SWOT-талдау:
Күшті жақтары
|
Мүмкіндіктері
|
Тұрғындардың ішкі істер органдарына сенімінің артуы;
Апаттылық көрсеткішінің төмендеуі;
Мерт болғандар жарақат алғандар санын азайту;
Наша пайдаланушылар санын азайту.
|
Азаматтар көп жиналатын орындарға бейне бақылау жүйелерін енгізу;
Аса қауіпті жол учаскелерінде қауіпсіздікті күшейту, облыстың жол желілерінде ЖКО шоғырланатын ошақтарды жоюды қоса есептегенде.
|
Әлсіз жақтары
|
Қауіптер
|
Қылмыс деңгейінің артуы ;
Көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін жол инфрақұрылымының дамымағандығы;
Төтенше жағдайларға қарсы тұру инфрақұрылымы нысандарының аяқталмағандығы.
|
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың пайда болуы;
Жолдарда апаттылықтың артуы
|
БАҒЫТ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
БАЙЛАНЫС
Сайрам аудандық өндірістік телекоммуникация торабының қызметкерлері «Қазақтелеком» АҚ ОҚ ОТД–ның белгілеген жоспарлары мен тапсырмаларын орындауда едәуір нәтижелерге жетіп отыр.
Телекоммуникациялар торабы жалпы аудан тұтынушыларына қалааралық, халықаралық телефон байланысын, қосымша қызмет түрлерін, интернетке шығу, оның ішінде ADSL, Megaline, IP TV қызметтерін қосу - сату қызметін және АО «Аltel» сотовый компаниясының 3G - 4G арқылы интернетке шығу қызметтерін көрсетеді.
Қазіргі таңда, Сайрам АӨТТ-де 33 станция бар. Оның барлығы сандық АТС-тер. 2015 жылдың бүгінгі күніне нөмірлік сыйымдылық 18115 нөмірді құрап отыр.
Сайрам аудандық өндірістік телекоммуникациялар торабы бүгінгі күнге 41 елді мекенге қызмет көрсетеді.
- Жеке тұлғаларға орнатылған телефондар саны – 2014ж. – 16793 болса, 2015ж.- 16276, яғни 517 нөмірге азайған;
- ADSL, Megaline қызметінің тұтынушыларының саны – 2014ж.- 3714 болса, 2015ж.- 4145 болып, 431 абонентке өскен. Бүгінгі күнге 41 елді мекеннің барлық тұтынушылары Megaline қызметіне қосылуға мүмкіншілігі бар.
Аудан бойынша ЕСМ (ЛПУ) саны - 41,. Аудандағы 41 ЕСМ - і телефондандырылған. Оның ішінде 29-ы Megaline қызметіне қосылған.
Аудан бойынша барлық 71 мектеп телефондандырылған және интернетке шығуға толық мүмкіндігі бар. Кең жолақты ADSL интернет жүйесіне – 71 мектеп барлығы толығымен қосылған.
Бүгінгі таңда Сайрам ауданы бойынша барлық ауыл округтері WLL технологиясы бойынша сымсыз телефонмен қолданады, тұтынушылар саны 2014ж.- 6520 болса, 2015жылға – 5726 яғни 794 нөмірге азайған.
Ақсукент, Ақсукент-2, Қарасу, Манкент,Чапаево, Жібек жолы, Ақбай, Ақсуабад, Санаторий Манкент, Ақбұлақ, Қарамұрт ауылдарының тұрғындары IP TV қызметін қолданады.
Сайрам аудандық телекоммуникация торабының 2016 жылға қойған мақсаттары, желілерді модернизациялау және кеңейтіп дамыту. Сапа деңгейіне аса зор көңіл бөлу. Белгіленген күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын қолға алып, жоғары деңгейде жөндеуден өткізу.
2015 жылы 34 дана бағана ауыстырылды, 29км арақашықтықтағы оқшаулағыш сымдарын ауыстыру, 39 дана бағананы темір-бетонды тірекпен тұрақтандыру, 41 дана құдықты, 140 дана таратқыш қораптарын жөндеу сияқты жұмыстар жүргізілді.
Көлкент, Ақсуабад, Жібек жолы, Ақбай учаскескелерінде жалпы алғанда 18,8км ТОБЖ (ВОЛС) құрылысы жүргізілді. Нәтижесінде халыққа қосымша қызмет түрлерін, интернетке шығу жылдамдығы көтерілді және IP TV қызметтерін қосуға мүмкіншілік туындады.
