www.ustaz-martebesi.kz/ ustaz_martebesi@mail.ru
№19(134), 13 қазан, бейсенбі, 2016 жыл
1-қазан "Халықаралық Қарттар күні" және
"Ұстаздар күні" мерекесі қарсаңында №187 М.Шо-
қай атындағы қазақ орта мектебінде "Ұрпақтар
сабақтастығы мен бірлігі - Мәңгілік ел негізі"
тақырыбында мерекелік шара өтті. Ел Тәуелсізді-
гінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған шара-
ның мақсаты - "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясы
құндылықтары негізінде жас ұрпақтың бойында
ұлттық сана-сезімді, азаматтық, отансүйгіштікті
дамытып, жаңа қазақстандық патриотизмді
қалыптастыру.
Мерекелік шара бағдарламасына сәйкес мек-
тептің "Жас ұлан" ұйымы алдымен қонақтарды
қарсы алып, Мұстафа Шоқай ескерткішіне тағзым
етіп, гүл шоқтарын қойды. Келген қонақтар мұнан
кейін мектептің тарихи-танымдық бұрышымен та-
нысты. Ерте кезден бері қазақ тәрбиесіндегі ұрпақ
санасына сіңіріп өсірген қасиетінің бірі үлкенге
құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдіру. Бұл күні ал-
дыңғы буынның қоғам өміріне қосқан үлесіне шы-
найы ризашылық білдіріп, ерекше ілтипат көрсе-
тілді. Шараның жүргізушілері көпшілік атынан ар-
дагерлерге өмірдің небір қиындықтарына қайыс-
пай жеңуге және жеңістерге шаттана білуге үйрет-
кендері үшін алғыстарын жеткізді.
Мерекелік кешті мектеп директоры Айгүл
Мұсабаева алғысөзімен ашып, сөз сөйледі. Ол өз
сөзінде шәкірт тәрбиелеу жолында ұстаздардың
атқарып жүрген ерен еңбектерін тілге тиек етіп,
ұстаздардың атқарған жұмыстарының нәтижесінде
мектептің жеткен жетістіктеріне тоқталды. Келесі
сөз кезегін салтанатты шараның құрметті қонақ-
тары саяси ғылымдарының докторы, профессор
Әбдіжәлел Бәкір мен "Мұстафа Шоқай" қорының
төрағасы Базарбай Атабаев және "Ұстаз мәртебесі"
газетінің бас редакторы Нұрлан Көбегенұлы жал-
ғап, ұстаздар қауымына мерекелік лебіздерін жет-
кізді. Ардагер ұстаздар да сөз кезегін алып, мектеп
мұғалімдеріне ыстық ықыластарын білдірді. Төл
мереке қарсаңында еңбегінің жемісін көріп жүрген
бірқатар ұстаздар марапат мінберінен көрінді.
Аталмыш мектепте ұзақ жылдар қызмет етіп,
талай түлектерді түлетіп, шәкірттердің зердесін
ашып, зейінін оятқан және бүгінгі күні зейнетке
шығып, осы еңбектерінің жемісін көріп отырған
ардагер ұстаздар мерекелік кеште жұмысқа жаңа
орналасып, салаға енді ғана аяқ басып келе жатқан
жас мамандарға ақ тілектерін айтып, бата берді.
Мұнан кейін мектептің жас ұландары ардагер ұс-
таздар мен мектеп мұғалімдеріне арналған арнау
өлеңдерін оқыды.
Салтанатты шара мерекелік концертпен жалға-
сын тауып, ұстаздар қауымына ерекше демалыс,
жақсы көңіл-күй сыйлайтын дәрежеде ұйымдас-
тырылды. Мектеп оқушылары тәрбиеліден - тәлім,
ғылымнан - ғибрат, өнерліден - өнеге алуға үйретіп
жүрген ұстаздар қауымына шексіз алғыстарын
білдірді.
М.ҰЛЫҚБАН
Оқу жылы басталы-
сымен ұстаздар мерекесі
де келіп жетті. Білім мен
тәрбие нәрін келер ұрпақ
бойына сіңіруші, ұрпақ
бағбаны, ұлағатты іс ат-
қарушы ұстаздар қауы-
мының мерекесі биылғы
жылы қарттар мерекесі-
мен тұспа-тұс келіпті.
"Екі дүниең абат, қос
тойың қабат болсын" де-
гендей, бұл мерекелерді
Гүлзира Мажитқызы бас-
таған №235 орта мектеп
ұжымы да елеусіз қал-
дырмады. 11 сынып же-
текшілері "Қалдырған ізің
мәңгілік" атауында мере-
келік кеш өткізді. Ша-
раға Тұмар Әбілқасымо-
ва, Боранбике Әлжано-
ва, Ақнұр Қалдыбекова,
Қарлыға Қожахметова,
Тұрар Шалғынбаева,
Аманкүл Әуелбекова,
Асқар Жұматаев секілді
ардагер ұстаздар шақы-
рылды.
Мектеп директоры
Г.Абдазиеваға ұстаздар-
ды мерекелерімен құт-
тықтап, Қаракөзайым
Сардарова, Қазына Жүсіп-
назарова, Индира Ермек-
бай, Ұлман Асқарова, Эл-
мира Әбдікәрімова, Мыр-
зағали Молдабеков, Серік
Байсеитов, Айнұр Өмірза-
қова, Құндызай Әбсады-
қова сынды үлгілі ұстазда-
рымызға марапаттарын
тапсырды.
Ұстаз болу- жүректің
батырлығы
Ұстаз болу- сезімнің
ақындығы
Ұстаз болу- мінездің
күн шуағы
Азбайтұғын адамның
алтындығы-, деп ұстазда-
рына арнаған концерттік
бағдарламаларында оқу-
шылар әннен шашу шаш-
ты. Сондай-ақ, ұстаздарға
арнап ән-әуез пән мұғалімі
А.Қазанғапова "Анашым"
әнін әуелете шырқады.
Бұл өмірде ұстаздан
дәріс алмаған адам жоқ
шығар. Бұл мамандық со-
нысымен де қадірлі.
Ұстаз - рухы таза, ой-
өрісі биік, ұлты мен Ота-
нының болашағы үшін тер
төгіп, шыдамдылық пен
табандылықтың үлгісін
көрсетуші мамандық иесі.
Өз бойындағы асыл қаси-
еттері мен білімін болашақ
ұрпақтың бақыты мен
кәдесіне жаратып, қоғам-
ды өрге өркендетуші, жа-
ңашылдықтың бастаушы-
сы, жүрегі жылы, көңілі
дарқан адам. Қызығы мен
шыжығы мол осынау
еңбек жолында барша
ұстаздарға табыс тілейміз.
Роза ИДИРИСОВА,
№235 орта мектебінің
ән-әуез пәнінің мұғалімі
ҰСТАЗДЫҚ ЕТУ - ҰЛАҒАТТЫ ІС
4-бетте
ЕҢБЕК НАРЫҒЫНА ЖОЛ АШҚАН
БІЛІМ ОРДАСЫ
Тұрғын үй
құрылысына
бөлінген қаржылар:
Арендалық тұрғын үй:
82,8 млрд теңге. 2016 жылы -
544,8 мың шаршы метр. 9010
пәтер. 2017 жылы - 587 мың
шаршы метр. 9923 пәтер.
Коммерциялық тұрғын үй:
97 млрд теңге. 2017 жылы -
498,2 мың шаршы метр.
10600 пәтер.
Кредиттік тұрғын үй:
129,8 млрд теңге. 2016 жылы
- 223,4 мың шаршы метр. 3111
пәтер. 2017 жылы - 798,3 мың
шаршы метр. 12904 пәтер.
Тұрғын үй үшін инфра-
құрылым 110,9 млрд теңге.
Қоғамдық-әлеуметтік, ғылыми-
көпшілік "Ұстаз мәртебесі" газеті 5
жылдан бері ақпарат кеңістігінде
қызмет етіп келеді. Басылым елімізде
ұстаздар қауымы беделінің көтерілуі
жолында жаңа талапқа сай қолға
алынған жұмыстарға қолдау көрсетіп,
олардың ел дамуындағы жасап жатқан
өлшеусіз еңбектерін жарыққа шыға-
рып, насихаттауда. Нарық талабына сай
"Ұстаз мәртебесі" басылымы оқыр-
манмен байланыс орнатудың жаңа мүм-
кіндіктерін қарастыру мақсатында жеке
www.ustaz-martebesi.kz сайтын ашты.
Бүгінде газет оқырмандары басылым-
ның ғаламтордағы ресми парақшасы-
нан өзекті мақалалар мен ұстаз беделін
көтеру бағытында жазылған тың
материалдарды оқып, бағасын беруде.
Басылым оқырмандарын газет
редакциясы жаңа жылдан бастап
жаңашылдықпен қуантады. 2017
жылдың қаңтар айынан бастап "Ұстаз
мәртебесі" газеті жаңа форматта айына
4 рет жарыққа шығаруды жоспарлап
отыр. Тиісінше, газетке жазылу құны
оқырманға тиімді бағада ұсынылады.
Жазылушылар енді редакциямен
тікелей байланыс орната алады. Мүм-
кіндікті жіберіп алмаңыз, құрметті
оқырман!
Газеттің жазылу индексі: 65035
Басылым оқырманмен апта сайын қауышпақ
Халық арасында "әлеуметтік
төлем көбейгенімен, азық түлік
бағасы шарықтап кетті" дегенді жиі
еститін болдық. Отандық өнімдердің
нарық бағамындағы бағалары күн
сайын құбылып тұр. Екі бүйірден
қысқан дағдарысқа қарамастан
мемлекет әлеуметтік төлем көлемін
қысқартпаудың қамын жасауда.
Жақында үкімет сағатында ҚР
Парламенті Мәжілісінің депутаты
Мұхтар Тінікеев халық ішінде қыз-
қыз қайнаған сұрақты төтесінен
қойып, биліктің назарын аударды.
Үкіметтің үш жылға арналған
бюджеттік жоспарын талқылау
барысындағы отырыста мәжілісмен
ең төменгі жалақының толыққанды
өмір сүруге жетпейтінін айтып,
көңілге қонымсыз екенін ҚР
Қаржы министріне қадап айтты.
- Ең төменгі жалақы мөлшері 24
459 теңге. 24 мың теңге деген не?
Осындай мөлшерді бекіткен кезде
неге сүйенесіздер? Көптеген жұмыс
берушілер салықтан жалтару үшін
қызметшілеріне 70-100 мың теңге
төлесе, оны ең төменгі жалақы
мөлшерімен көрсете алады. Осы
жалақыдан зейнетақы алымдары
алынады. Жол ережесін бұзсаң,
айыппұлы 20 мың теңге. Соны
төлесе, қалған 4 мыңға қалай өмір
сүреді?-деген еді ол.
Жалпы мәжілісмендер әлеуметтік
саланы жиі көтереді деп айта
алмаймыз. Десе де Мұхтар Тінікеев-
тің ізін ала "Атамекен" ҰКП Кәсіп-
керлердің құқын қорғау жөніндегі
кеңестің басшысы, қоғам қайраткері
Ғани Қасымов үкіметке зейнетақы
мен балалар жәрдемақысын көбей-
туді ұсынды.
Әлеуметтік салаға алаңдаған
Қасымов әлеуметтік желіде жазған
жазбасында ең алдымен бала
күтіміне төленетін жәрдемақыны
көбейтіп, барлық санаттағы зейнет-
керлердің базалық зейнетақы мөл-
шерлемесін қайта қарау керектігін
айтады.
Ең төменгі жалақы дегенде ең
төменгі күнкөріс көлемін де назардан
қалдырмау қажет. Биыл ең төменгі
жалақы көлемі 22859 теңге, ең
төменгі күнкөріс көлемі де 22859 тең-
гені құрап отыр. Қаржыны шағатын
экономист емеспіз, десе де қазіргі
нарықпен бағалайтын болсақ, ең тө-
менгі күнкөріс көлеміне күн көру
қиын. Мұны жұмыссыз жүрген
жандармен тілдесе отырып көзіңіз
жетеді. 22859 теңгеге халық қалай
жаратуы керек. Бұл да басы ашық
сұрақ болып қалып барады.
Айтып айтпай не керек, билік 2018
жылдың 1 қаңтарынан бастап күн
көріс минимумының мөлшерін әлеу-
меттік-экономикалық дамудың жаңа
шарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Мұны ҚР Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму вице-министрі
Біржан Нұрымбетов те ашып айтты.
- Күнкөріс деңгейінің ең төменгі
көрсеткішін есептеу әдісін қайта
қарау қарастырылып жатыр, ол
бірінші кезеңде көрсеткішті азық-
түліктік және азық-түліктік емес тұр-
ғыдағы ара салмақты өзгерту арқылы
күн көріс минимумының құрылымын
өзгертуді көздейді. Аталмыш өзгеріс-
терді жүзеге асыру үшін әлеуметтік
төлемдерге қосымша қаражат бөлу
қарастырылған. Бұл базалық зейнет-
ақы, қамқоршысынан айырылуына
байланысты жәрдемақы төлемдері
және басқалары ол 2018 жылға - 63
млрд теңге, 2019 жылы - 88 млрд
теңге", - деп түсіндірді Б.Нұрым-
баетов.
А.ҚАРАКЕСЕК