2013-2014 жылдары
1. ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсу-1 ауылы (Жібек жолы көшесінің сол жағы, аудан орталығы) Ақсу-1 мөлтек ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы. сметалық құны 609027,0 мың теңге. 2014 жылы пайдалануға берілді.
2.ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсу ауылындағы Манкент демалыс үйі аумағын және Авгань мөлтек ауданы МКСО, ПМК сумен қамтамасыз ету құрылысы. сметалық құны 371340,0 млн. теңге 2015 жылдың 30 қарашасына дейін нысан пайдалануға берілді.
3. ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсу ауылындағы Новостройка мөлтек ауданын және көп қабатты тұрғын үйлер мөлтек ауданан (53үй) сумен қамтамасыз ету құрылысы. сметалық құны 521251,0 млн. теңге 2014 жылы пайдалануға берілді.
4. Ақсукент ауыл округіне қарасты (Жібек жолы көшесінің оң жағы, аудан орталығы) Ақсу-1 елді мекенін ау ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы. сметалық құны 475566,0 мың. теңге. 2014 жылы пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы іздеу- барлау жұмыстары 2014 жылы басталған, 2015 жылдың IV тоқсанында аяқталады. Жер асты су қоры бекітілгендігі жөніндегі қорытындыға сәйкес 2016 жылы ЖСҚ әзірлеп, 2017 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Табиғи газ саласы. Аудан аумағындағы 42 елді мекеннің 18 елді мекені табиғи газбен қамтамасыз етілген, ал 24 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілмеген. Осыған байланысты табиғи газбен қамтамасыз етілмеген елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында айтарлықтай жұмыстар атқарылған.
Атап айтқанда:
1. Қарабұлақ ауыл округі тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы жоғары қысымды газ құбырларының құрылысына Республикалық бюджеттен 230,0 млн. теңге қарастырылып, құрылыс жұмыстары 2011 жылы жүргізіліп, пайдалануға берілген. Ал, Қарабұлақ ауылының ішкі кварталдық таратушы газ өткізгішінің құрылыс жұмыстарының сметалық құны 2080,8 млн. теңгені құрап, құрылыс жұмыстары 2013 жылы басталып, 2016 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.
Ал 24 елді мекенің табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, «Бейнеу-Шымкент» магистральді газ өткізгішінің Түлкібас ауданындағы 1420 шақырымынан, Сайрам ауданына қарасты Арыс ауыл округі аумағындағы №20 «Жаңақоғам» АГТС (автоматтық газды тарату станциясы) құрылысы және №20 «Жаңақоғам» АГТС құрылысынан Қарабұлақ елді мекені арқылы Көмешбұлақ елді мекеніне дейінгі жеткізуші газөткізгіш құбырының құрылыс» нысаны бойынша мердігер мекеме «Отау-Строй» ЖШС жеңімпаз атанған. Аталған нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құны-2150,6 млн. теңге. Мердігер мекеме «Отау-Строй» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2015 жылдың 1 желтоқсанына дейін пайдалануға беріледі. Аталған магистральді газ құбырынан 24 елді мекен тұрғындарын 2016-2020 жылдар аралығында табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Қазіргі таңда 7 елдімекен тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға облыстық және аудандық бюджеттен қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаз мекемелер тарапынан жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.
Соңдай-ақ, қалған 14 елді мекен тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 2016-2018 жылдары жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға облыстық және аудандық бюджеттен қаржы қарастырыуға ұсыныс беріледі.
Электр саласы. Сайрам ауданы АЭЖ-нің меншігінде төмендегідей электр қондырғылары мен электр желілері бар:
ВЛ-35кВ-1281дана бағана,ВЛ-10кВ-9052дана бағана,ВЛ-0,4кВ-25417дана бағана:
ВЛ-35 кВ – 181,588 шақырым
ВЛ-10 кВ – 607,082 шақырым
ВЛ- 6 кВ – 18,9 шақырым
ВЛ-0,4 кВ – 1073,873 шақырым
КТП-10/0,4 кВ – 426 дана
Қосалқы станция 110/35/10/6 кВ – 15 дана
Соңғы 2011-2015 жылдары инвестициялық бағдарлама бойынша жартылай болат сымдарды – алюминий сымдарына, жарамсыз халдегі сымдарды жаңа сымдармен ауыстыруға, уақыт өте келе тозығы жеткен, шіріген ағаш электр бағаналарын – темір-бетон электр бағаналарымен ауыстыруға, ескі үлгідегі трансформаторларды - жаңа үлгідегі қолданыстағы трансформаторлармен алмастыруға және халықтың табиғи өсуіне, өнеркісіптің өсуіне-дамуына байланысты, электр қуатын тұтынушылар санының артуына байланысты трансформаторлар қуатын арттыру негізінде жүргізілген жұмыстар болып отыр. Одан басқа, жоспардан тыс жарамсыз халдегі сымдарды жаңа изоляциялық сымдармен Қайнарбұлақ а/о-де жоғарғы кернеулі электр желісі (10 кВ) бойынша – 27,292 шақырым,төменгі кереулі электр желісі (0,4 кВ) бойынша – 18,151 шақырым Қарасу а/о-де 100 кВА-дан 160 кВА-ға 2 дана,63 кВА-дан 100-кВА-ға 1 дана Каратобе аулында 160кВа-дан 250кВа-га 1дана,100кВа-дан 2 дана160кВа ғаВа –га трансформаторлар шкафымен ауыстырылған.
«Қаланы және елді мекендерді көркейтуді дамыту» бағдарламасына сәйкес 2011-2012 жылдары жергілікті бюджеттен 252,1 млн. теңге бөлініп, аудан тұрғындарының жағдайын жақсарту мақсатында Ақсукент ауылында Абылайхан көшесі және Жібек жолы даңғылы қиылысындағы "Мәртөбе" алаңын қайта құру, Орталық саябақтағы мінбе және сахна, "Даңқ" аллеясы, Неке сарайы, аудандық мәденіет үйі алдындағы алаңын қайта құру, Аксукент -2 мөлтек ауданында жастар аллеясы және Қарабұлақ ауылында тәуелсіздік аллеясы құрылыс жұмыстары жүргізіліп халықтың игілігі үшін пайдалануға берілген.
«Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру» бағдарламасы бойынша 2011, 2013 жылдары Қарабұлақ а/о Қарабұлақ ауылы, (газ құбыры) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 230,7 млн. теңге бөлінген.
«Коммуналдық шаруашылығын дамыту» бағдарламасы бойынша 2014-2015 жылдары аудан аумағында орналасқан 71 көп қабатты тұрғын үйлерді кондоминиум нысаны ретінде тіркеу үшін, техникалық төлқұжаттарын жасауға 8406,5 мың теңге бөлінген. Бүгінгі таңда, аудан аумағында кондоминиум нысаны ретінде 54 дана қөп қабатты тұрғын үй тіркелген болатын. Қалған 17 дана көп қабатты тұрғын үйлердің 13 данасына техникалық төлқұжат жасалынып, кондоминиум нысаны ретінде тіркеу жұмыстары жалғастырылуда.
«Жылу жүйелері объектілерін дамыту» бағдарламасы бойынша 2011-2015 жылдары бюджеттен қаржы қарастырылмаған.Аудан көлеміндегі көпқабатты тұрғын үйлер автоном пештермен қамтамасыз етілген.
Инфрақұрылым бағыты SWOT- талдау
Күшті жақтары (S)
|
Мүмкіндіктері (О)
|
1.Ауданның экономико-географиялық
орналасқаны:
- қалаға жақындығы және 6 ауданмен шекаралас;
- Алматы-Самара халықаралық тас жолы бойында;
- халықаралық темір жол бойында
2. Қолайлы географиялық орналасуы – ауылшаруашылығы өнімін сататын ірі рыноктарға жақындығы
3. Көлік инфрақұрылымының дамығаны
4.Елді мекендердің газбен қамтылуы
5. Ақпараттық қоғамның дауы
|
1. Көлік саласында кіші және орта бизнесті дамыту.
2. Негізгі транзитті дәліз арқылы транзитті қозғалысты күшейту
3. Аумақ тұрғындарының ақпараттық техноголиямен қызығуы
|
Әлсіз жақтары (W)
|
Қауіптері (Т)
|
1. Кадрлар жетіспеушілігі және кадрларды даярлауда төмен деңгей
2. Сапалы ауыз сумен тиісті деңгейде қамтамасыз етілмеуі.
3. Қолданылу уақытының көп болуы және капиталдық салымдардың жеткіліксіздігі салдары ретінде газ, су құбырлары мен жылу тармақтарының қанағаттанаралықсыз техникалық жағдайы.
4. Елді мекендердің көшелері мен облыстық және жергілікті маңыздағы жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы
|
1. Электротасымалдаушылары және сумен қамтамасыз ету бойынша облыстың көрші мемлекеттерден тәуелділігі
2. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандардың және көлік инфрақұрылымның тозуының ұлғайюы
|
Инфрақұрылым бағыты бойынша негізгі мәселелер:
Байланыс
- телекоммуникация желілеріне залал келтіру фактілері көбеюде;
- жер телімін алу кезінде, жаңа құрылыс жүргізу кезінде «Қазақтелеком» АҚ-ның келісімісіз жұмыс атқару;
- қолдынылған телекоммуникация қызметінің ақысы аудан тұрғындары тарапынан уақытылы төленбеуі;
- ауданның ауылдық елді мекендерінің қызмет саласы дамуының төмен деңгейі;
- қызмет саласы дамуының перспективаларына және проблемаларына мемлекет тарапының назардан тыс қалуы;
- ақпарат қызметі саласында «Қазақтелеком» АҚ монополиясы, бұл өз кезегіде халықтың және фирмалардың Интернет, IР-телефонмен пайдалану қызметін қымбаттады;
- ақпараттық, инновациялық және ғылыми-зерттеу қызмет көрсететін қызметтің, мемлекеттік қызметшілерді даярлайтын, мемлекеттік құпия және ақпараттық қауіпсіздікті қамтитын басқа салалардың төмен деңгейі.
Құрылыс
- құрылыс материалдарын өндіретін өнідірістер жабдықталуының техникалық деңгейінің төмендігі:
- өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандыру мен жаңарту үшін құрылыс кәсіпорындарының айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;
- өнімдерді өндірудің өзіндік құнының жоғарылығы;
- инженерлік құрамдағы және жұмысшы мамандардың білікті кадрларының жетіспеушілігі;
- құрылыс материалдарына маусымдық сұраныс;
- саланың материалдық-техникалық базасының деңгейі заманауи талаптарға сәйкес келмейтіндігі, басым кәсіпорындардың негізгі қорының тозуы;
- ескірген технология, экологиялық талаптарды сақтамай, энергия қуатын жоғары деңгейде пайдланатындығы;
- мемлекеттік сатып алу жөніндегі тендерлердің бұлыңғырлығы.
Автомобиль жолдары
- жол жамылғысының көтергіш қабілетінің үлкен жүк автомобильдермен бұзылуы;
- жалпы пайдалану жолдары бойындағы сервистің (кемпинг, әстакадалар, автотұрақтар, қонақ үйлер, шұғыл көмек көрсету пункттері) жеткілікті дамымауы;
- жол саласындағы білікті мамандардың және инженерлік құрамның жетіспеушілігі;
- жобалау-сметалық құжатта лабораторлық жұмыстарды жүргізуге қаржы қаралмағандығы лаборатоиярлық сараптаманың сапасына теріс әсерін тигізеді.
Автомобиль көлігі
- аудандағы қоғамдық көліктің қозғалыс құрамының табиғи ескіруі;
- қоғамдық көліктің жұмысын қажетті деңгейде қадағаланбауы және аудандағы қоғамдық көліктерде жолаушыларға қызмет көрсету сапасының төмендігі;
- табиғи газда жүретін автокөлікті қайта жабдықтау үшін экономикалық тұрғыда жағдайдың жасалынбауы;
- газбен қамтамасыз ететін станциялар жүйесін кеңейту үшін қолайлы жағдайлардың болмауы;
- табиғи газбен жүретін автокөліктерді жүргізетін тасымалдаушылар үшін тұрақты жолаушылар бағыттарын бөліп беру бойынша байқауларды өткізуде преференциялар жүйесінің болмауы;
- жол полициясының облыстық басқармасында автокөлік құралдарының бақылаумен, экологиялық нормаларды бұзатын автокөлік құралдарын анықтау, алдын кесу және олардың иелеріне әкімшілік шара қолдану өкілеттіктері бар болған экологиялық взводтардың болмауы
Сумен қамту
- су жүйелерінің тозуы салдарынан апатты жағдайдың ұлғайюы:
- ауыз судың желіде жоғалуы;
-канализация жүйесінің тозуы;ағынды суды тазалау бойынша заманауыи технологияның болмауы.
Электрмен қамту
-елді мекендерде трансформаторлардың шектен тыс жүктемелігі;
- тұтынушыларды электр қуаты мен сапалы электр энергиясымен қамту және трансфарматорлар мен жабдықтау;
- иесіз қалған әлектр жүйелері мен бағаналарды және қондырғыларды қалыпты жағдайға келтіріп, іске қосу;
- жаңадан құрылысы аяқталған тұрғын үйлерге электр жүйелерінің құрылысын жүргізу, іске асыру жолдары;
- аумақтық электр жүйелерінің техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз.
БАҒЫТ: ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖЕР РЕСУРСТАРЫ
Ұзақ мерзімді келешектегі экологиялық саясаттың тұрақты дамуы үшін табиғи жүйелердің және олардың тіршілігін қамтамасыз ететін функциялардың тұтастығын қолдау, оның экономикасы мен аумағының экологиялық тартымдылығының бәсекелестік қабілетін арттыру жағдайында халық денсаулығын нығайту және аумақтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларының көлемінің өсуі экономиканың өнеркәсіп саласының дамуымен, құрылыс өнеркәсібінің дамуымен, автокөліктердің сандық құрамының артуымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарын жою мәселелерінің шешілмеуімен байланысты. Өндірістің қарқынды дамуы, халық санының өсуі, тұрмыстық және өндірістік тауарларды тұтынудың артуы салдарынан қалдықтарды жою проблемасы туындап отыр. Тұрмыстық қалдықтарды ең арзан жою әдісі бұл-қатты тұрмыстық қалдықтарды жою мәселесі көкейтесті болып отыр. Өйткені қалдықтарды жинақтау, қайта өндеу зауыты жоқ. Аудан бойынша жалпы 7 дана қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орындар (полигондар) бар. Оның ішінде 1 қатты тұрсыстық қалдықтар тастайтын орын санитарлық-эпидемиялогиялық және экологиялық нормативтерге сай келеді. Қалған полигондар бүгінгі таңда құжаттандырылуда. 2014 жылғы аудан бойынша көрсеткіші - 16,6% құраған.
2014 жылы атмосфераға 3583,7 тонна зиянды заттар шығарылған.
2014 жылы аудан аумағындағы жобамен барлық 195,5 халық санына 56,84%-ына қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметтер көрсетілген.
Жер ресурстары
Ауданның пайдалануындағы жер көлемі 114761 гектарды құрап отыр. Оның ішінде:
ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телімдері – 89321 га
елді мекендердің жерлері - 19171 га
босалқы жерлер - 3413 га
өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзгеде жерлер - 2534 га
су қорының жерлері - 333 га.
Ең маңызды болып есептелетін ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің көлемі - 89321 гектар болып, оның ішінде:
- егістік жерлердің көлемі - 59332 гектар:оның ішінде суармалы-17132 га
- көпжылдық өсімдіктер - 2730 гектар,
- шабындықтар - 43 гектар,
- жайылым - 21655 гектар,
- су асты жерлері, жолдар және басқа да жерлер – 5561 гектарды құрайды.
Ауданда ауыл шаруашылығымен 7939 шаруа қожалығы, 90 өндірістік кооператив, 138 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс атқаруда. Олардың пайдалануындағы жалпы жер көлемі 83760 гектарды құрайды, оның ішінде тәлімі егістік 42200 га. Суармалы егістік 17132 га, жайылым 21655 га, көп жылдық екпелер 2730 га, шабындық 43 га.
Арнайы жер қоры – 3413 гектар жер бар (о.і. 890 га егістік, (суармалы егістік – 249га), 1264 га жайылымдық).
Конкурс және аукцион арқылы жер учаскесін беру бойынша
Арнайы жер қорынан 2011-2014 жылдары 7 рет конкурс өткізіліп шаруа қожалықтары мен заңды тұлғаларға 4115,7054 га жер (егістік – 1515,88 га, о.і. суармалысы – 612,78 га, жайылым – 2599,52 га) беріліп қайта айналымға қосылды, оның ішінде 2012 жылы – 495,1 га, 2013 ж – 2775,93 га, 2014 жылы – 1535,66 га қосылған.
Арнайы жер қорынан 2011-2014 жылдары 3 рет аукцион өткізіліп онда 159,8776 гектар онің ішінде: шаруа қожалығын жүргізу үшін 155,44 гектар және өеркәсіптік-азаматтық объектілерді салу үшін 4,4376 гектар жер учаскесі заңды және жеке тұлғаларға сатып берілді.
Аудан бойынша арнайы жер қорынан жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру туралы 8.06.2015 жылы конкурс өткізіліп, жалпы көлемі 341,26 гектар жер телімі, оның ішінде: суармалы жерден 87,07 гектар, тәлімі жерден 42,05 гектар, жайылымдық жерден 212,14 гектар жер телімі заңды тұлға және жеке азаматтарға шаруа қожалығын жүргізу үшін берілді.
Сайрам ауданы бойынша арнайы жер қорынан 2015 жылдың 20 шілдесінде және 15 қыркүйекте 2 рет аукцион өткізіліп, жеңімпаз атанған 25 жеке және заңды тұлғаға жалпы көлемі 26,48 гектар, оның ішінде: жылы жай құрылысы үшін – 6,28 гектар, мал қора құрылысы үшін – 19,9 гектар, басқа да кәсіпкерлік мақсаттарға – 0,3 гектар жер учаскесі сатылып беріліп, аудан бюджетіне 7 691 100 теңге қаражат түсті.
Жер учаскелерін түгендеу бойынша
Сайрам ауданы әкімінің 05.08.2015 жылғы №160 өкімімен Сайрам ауданы бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарына, кәсіпкерлік мақсатқа және жеке тұрғын үй құрылысына берілген жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі аудандық комиссия және жұмысшы тобы құрылып, ауыл округтер бойынша карталар жасалынып және жер пайдаланушылардың тізімі анықталып, толығымен ауыл округтерге жолданды.
20.08.2015 жылға аудан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында, кәсіпкерлік мақсатқа және жеке тұрғын үй құрылысы үшін алынып пайдаланбай жатқан жерлер туралы мәлімет жинақталып, 21.08.2015 жылы ОҚО жер қатынастары және жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқарма басшысының орынбасары А.Мырзаевтың атына мәлімет жолданды (кесте қосымша тіркеледі).
1. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін алынып пайдаланбай жатқан жерлер саны – 105, көлемі – 13,818 га,
2. Кәсіпкерлік мақсатта алынып пайдаланбай жатқан жерлер саны – 89, көлемі – 19,66 га,
3. Ауыл шаруашылығы мақсатында алынып, пайдаланбай жатқан жерлер саны – 22, көлемі – 203,05 га анықталды.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекте тұрғандар
Аудан бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінетін жер учаскесін алуға кезекте тұрған азаматтардың жалпы саны –8760.
Экология және жер ресурстары бағыты SWOT-талдау:
Күшті жақтары (S):
|
Мүмкіндіктері (O):
|
1. Тұрақты экологиялық жағдай
2. Қоғамдық көліктік газға өтуі
3. Жер ресурстарымен қамтамамыз етілу
4. Қатты қалдықтар полигондарын жөндеу және жаңалау
|
1.Агрохимикат пен отынды пайдалану;
2. жасыл экономикаға өту
|
Әлсіз жақтары (W):
|
Қауіптері (T):
|
1.Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік деңгейінің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі
2.Суарлмалы судың жетпеуі және су шаруашылық жүйесінің қанағаттанарлықсық жағдайы
3.Елді мекендерде канализация жүйелерінің тозуы
4.Қатты қалдықтар тастайтын полигондардың жетіспеуі
|
1. Автокөліктен атмосфераға шығатын зарарлы заттекктердің өсуі
2. Ірі өзендердің ластану қауіпі
3. Ауыл шаруашылығы жерлерінің нашарлауы
|
Экология және жер ресурстары бағыты бойынша негізгі мәселелер:
Экология:
- автокөліктен атмосфераға шығатын зарарлы заттекктердің өсуі;
- аудандағы ірі өзендердің ластану қауіпі;
- елді мекендерде канализация жүйелерінің тозуы
-.қатты қалдықтар тастайтын полигондардың жетіспеуі
Жер ресурстары
- жер телімдерін мақсатсыз пайдалану;
- ауыл шаруашылығы жерлерінің нашарлауы
БАҒЫТ: МЕМЛЕКЕТІК КӨРСЕТІЛІТІН ҚЫЗМЕТТЕР
Мемлекеттік қызмет реестріне сәйкес 2014 ж. ауданның жергілікті атқару органдары мемлекеттік қызметті Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы арқылы, "электрондық үкімет" порталы арқылы қарастырылған. 2014 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтің барлығы 182617 бірлік.
2014 ж. «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген қызметтер 8 886 бірлікті көрсеткен. «Электрондық үкімет» порталы арқылы мезгілсіз көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтің саны 2014 ж. 8 бірлікті құраған. 2011 жылға қарағанда олардың саны бір қалыпты.
ХҚКО арқылы мемлекеттік органдар көрсеткен қызмет саны 2014 ж. 39 702 бірлікті құраған.
Мемлекеттік қызметпен тұрғындарды қамту 100%. (№52 кесте)
Сайрам ауданының тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
№52 кесте
№
|
Көрсеткіш атауы
|
Өлшем бірлігі
|
2014
|
1
|
Мемлекеттік қызметтер, барлығы
|
саны
|
182617
|
2
|
«ЭҮ» порталы арқылы көрсетілетін қызметтер, соның ішінде:
|
саны
|
8886
|
3
|
ХҚКО арқылы мемлекеттік органмен көрсетілген қызметтер
|
саны
|
39702
|
4.
|
Мемлекеттік органмен көрсетілген қызметтер
|
саны
|
134029
|
5
|
Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру
|
%
|
100
|
SWOT талдау
КҮШТІ ЖАҚТАРЫ
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ
|
- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау
|
- жерлерде электронды қызметтермен қамту деңгейінің төмендігі
|
- «ЭҮ» порталы арқылы мерзімінен кеш көрсетілген қызметтер санын азайту
|
- қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы нашар хабардарлығы (21%)
|
- Халықты мемлекеттік қызметтермен қамту жоғарылығы
|
- мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау және бағалауәдістемесінің жетілдірілмегендігі
|
- мемлекеттік қызметті көрсету процедураларын оңайлатуға бағытталған АЖ болмауы
|
- «ЭҮ» порталы және ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді пайдаланушылардың аз үлесі (2014 ж. – 0,4%)
|
|
- Мемлекеттік басқару салаларын мониторингілеуге бағытталған АЖ болмауы
|
ҚАУІПТЕР
|
МҮМКІНДІКТЕР
|
- мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуының көбеюі
|
- сапа, жеделдік, қолжетімділікті жетілдіруге бағытталған шаралар
|
|
- мемлкеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін уақытында ұстану бойынша шаралар
|
|
- мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша шаралар
|
|
- тұрғындар тікелей пайдаланатын қызметтерді жақсарту бойынша жүйелі шаралар
|
Достарыңызбен бөлісу: |