Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы


Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары



жүктеу 1,61 Mb.
бет13/18
Дата30.12.2019
өлшемі1,61 Mb.
#25466
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:




-жаңа инвестициялық жобалар арқылы озық жаңа технолгияларды өндіріске енгізу, инвесторлар тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, қайта өңдеу кәсіпорындарын дамыту бойынша жобаларды іске қосу;




-Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған бағдарлама аясында Индустрияландыру картасына жобалар енгізу;




- жыл сайын «Сайрам ауданының өнеркәсіп кәсіпорындары және олардың өндіретін өнімдері» туралы кітапша шығару;




- аудан көлемінде Индустриалды аймақ құру.

- жергілікті өндіріс өніміне көтерме сауда алаңдарын ашу;

-«Өнімділік 2020» бағдарламасына қатысу үшін жобаларды қаржыландыру, құжаттарды дайындау тәртібі жөнінде түсініктеме жұмыстарын жүргізу;

- «Өнімділік 2020» бағдарламасы арқылы қолданыстағы өндірістердің жетілдіруін қолдау;

- «Өнімділік 2020» бағдарламасы қолдаған өндірістерді мониторингілеу;

-салалық көрме, форум, семинарлар аясында саланың алдыңғы қатарлы технологиясын ілгері жылжыту;

- Индустрияландыру картасы, "Өнімділік-2020", "Экспорттаушы-2020", "Бизнестің жол картасы-2020", "Өңірлерді дамыту-2020" бағдарламалары арқылы салада инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жобаларды қолдау;

- жеңіл өнеркәсіпте, мұнай өңдеуде,химия өнеркәсібінде,фармацевтика өнеркәсібінде, құрылыс индустриясында, металлургия өнеркәсібінде, машина жасауда өндірістер құру.

Өнеркәсіп өнімінің көлемін 2016 жылы 19898,6 млн.теңгеден 2020 жылы 33382,6 млн.теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр

Кен өндіру өнеркәсібінде 2016-2020 жылдар аралығында өнім көлемінің өсімі жыл сайын 3-4% жоспарланып отыр.

Өңдеу өнеркәсібі өнімі көлемінінің 2016-2020 жылдар аралығында жыл сайын орташа 12,5%-ға өсуі көзделген.

Тамақ өнімдері көлемінің өсімі 2016-2020 жылдар аралығында жыл сайын 7-10 пайызға болжамданған.

Тоқыма өнеркәсібі өнімі көлемінің өсімі 2016-2020 жылдар аралығында жыл сайын 2-8%-ға жоспарланған.

Қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру көлемінің өсімін 2016-2020 жылдар аралығында жыл сайын 33-50 пайыз аралығында болжамдануда.

Мұнай өңдеу өнімдері көлемінің өсімі 2016-2020 жылдар аралығында жыл сайын 50 пайыздан 3 есеге дейін күтілуде.

Химиялық өнеркәсіп өнімдер өндіру көлемінің өсімі 2016-2020 жылдар аралығында жыл сайын 10-20% аралығында болжамданған.

Резіңке және пластмасса бұйымдарының өнім көлемінің өсімі 2016-2020 жылдар аралығында жыл сайын 10-15% аралығында болжамданған.

Өзге де металл емес минералдық өнімдер көлемінің өсімі 2016-2020 жылдар аралығында жыл сайын 11-13% аралығында болжамданып отыр.

Металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл бұйымдарының өндіріс көлемінің өсімі 2016-2020 жылдар аралығында жыл сайын 3-8% аралығында болжамданып отыр.

Дайын металл бұйымдары өнімінің өсімі 2016-2020 жылдар аралығында жыл сайын орташа 8,2%-ға өсуі көзделген.

Машина жасау саласында өнім көлемінің өсімі 2016-2020 жылдар аралығында жыл сайын 5-11% аралығында болжамданып отыр.

Өнеркәсіптің өзге де салалары бойынша өнім көлемінің өсімі 2016-2020 жылдар аралығында жыл сайын 6-10% аралығында болжамданған.



Шағын және орта бизнес, сауда

Саланың негізгі проблемалары ШОК бастапқы қалыптасу кезеңіндегі несиелендірудің төмен деңгейі, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілер және т.б. болып табылады.



2016-2020 жж. сала дамуының басымдықтары жаңа өндірістерді қолдау, өңірде бизнес-климатты жақсарту, білікті мамандарды даярлау және т.б.

