8
Меншiк иесi -
ЖК "Аманат"
Бас редактор -
Нұрлан КӨБЕГЕНҰЛЫ,
филология
ғылымдарының
кандидаты, Қазақстан
Журналистер одағының
мүшесi
Жауапты хатшы:
Абай ТАҒЫБЕРГЕН
8 771 422 75 37
Тілшілер:
Майра БОЛАТОВА
8 707 286 00 99
Нұрболат
ҚОЙМАҒАМБЕТОВ
8 778 235 05 13
(Жаңақорған ауданы)
Лиза РАХМАНБЕРДІ
8 775 781 35 30
(Шиелі ауданы)
Ақылдастар алқасы:
Әбдiхалықова Әлима,
педагогика
ғылымдарының
кандидаты, ҚР еңбек
сiңiрген қайраткерi
Байназарова Райкүл,
Қызылорда облыстық
білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподақ
комитетінің төрайымы
Елеусiнов Бауыржан,
Қызылорда облысы
бойынша педагогикалық
қызметкерлердің
бiлiктiлiгiн арттыру
институтының директоры
Есжанов Асқарбек,
Қызылорда қалалық білім
бөлімінің басшысы,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі
Омарұлы Жұмабай,
"Ұлағат консалтинг" оқу
орталығының директоры,
ҚР Білім беру ісінің
құрметті қызметкері
Редакцияның мекен-жайы:
Қызылорда қаласы,
З.Шүкіров көшесi, 62
Байланысу телефоны:
8/7242/201619
ustaz_martebesi@mail.ru
www.ustaz-martebesi.kz
Газеттiң жазылу индексi:
аймақ тұрғындары үшін -
64521
облыс тұрғындары үшін -
65035
Газетте жарияланған
авторлар пiкiрi
редакцияның көзқарасы
болып есептелмейдi.
Редакцияға келген
хаттарға жауап
жазылмайды, қолжазба
авторға қайтарылмайды.
"Ұстаз мәртебесiнде"
жарық көрген
материалдарды көшiрiп
басқанда, редакцияға
сiлтеме жасау мiндеттi.
Газет Қазақстан
Республикасының
Байланыс және ақпарат
министрлiгiнiң Ақпарат
және мұрағат комитетiнде
тiркелiп, 2011 жылы 16
ақпанда №11459-Г куәлiгi
берiлген.
Газет редакцияның
компьютерлiк
орталығында беттелiп,
"Сыр медиа" ЖШС
баспаханасында
басылды.
Қызылорда қаласы,
Сұлтан Бейбарыс көшесi,
н/ж
Газеттің басылу сапасына
баспахана жауапты.
Хабарласу тел. 40-06-68
Газет айына 2 рет
шығады.
Көлемi 2 баспа табақ.
Таралу аймағы:
Қызылорда, Оңтүстiк
Қазақстан, Жамбыл,
Алматы облыстары
Таралымы 6000 дана
Тапсырыс №1223
МҰҒАЛІМ - ЗОР ТҰЛҒА, ОЛ КҮННІҢ ҚҰДІРЕТТІ
СӘУЛЕСІ ІСПЕТТІ
13 қазан
2016 жыл
К.Ушинский
Мәдениет - адамзатты тұлға деңгейінде қалып-
тастыратын негізгі құрал болса, өнер - мәдениеттің
алтын қазынасы. Қашан да мәдениеттің мәйегі -
мәдениет үйі екені белгілі, бұлбұл дауысты әнші
де, мың бұралған биші де, ақиық ақын да, құдіретті
күйші де, тіпті танымал әртістер мен режиссерлар
да осы мәдениет үйлерінің киелі сахнасынан қанат
қағады.
Осындай қиын да қызықты саланың тізгінін ұс-
тап, халық шығармашылығын дамыту мен ұлттық
өнерімізді насихаттауда туған өлкеміздегі халыққа
мәдени қызмет көрсететін 173 мәдениет ошақта-
рында барлығы 1808 қызметкер абыройлы қызмет
етеді. Осы мәдениет қызметкерлерінің заманауи
кәсіби-мәнді үздік әдістемелік тәжірибесін айқын-
дау, тарату және олардың кәсіби шеберлігін көтеру,
мәдениет саласында жағымды әлеуметтік және
кәсіби келбетін қалыптастыру мен мәртебесін көте-
ру, әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда қазіргі
технологияны пайдалану, әдістемелік ұсыныстар
беру және оны жүзеге асыру мақсатында облыстық
халық шығармашылығын дамыту және мәдени-
продюсерлік орталығы мен Қазалы аудандық
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйым-
дастыруымен Қазалы аудандық мәдениет орта-
лығында "Мәдениеті өскен ел -өркениетке көш-
кен ел!" тақырыбында клуб кәсіпорындары қыз-
меткерлерінің облыстық семинар-кеңесі өткізілді.
Семинарға Қызылорда облысының мәдениет,
архивтер және құжаттама басқармасы басшысының
орынбасары Ж.Құрамысова, облыстық халық шы-
ғармашылығын дамыту және мәдени продюсерлік
орталығының директоры С.Аманкелдиев, Қазалы
ауданы әкімінің орынбасары А.Қаржаубаев, Қаза-
лы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлі-
мінің басшысы Т.Жүсіпов, Қазалы ауданына қа-
расты барлық ауылдық округ әкімдері қатысты. Бұл
семинар-кеңес кең көлемде мәдениет қызметкер-
лерінің тәжірибе алаңына айналды. Семинар бары-
сында "Ауыл мәдениеті - ұлттық идея тынысы" та-
қырыбындағы баяндаманы облыстық халық шығар-
машылығын дамыту және мәдени-продюсерлік
орталығының директоры С.Аманкелдиев, "Бұқара-
лық мәдени-көпшілік шараларға жасалатын ре-
жиссерлік жұмыстардың қыры мен сыры" атты мас-
тер-классты орталықтың бас режиссері О.Бұрха-
нова, "Әдіскердің кәсіби біліктілігін арттыру - әдіс-
темелік жұмысты тиімді ұйымдастырудың кепілі"
атауындағы баяндаманы орталықтың "Әдістемелік-
ұйымдастыру" бөлімінің маманы Р.Сарсембаева,
"Мамандығым - табысты өмірімнің кілті" атты
баяндаманы Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауыл-
дық мәдениет Үйінің әдіскері Б.Измағанбетов
жасады. Семинар-кеңес Арал, Қазалы, Қармақшы,
Жалағаш ауданы бойынша "Ой жүйрік" атты топ-
тық сайысқа ұласып, жүлдегерлер бағалы сыйлық-
тармен марапатталды.
Семинардың екінші бөлімінде орталық Азия
мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастыру-
шылардың бірі, жалынды жас Ғани Мұратбаев ту-
ған ауылдың мәдениет үйінде "Жанкент - шежірелі
шаһар" атты мәдени шара "ЭКСПО-2017" көрмесін
жан-жақты насихаттау мақсатында өткізілген
"Мәртебелі Қазақстан!" атты жабық сценарийлер
байқауының қорытындысы мен Қазалы ауданы
өнерпаздарының концертіне ұласты. Сонымен
қатар Қазалы аудандық мәдениет орталығында
клуб кәсіпорындары директорлары мен әдіскер-
леріне орталық мамандары Ғ.Жүнісова, Г.Байза-
қова, Б.Есмұрзаева, З.Кенжетаева, Р.Сарсембаева
жеке "Әдіскер сағатын" өткізді. Бұл шарада әр қыз-
меткер өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарымен
бөлісіп, мамандар тарапынан тұшымды да нақты
жауаптар алып, іс-тәжірибе алмасты.
Ауқымды шара кешкілік Қазалы ауданының ор-
талық алаңында жалғасын тауып, Арал, Қазалы,
Қармақшы, Жалағаш ауданы өнерпаздарының
қатысуымен бірлескен мерекелік гала-концертке
ұласты.
Бұл шара алдағы уақытта мәдениет қыз-
меткерлерінің білім-біліктілігін жан-жақты
дамыту, іс-тәжірибе алмасу мақсатында дәстүрлі
түрде өткізілетін болады.
