|
Сабақтың тақырыбы 1 Географиялық мониторинг әдісі
|
бет | 17/70 | Дата | 07.02.2023 | өлшемі | 0,83 Mb. | | #41174 | түрі | Сабақ |
| Саба ты та ырыбы 1 Географиялы мониторинг дісі (1)
3. ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ГЕОЭКОЛОГИЯ
3.1 ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
29-30. Экологиялық таза өндірістерді жобалау
|
|
Сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаты (оқу жоспарына сілтеме)
|
10.3.1.6 Экологиялық таза өндіріс жобаларын
(жергілікті / аймақтық компонент негізінде)
|
ұсыну
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар: Жоба, экологиялық таза өндіріс, экологиялық бизнес, экологиялық өнім ұғымдарын біледі.
Оқушылардың көпшілігі: Экологиялық мәселелерді шешуде инновацияялық технологияның рөлін бағалайды.
Кейбір оқушылар: Тұрғылықты елді мекенде «жасыл технологияны» қолдану мүмкіндіктерін анықтайды.
|
Бағалау өлшемдері
|
- «Инновациялық технология» ұғымының мазмұнын ашып көрсетеді.
- Экологиялық мәселелерді шешуде инновациялық технологиялардың рөлін бағалайды.
- Тұрғылықты елді мекенде инновациялық технологияны қолдану жолдарын ұсынады.
|
Тілдік мақсаттары
|
Оқу дағдысы: тақырып мазмұнынан негізгісін белгілеп алып оқу
Жазу дағдысы: графикалық сызба құрастыру
Сөйлеу және тыңдау дағдылары: тапсырмаларды бөлу
және өзара оқыту, мәселелерді талқылау
Негізгі тірек сөздер тізбегі: инновациялық технология, жасыл ақпараттық жүйелер және технологиялар
|
Құндылықтарды қалыптастыру
|
Еңбек және шығармашылық (өзінің жұмысын ұйымдастыру,
белсенділік, өз еркімен жұмыспен шұғылдану, жаңа нәтижеге қол жеткізу, адалдық дағдысы)
|
Пәнаралық байланыстар
|
Биология, физика, химия, математика, информатика
|
Тақырып бойынша алған
білімдері
|
Таза экологиялық өндірісті жобалау
|
Сабақтың барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
|
Көрнекілік
|
Сабақтың басы 10 мин
|
Сәлемдесу. Психологиялық көңіл күй орнату. «Ассоциациялар» әдісі: инновациялық технология, жасыл ақпараттық жүйелер және технологиялар. Оқушылармен бірге ассоциацияны талқылайды және қорытынды жасалынады.
|
|
Сабақтың ортасы
25 мин
|
(ТЖ) 1-тапсырма
Оқулық көмегімен анықтау керек (өз бетімен білім алу): 1. Инновациялық технология дегеніміз не?
2. Қандай технологияларды «Жасыл ақпараттық жүйелер» деп атайды, неге?
3. Экологиялық мәселелерді шешуде «жасыл технологиялардың» рөлі?
ҚБ: Тапсырманы бірінші орындаған топ смайлдер алады.
|
|
|
|
|
|
|
Дескриптор:
- Технологияларды анықтай біледі;
- Жасыл технологияларға мысал келтіре алады;
- Осыған әсер ететін түрткіжайттарды анықтайды;
- Қорытынды жасайды.
(ТЖ) 2-тапсырма
Оқулық көмегімен анықтау керек (өз бетімен білім алу):
1. «Тұрақты даму» және «жасыл технология» ұғымдарының арасындағы байланысты анықтау және жауапты сызба түрінде көрсет.
2. Тұрғылықты елді мекенде жасыл технологияның қолданылу мүмкіндіктерін топта талқыла.
ҚБ: Тапсырманы бірінші орындаған топ смайлдер алады. Дескриптор:
- Тақырыптық сызба құрастыра біледі;
- «Тұрақты даму» және «жасыл технология» ұғымдарының арасындағы байланысты анықтайды;
- Қандай технологияны қолдану мүмкіндігін ажырата алады; - Қорытынды жасайды.
(ТЖ) 3-тапсырма
Оқулық көмегімен анықтау керек (өз бетімен білім алу): Тұрғылықты елді мекенде жасыл технологияның қолданылу мүмкіндіктерін топта талқылайды.
ҚБ. Тапсырманы бірінші орындаған топ смайлдер алады.
Өз идеяларының таныстырылымы. Өзара бағалау: «Басбармақ» әдісі Дескриптор:
- Экологиялық мәселені анықтайды.
- Қандай шешу жолдары бар екенін түсіндіреді.
- Тұрғылықты елді мекенде жасыл технологияның қолданылу мүмкіндігін бағалайды.
- Қорытынды жасайды.
- Дәптерге толтырады.
|
|
Сабақтың соңы Сабақтың соңындағы рефлексия: 4 мин Смайлдерді санап, тақтаға шабадан, еттартқыш, себеттің суреті ілінеді.
Шабадан – алдағы уақытта қажет ақпарат.
Еттартқыш – ақпаратты өңдеймін.
Себет – қажет емес ақпарат.
Оқушыларға сабақта алған ақпаратты таңдау ұсынады.
Сабақтың соңы Үй тапсырмасы 1 мин §29-30. 1-тапсырманың сұрақтарына ауызша жауап береді.
3. ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ГЕОЭКОЛОГИЯ
3.1 ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ
Сабақтың тақырыбы 31-32. Географиялық тапсырмаларды шешуде
географиялық зерттеу әдістері мен негізгі
географиялық ақпарат көздерін қолдану
Сабақта қол жеткізілетін 10.1.1.3 Зерттеу тақырыбына сәйкес сандық әдістерді оқыту мақсаты (оқу қолдану
жоспарына сілтеме) 10.2.1.1 Зерттеу тақырыбына сәйкес картографиялық әдісті қолдану
10.2.2.3 Ақпараттық-коммуникативті технологиялардың графикалық редакторларында тақырыптық карта-сызбалар құрастыру
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: Географиялық зерттеу әдісі негіздерін меңгереді.
Оқушылардың көпшілігі: Ақпарат көздерін талдайды.
Кейбір оқушылар: Географиялық тапсырмаларды шешеді.
Бағалау өлшемдері - Географиялық зерттеу әдісі негіздерін түсіндіреді.
- Ақпарат көздеріне сипаттама береді.
- Географиялық тапсырмаларды шешеді.
Тілдік мақсаттары Оқу дағдысы: тақырып мазмұнынан негізгісін белгілеп алып оқу
Жазу дағдысы: тестілеу
Сөйлеу және тыңдау дағдылары: тапсырмаларды бөлу және өзара оқыту, мәселелерді талқылау
Негізгі тірек сөздер тізбегі: жалпыгеографиялық әдістер, ресурспен қамтамасыз етілу, жұмыссыздық, халық тығыздығы
Құндылықтарды Еңбек және шығармашылық (өзінің жұмысын қалыптастыру ұйымдастыру, белсенділік, өз еркімен жұмыспен
шұғылдану, жаңа нәтижеге қол жеткізу, адалдық дағдысы).
Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану ғылымдары
Тақырып бойынша алған Қазақстанның экологиялық мәселелері білімдері
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері
|
Көрнекілікт
ер
|
Сабақтың басы
8 мин
|
Ұйымдастыру. Сыныпта қолайлы ахуал қалыптастыру.
Қолдарыңды көтеріп, «Мен – жақсымын», – деп бастарыңды сипалаңдар. «Мен сабақта белсенді жұмыс істеймін, барлық тапсырмаларды орындай аламын». (1 минут)
Тірек тапсырмаларды белсендіру. «Пазл» әдісін қолдана отырып мұғалім сыныпты 6 топқа бөледі.
Рим саны және аумақтық шегара бейнеленген картаны оқушыларға таратады.
- Қалай ойлайсыңдар, картада рим саны және шегаралар анық көрсетілген бе?
|
|
Сабақтың ортасы
25 мин
|
Ж. 1-тапсырма
- Дүниежүзіндегі бір құрлыққа саяхатқа шығасың. Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі арақашықтықты анықта: екі шеткі нүктелерінің координатасы – 32°с.е. және 35°о.е. Қандай құрлық туралы айтылып отыр?
- 1:50000 масштабтағы А және Б қалаларының арақашықтығын сантиметрмен есепте, егер 1:400000 масштабта 4 см-ге тең. Дескриптор:
1. Шеткі нүктелердің координаттары арқылы географиялық нысандарды табады.
2. А және Б қалаларының арасының арақашықтығын есептейді.
3. Қорытынды жасайды. ҚБ. «Смайлдер»
|
|
2-тапсырма
- Сен дүниежүзінің бір елінің өкілісің, сенөзіңнің баяндамаңда табиғатты пайдалану және демографиясы жайлы қарастыруың қажет. Дескриптор:
1. Елдің шикізатпен қамтамасыз етілуін есептейді.
2. Халықтың тығыздығын есептейді.
3. Жұмыссыздық деңгейін есептейді.
4. Қорытынды жасайды.
ҚБ. «Басбармақ» әдісі
|
|
Сабақты қорытындылау
7 мин
|
3-тапсырма. Тестілеу
Дескриптор: Жауап бере алады.
(ҚБ) Материалды кім қалай меңгергені туралы сабақты қорытындылау.
|
|
|
Үй тапсырмасы
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|