Мақсат – шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдайлар жасау














Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020



















есеп

баға

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар







1

2

3

4

5

6

7

8

9







Бағыт: Экономика







Шағын және орта бизнес, сауда







11

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрғансубъектілерінің үлесі

%

59,4

65,0

88,9

89,9

91,2

93,1

95,0








12

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі

%

107,5

110,0

101,0

101,5

102,0

102,5

103,0










12.1

Бөлшек сауда қызметі түрімен сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда объектілерінің санын ұлғайту

бірлік

-

-

-

-

-

-

-





Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:

  • «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде өндірісті жаңғырту және кеңейтуге бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру;

  • «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығының жарғылық капиталын көбейту, несиелер бойынша несиелендіру лимитін арттыру және пайыздық мөлшерлемені азайту;

  • «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде өңір экономикасы үшін маңызды кәсіпорындардың коммуналдық шығындарының бір бөлігін субсидиялау бойынша жаңа бағыт ашу, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен;

  • әкімшілік кедергілерді, бюрократиялық рәсімдерді қысқарту және жаңа кәсіпорындар жолындағы кәсіпкерлік қызметті реттеудің «үздік тәжірибесін» қабылдауға жәрдемдесу арқылы барлық кәсіпорындарға бірдей жағдай жасау;

  • кәсіпкерлермен түсіндірмелік семинарлар, тренингтер, «дөңгелек үстелдер» өткізу, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін буклеттер және оқу құралдарын шығару.

  • «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің біліктілігін арттыру;

  • бизнесті дамыту және қолдау бірыңғай бағдарламасы «Бизнестің жол картасы - 2020» шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау;

  • «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының қатысушыларын шағын несиелендіру;

  • ауданда заманауи сауда нысандарын салу.

2016 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 14691 бірлікке жетіп, тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 88,9 %-ды құрайды деп болжануда.

2020 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны 18763 бірлікке жетіп, тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 95,0 %-ды құрайды деп болжануда.



1000 тұрғынға шаққанда шағын және орташа кәсіпкерліктің іс-әрекеттегі субъектілері санының өсімі:

2015 жылдың соңына дейін халық саны 198800 адамға жетіп, оны


1000 тұрғынға шаққанда шағын және орташа кәсіпкерліктің іс-әрекеттегі субъектілері санының өсімі 71,9 бірлік болып, 1000 тұрғынға шаққанда шағын және орташа кәсіпкерліктің іс-әрекеттегі субъектілері санының өсімі 166,6 пайызға жетеді деп күтілуде.

2020 жылдың соңына дейін халық саны 215196 адамға жетіп, оны


1000 тұрғынға шаққанда шағын және орташа кәсіпкерліктің іс-әрекеттегі субъектілері санының өсімі 82,5 бірлікке жетіп, 1000 тұрғынға шаққанда шағын және орташа кәсіпкерліктің іс-әрекеттегі субъектілері санының өсімі 105,1 пайызды құрайды деп болжануда.

2016-2020 жылдары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіруі:

2016 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 41465,1 млн. теңгеден 2020 жылы 6347,9 млн. теңгеге жеткізу болжануда.

2016 – 2020 жылдары аталған көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында атқарылатын жұмыстар:

Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бойынша аудан көлеміндегі микрокредиттік ұйымдардың қызметтері туралы ақпарат бойынша: "Ырыс", "Ауыл шаруашылығын қолдау Қоры", "КазМикрофинанс" «Жәрдем АС» МКҰ, «Сайрам несие» МКО «Арнұр Кредит» ЖШС арқылы 2014 жылы 2947,7 млн.теңге көлемінде 5090 адамға несие берілген.

Сауда саласында тауар айналымыңы көлемін 2016-2020 жылдар аралығында өнім көлемін 8909,0 мың теңгеден 2020 жылы 9025,4 мың теңгеге жеткізу, өсімін 102,5 %-ға өсу жоспарланған.
Инновациялар және инвестициялар

Саланың негізгі проблемалары қаржы қаражатының жетіспеушілігі, инновацияларға шығындардың жоғарылығы, технологиялар туралы ақпараттың болмауы, білікті мамандардың жетіспеушілігі. Осыған орай 2016-2020 жж. саланың даму басымдықтары ауыл шаруашылық өнімін өңдеуге, өңдеу өнеркәсібіне және ШОК инвестициялар тарту үшін тартымды жағдайлар жасау болып табылады.



Мақсат – Өңірдегі инвестициялық климатты жақсарту














Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020



















есеп

баға

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар







1

2

3

4

5

6

7

8

9







Бағыт: Экономика







Инновациялар мен инвестициялар







13

Облыстың негізгі капиталына салынған жалпы инвестициялар көлеміндегі аудан/қала инвестициясының үлесі

%

10,4

6,6

6,0

6,0

6,0

6,0

6,0










13.1

1000 адамға шаққанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі

млн. теңге

145,7

151,5

136,1

136,3

137,9

139,4

145,2







14

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі

%

8,9

9,1

9,8

10,0

11,0

15,0

20,0










14.1

Өндірілген инновациялық өнім көлемін ұлғайту

млн. теңге

394,1

453,2

507,5

576,0

862,4

1061,7

1875,9




Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:

  • басымдық секторларға инвестициялар тартуға жәрдемдесу;

  • етті, сондай-ақ сүт пен сүт өнімдерін өндіру және өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту;

  • индустриалдық аймақтарды дамыту;

  • жаңа өндірістерді құру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;

  • инвесторлардың өндірістік және басқа объектілерін орналастыру үшін қолжетімді инфрақұрылымды қалыптастыру;

  • жаңа өндірістер құру, инвестициялық климатты жақсарту саласында ынтымақтастық мәселелері бойынша инвестициялық форумдар, көрмелер, бизнес-кездесулер ұйымдастыру, жарнамалық –ақпараттық мақалалар жариялау, өңірдің инвестициялық тартымдылығы туралы брошюралар шығару;

  • ее өңдеу, сонымен қатар сүт және сүт өнімдерін өңдеу өндірістерін дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту;

  • әлеуметтік салада жобаларды әзірлеу (соның ішінде білім беру және денсаулық сақтау саласында);

  • көлік, энергетика және инженерлік инфрақұрылым объектілерін салуға бағытталған жобаларды қолдау;

  • халықаралық стандарттарға сай менеджмент жүйелерін әзірлеу, енгізу, сертификациялау өткізу.

Негізгі капиталға бағытталатын инвестиция көлемін 2016 жылы – 27594,0 млн. теңгеден, 2020 жылы – 31866,1 млн. теңгеге жеткізу жоспарлануда.

Төмендегі іске қосылған және жоспарланып отырған жобалардың есебінен өнеркәсіп өнім көлемінің артуы, инвестиция көлемінің өсімі күтілуде:



2015 жылы:

«Пирамида Өсімдік Қорғау-777» ЖШС-ның «GOLDEN NOMAD» маркалы тігін фабрикасы 2015 жылдың ақпан айынан бастап кәсіпорын өндіріс орындары мен банк қызметкерлеріне арналған арнайы (спецовка) киімдер тігу мақсатында 29 қосымша жұмыс орнын ашқан. Бүгінгі таңда кәсіпорында барлығы 108 адам жұмыс атқарады. Жоба ақпан айында іске қосылған.

«STRATUS OIL» ЖШС – (Ақсу ауылы) «Мұнайды сақтайтын және өңдейтін кешен құрылысы». Шығаратын өнімі - бензин, дизель отыны, мазут. Атқаратын қызметі - мұнай өнімдерін өндіру, жинау, сақтау және сату. Өндіріс қуаттылығы жылына 250-375 мың тонна мұнай өңдеу. Бірінші кезекте ашылған жұмыс орны 60 адам.

«K.AZ TEL» ЖШС - (Ақсу ауылы) «Кабельді электр сымдарын шығаратын өндіріс орнын кеңейту» есебінен қосымша 7 жұмыс орнын ашқан.Өндірісте барлығы 50 адам жұмыс атқаруда. Жобаның құны - 125,0 млн.теңге.Өндірістік қуаттылығы 7200 ш.м кабель шығару жылына. Жоба 2013 жылдан бері Өңірлік Индустрияландыру картасында. 2014 жылы қосымша құрал-жабдықтар алу үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 155,0 млн.теңге көлемінде қолдау алған. Жоба маусым айында іске қосылған.

"J.F.M. Company" ЖШС (Құтарыс ауылы) – «Балық түрлерін өңдеу және консервілеу» жобасы. Жобаның қуаттылығы 700-1000 мың дана балық және көкөніс консервілері. Жобаның құны 362,0 млн.теңге. Ашылған жұмыс орны 150 адам. Жоба тамыз айында іске қосылған.

«Балғын сүт» ЖШС – (Қарасу ауылы) «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кешен құрылысы» жобасы. Ашылған жұмыс орны 10 адам. Жобаның құны – 100,0 млн.теңге, қуаттылығы күніне 5 тонна сүт өңдеу. Жоғары технологиялы құрал-жабдықтарда өндірілген сүт өнімдерін өндіріп, оларды каптау. Жоба қыркүйек айында іске қосылған.

«Sigma Brau» ЖШС - (Ақсу ауылы)«Сыра зауытының құрылысы». Қызметі - Сыра өндіру, көтерме және бөлшек саудада дайын өнімді сату.Шығаратын өнім түрі – кег-бөшкелер мен шыны бөтелкелерге құйылған сыра, 4 түрлі ассортиментте. Ашылатын жұмыс орны 31 адам. Жобаның құны - 542,0 млн.теңге. Жобаның қуаттылығы табиғи түрде - 1 000 000 дал жылына. Іске қосылу мерзімі – 2015 жылдың ІУ тоқсаны.

«Асылхан» ШҚ-ның (Қарасу ауылы) «1 га жер теліміне тамшылатып суғару тәсілімен лимон егу» жобасы. Жобаның құны 125,0 млн.теңге. Жобаның қуаттылығы 35,0 мың кг жылына. Ашылатын жұмыс орны 15 адам.

«Едгор» ШҚ-ның (Қарабұлақ ауылы) «Сүт-тауарлы фермасын кеңейту және ірі қара мал сатып алу» жобасы.Өндірістік қуаттылығы– 500 бас ІҚМ. Ашылатын жұмыс орны– 12 адам.

«ЖК Юлдашев Б.» (Қожақорған ауылы) «Заманауи монша құрылысы» Жобаның құны 50,0 млн.теңге. Жобаның қуаттылығы 85 адам сағатына. Ашылатын жұмыс орны 15 адам. Іске қосылу мерзімі – 2015 жылдың ІУ тоқсаны.

«ЖК Исламов» (Манкент ауылы), 500 адамға арналған «Ақ сарай» тойханасының құрылысы. Ашылатын жұмыс орны 18 адам.

Жалпы ауданы 1800 ш. м. Іске қосылу мерзімі- 2015 жылдың ІУ тоқсаны.


2016 жылы:

«Ақсу Энерго» ЖШС-ның (Ақсу ауылы) «Қуаттылығы 2 мВт шағын суэлектрстанцасының құрылысы» жобасы. Жобаның құны 388,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны 12 адам. Жобаның өндірістік қуаттылығы 2,5 кВт электр энергиясы.

«ЖК Егембердиев» (Ақсу ауылы) –Құрылыс материалдарын шығаратын цехты іске қосу» жобасы. Шығаратын өнім түрі- жылу және гидро изоляциялық материалдар шығару. Жобаның құны - 49,0 млн.теңге. Өндірістік қуаттылығы - Ашылатын жұмыс орны 25 адам. Іске қосылу мерзімі – 2016 жылдың ІІ тоқсаны.

«Қайып ата» ЖШС-(Қайнарбұлақ ауылы)Жалпы жоба «БЖК 2020» бағдарламасының екі бағыты бойынша қолдау алған. Қаржыландыру құрылымы: 40,6 млн.теңге жеке қаржысы, 190,0 млн.теңге ЕДБ қаржысы. Жобаның атауы – «Ет өңдеу комбинатының құрылысы» Шығаратын өнімі – ІҚМ бордақылау, ет өндіру, етті буып-түйю (упаковать), сату. Жобаның өндірістік қуаттылығы – 1000 бас ІҚМ бордақылау, 540 тонна ет өндіру жылына немесе 529,0 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны – 20 адам.

Жоба Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылдың 20 наурызындағы «2015-2019 жылдарға арналған Оңтүстік Қазақстан облысының өңірлік индустрияландыру картасын бекіту туралы» № 77 Қаулысымен Өңірлік индустрияландыру картасына енген.

Жоба 2012 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылымға (35/0,4 кВ трансформаторын орнату, су құбырларын кіргізу- құны 64,0 млн.теңге) қолдау алған. Іске қосылу мерзімі – 2016 жылдың ІІ тоқсаны.

"Нұрлы жол KZ" ӨК-ның (Қарамұрт ауылы) «50 га жер теліміне тамшылатып суғару тәсілімен тұт плантациясын егу» жобасы. Жібек құрттарын өсіру.Өндірістік қуаттылығы– 100 тонна жылына. Ашылатын жұмыс орны 50 адам.

«Бірлік-4» ЖШС(Ақсу ауылы) – «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін цех құрылысы». Шығаратын өнім түрі көкөніс консервілері. Жобаның құны 2016,7 млн.теңге.Жобаның өндірістік қуаттылығы -1 млн.банка жылына. Ашылатын жұмыс орны 100-200 адам. Іске қосылу мерзімі – 2016 жылдың ІУ тоқсаны.

«RIH K» ЖШС,(Ақсу ауылы)"Қуаттылығы күніне 250 тонналық диірмен құрылысы ". Ашылатын жұмыс орны 30 адам. Жобаның құны 765,0 млн.теңге.

«Golden Earth» ЖШС(Ақбұлақ ауылы) - «Ауыл шаруашылығы саласына қажетті суаруға арналған жабдықтар шығаратын зауыт құрылысы» жобасы.Жобаның құны 3991,8 млн.теңге. Жобаның өндірістік қуаттылығы– 1 млн. ш.м жылына Ашылатын жұмыс орны 20 адам.Іске қосылу мерзімі – 2016 жылдың ІУ тоқсаны.

"Озай Зеки" ЖК(Қарамұрт ауылы)«Жеміс-жидек, сүт өнімдерін қайта өңдеу цехының құрылысы» жобасы. Жобаның өндірістік қуаттылығы 700 мың банка жылына. Ашылатын жұмыс орны 10 адам.

«Алма» СТК-ның(Қарасу ауылы) «Тұшпара шығаратын цехын іске қосу» жобасы.Жобаның өндірістік қуаттылығы 600 кг жылына. Ашылатын жұмыс орны 10 адам.



2017 жылы:

"Олимп газ" ЖШС(Ақсу ауылы) – «Газ баллондар сақтайтын қойманы кеңейту» жобасы. Жобаның өндірістік қуаттылығы – 1500 балон жылына. Ашылатын жұмыс орны 5 адам.

"ҚАЗНҰР" ЖШС–(Қарасу ауылы) "Сиымдылығы 2000 тонна көкөніс сақтайтын қойма құрылысы" жобасы. Жобаның құны 200,0 млн.теңге. Жобаның өндірістік қуаттылығы 2000 тонна. Ашылатын жұмыс орны 12 адам.

«Алма» СТК-ның (Қарасу ауылы) өндірісті кеңейту мақсатында өнімнің жаңа түрі «Көкөніс консервілеу цехын іске қосу» жобасы.Жобаның өндірістік қуаттылығы 800 мың банка жылына. Ашылатын жұмыс орны 13 адам.

"Нұрлы жол KZ" ӨК-ның (Қарамұрт ауылы)«5 га жер теліміне тұт бауын өсіру» жобасы.Жобаның өндірістік қуаттылығы 1200 кг жылына. Ашылатын жұмыс орны 40 адам.

«Ақ маржан» тойханасы (Манкент ауылы) «400 адамға арналған тойхана құрылысы». Ашылатын жұмыс орны 15 адам.


2018 жылы:

"Асыл ЛТД" ЖШС(Ақсу ауылы) «Диірменді кеңейту, қосымша құрал-жабдықтар қою жобасы.Жобаның өндірістік қуаттылығы 300 кг сағатына. Ашылатын жұмыс орны 12 адам.

ЖК Шахиевтың (Ақсу ауылы) «Пластикалық терезе шығаратын цех» ашу жобасы.Жобаның өндірістік қуаттылығы күніне 300 кг. Ашылатын жұмыс орны 8 адам.

ЖК Мамбеталиевтың (Ақсу ауылы) «Металлдан жасалған есік, тор шығаратын цехты іске қосу» жобасы.Жобаның өндірістік қуаттылығы күніне 900 кг.. Ашылатын жұмыс орны 9 адам.

ЖК Ф.Таджиевтың(Ақсу ауылы) «Ағаш өңдеу, есік және терезе шығару цехының құрылысы» жобасыЖобаның өндірістік қуаттылығы күніне 500 кг. Ашылатын жұмыс орны 10 адам.


жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау