Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы



жүктеу 1,61 Mb.
бет9/18
Дата30.12.2019
өлшемі1,61 Mb.
#25466
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

Тұрмыс деңгейі

Салалар бойынша орташа жалақы мөлшері (теңге)

№43 кесте






Көрсеткіштер

2011ж

2012ж

2013ж

2014ж

1

Өнеркәсіп

45968

48227

85418

58094

2

Ауыл шаруашылығы

32665

43257

50609

25467

3

Білім беру саласында

56526

60952

64159

64301

4

Денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік қызмет көрсету

61335

64072

69092

76706

5

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

57860

79440

69199

74641

6

Құрылыс

114392

112649

115842

117632

7

Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

39253

42862

49341

64614

8

Қаржы және сақтандыру қызметі

48445

49625

56155

64854

9

Мемлекеттік басқару және қорғаныс міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

62334

70598

76534

81189




Аудан бойынша орташа еңбек айлық, теңге

64155

67353

76241

77593




Ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге

14316

14860

15634

16723

Ауданда орташа айлық жалақы көлемі 2011 жылдан 2014 жылға дейін 20,9% ұлғайған. Жыл сайынғы айлық жалақының өсімі 0,6% -8,0%.

Ең жоғары жалақы мөлшері қаржы саласында, ең төмен – ауыл шаруашылығы саласындағы қызметкерлерде анықталған.
МӘДЕНИЕТ
Ауданда 30 мәдениет ошағы халыққа қызмет көрсетуде: 1 аудандық мәдениет үйі, 3 ауылдық мәдениет үйі, 7 ауылдық клуб, 1 аудандық орталық кітапхана, 1 балалар кітапханасы және 17 ауылдық кітапхана (19 кітапханада 346 917 кітап қоры бар). Аудандық мәдениет үйінде (ән, би, домбыра, вокал және эстрада үйірмелері бар) дайындық жұмыстары жүргізіледі. 11 мәдениет ошағында оқушылар мен студенттер түрлі үйірмелерде айналысады. Аудандағы білім беру саласындағы 71 мектептің ішінде 62 акт залдар және 9 тамашажайлар орналасқан, онда ән, би, мәнерлеп оқу үйірмелері жұмыс жасайды.

Аудан әкімінің 29.01.2015 жылғы №66 қаулысымен 3 ауылдық мәдениет үйі мен 6 ауылдық клуб ауылдық округ әкімдіктерінің балансына өткізілді.

Ауданда 7 ұлттық мәдени орталықтары бар, олар: өзбек, түрік, славян, неміс, күрді, татар-башқұр. Бұл орталықтар өз ұлттары арасында оқушылар мен жастарды ұлттық билері мен салт дәстүріне баулиды. Осы мәдени орталықтар үшін 2011 жылы аудандық мәдениет үйінің жанынан 2 қабатты Достық үйі салынған.

2012-2014 ж.ж.аралығынада мәдениет саласында 2012 жылы өткізілген 88 іс-шара болса, 2013 жылы 90 іс-шара өткізілген, ал 2014 жылы ауданнан 31 елді мекен Шымкент қаласына өтіп, халық саны азайюына байланысты іс-шаралар саны 57 құраған. (№44 кесте)


Мәдениет саласының негізгі көрсеткіштері

№44 кесте



Көрсеткіштің атауы

Өлш.бір.

2012

2013

2014

Ауданда өткізілген мәдени іс-шаралар саны

бірлік

88

90

57

Оған қатысушылар саны

адам

7000

8000

3300

Мәдениет ұйымдарына келушілердің орташа саны

мың адам

130,0

138,0

85,0

пайызы

%

48

50

50

Үйірмелерге қатысатын юалалар мен жасөспірімдер саны

адам

2436

3508

3494

пайызы

%

3,4

4,6

7,2


ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ
Аудан бойынша 2011-2013 жылдары спорттық ғимараттар саны -455 болса, 2014 жылы Сайрам ауданынан Шымкент қаласына 6 ауыл округінің өтуіне байланысты ғимараттар саны 140-қа кеміп, 315 қалды. 2014-2015 жылдары ауданда жеке кәсіпкерлер тарапынан 5 жабық футбол алаңдары салынып 320-ға жетіп отыр. Оның ішінде спорт залдардың жалпы саны - 60, спорт кешен - 1, ату тирлері - 2, стадион - 2, спорт алаңдар - 242, теннис корты - 2, оқу-жаттығу орталықтары – 1, жүзу бассейні -5, жабық футбол алаңдары - 5.

Ауданда 13744 шаршы метрлік 60 зал халықтың қолданысында. Оның ішінде: 51 спорт зал білім беру мекемелрінің, 1 спорт зал спорт №3 мектебінің, 4 спорт зал колледждерде, 4 спорт зал кәсіпорындардың қарамағында.

Ауданда №1, №3, №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді. Спорт мектептерінде шұғылданушылар саны 4110 оқушыны құрайды.

Аудандағы дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындар саны 2012 жылы 16,4% - 49496 адам, 2013 жылы 17,0% - 55113 адам, 2014 жылы 18,2% - 43900 адамға жеткен.

Спорттық көрсеткіштер бойынша ауданда 2012-2014 ж.ж. аралығында 3 Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, 6 спорт шебері, 9 спорт шеберіне үміткер, 1103 бұқаралық спортшылар дайындалған.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2012-2014 ж.ж. аралығында 569 іс-шаралар өткізіп, оған 73,7 мың адам қатысқан. (№45 кесте)


Спорт саласындағы негізгі көрсеткіштер

№45 кесте






Көрсеткіштер

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

Денешынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны (мың адам)

пайыз


42455


13,6

49496


16,4

55113


17,0

43900


18,8

44264


22,5

2

Бұқаралық спорттық іс-шаралар саны

Қатысушылар (мың адам)


136


18927

142


20477

202


21512

285


35733

148


24797

3

Спорт мектептеріндегі шұғылданушы балалар мен жасөспірімдер саны

(норматив 20 %) пайыз



1532


2,2

2436


3,4

3508


4,6

3494


7,2

4110


8,0

4

1500 орынды стадиондар саны

3

3

3

2

2

5

Спорттық нысандар саны

423

430

455

316

320

6

Спорттық көрсеткіштер

ХДСШ


СШ

СШҮ


Бұқаралық спорттық разрядтар

2

6


316

1

3



4
332

1

2



3
348

1

1



2
423

1

2


462



МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

Тілдерді дамыту және ономастика саласында жоспарланған іс-шаралар »Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүзеге асырылуда.

2014-2015 оқу жылында 71 білім мекемесі жұмыс істесе, оның шінде 22 мектеп немесе 31,0% мемлекеттік тілде, 2 мектеп немесе 2,8% орыс тілінде, 7 мектеп немесе 9,9% өзбек тілінде, 34 мектеп немесе 47,9% қазақ-өзбек тілдерінде, 3 мектеп немесе 4,2% қазақ-орыс тілдерінде, 3 мектеп немесе 4,2% – қазақ-орыс-өзбек тілдерінде білім береді.

Саладағы негізгі көрсеткіштердің бірі – мемлекеттік, орыс, ағылшын және үш тілді меңгерген ересек тұрғындар. Бұл көрсеткіш жоғары сынып оқушылар есебінен, жергілікті телеарнадан «Тіл үйренейік» телебағдарламасы, аудандық тілдерді оқыту орталығы арқылы жүзеге асырылуда. (№46 кесте)


Тілдерді дамыту бойынша негізгі көрсеткіштер

№46 кесте









2012

2013

2014

1

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %

91,0

92,5

94,2

2

Орыс тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %

54,8

55,5

56,0

3

Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %

5,9

6,2

6,4

4

Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %

5,2

5,4

5,6

2013 жылы аудандық тілдерді оқыту орталығы ашылған. Мұнда қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту жүйесі бойынша 2014 жылы оқыған жалпы тіл үйренушілер 286 адамды құраған, олардың ішінен 186 адам сертификат алған. Қалған 100 адам серификатқа ие бола алмаған, себебі: қызметкерлердің сабаққа қатыспауы, жұмысын ауыстыру, шығу, қаза болу.



Ономастика саласы Ауданда 11 ауыл округі, 42 елді мекен, 635 көше бар. Оның 116-сы тарихи, жер-су, 418-і адам есімімен аталады. 58 көше өзгертуді қажет етеді, 101 көше – жаңақұрылыс. 65 көшенің құжаты бар, 552 көше ұйғарыммен расталған.

Атау беру мәселесінде 2016 жылға дейін мораторий жарияланғандықтан, атауын өзгертуді қажет ететін және атауы жоқ көшелер бойынша жұмыстар (ҰОС ардагерлерінің есімін ұсынудан бөлек) уақытша тоқтатылды.



Әлеуметтік сала бағыты SWOT – таладу

Күшті жақтары

Мүмкіндіктері

1.Белсенді, кәсіпкерлікке жақын адами капитал

2. Отбасылық құндылықтар, ұлттық дәстүрлерді құрметтеу

3. Халық санының тұрақты өсімі

4. Жоғары медициналық-демографиялық көрсеткіштер

5. Тарихи және мәдени орындардың болуы.

6. Жоғары білікті мамандарды дайындау




  1. Денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және материалдық-техникалық базасын нығайту есебінен халықтың сапалы медициналық көмекке қол жетімділігін қамту.

2.Потенциялын пайдалану мақсатында салаларды қаржыландыру жүйесін және құрылымын жетілдіру.

3. Алдын алу шараларын қамту.

4. Заманауи нарықтық жағдайға бейімдеу.

5.Жаңа құрал жабдық сатып алуға шығындарды қаржыландыру механизмін әзірлеу.

6. Жас мамадарды жұмыс орнында қалу және тарту жұмыстарын күшейту, әсіресе ауылдық елді мекендерде.


Әлсіз жақтары

Қауіптері

1. Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының жетіспеуі

2. Тұрғындардың әлеуметті-маңызды ауыруларының жоғарғы деңгейі

3. Тууға қабілетті жастағы әйелдердің денсаулығының төмен индексі.

4. Бала және ана өлімінің жоғары деңгейі

5. Экономиканың барлық секторында мамандардың жетіспеушілігі және кадрларды даярлауда төмен деңгейі

6. Шешім қабылдау деңгеінде әйелдердің аз болуы

7. Өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейінің жоғары болуы


1. Азық-түліктік қауіпсіздік қаупі, импорттық тауарлар үлесіне ішкі және сыртқы нарықтарды жоғалту

2. Аудан тұрғындарының денсаулықты қорғау мәселеріне немқұрайлы көзқарасы

3. Сапалы білім алу, жұмыспен, тұрғын үймен қамту проблемасы

4. Жұмыссыздық деңгейінің өсуі





Әлеуметтік саладағы өзекті мәселелер:

Мектепке дейінгі білім беру:

  • мектеке дейінгі мекемелерде орынның тапшылығы;

  • жоғары санаты бар педагогтар үлесінің төмендігі.

Орта білім:

- қоғамның білім берудің инклюзивті жүйесін болмашы қабылдау

- апатты және ыңғайластырған мектептердің болуы;

- жалпы білім беру мектептерде оқушы орындардың жетіспеушілігі және үш ауысымды мектептердің болуы;

- бір тұрғынға шаққанда білім беруді қаржыландырудың төмен деңгейі;

- жалпы білім беру мектептерінің материалдық-техникалық базасының нашарлығы.

Жастар саясаты:

- жұмысқа мұқтаж жұмыссыз жастардың жұыспен қамту орындарында дер кезінде тіркелмеу;

- сапалы білім алу, жұмысқа орналасу, тұрғын үймен қамтылу.

Денсаулық сақтау:

- балалар және ана өлім-жітімінің жоғары болуы;

- дәрігерлер мен орта буынды медицина қызметкерлерінің жетпеуі;

- денсаулық сақтау мекемелерінде материалдық-техникалық жабдықталуының нашар болуы.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау:

- өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейінің жоғары болуы;

- жоғары білікті мамандардың тапшылығы.

Мәдениет:

-мәдениет нысандарына тартылатын инвестиция көлемінің төмен болуы;

- апатты жағдайдағы мәдениет нысандарының болуы.

Денешынықтыру және спорт:

- материалдық-техникалық базаның және спорттық инфрақұрылымның төмен деңгейі;

- көпшіл және жасөспірімдер спортының босаң дамуы;

- заманауи талаптарға сәйкес келетін спортта ғылыми базасының болмауы;

- білікті мамандардың тапшылығы.

Мемлекеттік тілді дамыту:

-сапалы білім алу, жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамту проблемасы

-жұмыссыз жастардың жұмыспен қамту орындарында дер кезінде тіркелмеуі;

- қадрлық, ғылыми және ақпараттық қамтудың төмен деңгейінен жастар саясатын тиімді жүзеге асырудағы қиындықтар
БАҒЫТ: ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП
Жалпы ауданда қылмыстың жағдайы бірқалыпты болып отыр. Бұл жағдайда бұрын жыл сайынғы қабылданған құқық бұзушылықтың алдын-алу және қылмыспен күресу туралы аумақтық бағдарламаның әсері деп бағалауға болады.

2014 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 1043 қылмыс тіркелген, оның ішінде 94 ауыр, 16 аса ауыр қылмыс. Аудандық көрсеткіштің облыс көрсеткішіне үлесі 3,5% құраған. 2012-2014 ж.ж. аралығында болған қылмыстар 19,0% өскен. Сонымен қатар, ауыр қылмыстар 2012 жылмен салыстырғанда 34,3%, аса ауыр қылмыстар 50,0% төмендеген. (№47 кесте)


2012-2014 ж.ж. аралығында тіркелген қылмыстар, оның ішінде ауыр және аса ауыр.

№47 кесте



ІІБ

2012

2013

2014

барлығы

ауыр

аса ауыр

барлығы

ауыр

аса ауыр

барлығы

ауыр

аса ауыр

ОҚО

21713

3275

221

26580

3185

223

29394

2500

173

Аудан

899

143

32

1157

129

10

1043

94

16

Соңғы жылдары жол апатының негізгі көрсеткіштері өскені байқалған. Жол-көлік оқиғаларының жалпы тіркелген саны және олардың нәтижесінде жарақат алған азаматтар саны төмендеген. Алайда, өліге ұштасқан жол көлік оқиғалар саны өскен (2012 жылы - 228, 2013 жылы-192, 2014 жылы-213).

Жол-көлік оқиғаларының негізгі көрсеткіштері төмендегенімен, олардың ауыр жағдайда аяқталуы жоғары деңгейде қалып отыр.

Облыстық маңызы бар жолдарды кеңейту, қажеті жерлеріне шарбақтар орнату, жол белгілерін қою, ал, жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайын қанағаттанарлық деңгейге жеткізу арқылы көрсеткішті жақсартуға болады.

Көлік тәртібінің сақталуы оған қатысушылардың арасында төмен деңгейде, бәрінен бұрын көлік жүргізушілер тарапынан. Жүргізушілер дайындау жүйесін барынша жақсартуды талап етеді.

Қоғамдық жағдайда және қоғамдық қауіпсіздікке әсері бар қоғамдық орындарда орын алған қылмыстардың саны 2012-2014 ж.ж. аралығында төмендегені байқалады. Яғни, 2012 жылы бұл көрсеткіш- 7,7 құраған болса, 2013 жылы - 46,8, 2014 жылы -15,7 құраған.

Тұрмыстық жағдайда орын алған қылмыстарының көпшілігі ішімдікке салындың нәтижесінде орын алуда. Арнайы емдеу-алдын алу мекемелерінің ішімділікке салынған тұлғаларды еріксіз түрде емдеуге толығымен жолдап, қоғамнан уақытша алыстатуға мүмкіндіктер болмай отыр.

Осыған байланысты мектеп полиция инспекторларының санын көбейту қажет. Себебі ауданда олардың саны өте жеткізілісіз (барлығы 5 қызметкер). Аудандағы жалпы 104 оқу орындарында бір полиция инспекторлардан болуы тиіс. Бұл оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың ерте бастан алдын алуда мүмкіндік берер еді.

Аудандағы құқық тәртібінің жағдайына, азаматтарды қорғау жүйесіне, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктерді қылмыстан қорғауға өзінше орны бар сыртқы және ішкі факторлар бірқатар маңызды жағдай жасауды жалғастыруда.

Жедел жағдайдың қиындыққа соғуының негізгі факторларының бірі ұрлық қылмысы болуда. Жалпықылмыстық қылмыстардың ішінде олардың саны соңғы бірнеше жылдар бойы жартысын құрап келеді. Аудан тұрғындардың негізгі табыс табатын көзі мал болса, оларды ұрлау қылмыстаы бірқалыпты болмай отыр.

Осыған қарамастан ауданымызда ашылу көрсеткіші жоғарлағаны байқалады. Егер, 2012 жылы 81,1% болса, 2013 жылы 75,0%, 2014 жылы 81,8%-ды құраған. Аса ауыр қылмыстардың ашу көрсеткіші келесідей, 2012 жылы – 93,0%, 2013 – 149%, 2014 жылы -129,0% құраған. Яғни біршама төмендеген.

Ішкі істер органдарының жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыруы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізіп, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғап, олардың ішкі істер органдарына сенім арттыруын жоғарылатуға негіз бола алады.


жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау