Алматы қаласы № 148 мектеп гимназия.
Физика пәні мұғалімі: Арипбаева Гүлжанат Мәкеновна
Физика және астрономия. 8 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты ток заңдары.
Сабақтың мақсаты: Өткен тарауды қайталау арқылы оқушылардың алған
білімдерін шыңдай түсу.
Білімділігі: Тұрақты ток тарауы бойынша оқушылардың алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету, электр тізбегін құрып, электрлік құралдармен жұмыс жасау қабілеттерін анықтау. Алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылығы: Тұрақты ток заңдылықтарын , формулаларды дұрыс қорытып, сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге пайдалану.
Тәрбиелілігі: Құралдар мен жұмысын жасау кезінде ұқыптылыққа, қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Электр есептегіш, амперметр, вольтметр, кілт, ток көзі, сымдар, электр шамы, кедергілер.
Дидактикалық материалдар: үлестірмелі материалдар, тест тапсырмалары, есептер жинағы.
Сабақтың түрі: Жинақтау қорытындылау.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын тексеру
а)Есеп шығару.
ә)Сурет бойынша есептер шығар
б)Электр тізбек құруға есеп
Бекіту. Тест
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Ұйымдастыру. Амандасу, топқа бөлу, сабақ өтуге оқушыларды дайындау.Сабақтың тақырыбымен мақсатын хабарлау. Бағалау парағын түсіндіру.
Үй тапсырмасын тексеру.
I-топ сұрақтары:
1.Электр тогының әсерлерін атаңдар
2. Кернеудің өлшем бірлігі қандай?
3. Параллель қосқанда тұрақты болатын физикалық шама қандай ?
4. Джоуль-Ленц заңы дегенміз не ?
5. Тұрақты ток бағыты қалай бағытталады ?
6. Электр энергиясын есептейтін құралды ата ?
II-топ сұрақтары:
1. Электр тогы дегеніміз не ?
2. Ток көздерін атаңдар?
3.Тізбектеп қосқанда қандай физикалық шама тұрақты?
4. Кедергінің өлшем бірлігі қандай?
5. Өткізгіштің кедергісі қандай шамаларға тәуелді
6. Сырт еткіздім түймені
Жарқ еткіздім бөлмені
Шоқтан қолым күймеді.
Үйге берілген есептің шығарылуы: 22 жаттығу № 5-6 есебі
1 -саты. Тізбектеп және параллель жалғауға есептер
Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергілері R1= 44 Ом өткізгіш арқылы I1 = 5 А ток өтеді. I2 = 0,8 А ток өткендегі өткізгіштің кедергісін анықтаңдар.
2) Электроплита 120 Вольттық кернеумен жұмыс жасайды . Плита сымының кедергісі 80 Ом болса, онда 10 минут ішінде одан қанша
жылу мөлшері бөлінетінін есептеңдер.
2-саты.Сурет бойынша есеп.
Достарыңызбен бөлісу: |