Бүгінгі күнге аудан тұрғындарынан түскен арыздарды қанағаттандыру мақсатында атқарылатын іс-шараларды жоспарға сәйкес, белсенді, үйлесімді түрде шешуді қолға алып отырмыз.
Ақсукент және Қарабұлақ ауылдарында «Аltel» сотовый компаниясы телефон станцияларын орнатты. Бүгінгі таңда интернетке қосу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы алдағы жоспар аудан орталығы мен ауданнан төмен орналасқан ауылдық елді мекендер, емдеу-сауықтыру мекемелерін телефондандыру.
Интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметі мен оның трафиктік жоспарын көбейту. Интернет тұтынушылар санын ұлғайту және олармен тығыз байланысты болу. АДСЛ, Мегалайн, IP TV қызметтерін тұтынушыларға ұсыну.
Бүгінгі күнге дейін байланыс объектілерімен, желілерді қысқа әзірлеу жұмыстары толығымен аяқталды.
ҚҰРЫЛЫС
Ауданда халық санының өсуіне байланысты құрылыс саласы қатты дамуда. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2012-2014 ж.ж. аралығында 16,2% өсіп, 2014 жылы 15709,2 млн.теңгені құраған, оның ішінде жеке меншік шаруашылық субъектілері есебінен 15662,6 млн.теңгеге, шетелдік меншік субъектілерімен 146,5 млн.теңгеге орындалған. Есепті кезеңде 20566 шаршы метр тұрғын үй іске қосылған, бұл 2013 жылға қарағанда 72,1%. Құрылыс – монтаж жұмыстарына 14472,7 млн.теңге бағытталған (жалпы мердігерлік жұмыс көлемінің 92,4%).
2014 жылы тұрғын үй құрылысына 555,4 млн.теңге инвестиция жұмсалған, бұл 2013 жылға 62,2%. Ауданда тұрғын үй құрылысы негізінен жеке меншікті, оның ішінде халық қаржысы есебінен іске асырылған.
2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын-үй құрылысы жалпы алаңының 1 шаршы метр құрылыстың орташа нақты шығындары 27,0 мың теңгені құраған немесе 2013 жылға 89,3%. (№48 кесте)
2012-2014 ж.ж. аралығындағы құрылыс саласы бойынша негізгі көрсеткіштер
№48 кесте
|
2012
|
2013
|
2014
|
Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі, млн.теңге
|
13523,7
|
21788,1
|
15709,2
|
Пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы, шаршы метр
|
27869
|
25203
|
20566
|
Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция, млн.теңге
|
800,2
|
892,9
|
555,4
|
Объектілерді пайдалануға беру, барлығы
|
13
|
23
|
15
|
оның ішінде:
|
|
|
|
жалпы білім беру мекемелері
|
5
|
7
|
5
|
мектепке дейінгі мекемелер
|
4
|
10
|
9
|
амбулаторлы-поликлиникалық мекемелер
|
4
|
6
|
1
|
Соңғы 5 жылда ауданда әлеуметтік саладағы бір қатар нысандары пайдалануға тапсырылған.
2.1. «Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасы бойынша Сайрам ауданында 2011-2015 жылдары аралығында 28 нысанның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылған. Оның ішінде жобалық қуаттылығы 470 орын құрайтын мектепке дейіңігі 4 білім беру және жобалық қуаттылығы 9170 оқушы орындық 25 білім беру нысандары пайдалануға тапсырылған және 2000 оқушы орынға арналған 4 мектептің құрылысы 2015 жылы жүргізілуде (№49 кесте)
Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау бойынша
N
|
Көрсеткіштер
|
2011ж
|
2012ж
|
2013ж
|
2014ж
|
2015ж 8 айы
|
Барлығы
|
1
|
Тапсырылған нысандар саны
|
5
|
7
|
7
|
7
|
3
|
25
|
2
|
Қуаттылығы (оқу орны)
|
938
|
2672
|
2900
|
1430
|
1700
|
9640
|
3
|
Құны (млн. теңге)
|
1 284,4
|
3 210,1
|
3 706,5
|
2 359,3
|
1 959,9
|
11 975,0
|
№49 кесте
N
|
2015 жылы құрылысы жүргізіліп жатқан нысан атауы
|
Қуаттылығы (оқу орны)
|
Сметалық құны (мың теңге)
|
2015 жылға қаралған қаржы
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
Көлкент ауылындағы №65 Мұзрапов атындағы ЖОМ-нің құрылысы
|
600
|
703788,4
|
270 000,0
|
2016 жылға өтпелі
|
2
|
Қарабұлақ ауылындағы №81 Ұлықбек атындағы ЖОМ-нің құрылысы
|
600
|
981430,0
|
280 000,0
|
2016 жылға өтпелі
|
3
|
Қарабұлақ ауылындағы №101 ЖОМ-нің құрылысы
|
600
|
674786,1
|
300 000,0
|
2016 жылға өтпелі
|
4
|
Таскешу ауылындағы Тілендиев атындағы орта мектеп құрылысы
|
200
|
444 365,0
|
191 783,0
|
2016 жылға өтпелі
|
|
Барлығы
|
2000
|
2 360 004,5
|
3 471 783,0
|
|
2.2. «Қаланы және елді мекендерді көркейтуді дамыту» бағдарламасына сәйкес 2011-2012 жылдары жергілікті бюджеттен 252 062,0 мың теңге бөлініп, ауданымыздың тұрғындарының жағдайын жақсарту мақсатында Ақсукент ауылында Абылайхан көшесі және Жібек жолы даңғылы қиылысындағы "Мәртөбе" алаңын қайта құру, Орталық саябақтағы мінбе және сахна, "Даңқ" аллеясы, Неке сарайының құрылыс жұмыстары жүргізіліп халықтың игілігі үшін пайдалануға берілген.
2.3. «Мәдениет және елді мекендерді дамыту» бағдарламасына сәйкес 2011 жылы жергілікті бюджеттен 64 700,0 мың теңге бөлініп, Ақсукент ауылындағы аудандық мәдениет үйін қайта құрылған.
2.4. «Спорт және туризм объектілерін дамыту» бағдарламасына сәйкес 2011 жылы жергілікті бюджеттен 214 185,0 мың теңге бөлініп, Ақсукент ауылындағы балалар саябағын көркейту және спорт кешенінің құрылысы пайдалануға тапсырылған.
2.5. «Сумен жабдықтау жүйесін дамыту» бағадарламасы бойынша 2011-2012 жылдар аралығында жалпы құны 4 062 337,0 мың теңге құрайтын 12 нысан құрылысы пайдалануға берілген. Аталған нысандардың жоба бойынша қуаттылығы 364,2 шақырым құрайды.
2.6. «Ауыл шаруашылығы объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша 2013-2014 жылдары 52 961,1 мың теңге қаржы көлеміне аудан аумағында 18 дана ірі қара малды қолдан ұрықтандыру бекеттерінің құрылысы пайдалануға тапсырылған. 1 нысанның қуаттылығы-ұрықтандыру пунктінің өнімділігі ауысымына 2 бас құрайды.
2.7. «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру» бағдарламасы бойынша 2011, 2013 жылдары Қарасу ауыл а/о Ақбастау ауылы, Қайнарбұлақ а/о Көмешбұлақ ауылындағы коммуналдық және арендалық тұрғын үйлердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 239 722,0 мың теңге бөлінген.
2.8. «Мемлекеттік коммуналдық қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алу» бағдарламасы бойынша 147 401,7 мың теңгеге 2011 жылы Қарасу ауыл а/о Ақбастау ауылында арендалық (коммуналдық) 10 дана тұрғын үй құрылысы, Қайнарбұлақ а/о Көмешбұлақ ауылындағы коммуналдық меншіктегі 3 екі қабатты үйлер қайта құрылып, жалпы 58 отбасты тұрғын үймен қамтылған.
2.9. «Жылу жүйелері объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша 2011 жылы 230 693,5 мың теңге қаралып Қарабұлақ ауылындағы табиғи газ жүйелерінің құрылысы пайдалануға тапсырылған. Жоба бойынша қуаттылығы 7,8 шақырым құрайды.
Аудандағы 42 елді мекеннің халық саны 5000 тұрғыннан асатын 7 елді мекенге бас жоспар, халық саны 5000 тұрғынға дейінгі болған 10 елді мекенге оңайластырылған бас жоспар дайындалған.
ЖОЛДАР МЕН КӨЛІК
Аудан көлемінде 1128,7 шақырым автокөлік жолдары болса, оның ішінде 30 шақырымы Республикалық, 190,9 шақырымы облыстық, 132,9 аудандық маңызы бар, ал 774,9 шақырымы ішкі шаруашылық автомобиль жолдары бар.
Аудан аумағында жолаушыларды тасымалдаумен өз көлігімен такси ретінде патент арқылы жолаушылар таситын жеке тұлғалар айналысады.
Аудан көлемінде жолаушыларды тасымалдаумен «ЯНС» ИП «Анарметов» және «Олжас» ЖШС-рі айналысады. Аудан бойынша жалпы саны 19 бағытта жолаушылар тасымалданады (оның ішінде “ЯНС”- 19 бағытта 37 автобус және 26 шағын автобус, “Олжас”- 2 бағытта 10 шағын автобус пен 36 жеке такси ИП «Анарметов» жеке такси 268 қызмет көрсетуде).
Жолаушылар автокөлігі қатынасымен барлық елді мекендер қамтылған.
Аудан аумағында 1 автобекет және жолаушылар тасымалдайтын жеңіл көлік таксилер қатынайтын 1 автотұрақ заң талаптарына сәйкес орналасқан.
Жолаушыларды тасымалдаудың ең негізгі мәселесі – бұл маршруттардағы автобустардың қозғалыс кестесін қатаң түрде сақтауы болып саналады. Өкінішке орай, автобустардың жұмысында, әсіресе кешкі уақыттағы жұмыстарында көптеген сәйкестіктер болады. Бұл автобустардың жұмыстарын тексерудің төмен деңгейіне себеп болып, мұндағы адамдық фактордың болуы көп жағдайларда шындықты боямалауға ықпал етеді. Нәтижеде қалалық маршруттардағы автобустардың жұмыстарының тұрақтылығына жолаушылардың ескертулері болады, ал есептерде барлығы ойдағыдай атқарылған деседі. Автобустардың жұмысын тексерудің мұндай ахуалы тасымалдаушылардың жұмыстарын шынайы бағалауға мүмкіндік бермейді.
Халыққа көліктік көрсетіліп жатқан қызметтің сапасы сәйкес деңгейде орналасқан емес. Жолаушыларға көліктік қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша олармен кері байланыс орнатылмаған.
Сайрам ауданында жолаушылар тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындар осы кезеңге дейін аудан көлемінде ғана емес, көрші Төле би, Түлкібас, Бәйдібек аудандарына қарасты бірқатар елдерге де жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет жасайды.
2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда темір жол көлігінен басқа көліктің барлық түрлерімен 10839,1 мың тонна жүк тасымалданып, 2013 жылғы деңгейге 109,2% құраған. Жүк айналымы 606,7 млн.ткм құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 11,1% артқан.
Осы уақыт аралығында 155,7 млн. жолаушы тасылған, бұл 2013 жылдың деңгейіне 100,1% құраған. Жолаушы айналымы 933,5 млн.жкм немесе 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 2,5% өскен.
2014 жылы Шымкент қаласына қарай жүк айналымы бойынша қызмет көрсетудің ең көп үлесі Сайрам ауданына тиесілі - 56,9%-ға тең. (№50 кесте)
Автомобиль көлігінің даму көрсеткіштері
№51 кесте
|
2012
|
2013
|
2014
|
Тасымалданған жүк, млн.тонна
|
9,173
|
9,928
|
10,839
|
Жүк айналымы, млн.ткм
|
510,8
|
546,2
|
606,7
|
Тасымалданған жолаушыла, млн.адам
|
147,688
|
155,684
|
155,679
|
Жолаушылар айналымы, млн.жкм
|
786,6
|
910,8
|
933,5
|
Ауданда 2014 жылдың соңына 33931 автокөлік тіркелсе, барлығы технкалық байқаудан өткен. Нәтижесінде көлік саласында түсетін салық түсімдері 184,4 млн.теңгені құраған.
Жолдағы апаттардың азаюына, жол қозғалысы қауіпсіздігі көрсеткіштерінің төмендеуіне ықпал ететін бірден-бір маңызды себептердің негізгісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде көшелер, автомобиль жолдарын салу, күрделі жөндеу, қайта құру, орташа жөндеу, ағымдағы және күтіп ұстау мәселелері болып табылады.
Сайрам ауданы бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 1128,7 шқ. құрайды, оның 22 шақырымы республикалық маңызы бар жолдар, оның ішінде жабынды түрлері бойынша: асфальтобетон 22 шқ құрайды ағымдағы жағдайы жақсы.
Облыстық маңызы бар жолдар 190,9 шқ., оның ішінде жабынды түрлері бойынша: 169,4 шқ. қанағаттанарлық , 20,8 шқ қанағаттанарлықсыз техникалық санаты III.
Аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 132,9 шқ. құрайды. Оның ішінде жабынды түрлері бойынша: қанағаттанарлығы 115,0 шқ, қанағаттанарлықсыздығы 17,9 шқ тезникалық санаты V.
Ішкі шаруашылық автомобиль долдары ұзындығы 774,9 шқ қанағаттанарлығы 696,4 шқ. қанағаттанарлықсыздығы 78,5 шқ.