Р.САРСЕМБАЕВА,
облыстық халық шығармашылығын дамыту
және мәдени-продюсерлік орталығы, "Әдістемелік-
ұйымдастыру" бөлімінің маманы
Сатирик Сейіт Кенжеахметұлының
"Күлдіре білу - өнер, күле білу - өмір,
күлкіге қалу - өлім" деген күлкі туралы
тауып айтқан сөзі бар. Расымен, халыққа
күлкі сыйлау, қоғамдағы келеңсіз
жайттарды сынға алып, әзілмен жеткізу
кез келген жанның қолынан келетін іс
емес. Талант пен тапқырлықты қажет
ететін өнерге әркімнің-ақ таласы бар. Дей
тұрғанмен, киелі өнерді өлтірмейтін, отын
өшірмейтін өнерпаз болу басты мәселе
екенін ескергеніміз жөн. Осы орай-
да, қалың жұртты өнерімен тәнті
еткен қазақ әзілінің алғаш-
қы қарлығашы "Та-
маша" әзіл-сықақ
театры, қоғам-
дағы кө-
рініс-
терді шымбайыңа
бататын тікенді тіркестер
арқылы әзіліне сыйдырған
"Шаншар", "Алдараспан" секілді
шоқтығы биік өнер топтарының орны
қашанда ерекше. Бүгінгі күні әзілдерінің
әрлеуі аталмыш өнер ұжымдарының
деңгейіне жетпесе де, бір терінің пұш-
пағын илеп, қалыптасып келе жатқан
жаңа толқын әзілкештер жетерлік.
Солардың қатарында қоғам сұраны-
сына ие жайдарманшылардың да бар
екені жасырын емес. Тіпті жайдарман ар-
қылы танылып, өзіндік имиджін қалып-
тастырып үлгерген жастардың қатары
қалың. Бұл, әрине, қуантарлық жайт.
Мұндай көңілді тапқырлардың кейде
сәтті, кейде сәтсіз шыққан туындыларын
сіз бен біз көріп жүрміз. Алайда, өнер бар
жерде сын мен сапаның қатар жүретіні
секілді, кемшілік атауы да қылаң беретіні
анық. Бүгінгі әзіл-қалжың көрермен кө-
ңілінен шығады ма? Кемшіліктері мен
жеткен жетістіктері қандай? Осы тұста
бүгінгі Сыр өңірі жайдарманының жай-
күйін саралап көрелік.
Жайдарман десе ішкен асын жерге
қойып, тағатсыздана күтетін көрерменнің
көп болуы сапалы әзіл мен жақсы ойын-
шыға байланысты. Жайдарман ойында-
рында жайдары жақсы әзілімен көрер-
мендердің көзайымына айналған құрама
қатарында Сыр саңлақтары да баршы-
лық. Бұл соңғы 10 жыл көлемінде қарқын-
ды атқарылған жұмыстың, қызу дайын-
дықтың болғандығын айқындайды. Әзіл
алаңында "Қызықорда", "Тұңғыш Аста-
на", "Қорқыт құрамасы", "Аралас" секілді
командалардың топ жаруы өңірлік жай-
дарман үшін үлкен жетістік деп айтуға
болады. Бүгінде республикалық деңгейде
өнер көрсетіп жүрген "Қармақшы құра-
масы" да мақтануға тұрарлық.
Жайдарман ойындарының жандана
түсуі көпшілікке оң көзқарас қалыптас-
тырып, жастардың қызығушылығын жыл
өткен сайын арттыруда. Дегенмен, сан-
нан гөрі сапаның болғаны маңыздырақ.
Себебі, жиылған халық пен әділ бағасын
берер төрешінің де күтетіні ой салар ас-
тарлы әзіл, қағытпа қалжың. Жүйесіз сөз,
арзан күлкі, дарақы қылық, құр айқай-
шу осындай тізбекпен елге күлкі сый-
ладым деп, өзі күлкіге қалып жататын
жайдарман топтары жоқ емес. Бұл
жөнінде "Қазақстан КВН Одағы" рес-
публикалық жастар қоғамдық бір-
лестігінің Қызылорда КВН фи-
лиалының директоры Әлі-
би Басаров ойын бы-
лайша жеткізді:
- Жұлдызды
жай-
дарман-
ш ы л а р
мау-
сымы аяқ-
талды. Сондықтан
біз жаңа жайдарман
командасын жарыққа шы-
ғарудамыз. Әрине, бұл үшін жұ-
мыстар атқарылуда. Жайдарманға
қызығушылығы басым болғанымен,
сахна төріне бірінші рет шығып тұрған
қыз-жігіттер де арамызда бар. Екіншіден,
ойындағы орын алмасу да әзілдің кө-
шіріліп, қайталануына әсерін тигізіп
отыр. Бұл уақытша ғана, алдағы уақытта
айтылған кемшіліктер түзеледі,- деп
түйіндеді сөзін.
Ал, көпшілік қауымның жайдарман
жайлы ойын сұрап, берер бағасын білге-
німізде түрлі пікірлерді естідік. Бірі әзіл-
дердің көңіл көншітпейтінін айтса, бірі
жайдарман ойындарының жаңарып
жатқандығына тоқталды. Ойыншылар
көпшілік көрерменнің көзқарасы мен
сұранысына құлақ асса, өткір әзілдерімен
көзге түсу үшін командаларға көп ізденіс
керек. Осы тұста әзілдері сапалы "БУ
құрамасы", "Әл-Фараби құрамасы", "Жас
new" сынды жас жайдарман топтары
көрермендердің қошеметіне ие екендігін
байқадық. Ал, жайдарманның аға тол-
қынының бірі Нұрлыбек Асанбаев:
- Қызылорда жайдарманының жетіс-
тігі жаман емес. Дей тұрғанмен, жайдар-
ман саласында жүрген жастарды жан-
жақты сауаттандыру керек сияқты, ме-
ніңше. Сонда ғана сапалы әзіл, қызу ойын
көрінісі көпшілік назарына ұсынылады.
Көш жүре түзеледі. Алдағы уақытта аға
буын өкілдерінің жолын жалғар жайдар-
маншылар шығады деген үміттемін,-
дейді.
Жас жайдарманшы қауым қоғамдағы
өзекті мәселені көбірек сынға алып, ел
ескерер есті әзілдерді халық назарына
ұсынса сабырлы еңбектің құны салмақты
болмақ. Қарапайым көрерменнің де, осы
саладағы мамандардың да пікірін білдік.
Әрі қарай ой таразысына салып, тұщым-
ды әзіл ойнай білу жайдарманшылардың,
ал оны саралау көрерменнің өз еншісінде.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
МӘДЕНИЕТІ ӨСКЕН ЕЛ -
ӨРКЕНИЕТКЕ КӨШКЕН ЕЛ
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универ-
ситетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты
Қамзаева Күлшат Салихқызының 50 жасқа толған туған
күнімен құттықтаймыз. Әр кезде жастарға жанашыр болып
жүретін ол студенттерінің жетістіктерімен мақтанады. Ұла-
ғатты ұстаз шәкірттеріне білім нәрін құюда аянып қалған
емес. Қайда көрсек те ізденісте жүреді. Соның бір айғағы,
ақпарат құралдарымен байланыс құрып, бір жағы өз тәжіри-
бесімен бөлісіп жатса, екінші жағынан, жастардың орта-
сында жүріп патриоттық бағытта тәрбиелік жұмыстармен
де айналысқаны көңіл қуантады.
Күлшат Салихқызы - газетіміздің тұрақты оқырманы әрі
жанашыры. Жылт еткен жаңалықтарын басылым бетінде
көрсетіп, оқырманмен байланыс құрғанды жөн санайды.
Біз де редакция атынан Күлшат Қамзаеваны елуді еңсерген
туған күнімен құттықтап, деніне саулық, еңбекте табыс,
шәкірттерімен мақтанып, биіктен көріне беріңіз деген
тілегімізді арнаймыз.
Құтты боп туған күніңіз,
Ғұмырды ұзақ сүріңіз.
Шәкірттер үшін әрқашан,
Ұлы ұстаз боп жүріңіз.
Қажырлы болып деніңіз,
Қиындық келсе, жеңіңіз.
Ажарлы көрік, өңменен,
Жүз жасқа дейін келіңіз.
Қылықпен тәтті елітетін,
Қызығын көргін Еркенің.
Бой түзеп өсіп жақсыға,
Зор болғай Сіздей ертеңі.
Тынбаған күн-түн елі үшін,
Көріңіз еңбек жемісін.
Шәкірттер болса дәл Сіздей,
Осы ғой, ұстаз, жеңісің.
Тілек білдіруші
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Қазақ тілі мен әдебиеті және
журналистика кафедрасының 4-курс студенттері