3. ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ГЕОЭКОЛОГИЯ
3.1 ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ
|
Сабақтың тақырыбы
|
25-26. Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау
|
Сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)
|
10.3.1.2 Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтау және бағалау(аймақтық/аудандық компоненттер)
10.3.1.3 Табиғат пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерін азайтудың жолдарын
ұсыну(аймақтық/аудандық компоненттерге негізделген)
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: Табиғи ландшафт, антропогендік ландшафт, экологиялық жағдай, экологиялық лас өндіріс, экологиялық саясат, экологиялық мәдениет ұғымдарын біледі. Оқушылардың көпшілігі: Қазақстандағы табиғатты пайдалану және пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілуін жіктейді және зерттейді.
Кейбір оқушылар: Қазақстанда қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік түрткіжайттар әсерін азайту жолдарын бағалайды.
|
Бағалау өлшемдері
|
1. Табиғи ландшафт, антропогендік ландшафт, экологиялық жағдай, экологиялық лас өндіріс, экологиялық саясат, экологиялық мәдениет ұғымдарын біледі.
2. Қазақстандағы табиғатты пайдалану және пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілуіне әсер ететін антропогендік түрткіжайттарды топтастырады. Себеп-салдарлық тізбегін құрастырады.
3. Жобаның нәтижесін қорытындылайды.
|
Тілдік мақсаттары
|
Оқу дағдысы: тақырып мазмұнынан негізгісін белгілеп алып оқу
Жазу дағдысы: графикалық сызба құрастыру
Сөйлеу және тыңдау дағдылары: тапсырмаларды бөлу және өзара оқыту, мәселелерді талқылау
Негізгі тірек сөздер тізбегі: қоршаған орта, географиялық орта, «қайталама» табиғат, табиғатты пайдалану,
ресурспен қамтамасыз етілуі
|
Құндылықтарды қалыптастыру
|
Еңбек және шығармашылық (өзінің жұмысын ұйымдастыру, белсенділік, өз еркімен жұмыспен шұғылдану, жаңа нәтижеге қол жеткізу, адалдық дағдысы).
|
Пәнаралық байланыстар
|
Биология, химия, физика
|
Тақырып бойынша алған
білімдері
|
Географиялық деректерді көзбен шолу
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
|
Көрнекілік
|
Сабақтың басы 10 мин
|
Сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылармен сәлемдесу.
Коллаборативті ортаны ұйымдастырып, сабақтың мақсатын қояды.
(Ж) 1-тапсырма. «Дейін» және «Кейін» әдісі Оқушылар кестенің бірінші бағанын толтырып, топ спикерлері толтырғандарын оқып шығады, екінші бағананы сабақтың соңында толтырады.
ҚБ. «Смайлдер»
|
|
Сабақтың ортасы
20 мин
|
(Ж) 2-тапсырма
Оқулықты, дүниежүзінің минералды ресурстар картасын пайдалана отырып, отын және рудалы пайдалы қазбалардың орналасуын талдайды. Көмір, мұнай, газ, торф, темір рудалары, полиметалл және т.б. пайдалы қазбалардың қоры мол елдер мен аудандарды ата. Дескриптор:
- Минералды ресурстардың орналасуын жіктей білу.
- Мысалдар келтіреді.
- Қорытынды жасайды.
ҚБ. Бағдаршам
(Т) 3-тапсырма. Топта жұмыс істей отырып
|
|
|
Қазақстанның табиғат ресурстары орналасуының себеп-салдарлық тізбегін көрсететін графикалық органайзер дайында (1-тапсырма). ҚБ. «Смайлдер» Дескриптор:
- елдердің ресурспен қамтамасыз етілуін анықтайды;
- оның мәселесін бағалайды;
- антропогендік түрткіжайтты сипаттайды.
Кері байланыс: Түсініксіз болған жағдай?
Сұрақтарға талқылау жүргізіледі.
|
|
Сабақты қорытындылау
8 мин
|
4-тапсырма. Сабақты бекіту мақсатында географиялық диктант жүргізіледі. Географиялық диктанттан кейін терминдер бойынша өзара бағалау жүргізіледі. Кестенің «Кейін» бағанын толтырады.
Нәтижелерін топта атап көрсетеді. ҚБ. «Басбармақ»
|
Географиялық
диктант
|
Сабақтың соңы 2 мин
|
Рефлексия: «Көңіл күй» ағашы
|
«Көңіл күй» ағашы өте жақсы жақсы жаман
|
Үй тапсырмасы. §25-26,2-тапсырма. Өңірімізде қоршаған ортаға антропогендік түрткіжайттар әсерін азайту мүмкін бе?
|
|
|
|
|
|
3. ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ГЕОЭКОЛОГИЯ
3.1 ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ
|
Сабақтың тақырыбы
|
27. Табиғатты тиімді пайдалану қағидалары
|
Сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)
|
10.3.1.4 Табиғатты тиімді пайдалану қағидаларын анықтау
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: Табиғатты тиімді пайдалану, табиғатты пайдалану қағидалары, экологиялық дағдарыс, табиғат ортасының сыйымдылығы, ресурс айналымы ұғымдарын біледі.
Оқушылардың көпшілігі: Табиғатқа әсерді төмендетуді бағалайды.
Кейбір оқушылар: Табиғатты пайдалану мәселелерін шешу жолдарын қарастырады.
|
Бағалау өлшемдері
|
- Географиялық ортаны біледі.
- Қоршаған ортаға әсерді төмендетуге бағытталған шараларды бағалайды.
- Табиғатты пайдаланудың мәселелерін шешу жолдарын қарастырады.
|
Тілдік мақсаттары
|
Оқу дағдысы: тақырып мазмұнынан негізгісін белгілеп алып оқу
Жазу дағдысы: графикалық сызба құрастыру
Сөйлеу және тыңдау дағдылары: тапсырмаларды бөлу және
|
|
өзара оқыту, мәселелерді талқылау
Негізгі тірек сөздер тізбегі: табиғатты тиімді пайдалану, табиғатты пайдалану қағидалары, экологиялық дағдарыс, табиғат ортасының сыйымдылығы, ресурс айналымы
|
Құндылықтарды қалыптастыру
|
Еңбек және шығармашылық (өзінің жұмысын ұйымдастыру, белсенділік, өз еркімен, жұмыспен шұғылдану, жаңа нәтижеге қол жеткізу, адалдық дағдысы).
|
Пәнаралық байланыстар
|
Қоғамдық ғылымдар
|
Тақырып бойынша алған
білімдері
|
Қоршаған ортаға табиғат пайдалану түрлерінің әсерін бағалау
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
|
Көрнекілік
|
Сабақтың басы 5 мин
|
Сәлемдесу. Психологиялық көңіл күй орнату.
|
Достарыңызбен бөлісу: |