2014 жылы жергілікті маңызы бар жолдарды орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 15 көшеге 214,0 млн.теңге, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 17 көшеге 338,1 млн.теңге, «Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 7 көшеге 81,3 млн.теңге, барлығы 633,4 млн.теңге қарастырылып, 47,9 шақырым жол орташа жөндеуден өткізілді. Аудандық бюджеттен жол қауіпсіздігін сақтауға 17,5 млн.теңге қаралып, Ақсукент ауылына бейне-бақылау, бағдаршам орнатылған.
2015 жылы жергілікті бюджеттің 209,517 млн.теңге қаржысына 28,9 шқ автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары атқарылды.
Жалпы 2011-2015 жыл аралығында жалпы бюджет есебінен 1659,9 млн. теңгеге 102 көше, 213,6 шақырым жолдар ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізілген.
ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ
Сумен қамту. Аудан аумағындағы 42 елді мекеннің 41 елді мекені орталықтандырылған ауыз су желілерімен қамтамасыз етілген, 1 елді мекен құдық суын пайдалануда (Құтарыс а/о Қызылжар е/м), оның ішінде Қарабұлақ ауыл округінің тұрғындарын «Қайтпас су» ЖШС, Қарамұрт ауыл округінің тұрғындарын «Қарамұрт су» ЖШС, қалған ауыл округтері тұрғындарын «Сайрам Тазалық» ЖШС қамтиды.
«Сумен жабдықтау жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша Сайрам ауданында 2011-2015 жылдары аралығында 17 нысанның құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылған. Оның ішінде жобалық қуаттылығы 888,6 шақырымды құраған.
2011 жылы
Республикалық бюджеттен сметалық құны 1699,155 млн теңгеге Сайрам ауданы Ақбай-Қарасу су қоймасынан Көмешбұлақ су қоймасына дейін су жүйелері құрылысы жұмыстары аяқталып осы жылдың 2-ші желтоқсанда №1462 қаулысымен пайдалануға берілді.
Облыстық бюджеттен
1.Сметалық құны – 30 294,0 мың теңгеге Жаңаталап ауыл округіне қарасты Черноводск ауылындағы ауыз су жүйелерінің құрылысы жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.
2.Сметалық құны – 359 561,0 мың теңгеге Жаңаталап ауыл округіне қарасты Игілік ауылындағы ауыз су жүйелерінің құрылысы жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.
3.Сметалық құны – 214 129,0 мың теңгеге Жаңаталап ауыл округіне қарасты Жаңаталап ауылындағы ауыз су жүйелерінің құрылысы жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.
4.Сметалық құны – 82 359,0 мың теңге Қайнарбұлақ ауыл округіне қарасты Таскешу ауылындағы ауыз су жүйелерінің құрылысы жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.
5. Сметалық құны – 354 620,0 мың теңгеге. Қайнарбұлақ ауыл округіне қарасты Көмешбұлақ ауылындағы ауыз су жүйелерінің құрылысы жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.
6.Сметалық құны – 69 597,0 мың теңгеге. Құтарыс ауыл округіне қарасты Ақарыс ауылындағы ауыз су жүйелерінің құрылысы жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.
7. Сметалық құны – 349 351,0 мың теңгеге Тассай ауыл округіне қарасты Таскен ауылындағы ауыз су жүйелерінің құрылысы жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.
Аудандық бюджеттен
1. Сметалық құны 306000,0 мың.теңгеге Жібек-Жолы ауылының ауыз су жүйелері құрылысы жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.
2012 жылы
1. Сметалық құны 282300,0 мың теңгеге ОҚО, Сайрам ауданы, Ақбұлақ ауыл округіне қарасты Ақбұлақ ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету, су өткізгіш жүйелерінің құрылысы жұмыстары аяқталып пайдалануға беріді.
2. Сметалық құны 285940,0 мың теңгеге ОҚО, Сайрам ауданы, Қаратөбе ауыл округіне қарасты Бадам-1 ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету, су өткізгіш жүйелерінің құрылысы жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.
3. Сметалық құны 126034,0 мың теңгеге ОҚО Сайрам ауданы Жұлдыз ауыл округіне қарасты "Оңтүстік" елді мекеніндегі су өткізгішінің құрылысы жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.
2013 жылы
Республикалық бюджет
1. Сметалық құны 939 237,0 мың. теңге ОҚО, Сайрам ауданы Манкент ауыл округіне қарасты Манкент елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.
2. Сметалық құны 239226,0 мың теңгеге Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Жұлдыз ауыл округі Жалын ауылы және Жаңақұрылыс көшесін сумен қамтамасыз ету құрылысы жұмыстары аяқталып пайдалануға берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |