2018 жылға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бюджетін нақтылау бойынша анықтама министрлік бойынша 2018 жылға



жүктеу 99,5 Kb.
Дата13.11.2018
өлшемі99,5 Kb.
#19278


2018 жылға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бюджетін нақтылау бойынша

АНЫҚТАМА
Министрлік бойынша 2018 жылға нақтыланған бюджетте қарастырылды:

Анықтама: 2018 жылға Министрліктің бекітілген бюджеті 66,9 млрд. теңгені құрайды және нақтылауды ескере отырып – 79,3 млрд. теңге немесе 18,6%-ға өсті.
345,9 млн. теңге сомасында шығындарды азайту, оның ішінде:
1. 167,9 млн. теңге (096 «Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу» бюджеттік бағдарлама бойынша)ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу бойынша 4 жоба бойынша төлемдердің үлестік сәйкестігінің өзгеруімен байланысты (ИДМ-ң 2 тақырыбы бойынша «ТШИ және ШОБ арасында байланыс орнату және әртараптандыру (Секторлық бәсекеге қабілеттілік стратегиясының жаңа жобасы)» - 107,0 млн. теңге және «Қосымша құнның локальді сымдарын оңтайландыру» - 10,0 млн теңге, сонымен қатар ҰЭМ 2 тақырыбы «ЭЫДҰ дамыту орталығымен ынтымақтастық» - 1,9 млн. теңге және «Функциональдық шолуды іске
асыруын қолдау»- 49,0 млн. теңге)
2019 жылға кеш мерзімге ауыстыру.
2. 78,2 млн. теңге (001 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасының 102 «Экономика, сауда, мемлекеттік басқару, өңірлік даму және тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаласында сараптамалық және консалтинг қызметтерін көрсету, зерттеулерді жүзеге асыру» кіші бағдарламасы бойынша)4 зерттеулерді жүргізу бойынша үстеме шығындарды қысқарту, компоненттерді алып тастау жолымен консалтингті қызметтер көрсету көлемін оңтайландыру себебі бойынша қалыптасқан үнеммен және ғылыми экономикалық сараптамалар бойынша (75 сараптама жоспарынан қажеттілік 55 сараптаманы құрады) мемлекеттік органдардан қажеттілік туралы растаулардың болмауымен байланысты.

3. 70,6 млн. теңге (001 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасының
100 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша)
Министрлік аппаратының және оның бағынысты ведомствалары құрамы бойынша әлеуметтік сақтандыру бойынша (64,3 млн. теңге, еңбекақы қорынан 5% мөлшерде қарастырылған, «Міндеттік әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңының соңғы өзгерістеріне сәйкес нақты 3,5% құрады) сәйкес келтірумен және ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне 3 штаттық бірлікті бере отырып мемлекеттік қызметтерді басқару аясында қызметтерді берумен
(6,4 млн. теңге) байланысты.
4. 29,2 млн. теңге (087 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасының 100 «Кәсіпкерлік әлеуетті сауықтыру және күшейту» кіші бағдарламасы бойынша) – «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы аясында «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджменттерін оқыту» компонентін іске асыру бойынша Дьюк Университетінен (АҚШ) шетел оқытушыларының орнына Назарбаев Университетінің Бизнестің жоғары мектебінен қазақстандық оқытушыларды тартумен байланысты.

Анықтама: Бекітілген бюджетте 305,2 млн. теңге қарастырылған.


12,8 млрд. теңге (республикалық бюджет қаражаты есебінен – 12,8 млрд. теңге, гранттар мен займдар – 6,9 млн. теңге) сомасына шығындарды ұлғайту, оның ішінде:
1. 6,1 млрд. теңге (048 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша) – «Даму» КДҚ» АҚ арқылы облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда бар бизнестерді кеңейту және жаңа микрокәсіпорындар құру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне («Даму» КДҚ» АҚ арқылы 7 жылға дейін жылдық 1% дейін сыйақының номиналды мөлшерлемесімен) микрокредиттер (8 мың АЕК-ке дейін немесе 19,2 млн. теңге) беруге.

Аталған іс-шара 420 жоба бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдауды ұсынады.



Анықтама: Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында микрокредиттер (8 мың АЕК дейін) «Даму» КДҚ» АҚ арқылы жүзеге асырылатын қорландыруды, микроқаржылық ұйымдар, екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылатын облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалалардағы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.

Жергілікті атқарушы ұйымдарды микроқаржыландыру мақсатында бюджеттік кредит
7 жылға 0,01% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен беріледі және кейін «Даму» КДҚ» АҚ 7 жылға дейін 1 жылдық пайызға дейін номиналды сыйақы мөлшерлемесімен беріледі.


Қалаларда микрокредиттерді ұсыну тәртібі аймақтарда кәсіпкерлік мәселесі бойынша уәкілетті органдармен бекітілген Ережелермен анықталады.

Бюджеттік қаражаттар республика бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыздардың санының салыстырмалы салмағын ескере отырып аймақтар арасында
(43,3 млн. теңгеден бастап - Маңғыстау обл. 615,2 млн. теңгеге дейін – Оңтүстік Қазақстан обл.) бөледі.


Бекітілген бюджетте 3,2 млрд. теңге 180 жоба бойынша аймақтарда кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін қарастырылған.

Аталған іс-шараны іске асыруын қамтамасыз етуі аясында 2015 жылы - 1,7 млрд. теңге, 2016 жылы - 2,6 млрд. теңге және 2017 жылы 3,0 млрд. теңге бөлінді.
2. 1,9 млрд. теңге (001 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасының
109 «Астана экономикалық форумын өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» кіші бағдарламасы бойынша
) – әріптестері жетекші халықаралық экономикалық форумдардың кеңесшілері мен операторлары негізін қалаушы болып табылатын GVA Kazakhstan басқарушы компанияларын тарту жолымен іс шараларды өткізілуін ұйымдастыру сапалығын халықаралық форумдар (ДЭФ, ПЭФ, БАФ және басқалар) деңгейіне дейін арттыру мақсатында Астана экономикалық форумын
өткізуге.

Анытқама: Бекітілген бюджетте 410,2 млн. теңге қарастырылған.
3. 1,6 млрд. теңге (087 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасының 105 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне индустриялық инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджет қаражаты есебінен берілетін нысаналы даму трансферттері» кіші бағдарламасы бойынша) – Қостанай облысында «Қостанай қаласында қажетті инфрақұрылымдарды жинақтаумен индустриалды аймақтарды құру» жалғасушы жобаны іске асыруға «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы бойынша инфрақұрылымдарды жинақтауға.

Анықтама: Жобаның жалпы құны 10,0 млрд. теңгені құрайды,оның ішінде РБ есебінен – 9,0 млрд. теңге. Қазіргі уақытта, бюджеттен 4,0 млрд. теңге, оның ішінде
2018 жылға 918,4 млн. теңге бөлінген.


Аталған жобаға қаржыландыру қажеттілігіның шарттылығы 2016 жылдан жалғасушы жоба болып табылады, сонымен қатар қосымша қаражаттар орындалған жұмыс көлеміне бөлінді (жобаны іске асыру жұмыс кестесінен озық келеді).

Анықтама:

Одан басқа,жобаны аяқтау қорытындысы бойынша инфрақұрылымдармен және әрі қарай өнеркәсіптік өндірісті орналастыратын (10 жаңа өндірістен кем емес) инженерлік жүйемен және жаңа жұмыс орындарын құрумен (2500 кем емес) қамтамасыз етілген өнеркәсіптік алаң (жалпы аумағы 400 га) құрылатын болады.
4. 1,2 млрд. теңге (001 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасының
102 «Экономика, сауда, мемлекеттік басқару, өңірлік даму және тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаласында сараптамалық және консалтинг қызметтерін көрсету, зерттеулерді жүзеге асыру» кіші бағдарламасы бойынша
) 9 талдамалық зерттеулер жүргізуге, оның ішінде 1 қолданыстағы тақырып және экономика, сауда, мемлекеттік басқару, және өңірлік даму салаласында сараптамалық және консалтинг қызметтерін көрсетуді қарастыратын 8 жаңа тақырыптар.

Анықтама: Бекітілген бюджетте 2,5 млрд. теңге 21 тақырып бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеулер жүргізуге қарастырылған.

Зерттеулер нәтижелері мемлекеттік реттеу, мемлекеттік және салалық бағдарламалар жасау, қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру бойынша экономикалық шараларды қабылдауда қолданылатын болады.

Одан басқа, жүзеге асырылатын зерттеулер қажетті шешімдер мен саясаттың басымдықтары және бағыттарын қалыптастыруда мемлекеттік органдарға қажет болатын елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуының әртүрлі сегментінде қажетті талдамалық базаны қалыптастырады.

Анықтама:



- Бюджет, Салық және Кәсіпкерлік кодекстеріне, сонымен қатар «Концессия туралы» және «Мемлекеттік жекеменшік әріптестігі туралы» заңдардың қосылуына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен қолданыстағы заңнамаларды әрі қарай жетілдіру бойынша ұсыныстар;

- 2025 жылға дейінгі ҚР стратегиялық даму жоспарынының негізгі ережелерін ескере отырып 2030 жылға дейінгі елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық сызбасының жобасы

- Пилоттық жоба мысалында, ҚР Үкіметі жанындағы үшінші жаңғырту шеңберінде іске асыру, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолымен шағын және орта бизнесті автоматтандыру жүйесін басқару есебінің жүйесін жетілдіру жобасын басқару бойынша ұсыныстар;

Антимонополды органдар жұмысының тиімділігін арттыруды қажет ететін антимонополды заңнамалар және оны қолданудың бұзылуы бар екендігін анықтау бойынша моделдер (тәсілдер) түрінде құралдар.
5. 516,1 млн. теңге (081 «Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша) – алдағы халық санағы бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуге «е-Статистика» ақпараттық жүйені дамыту (452,7 млн. тенге), бұқаралық-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз етуге, картографиялық материалдарды өзект қылуға және дайындауға, халық санағын жүргізуге ұйымдастыру жоспарын құруға қатысатын
70 қызметкерлерді техникалық персоналдарды тарту және еңбек ақы (33,4 млн. тенге) және статистикалық есептіліктің бланкілерін тираждауға (30,0 млн. тенге) үшін.

Анықтама: Бекітілген бюджетте 2,1 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде
54,9 млн. теңге халық санағы бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуге.

6. 481,0 млн. теңге (001 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасының 101 «Шетелдегі сауда өкілдігінің қызметін қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша)Ресей Федерациясында Сауда өкілділігінің қызметін қамтамасыз етуге (еңбек ақы, коммуналдық, көлік қызметтері, байланыс қызметтері, өзге де тауарларды сатып алу және өзге де шығындар және т.б.).
7. 310,7 млн. теңге (республикалық бюджет қаражаттары есебінен
303
,7 млн. теңге, гранттар мен қарыздар – 6,9 млн. теңге) халықаралық ұйымдармен іс-шараларды жүзеге асыруға, оның ішінде:

1) 166,8 млн. теңге (096 «Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша) – ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізу;

Анықтама: Бекітілген бюджетте 1,1 млрд. теңге 13 зерттеулерді жүргізуге қарастырылған. Қосымша қаражаттар келесілерге бағытталған:

- 85,7 млн. теңге – 3 жаңа жобаны іске асыруға (ЭМ бойынша - «Экологиялық төлемдер жүйесін реформалау» және ҰЭМ бойынша - «Экология-экономикалық есеп жүйесін енгізу» және «Жасыл өсім индикаторларын енгізу бойынша жоба»);

- 65,6 млн. теңге – ДМ-ң 2 аяқталған жобалары бойынша қарыздарды өтеуге («Денсаулық сақтау жүйесін шолу» и «Денсаулық сақтаудың ұлттық шоттарын шолу»);

- 15,5 млн теңге – бағамдық айырмашылықтарды ішінара жабуға және келесі жылдардың төлемдерінің мерзімін ауыстыруға.

2) 72,3 млн. теңге (007 «Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мемлекеттік басқаруды жетілдіру» бюджеттік бағдарламасы бойынша) – БҰҰДБ мен бірге «Мемлекеттік басқару жүйесін жақсартуға көмектесу» жобасын іске асыру;

Анықтама: Аталған жобаға бекітілген бюджетте 89,1 млн. теңге қарастырылған. Ұлғаю «жабық» қызметтерді оңтайландыру және табу мақсатында бағынысты және квазимемлекеттік ұйымдардың қызметтеріне талдау жүргізу бойынша мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу үшін және кәсіпкерліктің дайындығын бағалауда қосымша қызметтерді қамтумен байланысты.

3) 62,4 млн. теңге (057 «Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуы» бюджеттік бағдарламасы бойынша) ЭЫДҰ бастамалары мен құралдарына Қазақстанның қатысуы үшін мүше жарналарының төлемі (51,6 млн. теңге – 2 жобалар бойынша «ЭЫДҰ бәсекеге қабілеттіліктің Еуразиялық бағдарламасы» и «Дамыту орталығы жұмысында Қазақстанның қатысуы» бағам айырмашылықтарымен байланысты және 10,9 млн. теңге – 3 жаңа Статистика және статистикалық саясат, бәсекелестік Комитеттері, сонымен қатар мемлекеттік жекеменшік және жекешелендіру тәжірибесі жобалары бойынша);

Анықтама: Бекітілген бюджетте 366,6 млн. теңге қарастырылған (360,0 млн. тенге – 2017-2018 жылдарға Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік Бағдарламасы қатысу және 6,6 млн. теңге – Дамыту орталығына қатысу).

4) 6,7 млн. теңге (001 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасының
108 «Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктерімен өзара іс-қимыл» кіші бағдарламасы бойынша
) ҚР егемен кредиттік рейтингін қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктер қызметтеріне төлем (Fitch Ratings, Moody's, Standard and Poor's) бағамдық айырмашылықпен байланысты;

Анықтама: Бекітілген бюджетте 90,6 млн. теңге қарастырылған.

5) 2,5 млн. теңге(006 «Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын жобаларды зерттеулердің іске асырылуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша) Қазақстан және Азия Даму Банкі арасындағы білім және тәжірибе алмасу жөніндегі бағдарламаны іске асыруда бағамдық айырмашылықпен байланысты.

Анықтама: Бекітілген бюджетте 82,5 млн теңге қарастырылған. Қаражаттар Бағдарлама аясында ынтымақтастықтың келесідей негізгі бағыттарға сәйкес келетін (жан жақты өсім және экономиканың диверсификациясы, институционалдық және саяси даму, аймақтық ынтымақтастық және интеграция, бәсекелестікті арттыру және тиімділігі) мемлекеттік органдармен мәлімделген зерттеулерді іске асыруға бағытталған.

8. 300,0 млн. теңге (082 «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде моноқалаларда және өңірлерде іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасының 104 «Ақтөбе қаласының әкімшілік ғимараты құрылысына Ақтөбе облысының бюджетіне берілетін нысаналы даму трансферттер» кіші бағдарламасы бойынша) – Ақтөбе облысында мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қажетті орындармен қамтамасыз ету үшін әкімшілік ғимарат құрылысы бойынша жалғасушы жобаны іске асыру;

Анықтама: Ақтөбе облысында «Ақтөбе қаласы Әйтеке би 25 көшесі бойынша
16 автокөлікке тұрақтармен әкімшілік ғимараттар құрылысы» жалғасушы жобасы. Жобаның жалпы құны 949,5 млн. теңгені құрайды, оның ішінде РБ есебінен 854,5 млн. теңге. Жоба 2017 жылы 300,0 млн. теңге сомасында бөлінген қаражаттардан басталды.

9. 205,9 млн. теңге (001 «Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасының 104 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы бойынша)4 жаңа ақпараттық жүйе және бағдарламалық өнімді құруға, атап айтқанда ҚР Үкіметі қызметін қамтамасыз ету үшін «Ситуациялық орталық) (171,1 млн. теңге), «Монополист» базасы (31,0 млн. теңге), «Мемлекеттік гранттар ұсыну» және «Жетпейтін инфрақұрылымдарды жинақтау» (3,8 млн. теңге).

Аталған жүйе басқару шешімдерін жедел қабылдауға, дағдарыс және төтенше жағдайларды туындауын, кері қайтаруын бақылауға және мониторингілеуге, табиға, мемлекеттік монополиялар, нарықта қоғамдық орны бар субъектілер қызметін көрсетуге, сонымен қатар кәсіпкерлік аясында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға жол береді.


10. 170,7 млн. теңге (087 «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламаның жаңа кіші бағдарламасы бойынша) – «Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде жаңа құралдар бойынша бизнес инкубаторларға мемлекеттік қолдау көрсетуге, оның ішінде:

1) 30,7 млн. теңге - бизнес-инкубаторлар қызметтерін қолдау бойынша операторлар («Технологиялық дамыту бойынша Ұлттық агенттік» АҚ) қызметтерін іске асыру және бизнес-инкубирлау шеңберінде индустриалды-инновациялық жобаларды іске асыруға шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік гранттар ұсыну үрдісін сүйемелдеу үшін;

2) 70,0 млн. теңге - бизнес-инкубаторларды әдістемелік қолдау үшін сыртқы стратегиялық серіктестерді тартуға;

3) 70,0 млн. теңге - технологиялық жобаларды табу және іріктеуді іске асыру және оның әрі қарай сүйемелдеуі үшін үш бизнес-инкубаторларға қаржылық қолдау (мазмұндау, ағымдағы шығындарға төлем) көрсетуге.

2018 жылы аталған бастаманы жүзеге асыпу пилоттық режимде жүзеге асырылады және үш бизнес-инкубаторға


3 000-ден астам бизнес идеяны апробациялауға, 300-ден кем емес бизнес жобаны инкубациялауға және 30-дан кем емес бизнес жобаны іске асыруын дайындауға мүмкіндік береді

Анықтама: Келесіде аталған тәжірибе әрбір аймақта 24 млрд. теңгеден кем емес сомада резидент бизнес-инкубаторларға қосымша өнім шығаруға (жалпы саны
4800 болғанда бір инкубацияланған жобаға 5 млн. теңге айналым есебінен),
24 мың жұмыс орнын құруға (бір инкубацияланған жобаға 5 жұмыс орны есебінен) мүмкіндік беретін 3-тен кем емес бизнес-инкубаторларды құру жолымен барлық елдер бойынша масштабталғанын жоспарланып отыр.
жүктеу 99,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау