Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы



жүктеу 190,39 Kb.
Дата28.11.2017
өлшемі190,39 Kb.
#2080
түріРегламент

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 19.04.2012 19:30:07
Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 Қаулысы

(2011.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)



 

Қазақстан Республикасындағы оңтайлы экологиялық қауіпсіз автомобильдер паркіне кезең-кезеңімен көшу арқылы қоршаған ортаға зиянды шығарындылар бойынша автокөлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент бекітілсін.



2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация, Индустрия және сауда, Энергетика және минералдық ресурстар, Қоршаған ортаны қорғау, Ішкі істер министрліктері осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2007 жылғы 29 желтоқсандағы

1372 қаулысымен



бекітілген

 

Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы

техникалық регламент

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламент (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарына қолданылады және атмосфераға зиянды (ластаушы) заттар шығарындылары бойынша олар пайдаланатын отынға және экологиялық сипаттамаларға қойылатын талаптарды белгілейді.

2. Техникалық регламенттің объектілері:

Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес жіктелетін М1, М2, М3, N1, N2 және N3 санаттарындағы және іштен жану қозғалтқыштарымен жабдықталған, рұқсат етілген ең үлкен массасы 400 кг-дан астам болатын және (немесе) ең жоғары жылдамдығы 50 км/сағ-дан асатын автокөлік құралдары;

зиянды (ластаушы) заттар шығарындылары бөлігінде автокөлік құралдарына орнатылған іштен жану қозғалтқыштары;

іштен жану қозғалтқыштарына арналған отын болып табылады.

3. Автомобиль бензині, дизельдік және газды отын автокөлік құралдарының іштен жану қозғалтқыштарының жұмысы кезінде пайдаланылатын отын болып табылады.

ҚР Үкіметінің 2009.21.07. № 1109 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Техникалық регламентте тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:



1) шығарындылар - іштен жану қозғалтқыштарының пайдаланылған және картерлік газдары мен автокөлік құралдары отынының булануы түріндегі зиянды (ластаушы) заттар;

2) іштен жану қозғалтқышы - отын тікелей жұмыс қуыстарында жанатын (мысалы, цилиндрде) немесе жанған отын жұмыс қуысына өтетін жылу қозғалтқышы;

3) газды қозғалтқыш - сұйытылған мұнаймен немесе табиғи газбен жұмыс істейтін қозғалтқыш;

4) күшпен от алатын қозғалтқыш - цилиндрде жұмыс қоспасының тұтануы энергияның қосымша көзі (мысалы, электрлік ұшқын) есебінен болатын қозғалтқыш;

5) дизель - цилиндрде жұмыс қоспасының тұтануы оның қысымнан термодинамикалық қызуы салдарынан болатын қозғалтқыш;

6) шығарындылардың үлестік нормативтері - автокөлік құралдарына қатысты белгіленетін шығарындылар нормативтері, олар автокөлік құралының жасаған жұмысы немесе жүрісі бірлігіне есептелген атмосфераға шығаруға жол берілетін шығарындылардың ең үлкен көлемін көрсетеді;

7) экологиялық кезең - шығарындылар деңгейіне қарай автокөлік құралдарын сипаттайтын техникалық нормативтерді жіктеу коды;

8) БҰҰ ЕЭК № ережесі - осы Техникалық регламенттің мақсаты үшін қолданылатын Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының ережесі.

 

2. Автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар



 

5. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтері Техникалық регламенттің 6-8-тармақтарына сәйкес экологиялық кезеңдер бойынша белгіленеді.

ҚР Үкіметінің 2010.24.09. № 977 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. 2-экологиялық кезеңде:

1) ең үлкен массасы 3,5 т аспайтын М1, М2, күшпен от алатын (бензинмен және газбен) және дизель қозғалтқышы бар N1 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК № 83-04 ережесінде (В, С, D шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы бар (тек дизельдер үшін) № 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді;

2) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, дизель және газ қозғалтқышы бар М2, М3, N1, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК № 49-02 ережесінде (В шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы бар (тек дизельдер үшін) № 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді;

3) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1 бензин қозғалтқышы бар М2, М3, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК № 49-03 ережесінде көзделген сынақтар кезіндегі шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді.

ҚР Үкіметінің 2010.24.09. № 977 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



7. 3-экологиялық кезеңде:

1) ең үлкен массасы 3,5 т аспайтын М1, М2, күшпен от алатын (бензин, газ және дизель қозғалтқышы бар N1 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК 1-3-түзетулері, 1-5-толықтырулары (А шығарындылар деңгейі), бар № 83-05 ережесінде, БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар № 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді;

2) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, дизель және газ қозғалтқышы бар М2, М3, N1, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК № 49-04 ережесінде (А шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар № 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді;

3) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, бензин қозғалтқышы бар М2, М3, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК № 49-03 ережесінде көзделген сынақтар (ЕТС сынау циклы) кезіндегі шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді;

4) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, өткіштігі жоғары дизельдері бар М2, М3, N1, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК 1, 2-толықтырулары бар № 96-01 ережесінде, БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар № 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді.

ҚР Үкіметінің 2010.24.09. № 977 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



8. 4-экологиялық кезеңде:

1) ең үлкен массасы 3,5 т аспайтын М1, М2, күшпен от алатын (бензинмен, газ) және дизель қозғалтқышы бар М1 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері 1-3-түзетулері бар, 1-5-толықтырулары (В1 шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК № 83-05 ережесінде (В, С, D шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар № 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді;

2) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, дизель және газ қозғалтқышы бар М2, М3, N1, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК № 49-04 ережесінде (В1 шығарындылар деңгейі), БҰҰ ЕЭК 1-толықтыруы (тек дизельдер үшін) бар № 24-03 ережесінде көзделген шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді;

3) ең үлкен массасы 3,5 т жоғары М1, бензин қозғалтқышы бар М2, М3, N2, N3 санаттары үшін шығарындылардың үлестік нормативтері БҰҰ ЕЭК № 49-03 ережесінде көзделген сынақтар (ЕТС сынау циклы) кезіндегі шығарындылар нормативтері деңгейінде белгіленеді.

ҚР Үкіметінің 2010.01.03. № 153 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



9. Техникалық регламенттің 6-8-тармақтарында көрсетілген автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтерінің орындалуын қамтамасыз ететін отынның сипаттамасына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық кезеңдер бойынша негізгі техникалық талаптар қойылады.

 

3. Сәйкестікті растау



 

ҚР Үкіметінің 2009.21.07. № 1109 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда(бұр.ред.қара)

10. Автокөлік құралдарының Техникалық регламент талаптарына сәйкестігі «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі № 675 қаулысымен белгіленген тәртіппен берілетін сәйкестік сертификаттарымен куәландырылады.

11. Отынның Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін сәйкестік сертификатымен куәландырылады.



 

4. ҚР Үкіметінің 2009.21.07. № 1109 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



 

5. Қолданысқа енгізудің тәртібі мен мерзімі



 

ҚР Үкіметінің 2008.26.12. № 1269 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.24.09. № 977 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.27.12. 1413 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.06. № 737 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.29.12. № 1634 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді



14. Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдары шығарындыларының үлестік нормативтері Техникалық регламентке сәйкес мынадай мерзімдерде:

2-экологиялық кезең- 2009 жылғы 15 шілдеден;

3-экологиялық кезең - 2013 жылғы 1 қаңтардан;

4-экологиялық кезең - 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚР Үкіметінің  2008.26.12. № 1269 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.21.07. № 1109 Қаулысымен (бұр.ред.қара);  2010.01.03. № 153 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.24.09. № 977 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді



15. Автокөлік құралдарына арналған отынның сипаттамаларына қойылатын негізгі техникалық талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай мерзімдерде:

2-экологиялық кезең - 2010 жылғы 1 қаңтардан;

3-экологиялық кезең- 2014 жылғы 1 қаңтардан;

4-экологиялық кезең - 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

ҚР Үкіметінің  2008.26.12. № 1269 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.16.01. № 13 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2009.21.07. № 1109 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.24.09. № 977 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

16. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, бұрын пайдаланылған автокөлік құралдарының 2-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкестігін растау Техникалық регламентке 4-қосымшаны ескере отырып жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2010.24.09. № 977 Қаулысымен 17-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

17. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, бұрын пайдаланылған автокөлік құралдарының 3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкестігін растау Техникалық регламентке 5-қосымша ескеріле отырып жүзеге асырылады.

 

 

Техникалық регламентке

1-қосымша

 

Санаттары бойынша автокөлік құралдарын жіктеу

 


Санаты

Рұқсат етілген ең үлкен масса*, т

Автокөлік құралдарының сипаттамасы

М1

-

Жолаушыларды тасымалдау үшін (жүргізушіден басқа, сегізден аспайтын отырғызу орны бар автокөлік құралдары)

М2

5-ке** дейін

Сол тәрізді (жүргізушіден басқа, сегізден аспайтын отырғызу орны бар автокөлік құралдары)

М3

5-тен** жоғары

N1

3,5-ке*** дейін

Жүктерді тасымалдау үшін

N2

3,5-ден жоғары

12,0-ге*** дейін

N3

12,0-ден*** жоғары

 

Ескертпе:

* арнайы автокөлік құралдарында орнатылатын арнайы жабдық, жүк баламасы ретінде қарастырылады;

** екі немесе одан да көп бөлінбейтін, бірақ біріктірілген секциялардан тұратын біріктірілген автобус бір көлік құралы ретінде қарастырылады.

Біріктірілген автобус жолаушылардың еркін орын ауыстыруы үшін бір-бірімен өзара өтпе дәліз арқылы байланысқан, жолаушы салоны орналастырылған екі немесе одан да көп ажырамай бекітілген секциялардан тұрады; ажырамайтын секциялар бір-бірімен тұрақты бекітілген және тек шеберханада ғана бар арнайы жабдықтың көмегімен ажыратылады;

*** жартылай тіркемені сүйретуге арналған ершікті тартқыштар үшін рұқсат етілген ең үлкен масса ретінде тартқыштың жабдықталған жағдайдағы массасының және тартқышқа жартылай тіркемеден ершікті-ілінісу құрылғысы арқылы берілетін, ең үлкен статикалық тік жүктемеге сәйкес келетін массаның, сондай-ақ қажет болғанда тартқыш жүгінің ең үлкен массасының қосындысын қарастырады.

 

2-қосымша ҚР Үкіметінің 2009.21.07. № 1109 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2009.16.01. № 13 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)



3-қосымша ҚР Үкіметінің 2010.01.03. № 153 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 



ҚР Үкіметінің 2010.24.09. № 977 Қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)

Техникалық регламентке



4-қосымша

 

 

Автокөлік құралдарының және іштен жану қозғалтқыштарының шығарылу жылына байланысты



2-экологиялық кезең бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі

 

Көлік құралдары және (немесе) олардың қозғалтқыштары шығарылған ел

Олардың шығарылу жылына байланысты 2-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкестігі

Еуропалық Одаққа кіретін, * бензин қозғалтқыштары

1997 бастап және кейінгілер

Еуропалық Одаққа кіретін,* дизельдер

1997 бастап және кейінгілер

АҚШ

1996 бастап және кейінгілер

Жапония

1998 бастап және кейінгілер

Канада

2001 бастап және кейінгілер

Үндістан

2005 бастап және кейінгілер

Малайзия

2003 бастап және кейінгілер

Қытай

2004 бастап және кейінгілер

Корея

2001 бастап және кейінгілер

Ресей

2006 бастап және кейінгілер

Өзбекстан

2007 бастап және кейінгілер

Украина, М санаты

2006 бастап және кейінгілер

Украина, N санаты

2007 бастап және кейінгілер

 

Ескертпе:

* Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония кіреді.

 

ҚР Үкіметінің 2010.24.09. № 977 Қаулысымен 5-қосымшамен толықтырылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2010.27.12. 1413 Қаулысымен 5-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)



Техникалық регламентке

5-қосымша

 

 

Автокөлік құралдары мен іштен жану қозғалтқыштарының шығарылу жылына қарай

3-экологиялық кезең бойынша техникалық регламенттің талаптарына сәйкестік кестесі

 

Автокөлік құралдарының және (немесе) олардың қозғалтқыштарының шығарылған елі

3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарының шығарылған жылы

Еуропалық Одаққа кіретін,* бензин қозғалтқыштары

2001 жылдан бастап және одан кейінгі

Еуропалық Одаққа кіретін,*  дизельдер

2002 жылдан бастап және одан кейінгі

АҚШ

2001 жылдан бастап және одан кейінгі

Жапония

2005 жылдан бастап және одан кейінгі

Канада

2004 жылдан бастап және одан кейінгі

Үндістан

2010 жылдан бастап және одан кейінгі

Қытай

2008 жылдан бастап және одан кейінгі

Корея

2003 жылдан бастап және одан кейінгі

Ресей

2008 жылдан бастап және одан кейінгі

Украина

2010 жылғы 1 шілдеден бастап және одан кейінгі

Беларусь

2008 жылдан бастап және одан кейінгі

Өзбекстан

2010 жылдан бастап және одан кейінгі

 

Ескертпе:

* Еуропалық Одаққа: Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция және Эстония кіреді;

осы қосымшаны сәйкестікті растау рәсімін өткізу кезінде сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдар қолданады.

 

 

 
жүктеу 190,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау