Сабақтастығы мен бірлігі Мәңгілік ел негізі тақырыбында мерекелік шара өтті. Ел Тәуелсізді


ҒЫЛЫМДЫ ҮЙРЕНГЕНДЕ АҚИҚАТ МАҚСАТ ПЕН БІЛМЕК



жүктеу 12,7 Mb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата13.11.2018
өлшемі12,7 Mb.
#19048
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

4

ҒЫЛЫМДЫ ҮЙРЕНГЕНДЕ АҚИҚАТ МАҚСАТ ПЕН БІЛМЕК

ҮШІН ҮЙРЕНБЕК КЕРЕК

А.Құнанбаев

13 қазан

2016 жыл

АЛПЫС ЖЫЛДАҒЫ АСУ

Әдетте, көзге көрініп тұрған

дүние ұзақ жылдық тәжірибе

мен табанды еңбек біріксе ғана

нәтижесін береді. Мұны кол-

ледждің тарихынан айқын аң-

ғаруға болады. Алғашында "Қы-

зылорда құрылыс және бизнес

колледжі" мемлекеттік мекемесі

1956 жылы Қызылорда құрылыс

тресті маңында №26 десятник-

тер мектебі ретінде құрылған,

кейіннен №26, 113, 6 ГПТУ бо-

лып қайта құрылады. Елдегі

жағдайға сәйкес, маман даяр-

лаудың тәртібі де бүгінгінен бас-

қаша. Араға жылдар салып оқу

орнының атаулары әр мезгіл-

дерде өзгеріп отырған. Мәселен,

1978 жылдан бастап - орта кәсіп-

тік, 2002 жылдан бастап  - №6

кәсіптік мектеп, 2009 жылдан

бастап №6 кәсіптік лицей болып

өзгереді. Уақыт талабына сай

№6 кәсіптік лицей Қызылорда

облысы әкімдігінің "Кейбір білім

беру мекемелерін қайта атау ту-

ралы" 2012 жылғы 07 тамыздағы

№527 қаулысына сәйкес "Қы-

зылорда құрылыс және бизнес

колледжі" 2013 жылғы 11 қаң-

тарда заңды тұлға мемлекеттік

мекемесі болып қайта тіркеледі.

Осылайша білім мекемесі "Қы-

зылорда құрылыс және бизнес

колледжі" коммуналдық мемле-

кеттік қазыналық кәсіпорны"

болып қайта құрылды. Әрине,

білім ордасындағы әрбір жылдар

өз салмағымен ерекше. Әр жыл-

дарда қабылданған оқушылар,

білім беру бағыттары өзге оқыту-

шылар, колледждің материал-

дық әлеуеті бәрі оқу орнының

айшықты тарихын суреттейді.

ӘР МАМАНҒА ЖҰМЫС -

ӘР ӘУЛЕТКЕ КІРІС

Түсіне білген адамға кәсіп-

тік сала - өте бай сала. Білім ала

жүріп тәжірибе жинақтау, үнемі

сұраныста болу - әрбір азамат-

тың табысын еселейтіні анық.

Бұл бағытта колледж үнемі сұра-

нысты қажет ететін ағаш ұста-

сы, тас қалаушы, сылақшы,

құрылыс инженерлері сынды

бас аяғы 12 мамандық 14 білік-

тілік бойынша білім береді. Жас-

тарды ертеден кәсіпке баулитын

колледжде ер балалар газды

жабдықтау мен монтаждау, жи-

һаз өндірісі телекоммуникация-

лық құралдар мен тұрмыстық

техникаларды жөндеу және

қызмет көрсету  мамандықта-

рында оқи жүріп, қызмет көр-

сетіп еңбек ете алады. Ал, қыз-

дар "Тігін өндірісі және киімдерді

модельдеу", "Тамақтандыруды

ұйымдастыру" мамандықтары

арқылы өндіріске етене арала-

са алады. Мамандардың бәсе-

кеге қабілеттілігі ұстаздардың бі-

ліктілігіне байланысты. Бұл рет-

те білім ордасының педагогта-

ры әр жыл сайын біліктілік арт-

тыру курстарынан, тағылымда-

малық тәжірибеден өтеді. Қа-

зірдің өзінде колледж инженер

педагогтардың құрамы - 58. Жо-

ғарғы, бірінші санатты, инже-

нер педагогтар түрлі педагоги-

калық жарыстарға қатысып,

колледж мұғалімдерінің конти-

гентін көтеруде.

ТРЕНИНГ ОРТАЛЫҒЫ -

ТАБЫСТЫ ЖЕТІСТІК

Қызылорда құрылыс және

бизнес колледжі - дуалды оқыту

жүйесінің тиімді моделін алғаш

қарастырған колледждердің бірі.

Себебі осыдан екі жыл бұрын бі-

лім ошағы маман даярлау мәсе-

лесін оңтайлы шешу мақсатын-

да оқу ғимараты ауласында тре-

нинг орталығын ашты. Жалпы

ауданы 240 шаршы метрді құ-

райтын орталықта тас қалаушы,

ағаш ұстасы, сылақшы, бояу-

шы, плитамен қаптаушы, мо-

зайкамен қаптаушы, жиһаз жи-

нақтаушы, құрылыс керамика

бұйымдарын қалыптаушы ма-

мандықтарында студенттер прак-

тикалық уақытында өткізеді. Ор-

талықта білім алған мамандар ел-

дің экономикалық секторына өз

үлесін қосуда, тіпті кенже қал-

ған мамандықтарды қайта жан-

дандырып, жұмыс жүргізуде.

Мәселен, Сыр өңірінде керами-

калық жұмыстар ежелден болға-

нымен, кейінгі жылдары саланы

дамытуға көңіл бөлінбегені рас.

Осы олқылықтың орнын толты-

ру мақсатында колледж ел игілі-

гіне қажетті мамандықтарды

даярлау бағытында қолға алған

бастамасы сәтті болғанын бай-

қатады.


Біле білсек, әрбір оқу орнын

алға сүйрейтін білікті басшы

екені рас. 11 жылдан бері бас-

шылық тізгінде келе жатқан

Орынбай Жантөреұлы кол-

ледждің даму динамикасының

артуына күш салып, кәсіптік са-

лада өз қолтаңбасын қалдыруда.

Білім мекемесінің басшысы

Орынбай Қуанышбаев тренинг

орталық ашу жұмыстарын қолға

алғанда тәжірибеге сенім артқа-

нын және орталық жас маман-

дардың ұстаханасына айналға-

нын айтады бізбен әңгімесінде.

- Бұрынғыдай емес, білімге

деген талпыныс жоғары. Тиісін-

ше талап та өзгерек. Еңбек нары-

ғындағы ахуалды бағамдайтын

болсақ тас қалаушы мамандық-

тарына деген қажеттілік мол. Се-

бебі құрылыс саласының ауқы-

мы кеңейіп келеді. Бәрімізге бел-

гілі, құрылыс басында өзбек аға-

йындарымыз жүреді. Қазір өзіміз-

дің жастардың еңбегіне жүгінетін

болдық. Машықтанудың алаңы-

на айналған тренинг орталығы өз

мақсат-міндетін орындап отыр,-

дейді колледж директоры.



ҚОС ТАРАПТЫҢ

КЕЛІСІМІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

2017 жылдан бастап тегін кәсіптік

білім беруді тапсырды. Бұл

кәсіптік саланың тамырына қан

жүгіртеді. Білімнің сан-салалы да-

муына жол ашылмақ. Мұнан бө-

лек әлемдік практикада мойын-

далған дуалды білім беру моделі-

не сай отандық білім беру орын-

дары өз ұсыныстары мен тәжіри-

бесін енгізіп, білім жүйесінде қол-

дануда. Қызылорда құрылыс

және бизнес колледжі де маман

даярлаудың тың тәсілі бойынша

өндіріс орындарымен екі жақты

байланысты арттырып, жұмыс

жүргізуде. Тарқатып айтқанда,

колледж "Бабас", "Абу-Сер",

"Сыр жиһазы", "Сәт сервис",

"Интегрострой", "Нұрай", "Халық

жиһазы", "Астана сервис ЛТД"

жеке меншік мекемелерімен екі

жақты меморандумға отырып,

практикалық бағытта білімдерін

ұштай түсуге мүмкіндік алды.

Тіпті оқу оқи жүріп болашақ

жұмыс орындарын таңдап жат-

қандары да бар. Теория мен прак-

тиканы қатар меңгергендіктен

болар, жұмысқа орналасу көр-

сеткіші жыл санап артқанын бай-

қауға болады. Мұны колледж

әдіскері Жанар Прекеева да жа-

сырмады.

-  Дуалды оқыту жүйе арқы-

лы студенттердің жұмыспен қам-

тылу дерегі жақсаруда. Статис-

тикамен сөйлер болсақ, кол-

леджді бітірген студенттердің

жұмысқа орналасу көрсеткіші

2013-2014 оқу жылының аяғын-

да барлық бітірушілер - 273 бол-

са, оның ішінде 148-і жұмысқа

орналастырылған. Ал, 2014-2015

оқу жылында барлық бітіруші-

лер саны - 277, оның ішінде 203-

і жұмыспен қамтамасыз етілді.

2015-2016 оқу жылының ая-

ғында жоспар бойынша 149 сту-

дент бітіреді және оның ішінде

90-95 пайызын жұмысқа орна-

ластыру жоспарланып отыр,-

дейді Жанар Мақсатқызы.



ЖЕТІСТІК - ДАМУҒА ЖОЛ

АШАДЫ

Қазіргі күні ұстаздарға арты-

лар жүк ауыр. Себебі педагог

қауымы білім реформасына сай

жаңашылдықтарға өз позиция-

сын танытып, білімдегі басты

проблемаларға көзқарасын біл-

діруі керек. Бұл ретте колледж-

дің ұстаздары білім беру проце-

сіне жаңашылдықтар енгізіп,

түрлі деңгейдегі байқауларда ба-

ғын сынап, білім ордасының

биікке көтеруде. Колледж осы

уақыт аралығында білімнің көш

басында келеді. Әрине, білім ор-

дасы бағындырған белестердің

барлығына бірдей тоқтала ал-

маспыз. Колледж ширек ғасыр

ішінде білімдегі басты марапат-

тарға қол жеткізген ұстаздар же-

терлік. Олардың қатарында

"СССР Халық мұғалімі", "Білім

саласының үздігі" Тулепберген

Қасымов, "Алтынсарин" ме-

далінің иегерлері Фарида Сады-

бекова, Бақыт Матенов те бар.

Сондай-ақ, колледж "Құрылыс

саласындағы ең үздік оқу меке-

месі - 2010" облыстық байқауы-

ның жүлдегері, "Үздік оқу-әдіс-

темелік жұмыстар" облыстық

байқауында топ жарған. Мұны-

мен қоса республикалық "Ал-

тын диск" байқауының және

облыс әкімінің "Үздік мұғалім"

байқауының бас жүлдегері

Айгүл Сыздықова, республика-

лық және облыстық "Арнаулы

пән оқытушысы" байқаулары-

ның жүлдегері Ниякүл Даулет-

баева сынды ұстаздардың еңбегі

еселі.


Білім орны арнаулы маман-

дықтардан құралғандықтан, не-

гізгі мамандық иелерінің де ма-

рапаттарын айта кеткен жөн бо-

лар. "Үздік бірлестік жетекшісі-

2014" облыстық байқауының

жүлдегері Бибіжан Тобжанова,

"Үздік тігінші-модельер - 2012"

облыстық байқауының жүлде-

гері Гүлнар Келесбаева, "Үздік

аспазшы - 2013" облыстық байқа-

уының жүлдегерлері Гүлнар Ма-

ханғалиева және өндірістік оқыту

шебері Ләззат Еркебаева, облыс-

тық "Үздік электрик-2013" бай-

қауының ІІ дәрежесін иемденген

Жанар Прекееваның колледждің

дамуына қосқан үлестері мол.

Өткен жыл да білім орны

үшін жемісті жыл болғаны рас.

"Қазақстан Конституциясына 20

жыл" мерекесіне орай облыс әкі-

мінің орынбасары Рауан Кенже-

ханұлының қолынан колледж ди-

ректоры О.Қуанышбаев мере-

келік төс белгімен марапатталды.

Мұнымен қоса І дәрежелі "Қа-

зақстан Ұстазы" төс белгісін кол-

ледждің қос бірдей ұстаздары

Айгүл Сыздықова мен Ниякүл

Даулетбаеваның иеленуі білім ор-

дасының абыройын асқақтатты.

Марапат биігінен көрінген ұстаз-

дардың жетістіктері осындай.



P.S.Біз кәсіптік білім беру

саласында өз орны бар Қызылор-

да құрылыс және бизнес колледжі-

нің өткені мен бүгінін, бағындыр-

ған белесін баяндадық. Алдағы ме-

желенген міндеттері мен жүйелі

жоспарларын сөз еттік. Кәсіптік

саланың көшінде келе жатқан білім

ордасынан қанат қаққан шә-

кірттер бүгінде елдің дамуына үлес

қосып жүргені колледждің келешегі

кемел екенін айқын аңғартады.

Абай ТАҒЫБЕРГЕН

Бүгінгідей қыз-қыз қайнаған нарықта бәсекелестіктің бәсі жоғары. Жүрдім-бардым, келіп-кететін мамыражай

уақыт келмеске кетті. Дүрмекке ілесу, замана көшінен қалмай тірлік ету, қысқа қайырғанда "іске жарау" қажет-ақ.

Бұрындары маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды деуші еді. Дәл қазір сол маңдай тер еңбектің құны қадірлі. Себебі

нарыққа ілесіп, тұрақты жұмыс орнын табу бір күндік шаруа емес. Тіпті алған білімнің кәдеге аспай қалатын, қаптаған

мамандардың арасында қара үзіп шығуға мүмкін болмай қалатын кездер де бар. Сол себепті де білімнің артына шам

алып түскендей, нақты бір бағыттың белін байлап, елге қажетті мамандықтың тізгінін мықтап ұстау керектігін

өмір өзі көрсетіп отыр.

Айтпағымыз, маман мәселесі.  Бұрындары қол еңбектің адамдарына көзқарас бөлек болатын, қазір сол еңбектің

нанын жеп жүргендердің дәурені жүріп тұр. Салаға сапа бермейтін престиж мамандықтардан мән кетті. Қоғам алдына

техниканың тілін білетіндер алға шықты. Сол себепті де мемлекет техникалық маман иелерін даярлауға күш салып

отыр. Сұранысты маман иелерін даярлап отырған Қызылорда құрылыс  және бизнес колледжі еңбек секторындағы

міндетті бүгінде орындап отыр. Ғасырдан астам тарихы бар колледждің мамандарды машықтандыру мәселесін

әңгімелейміз.

Колледж директоры

Орынбай Қуанышбаев

Тренинг орталығы


жүктеу 12,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау