23.10.2017 ЭҚАБЖ МО (7.21.2 нұсқасы) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.
Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
E-R-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.
- "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
(экологиялық коэффициентті есепке алмағанда)
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
E-R-3
|
96 626
|
129 896
|
«Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 120000, Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі №16, анықтама үшін телефондары: 8 /7242/ 27-07-13, электронды пошта person.kadr2013@mail.ru, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды:
«Қызылорда қаласының жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі (E-R-3 санаты, 1 бірлік, индекс № 19-2).
Негізгі функционалдық міндеттері:
Бөлімнің сектор меңгерушісі қызмет бабында бөлім басшысының қызметтік нұсқаулары мен тапсырмаларын орындау;
Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, қала әкімдігінің қаулыларын, облыс, қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, облыстық және қалалық мәслихаттардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету.
Бөлім басшысының бұйрықтарын, шешімдерін қолданыстағы заң нормаларға сәйкестігін сараптамадан өткізу және заңдылығын қадағалау;
Бөлім басшысы болмаған кездерде оның міндетін атқарады және бөлімнің ішкі айналымдағы кіріс – шығыс құжаттарына, ордер, келісім –шартқа, бұйрықтарға, төлем құжаттарына қол қою жүктелсін;
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы қаңтардағы Заңына сәйкес, бөлімге келіп түскен арыз шағымдарға уақытылы жауаптар беріліп, орындалуын қамтамасыз етеді;
Ақпараттық жұмыстардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
Қалалық прокуратурадан, облыс әкімі аппаратынан, қала әкімдігінен және т.б мемлекеттік органдардан келіп түсетін талапнамаларға, наразылықтарға, ұсыныстарға және телефонограммаларға уақытылы, сапалы, толық қанды ақпараттарды ұсынады, заңға сәйкес жауап жолдау;
Ұжымда жұмысты ұйымдастыру, бақылау, белгіленген көлемге басшылық жасау;
Заңгерлік мәселелерді жүргізіп ұйымдастыру, басшылық жасау;
Қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
Жер қазуға ордерге келісім беру;
Жұмысшы топ мүшесі ретінде қабылдау актісіне келісім беру;
Жер учаскесінің меншік месінің қарызы бар немесе жоқтығы жөнінде анықтамаға келісім беру;
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша жұмыстар жүргізу;
Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
Қаланың жер балансын жасауды жүзеге асырады және табысталатын жер учаскелерінің алдын – ала таңдау жұмыстарын жүргізіп, сызбаларын әзірлеу;
Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
Жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;
Жергілікті атқарушы органның іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Ауылшаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Келіп түскен корреспонденция (мекеме басшыларының хаттары) мен жеке және заңды тұлғалардың және бақылауда тұрған құжаттардың мерзімінде орындалуын бақылап ұйымдастыру;
Бөлімдегі қызметкерлердің кәсіби деңгейін дамытуға бағытталған оқулық шаралар ұйымдастыру, мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, этика ережелерінің талаптарын орындалуын, қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының орындалуына бағытталған іс- шаралар ұйымдастыру;
Кадрлық мәселелер бойынша іс – құжаттардың сапасын жоғарылатуға шара көру;
Жерге байланысты қаулылардың заңдылығына және дұрыс дайындалуын қадағалау;
Жерді түгендеу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтау;
Жер сауда – саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру, конкурс комиссия құжаттардың толық рәсімделіп, жинақталуын заң талаптарына сай қамтамасыз ету;
Өз құзіреті шегінде жер учаскесін сатып алу – сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеу;
Жер учаскелерінің алдын ала таңдау актілерін, сызбаларын және схемаларын әзірлеу және қол қою;
Облыс, қала әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларын орындау және уақытылы жауап беру;
Жер учаскесінің сауда – саттығы (конкурстар, аукциондар), жер учаскесін сатып алу-сату шарты және тұрақсыз айыппұл бойынша бюджетке түсетін төлемдердің төленуіне бақылау жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Құқық;
Өнер (сәулет);
Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару);
Жаратылыстану ғылымдары (география немесе гидрология);
Техникалық ғылымдар және технологиялар (геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау немесе геодезия және картография);
Ауылшаруашылық ғылымдары (агрономия немесе топырақтану және агрохимия немесе жерді мелиорациялау, баптау және қорғау);
Қызмет көрсету (жерге орналастыру немесе кадастр немесе бағалау) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Құжаттар қабылдау мерзімі – 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар)2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысан қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қызылорда қаласы әкімінің аппараты, Жахаев көшесі, 16 өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Нысан
___________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
ж.
Достарыңызбен бөлісу: |