүстік Қазақстан облысы статистика басқармасының мәліметіне сәйкес, 2011 жылдан бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына Сайрам ауданы бойынша халық саны 320,5 мың адамды құрап, 7880 адамға көбейген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1110 «Шымкент қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы» қаулысына және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №371 және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №21/177-V «Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласының, Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне сәйкес, 6 ауыл округі Шымкент қаласына өтіп, ауданда 11 ауыл округі, 42 елді мекендерде статистикалық мәліметке сәйкес, халық саны 195,5 мың адамды құрады.

2011 – 2014 жылдары экономикалық белсенді тұрғындардың саны аудан бойынша 142,2 мың адамға жетіп және 7,3% өскен, еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санынан 72,9% құраған. 2014 жылы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 142,2 мың адам болса, әкономика салаларында 135,5 мың адам жұмыспен қамтылып, жұмыссыздар саны 6800 адамды немесе жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құраған. (№41 кесте)

Негізгі көрсеткіштер

№41 кесте



Көрсеткіштер

Өлш.бір.

2011

2012

2013

2014

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны, адам

мың адам

132,5

135,7

138,9

142,2

оның ішінде:

экономикада шұғылданатындар



мың адам

125,6

128,8

132,1

135,5

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

мың адам

78,0

81,1

81,0

80,2

Жұмыссыздар

мың адам

6,9

6,8

6,9

6,8

Жұмыссыздық деңгейі

мың адам

5,2

5,0

4,9

4,8

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 2011 жылы 132,5 мың адамнан 2014 жылы 142,2 мың адамға жеткен, 2015 жылдың 1 қаңтарына жалпы халық санының 72,7% құраған, немесе 7,3%-ға көбейген. Оның ішінде экономикада жұмыспен қамтылғандары 2011 жылы 125,6 мың адамнан 2014 жылы 135,5 мың адамған жеткен, 2015 жылдың 1 қаңтарына жалпы халық санының 69,3% құраған, немесе 7,8% -ға көбейген.

Жаңадан ашылған жұмыс орындары есебінен көрсеткіш өсіп отырған. Мысалы, «Пирамида Өсімдік қорғау 777» ЖШС «уGolden Nomad» маркалы «ерлерге арналан костюмдер мен сымдар тігетін цехыеұйымдастыру» жобасын кеңейту арқылы ұосымша жаңа жұмыс орындары ашылып, 109 адам жұмыспен қамтылған.

«Газ және су құбырларына арналған полиэтилен трубалар шығаратын» зауытта 120 жұмыспен қамтылған.

«Асыл ЛТД» ЖШС Түркия құрал-жабдығымен жабдықталған «Қуаттылығы тәулігіне 300 тонналық диірмен кешені» жобасы негізінде 75 адамға жұмыс орындары ашылған..

«Мұнай БК» ЖШС-ң «Мұнай өнімдерін сақтайтын кешен құрылысы» есебінен жаңа жұмыс орындары ашылған.

«Kaz.tel» ЖШС «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында электр сымдарын шығаратын қосымша жүйені іске қосу мақсатында құрал-жабдықтарды монтаждау жұмыстарын жүргізе отырып, 50 адамды жұмыспен қамтыған.

«Манкент шипажайы» АҚ бағдарлама аясында бассейнде демалыс ғимаратын іске қосып, нәтижесінде 65 адамды жұмыспен қамтыған.

«Сайрам сүт» ЖШС «сүт өңдейтін цехты іске қосу үшін технологиялық құрал-жабдықтар алу» «БЖК 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, қосымша15 адам жұмыспен қамтылған.

ЖК «Ифтихари» «2 га жер теліміне жылыажй құрылысы» жобасы «БЖК 2020» бағдарламасы аясында іске асырылып, 43 адам жұмыспен қамтылған.

Экономика саласында жалдамалы жұмысшылар саны 2011 жылы 47,6 мың адам, 2012 жылы 49,1 мың адамға, 2013 жылы 50,6 мың адамға, 2014 жылы 52,1 мың адам, ал 2015 жылдың 1 қаңтарына 59,3 мың адамға, немесе 2011 жылмен салыстырғанда 24,6 пайызға көбейген.

Өздігінше жұмыспен қамтылғандар 2011 жылы 78,0 мың адам болса, 2012 жылы 81,1 мың адам болып, статистика басқармасының мәліметіне сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарына 81,9 мың адам құрады.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сәйкес, 2012 жылы Сайрам ауданында өздігімен жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 81100 адамды құраса, 2012 жыл ағымында 40363 азаматтар формальды секторға өткізілген.

2013-2015 жылдар аралығында «Жұмыспен қамту картасын» басқармаға тапсыру барысында қалған 40737 өздігімен жұмыспен қамтылған азаматтарды формальды секторға өткізу жоспарланып, экономика салалары бойынша бөлінісі берілген.

Жоспарға сәйкес, 2013 жылы 29684 адам, 2014 жылы 5020 адамды формальды секторға өткізу қарастырылған. 2013 жылы өздігімен жұмыспен қамтылған 29684 азаматтарды формальды секторға толығымен өткізілген.

2012 жылы аудан бойынша өздігінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 81100 адамды құрап, салық басқармасының берген мәліметіне сәйкес, формальды секторға ауысқандары және «Еңбек нарығы» бағдарламасы бойынша зейнетақы жүйесімен қамтылғаны (өсімдік қорытындысымен) 72912 адамды құраған, немесе 90,5%. 2014 жылға аудан бойынша формальды секторға өткізу жоспары 5020 адам болып, оның 2100-і Шымкент қаласына өтті. 2014 жылға формальды секторға өткізу жоспары - 2920 адам болса, 2865 адам формальды секторға өткізілген, немесе жоспар 99,0%-ға орындалған.

Еңбек нарығындағы тапшы қызметтер: әнергетика, экология, ауыл шаруашылық ғылымдары және денсаулық сақтау облыстарында біліктілік деңгейі жоғары мамандар, техникалық және ауыл шаруашылық салаларында біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар; техникалық және агротехникалық орташа білім беруші оқытушылар мен шеберлер, техникалық және құрылыс мамандақтарының жұмысшылары.

Жеке санаттағы азаматтарға тиісті бюджеттерден әлеуметтік қолдау көрсетумен қатар, демеушілер тарапынан да көмектер көрсетілуде.

Ауданда тиісті азаматтарға бекітілген заңнамаларға сәйкес әлеуметтік көмек көрсетілуде: 2013 жылы 2258 азаматқа 64,3 млн.теңгеге, 2014 жылы 2205 азаматқа 68,5 млн. теңгеге, 2015 жылы 7 айда 3624 азаматқа 59474,0 мың теңгеге көмек көрсетілген. (№42 кесте)


Санаттар_бойынша_әлеуметтік_көмек_алушы_азаматтар'>Санаттар бойынша әлеуметтік көмек алушы азаматтар

№42 кесте



 

Санаттар

2013 ж

2014 ж

2015 жыл 7 ай

адам саны

сомасы /мың тңг

адам саны

сомасы /мың тңг

адам саны

сомасы /мың тңг




Аудан бойынша

2258

64302,0

2204

68590,0

3624

59474,0

1

ҰОС ардагерлері мен мүгедектері мен оларға теңестірілген азаматтар, қайтыс болған ҰОСМ жесірлері пәк аналар, тыл еңбеккерлері

60

2834

34

3400

2750

18081

2

Ауған соғысының ардагерлері

227

1135

263

731

42

416

3

Чернобыль атом станциясының жарылысын жоюға қатысқан азаматтар

56

280

27

75







4

Жалғызілікті тұратын зейнеткерлер, аз қамтылған І,ІІ,ІІ топтағы мүгедектерге, мүгедек балалар

613

720

600

1246







5

Қол арбаға мұқтаж мүгедектер

31

698

28

736

15

770

6

Біржолғы әлеуметтік көмек алатын жекеленген санаттағы азаматтар (мүгедектер, аз қамтылған азаматтар, көп балалы аналар)

23

580

45

1355

40

776

7

Үйде оқытылып тәрбиеленетін мүгедек балалар

283

4042

280

3170

162

1364

8

І топтағы жүріп тұруы қиын мүгедектер мен естуі бойынша мүгедектер

115

11240

77

5786

77

4197

9

Міндетті гигиеналық заттарға мұқтаж мүгедектер

447

13053

466

20203

240

21623

10

Әлеуметтік такси қызметін алатын мүгедектер саны

90

4338

36

2931

36

1172

11

Басылымдарға жазылу

150

378

97

784

60

607

12

Шипажайға жолдама алып беру

100

5765

184

6421

132

5926

13

АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған балаларға әлеуметтік көмек барлығы

39

16890

40

17735

40




14

оның ішінде АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған балаларға әлеуметтік көмек аудандық бюджет

5

2283

9

3581

15

4341

15

80 жастан асқан қарияларға зейнетақысына қосымша

19

66

19

386

15

201

Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы, аз қамтылған азаматтар саны 2011 жылы 271 адамнан 2015 жылдың 9 айында 68 адамға дейін немесе 74,9 пайызға кеміді. 2011 жылы 69 отбасына немесе 271 адамға 7286,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек көрсетілсе, 2015 жылдың 9 айында 21 отбасына немесе 88 азаматқа 2544,0 мың теңге қаржы төленді.

Сонымен қатар, 2011 жылы 665 отбасына 13534,0 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленсе, 2015 жылдың 9 айында 406 отбасына 16539,0 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.

2011 жылмен салыстырғанда 2015 жылдың 9 ай ағымында 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алушы отбасылар саны 5378 отбасынан 2884 отбасына дейін немесе 46,4 пайызға дейін кемейді.

2011 жылы 5378 отбасына немесе 19835 балаға 287970,0 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді. 2015 жылдың 9 айында 2884 отбасына немесе 10963 балаға 176472,4 мың.теңге көлемінде балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленген.

«ЯНС» ЖШС-гі 1240 жеке санаттағы азаматтардың қоғамдық көліктерде тегін жүруін қамтамасыз етіп, 2011 ж-2015 ж 7 айында осы мақсатқа 31148,7 мың теңге жұмсалған;



  • Әлектр таратушы мекемелер есебінен, әлектр жарығын пайдаланғаны үшін 109 азаматқа 2810,9 мың теңге жеңілдік берілген;

  • 28 азаматқа 130,7 мың теңге ауыз суға жеңілдік көрсетілген;

  • 36 азаматқа 376,9 мың теңгеге жеңілдікпен дәрі-дәрмек босатылған.

  • 1205 азаматқа 32696,7 мың теңгеге коммуналдық қызметтер көрсетілген;

Демеушілер және жергілікті бюджет тарапынан 91411 азаматқа 121585,8 мың теңгеге көмек көрсетілген.

Адамның даму жағдайының жақсаруына ардагерлерге, мүгедектерге және басқа азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету де жатады.

Жекеленген санаттағы 892 азаматтарға (Ауғанстан жерінен Совет армиясының шығарылуына 21 жылдық мерекесіне, Чернобыль апатын жоюға қатысқан азаматтарға, Семей ядролық сынақ полигонындағы зардап шеккен азаматтарға және емделуге мұқтаж азаматтарға) 7129,6 мың теңгеге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілген.

80 жастан асқан 21 жалғызілікті қарттардың әрқайсысының зейнетақыларына қосымша төлемақы ретінде бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1396,8 мың теңге қаржы төленген.

Қол арбаға мұқтаж 108 мүгедектерді қол арбамен және жетек арбамен қамтамасыз ету үшін 2431,7 мың теңге жұмсалған.

Қарттар мен мүгедектер күніне орай ауданда тұратын 100 жастан асқан қариялар, жалғызілікті қарттар және аз қамтылған мүгедектерге барлығы 277 адамға 3127,6 мың теңге бір жолғы материалдық көмек көрсетілген.

Аудандағы еңбекке жарамды азаматтардың көбісінің негізгі табыс көзі - еңбек жалақысы болып табылады. Ауданда еңбекақының өсімі жылдан жылға байқалған. (№43 кесте)




жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау