Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы



жүктеу 1,61 Mb.
бет2/18
Дата30.12.2019
өлшемі1,61 Mb.
#25466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ

2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ


АҚСУКЕНТ- 2015 Ж
МАЗМҰНЫ

1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _3 2.АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7

БАҒЫТ: Экономика _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _7

Өңірлік макроэкономика_ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7

Өнеркәсіп _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __9

Шағын және орта бизнес_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _20

Сауда _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _22

Инновация және инвестициялар_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 24

Туризм_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _25

Агроөнеркәсіп кешені _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _26

БАҒЫТ: Әлеуметтік сала _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _37

Аймақтық (кеңістік) дамуы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ 37

Білім беру _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _38

Жастар саясаты _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _41

Денсаулық сақтау_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _42

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _45

Мәдениет _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _49

Денешынықтыру және спорт_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _50

Мемлекеттік тілді дамыту_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _51

БАҒЫТ: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 53

БАҒЫТ: Инфрақұрылым_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _55

Байланыс _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _55

Құрылыс _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _56

Жолдар мен көлік _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __58

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _60

БАҒЫТ: Экология және жер ресурстары_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _64

БАҒЫТ: Мемлекеттік қызметтер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 66

3. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, МАҚСАТТАРЫ, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ

ЖӘНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _69

4. ҚАЖЕТТІ ҚАРЖЫ (АДБ іске асыру жөніндегі іс шаралар жоспарына сәйкес) 96

  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ



Бағдарламаның атауы

Сайрам ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздемез

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» және 2010 жылғы 4 наурыздағы №931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлықтары

Аймақтың негізгі сипаты

Сайрам ауданының территориясы 1,15 мың ш.км. Солтүстікте ауданымыз – Бәйдібек, шығыста Төлеби, ал оңтүстік – батыста – Қазығұрт, батыста Ордабасы аудандарымен шектесіп жатыр.

Ауданда 11 ауыл округтері, 42 елді мекендері бар.

Аудан тұрғындары 2015 жылдың 1 қазанына 198,8 мың адамды құрады. Ауданда халық тығыз орналасқан, әрбір шаршы шақырымға шаққанда 173 адамнан келеді.

Әкімшілік орталығы Ақсукент ауылы болып табылады



Бағыттары

  • Экономика

  • Әлеуметтік сала

  • Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

  • Инфрақұрылым

  • Экология және жер ресурстары

  • Мемлекеттік қызметтер

Бағдарламаның мақсаты

С|айрам ауданының өзекті мәселелерін шешу және соның негізінде халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, өндірістік, еңбек және интеллектуалдық әлеуетін дамыту.

Азаматтардың өмірі, денсаулығы, құқығы, бостандығы және құқықтық мүдделерінің қорғалу деңгейін қамту және қолдау.

Ауылдық елді мекендерді әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарымен қамту.


Міндеттері

- өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

- агроөнеркәсіп кешенін дамыту;

- құрылыс индустрия және құрылыс материалдарының өндірісін дамыту;

- кәсіпкерлік дамуына қолайлы жағдай жасау;

- жоғары нәтижелі қызметтер көрсету;

- аймақтың туристік тартымдылығын арттыру;

- ауданның экологиялық ахуалын жақсарту;

- ауданда қолайлы демографиялық жағдай жасау;

- аймақтық еңбек рыногын жақсарту, жұмыс күшінің сапасын және азаматтардың еңбек рыногында бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

- кедейлік деңгейін төмендету және аудан халқының өмір сүру сапасын арттыру;

- халықтың сапалы білімге қол жетімділігін қамту, білім, ғылым және өндірістің әрекет жасауының жаңа үлгілерін дамыту, әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу;

- халықтың денсаулығын жақсарту мен аурушандықты төмендету, сапалы және нәтижелі әлеуметтік-медициналық көмекке халықтың барлық санаттарының қол жетімділігін қамту;

- мәдениет ұйымдарының желісін дамыту, отандық және шетелдік мәдениет мұралары мен құндылықтарына халықтың барлық санаттарының қол жетімділігін қамту;

- дене шынықтыру және спортты дамыту;

- көлік дәліздерін пайдалану нәтижелігін арттыру;

- автомобиль жолдарының сапасын, желісін және өткізу мүмкүндіктерін арттыру;

- аймақтың энергияға тапшылығын азайту, энергия көздерінің альтернативтік түрлерін, оның ішінде, гидро, күн жарығын дамыту;

- газ және су жүйелерін дамыту және жақсарту;

- ауылдық елді мекендердің әлеуетін көтеру және оған жағдай жасау;

- жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің жұмыс жағдайын және біліктілігін арттыру;

- жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту;

- жергілікті бюджетке түсімдердің орындалуына мониторинг жүргізу;

- қоғамдық тәртіпті нығайту және халықтың өмір сүру қауіпсіздігін, денсаулығын, құқықтары мен бостандығын қамту, қылмыскерліктің алдын алу шараларын арттыру;

- жол қауіпсіздігін қамту;

- қылмыспен, нашақорлықпен және наша бизнесімен күресу бойынша нәтижелікті арттыру.


Нысаналы индикаторлар

Экономика

Өнеркәсіп:

- Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млн.теңге

- Өнеркәсіптегі өнім шығарудың нақты көлем индексі, %

- Кен өндіру өнеркәсібі өнімінің көлемі, млн.теңге;

- Кен өндіру өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі %

- Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі, млн.теңге

- Өңдеу өнеркәсібі өнімінің нақты көлем индексі, %

- Электрмен жабдықтау, газ берудің нақты көлем индексі, %

- Сумен жабдықтаудың нақты көлем индексі, %

Шағын және орта бизнес, сауда:

- Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі, %

- Бөлшек сауданың нақты көлем индексі, %

Инновациялар мен инвестициялар:

- Облыстың негізгі капиталына салынған жалпы инвестициялар көлеміндегі аудан/қала инвестициясының үлесі, %

- Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі, %

Туризм:

- Кіру туризмі бойынша қызмет көрстеліген туристер саны, бірлік

- Ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілген туристер саны, бірлік

Агроөнеркәсіп кешені:

- Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемінің индексі, %

- Қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылығын арттыру

Білім беру

- Өткен жылмен салыстырғанда үш ауысымдық және авариялық мектептер санының төмендеуі %

- Мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі, %

- Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы, %

- Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, %

Жастар саясаты

- 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі ,% ( NEET –ағыл. Not in Education, Employment or Training), %

- Оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы техникалық және кәсіптік білім беретін орындары түлектерінің жұмысқа орналастырылғандардың үлесі, %

Денсаулық сақтау

- Халықтың туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл

- 1000 тірі туылғандарға шаққандағы ,алалар өлім-жітімін төмендету, %

- 100 мың тұрғынға шаққандағы туберкулезден болатын өлім-жітімді төмендету, %



Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

- Жұмыссыздық деңгейі, %

- 1000 жұмыскерге шаққанда, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің саны, %

- Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны, адам



Мәдениет

- Ауданда өткізілген әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар саны, бірлік

- 1000 адамға шаққандағы кітапханаға келушілердің орташа саны, адам

Дене шынықтыру және спорт

- Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамту, %

- 1000 адамға шаққанда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің саны

Мемлекеттік тілді дамыту

- Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі, %



Қоғамдық және құқықтық тәртіп

- Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы, %

- Жол – көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету, %

Құрылыс

- Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі, %

- Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы, мың шаршы метр

Жолдар мен көлік

- Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, %



Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық

- Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар халықтың үлесі, %

- Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі:

- электрмен жабдықтау, %



Экология және жер ресурстары

- Тұрмыстық қатты қалдықтардың жалпы көлемінің ішіндегі тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеудің үлесі, %



Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

- Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейі арттыру, %



Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың меншік қаражаттары, қарызға алынған қаражаттар.

Қаржыландыру көлемі, млн. теңге:

2016 жыл – 10654,0

2017 жыл – 3849,4

2018 жыл – 3083,1

2019 жыл – 2735,2

2020 жыл – 2841,8

Барлығы: 23163,6

Ескерту: Қаржыландыру көлемі жылма жыл нақтыланатын болады





  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ


БАҒЫТ: ЭКОНОМИКА
Өңірлік макроэкономика

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі аудандардың бірі. Ауданның тарихы 1928 жылдан басталады. Сол жылы қаңтардың 17-інде Манкент-Сайрам ауданы шаңырақ көтеріп, әкімшілік орталығы Манкент ауылы болды, ал маусым айынан орталық Сайрам ауылына көшірілді. 1930 жылғы желтоқсанның 17-інде Сайрам ауылдық ауданы қайта құрылды, 1934 жылы ауданның әкімшілік орталығы Белые Воды селосы болды, село 1996 жылы Ақсу ауылы, ал 1997 жылдан Ақсукент ауылы деп аталды.

Оңтүстік Қазақстанның орта бөлігін алып жатыр. Өзінің өндірістік - экономикалық потенциалымен облыстағы перспективті аудан болып есептелінеді.

Аудан халқының тығыздығы жағынан өте үлкен, этнодемографиялық жағдайы күрделі, әрі даму потенциалы аса жоғары көпұлтты аймақ. Бұл аудан бүгінде аумағы 1,15 мың шаршы шақырымды қамтитын 11 ауылдық округті, 42 елді мекенді біріктіріп отыр. Ауданда 50-ден астам ұлт пен ұлыстан құралған 198,2 мың халық тұрады, бұл жалпы облыс халқының 7,0 пайызын құрайды.

Солтүстікте ауданымыз – Бәйдібек, шығыста Төлеби, ал оңтүстік- батыста–Ордабасы аудандарымен шектесіп жатыр. Ауданның дамыған гидрографиялық жүйесі бар. Аудан аумағынан өтетін үш өзен мен бірнеше шағын көлдер негізгі суландыру көздері болып табылады. Құрамында минералды бай қоспалары бар емдік жылы суы арқылы Республика көлеміне жақсы танымал «Манкент» шипажайы бар.

Ауданда туризм және демалыс орындары үшін пайдалануға болатын табиғи ландшафтар мен шырайлы жерлер көп.

Сайрам ауданы Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі агроөнеркәсіптік аудандарының бірі болып саналады. Аудан негізінен ет-сүт, дәнді дақылдар, май өнімдері, жеміс- жидектер, көкөніс өнімдерін өндірумен айналысады. Мұнда ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін шағын кәсіпорындар мен цехтар кең дамуда.

Аудан экономикасының басымды бағыттарының бірі бұл ауыл шаруашылығы. Ылғалды көктем тәлімі жерлерге оң әсер етіп, ыстық жаз жылуды жақсы көретін өнімдерді өндіруге көмектеседі. Бұл саланың құрылымында үлкен үлес салмақты өсімдік шаруашылығы орын алып, маңызды өнім түрлерін көкөніс, жеміс- жидектер және дәнді- дақылдар құрайды. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы жаңа технологиялар базасында жақсы дамып келе жатыр.

Аудан орталығы – Ақсукент ауылы, облыс орталығы Шымкент қаласынан 7 км жерде орналасқан. Аудан өзінің ерекше бәсекелік артықшылығын құрайтын, мол ресурстарға ие.

Ауданда 63 жер қойнауын пайдаланушылар өз қызметтерін атқарады, олар пайдалы қазбаларды, яғни шебень, гравий, саздақ құм өндіруде қызмет ететін кәсіпорындар.

Тоғыз жолдың торабы саналатын аудан орталығы арқылы халықаралық «Алматы-Бішкек-Ташкент-Орынбор» магистралы мен «Алматы-Ташкент-Мәскеу» темір жол желісі өтеді. Бұл экономикалық тиімді орналасуымен көрінеді. Туристік әлеуметті дамыту үшін, демалыс-қорықты аймақтардың болуы мен осы аймақтардың рекреациялық ресурстарына, оқиғаларға бай тарихи-архитектуралық ескерткіштеріне негізделген, үлкен мүмкіндіктер бар.

Өнеркәсіп өңір экономикасының дамуын анықтайтын басты сала болып табылады. Еңбектің аумақтық үйлестіруінде аудан ауылшаруашылық өнімдері өндірісі мен қайта өндірісіне, құрылыс материалдарын шығару өндірісіне, ауыл шаруашылық машиналарын және оларға қажетті қосалқы бөлшектер жасау өндірісіне мамандандырылады.

Өнеркәсіп үлесіне жалпы аудан өнімінің 20,0 % түседі, сонымен қатар ауданның өнеркәсіптік өнім үлесі жалпы облыстық көлемде 1,5% құрайды.

Өңірдің нақты экономикалық секторының бәсекелестігін арттыру дамытудың бірінші басымдылықтары қатарында тұрып, өнеркәсіптің салаларын тұрақты дамуына қол жеткізуге, халықаралық стандарттарға өтуге, жаңа технологияларды ендіруге және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған шаралар кешенін іске асыруды көздейді.

Аудан өнеркәсібінің дамуына позитивті әсері бар күшті жақтары:

-ауыл шаруашылығын тиімді дамытуға мүмкіндік беретін өңірдің топырақ-климаттық жағдайының қолайлы болуы;

-тамақ өнеркәсібінің дамуы үшін қажетті жергілікті шикізаттың болуы;

-өндірістік-экономикалық потенциалдың орын алуы.

Аудан кәсіпорындарында негізгі құралдардың тозу дәрежесінің жоғары пайызы, өнеркәсіп модернизациясының дәрежесі, оның өңір әкономикасына әсері жеткіліксіз болып қалуда:

- аудан бизнесінің инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

-еңбек өнімділігінің төмен болуы, өндірістің ескірген үлгіде ұйымдастырылуы;

-жоғары мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі және өндірісті ұйымдастыруда әкімшілік кедергілердің орын алуы.

Ауданда ауыл шаруашылығының деградациясы бірқатар себептердің салдары болып табылады:

- суармалы сулардың жеткіліксіздігі және тиімсіз қолданылуы, шаруа қожалықтарының территорияларында суғару инфрақұрылымдарының (тұнбаланып және қоқыстануы) қатардан шығуы;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша кәсіпорындар мен көкөніс қоймаларының жеткіліксіздігі;

- шаруа қожалықтарының ыдырап орналасуынан, жер бөліктері көлемінің жеткіліксіздігінен, жаңа технологияларды қолдану, егін тәртібін сақтау, жаңа сорттарды қолдану мүмкіндігін бермейді;

- АӨК қолдау және дамытуға бюджет қаржылары шығыстарының төменгі тиімділігі көрінісінде АӨК қолдау мен дамытуға бюджет қаражыларының жеткіліксіз болуы;

- трактор парктері машиналарының 80% жоғары тозуы;

- бос қалған жерлердің тіркелуі мен мониторингінің жеткіліксіздігі және оларды екінші ретті шаруашылық айналымына қайтару дәрежесінің төмен болуы;

Бұл себептер жекелей және бірлесе келе, тұрғындардың ауылдық жерлерден қаларалға кетуіне әкеліп отыр, олар қалалардағы бұрынғы ауыл тұрғындарының ең төменгі білімді, өнімділігі аз және кедей тұрғындардың қатарын түзіп, жалпы алғанда облыстың экономикалық кеңістігінің сапасының төмендеуіне әкеліп отыр.

Сайрам ауданының экологиялық жағдайы ластаушы заттардың атмосфераға шығу көлемінің артуы, негізінен құрылыстың дамуымен, автокөліктердің санының артуымен, автокөлік майларының сапасының төмен болуымен, қоршаған ортаны қорғау стандарттарының сақталмауымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жойылу мәселелерінің шешілмеуімен байланысты.

Аудан бойынша негізінен өнеркәсіп шикізаттарын өндіруші мекемелер қатарына «Теміртас» ЖШС-гі, «Шымкент жол құрылысы» ӨК, «Болашақ-7» ЖШС-гі, «Отау құрылыс» ЖШС-гі, «Шаруа құрылыс» ЖШС-гі жатады. Бұл кәсіпорындар негізінен құрылыс саласына қажетті өнімдерін өндіргендіктен (карьерлік тас өндіреді), олардың кешендерінде табиғатты қорғау шаралары жүргізілмеген.

Сондай-ақ, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер көлемінен табиғатты қорғау шараларына бөлінетін бюджет қаржыларының жеткіліксіздігі және тиімсіздігі мәселесі, бірқатар жылдар ішінде өзекті болып қалмақ, сонымен қатар төлем алу әрқашан ынталандырушы шара бола бермейді.

Сайрам ауданының әлеуметтік саласының жағдайы тұрғындардың табиғи өсімінің жоғарғы қарқынындағы, ауылдық тұрғындардың басым келуімен, қолайлы демографиялық жағдайлармен сипатталынады. Өз кезегінде, соңғы жағдай аудан тұрғындарының өмірінің салыстырмалы жоғары емес дәрежесін анықтайды, өйткені ауылдық жерлердегі табыс дәстүрлі түрде, қала тұрғындардың өмір деңгейінен төмен. Облыста ауылдық тұрғындардың қалаға ауысуы жалғасуы, бірақ қалада ауылдық жерлерден келгендердің табысы төменгі деңгейде қалып, осы себептен орташа өмір деңгейі өзгеріссіз қалуда. Ауданның өзге де әлеуметтік мәселелер: кәсіби білім беру мекемелерінде оқытушылардың жеткіліксіз болуы; медициналық персоналдың біліктілік деңгейлерінің жеткіліксіздігі және медициналық мекемелердің құралдармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі; тұрғындардың мәдени белсенділігінің жеткіліксіздігі; әлеуметтік салада бюджет қаржыларын қолданудың тиімділігінің төмендігі.

Аудан инфрақұрылымы көрсетілетін қызмет түрлері бойынша және аумақтық бөліністе шекте бірқалыпсыз және жеткіліксіз дамыған. Көлік инфрақұрылымы (көліктер мен жолдардың барлық түрлері) саласы, тұрғындарды газбен, ауыз сумен және электроэнергиясымен қамтамасыз ету салалары қарқынды дамуды қажет етеді.


2012-2014 жылдар аралығында аудан бойынша негізгі салалардың динамикасы

№2 кесте


Атауы

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2014 жылдың 2012 жылға өсу қарқыны

млрд. теңге

құрылым %

млрд. теңге

құрылым %

млрд. теңге

құрылым %

млрд. теңге

құрылым %

Өнеркәсіп

23,4

22,6

20,5

17,4

23,5

19,9

0,1

100,4

Ауыл шаруашылығы

33,4

30,3

35,6

30,3

35,7

30,2

1,8

106,7

Құрылыс жұмыстарының көлемі

13,5

12,2

21,8

16,9

15,7

14,0

2,5

116,3

Бөлшек сауда

12,3

11,9

10,9

9,3

12,3

10,4

0

100,0

Негізгі инвестиция

58,5

56,6

50,6

43,0

46,7

39,5

-11,8

-20,2


жүктеу 1,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау