ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ
АГРАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР, ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ
ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ
КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫ
2019 жылғы 7 қазан
Отырысты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Ә.Ә. БЕКТАЕВ жүргізді.
ТӨРАҒА. Қайырлы күн, құрметті әріптестер, құрметті отырысқа шақырылғандар! Кворум бар. Комитет отырысын ашу жөнінде қандай ұсыныстарыңыз бар?
ОРНЫНАН. Қарсылық жоқ.
ТӨРАҒА. Комитет отырысын ашық деп жариялаймын. Күн тәртібі сіздерге берілді, күн тәртібінде бір мәселе қаралады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.
Күн тәртібі бойынша қандай ұсыныстарыңыз бар?
ОРНЫНАН. Бекітілсін.
ТӨРАҒА. Қарсы, қалыс жоқ, күн тәртібі бекітіледі.
Бұл заң жобасын біз бірінші оқылымда Парламент Сенатының отырысында қарағанбыз, сондықтан бүгін баяндамашы комитет мүшесі Дүйсенғазы Мағауияұлы Мусинге беріледі.
МУСИН Д.М. Құрметті төраға, құрметті әріптестер, шақырылғандар! Күн тәртібіне ұсынылып отырған бірінші оқылымда мақұлданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Үкіметтің 2017 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарына сәйкес әзірленген.
Аталған заң жобасымен Қазақстан Республикасының 13 кодексіне және 29 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілу көзделеді.
Заң жобасында ұсынылатын өзгерістер мен толықтырулар ауыл шаруашылығын қаржыландырудың қолжетімділігі, фитосанитариялық және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ветеринария, аграрлық ғылымды дамыту, әкімшілік кедергілерді жою, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау және дамыту жөніндегі жаңа нормаларды енгізуді көздейді.
Сонымен қатар орман және су шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту бойынша өзгерістер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келтіруге бағытталған өзгерістер қарастырылған.
Бұған қоса Агроөнеркәсіп кешенінде ерікті сақтандыруға көшу, жер ресурстарын, әсіресе ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану, ауыл шаруашылығы саласындағы кадр даярлау жүйесін жетілдіру ұсынылған.
Заң жобасында көзделіп отырған өзгерістер заңнамалық базаны жетілдіре отырып, еңбек өнімділігін еселеуге, сондай-ақ өңделген өнім экспортын ұлғайту арқылы Агроөнеркәсіп кешені саласының бәсекеге қабілеттігін арттыруға қолайлы мүмкіндіктер қалыптастыру күтілуде.
Құрметті әріптестер! Заң жобасын талқылау барысында жұмыс тобының 11 отырысы өткізілді, онда уәкілетті мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің, ғалымдар мен сарапшылардың, сондай-ақ басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен заң жобасы екінші оқылымда жан-жақты қаралып, барлық енгізілген ұсыныстар бірлесіп талқыланды.
Сенаттың тұрақты комитеттері мен депутаттары тарапынан түскен ұсыныстардың барлығы жұмыс тобы отырыстарында талқыланып, өз шешімдерін тауып, жауаптары алынды.
Бұл ретте қолданыстағы агроөнеркәсіптік кешенін реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған біршама ұсыныстар бастамашыларының келісіміне сәйкес алынып, Парламент Мәжілісінде келешекте қаралатын заң жобалары аясында енгізілуі жоспарланып отыр.
Заң жобасын екінші оқылымда қолдап, комитеттің кеңейтілген отырысында қарауды ұсынамын.
Назарларыңызға рақмет.
ТӨРАҒА. Баяндамашыға сұрақтарыңыз бар ма?
НҰРАЛИЕВ Ә.Т. Менің сұрағым Ауылшаруашылығы министріне.
Қаралып отырған заң жобасы жұмыс тобында қарастырылды, комитет отырысында жан-жақты қаралып, талқыланды. Ауылшаруашылық министрлігі, мемлекеттік органдар, эксперттер белсенділік танытып, туындаған сұрақтарға жауаптар алынып, бірқатары шешімін тапты.
Талқылау барысында көтерілген, кестелерге түскен бірқатар мәселелер, баяндамашы айтқандай, алдағы уақытта қаралатын заң жобаларына енгізілетін болып жоспарланып отыр.
Осыған байланысты менің сұрағым: ауылшаруашылығының қандай мәселелері қандай болашақ заң жобаларында қабылданатын болады?
Рүстем Жомартұлы, осы туралы айтып берсеңіз,
ТӨРАҒА. Ауылшаруашылығы вице-министрі Рүстем Жомартұлы.
ҚҰРМАНОВ Р.Ж. Рақмет.
Был ряд поправок по Земельному кодексу. Мы будем их обсуждать с регионами и бизнесом. У нас есть обязательство – до конца года разработать законопроект по земельным вопросам, который связан с мораторием. В рамках законопроекта те нормы, которые предлагались в Сенате, обсудим и рассмотрим. После этого нам предстоит внести этот законопроект на заседание Национального совета общественного доверия, и только после этого мы будем вносить в Мажилис. То есть поправки по земельным вопросам мы будем рассматривать в рамках внесения изменений в Земельный кодекс.
Что касается вопросов развития биотоплива. Мы уже нашли понимание с Мажилисом, будем двигаться в рамках законопроекта по изменению некоторых вопросов по налогообложению. Биэтанол - это подакцизный товар. Поэтому с Министерством финансов мы будем рассматривать его в том законопроекте.
Что касается кредитных товариществ. Две поправки обсуждались, они системные, их нужно обсудить с бизнесом, Ассоциацией кредитных товариществ. Мы думаем, что эту поправку учтем либо в рамках Закона «О племенном животноводстве», либо в рамках проекта Закона «Об аграрных расписках», который будет инициирован в ближайшее время.
Аграрные расписки – это тоже финансовый инструмент, как и кредитные товарищества. Может быть, в рамках этих инициатив мы его рассмотрим.
Что касается еще трех поправок. По прикомандированию ветеринарных и фитосанитарных инспекторов на пункты пропуска. Мы эту поправку уже проработали с Мажилисом, она инициирована в законопроект о внесении изменений в КоАП.
Также два вопроса по Закону «Об охране селекционных достижений» и КоАП, где мы затрагивали вопросы по административному нарушению в части товаров. Эти поправки инициированы депутатом Мажилиса Парламента Темиржановым именно в законопроект о внесении в КоАП.
Вот такой у нас план.
ТӨРАҒА. Сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Комитет отырысын жабық деп жариялаймын.
ОТЫРЫСТЫҢ СОҢЫ.
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану
|
|
және ауылдық аймақтарды дамыту
|
|
комитетінің төрағасы
|
Ә. Бектаев
|
|
|
ШЖҚ-дағы «Материалдық-техникалық
|
|
қамтамасыз ету басқармасының инженерлік
|
|
орталығы» РМК директорының м.а.
|
А. Құсайынов
|
|
|
ОРЫНДАҒАН:
|
|
Стенографиялау қызметінің
|
|
жетекші редакторы
|
И. Шыныбаева
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ
АГРАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР, ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ
ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ АУМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ
КОМИТЕТІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ
2019 жылғы 7 қазан
Отырысты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Ә.Ә. БЕКТАЕВ жүргізді.
ТӨРАҒА. Құрметті әріптестер, тәртіп бойынша комитеттің кеңейтілген мәжілісін өткізуіміз керек. Оны кейінге қалдырмайық, қатысатын азаматтардың бәрі бар, министрліктің тиісті жауапты қызметкерлері осында қатысып отыр. Кеңейтілген мәжіліске көшуге қарсылықтарыңыз жоқ па?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Қаралып отырған мәселе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.
Күн тәртібі бойынша қандай ұсыныстарыңыз бар?
ОРНЫНАН. Келісеміз.
ТӨРАҒА. Онда заң жобасы бойынша баяндама жасау үшін сөз комитет атынан Мусин Дүйсенғазы Мағауияұлына беріледі.
МУСИН Д.М. Құрметті төраға, құрметті әріптестер! Заң жобасы бойынша жаңа ғана Комитеттің отырысы өтті. Сенаттың тұрақты комитеттері мен депутаттары тарапынан түскен ұсыныстардың барлығы жұмыс тобы шеңберінде және комитет отырысында талқыланып, өз шешімдерін тауып, жауаптары алынды.
Бұл ретте қолданыстағы агроөнеркәсіптік кешенін реттеу саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған біршама ұсыныстар бастамашыларының келісіміне сәйкес алынып, олар Парламент Мәжілісінде келешекте қаралатын заң жобалары аясында енгізілуі жоспарланып отыр.
Жалпы комитет мүшелерінің заң жобасын талқылауға белсенді түрде қатысқандарын атап өткім келеді.
Баяндалғанды ескере келе қарастырылып отырған заң жобасын қолдап, Сенаттың кезекті отырысына екінші оқылымда қарау үшін жолдауды ұсынамын.
Назарларыңызға рақмет.
ТӨРАҒА. Рақмет.
Баяндамашыға сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Рүстем Жомартұлы, жаңағы айтылған мәселелер бойынша за подписью министра в письменном виде есть гарантийное письмо? Мы получили?
ҚҰРМАНОВ Р.Ж. Передали. Сейчас это письмо находится на регистрации.
ТӨРАҒА. По всем моментам, потому что весьма серьезные, солидные предложения были. Конечно, многие из них концептуально надо отработать, некоторые надо доработать, некоторые требуют финансовых расчетов. Поэтому мы решили спонтанно не включать, чтобы рабочая группа проработала вместе с вами.
Я думаю, что предложения наших депутатов должны быть учтены во время рассмотрения последующих законопроектов. Ни одно предложение не должно оставаться в стороне. Вы согласны с нами?
ҚҰРМАНОВ Р.Ж. Али Абдикаримович, мы проработаем эти поправки. Спасибо за поддержку, что мы обсудили на рабочей группе. Действительно, те вопросы, которые поднимались, требуют своего решения. Мы их будем прорабатывать в министерстве.
ТӨРАҒА. Рақмет.
Басқа сұрақтар жоқ па? Пікір айтам деген азаматтар бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Құрметті әріптестер, заң жобасы өте маңызды. Заң жобасы екі жылдың көлемінде Парламентте қаралды, талқыланды. Мәжілісте жатқан жерінен Ауылшаруашылығы министрлігі қайтадан заңды шақыртып алып, өте үлкен көптеген өзгерістер енгізді. Ол өзгерістердің барлығы өте маңызды өзгерістер деп есептейміз. Ол жаңадан қабылдаған ауылшаруашылығын аграрлық секторды дамыту жаңа мемлекеттік бағдарламаларды орындау бойынша негізгі өзгерістер және соларды қаржылай қамтамасыз ету бойынша негізгі өзгерістер. Қазіргі ауылшаруашылығына қатысты негізгі салалар – ветеринария қызметін, ветеринария қызметін жандандыруға арналған өте үлкен өзгерістер бар. Одан бөлек қазіргі несие (субсидия кредитования) беру мәселнлері бойынша көп нақты өзгерістер енгізіп отыр. Бұл заң нақты ауылшаруашылығының дамуына, аграрлық сектордың қызметіне оң әсер етеді деп ойлаймыз.
Единственное, Рустем Жомартович, по ходу поступления бюджетного законодательства в Мажилис возникают некоторые вопросы в части финансирования, субсидирования, особенно животноводства.
У нас такая просьба. Пожалуйста, предоставьте все те изменения, которые происходят в последнее время в плане субсидирования и кредитования сельскохозяйственной отрасли. Если есть поправки, чтобы мы во время рассмотрения бюджетного законодательства могли учесть и иметь какие-либо поправки, изменения того положения, которые вы утверждаете своим приказом или постановлением Правительства. Это очень важно.
Басқа сұрақтарыңыз болмаса, онда баяндамашының ұсынысын қолдап Сенат отырысына бұл мәселені екінші оқылымда енгізуді ұсынамыз. Қарсылық жоқ па?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Онда дауыс берулеріңізді сұраймын. Қарсы, қалыс жоқ.
Сенат отырысына Ауылшаруашылығы министрі және оның орынбасарлары, тиісті комитет төрағалары қатысу керек.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан Ерлан Нысанбаев мырза қатысады. Министрліктен осыған қатысты азаматтар болатын болса, тізімге енгізулеріңізді сұраймыз.
Тағы қандай ұсыныстарыңыз бар?
НЫСАНБАЕВ Е.Н. (МИКРОФОНҒА ЕМЕС).
ТӨРАҒА. Хорошо. Тізімге енгізіңіздер.
Басқа ұсыныстар жоқ па?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Онда осы заң жобасы бойынша жұмыс жасаған әріптесіміз Дүйсенғазы Мағауияұлына және осыған қатысқан министрлік азаматтарының барлығына ризашылығымызды білдіргіміз келеді.
Баяндаманы депутат Дүйсенғазы Мағауияұлы Мусин жасайды.
Басқа сұрақ-ұсыныстарыңыз болмаса, онда комитеттің кеңейтілген отырысын жабық деп жариялаймын. Барлықтарыңызға рақмет.
ОТЫРЫСТЫҢ СОҢЫ.
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану
|
|
және ауылдық аймақтарды дамыту
|
|
комитетінің төрағасы
|
Ә. Бектаев
|
|
|
ШЖҚ-дағы «Материалдық-техникалық
|
|
қамтамасыз ету басқармасының инженерлік
|
|
орталығы» РМК директорының м.а.
|
А. Құсайынов
|
|
|
ОРЫНДАҒАН:
|
|
Стенографиялау қызметінің
|
|
жетекші редакторы
|
И. Шыныбаева
|
Достарыңызбен бөлісу: |