«Барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық) еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтері» жобасына



жүктеу 71,5 Kb.
Дата14.11.2018
өлшемі71,5 Kb.
#19857

«Барлық қызмет салалары үшін бірыңғай (салааралық)

еңбек жөніндегі үлгiлiк нормалар мен нормативтері» жобасына

(«Әкімшілік және қоғамдық ғимараттар күтімімен айналысатын қызметкерлер

санының салааралық үлгі нормативтері» жобасына)

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
1 Әзірлеу үшін негіздеме

Жоба «Әкімшілік және қоғамдық ғимараттар күтімімен айналысатын қызметкерлер санының салааралық үлгі нормативтері» жобасы «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 219-4 Заңымен бекітілген 012 «Еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасын, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2342 қаулысын және «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арасындағы 2010 жылғы 15 наурыздағы № 26 шартын орындау үшін әзірленген.


2 Әзірленген нормалардың (нормативтердің) негізіне салынған материалдардың тізбесі және орындалған нормативтік-зерттеу жұмыстарының көлемі.
Сандық нормативтердің негізіне мыналар салынған:

  • жұмыстарды орындаудың ұйымдастыру-техникалық шарттарын талдаудың нәтижелері;

  • хронометраждық байқаулар;

  • атқарылатын функциялары бойынша еңбек шығындарының есептемесі.

Жинақты жасау кезінде мынадай нормативтік материалдар пайдаланылды:

  • Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 310-Б бұйрығымен бекітілген «Жұмысшылардың еңбегін нормалауға арналған нормалар мен нормативтерді белгілеу жөніндегі әдістемелік ұсыным»;

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 167-Б бұйрығымен бекітілген «Қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйым қызметкерлерінің еңбек нормаларын және (немесе) еңбекақы төлеу жүйесі параметрлерін ұсыну, қарау және келісу ережесі»;

- Су құбыры-кәріз шаруашылығы басшылары, мамандары, қызметшілері мен жұмысшылары санының нормативтері (Алматы 1997 ж.);

- Қоғамдық ғимараттардың (басқарма ғимараттарының және конструкторлық ғимараттар мен жобалау ұйымдарының) күтімімен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері. (М., ЦБНТ, 1988 ж.);

- Спорт құрылыстарының күтімімен айналысатын қызметкерлер санының нормативтері. (М., ЦБНТ, Экономика, 1986 ж.);

- Сауықтыру кешендері қызметкерлері санының нормативтері. (М.: Экономика, 1990 ж.);

- Әкімшілік, оқу және қоғамдық ғимараттар күтімінің еңбек нормалары (Минск қаласы БР ЕӘҚМ Еңбек ҒЗИ, 2003 ж.);

- Тұрғын үй, су құбыры-кәріз және энергетикалық шаруашылық қызметкерлерінің еңбегін нормалау және еңбекақы төлеу жөніндегі ұсыным. (М., 1993 ж.);

- Мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер мен қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстау және жөндеумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін нормалау жөніндегі ұсыным. (Мәскеу, 2005 ж.)

- Автокөлік кәсіпорындарында қосымша жұмыстармен айналысатын жұмысшылар санының салааралық нормативтері (М., 2006 ж.);

- Энергетикалық шаруашылық қызметкерлерінің еңбегін нормалау жөніндегі ұсыным. (М.1999 ж.)

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы қосымша жұмыстардың еңбек нормалары. (М, 2006 ж.)

- Жұмысшылар мен лауазымдық қызметшілер кәсіптерінің атаулары Жұмыстар мен кәсіптердің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, Басшы лауазымдардың, мамандар мен басқа да қызметшілердің біліктілік анықтамалығына сәйкес келтірілген.



  • «Сумен жабдықтау және суды бөлу жүйесін күтіп-ұстайтын ұйымдар персоналы санының нормативтері». Астана, 2002 ж;

  • «Өнеркәсіп кәсіпорындарының тазарту құрылыстары мен сумен жабдықтау объектілерін күтіп-ұстайтын жұмысшылар санының нормативтері». Мәскеу, 1988 ж;

  • «Су құбыры-кәріз шаруашылығы басшылары, мамандары, қызметшілері мен жұмысшылары санының нормативтері». Алматы, 1997 ж;

  • «Су құбыры және кәріздегі желілерді, тазарту құрылыстары мен сорғы станцияларын пайдалану жөніндегі жұмыстармен айналысатын жұмысшылар санының нормативтері». Мәскеу 1998 ж;


3. Қолданылып жүрген және жобада қабылданған техникалық

әрі ұйымдастырушылық еңбек жағдайларының сипаттамасы.

Ұйымдар мен кәсіпорындардағы жұмысшылардың қызметі құрылымдық бөлімшелер туралы ережелермен, лауазымдық нұсқаулықтармен регламенттеледі. Жабдықтарды күтіп-ұстау жөніндегі жұмысты тиісті құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырады.

Жұмысты тиесілі білікті, жұмыс өндірісі және техника қауіпсіздігі ережелерімен танысқан жұмысшылар орындайды.

Жұмысшылар ауысымды қабылдаған кезде жұмыс істеп тұрған және резервтік жабдықтарды қарап тексереді, бақылау-өлшеу приборлары мен автоматиканың, қорғаныш құралдарының жай-күйін, қосалқы бөлшектер мен қосымша материалдардың болуын тексереді, журналдағы жазбалармен танысады.

Ауысым соңында жұмысшылар жабдықтарды қарап тексереді, оларды және жұмыс орындарын кезекті ауысымға тапсыруға дайындайды.
4. Нормативтердің жобасында қамтылған жұмысшылар кәсіптерінің тізбесі және жұмыс түрлері жөніндегі деректер
Жинақ мынадай кәсіптер бойынша әкімшілік және қоғамдық ғимараттарды күтіп-ұстайтын жұмысшылар санының нормативтерін қамтиды:

гардеробшы, өткізу бюросындағы, лифтёрлердің, күзетшілердің (вахтерлердің), диспетчердің.



Ғимараттардың инженерлік жабдықтарын күтіп-ұстаумен және жөндеумен айналысатын жұмысшылар:

слесарь-сантехник, электр жабдықтарын жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі электромонтер, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарь, электр-газбен пісіруші, слесарь-жөндеуші.


Ғимараттардың конструктивтік элементтерін жөндеумен айналысатын жұмысшылар:


Металл төбе жабындары бойынша төбе жабушы, рулонды және дара материалдардан жасалған төбе бойынша төбе жабушы, сыршы, ағаш шебері, әйнекші, сылақшы, ағаш ұстасы, көмекші жұмысшы.

Желдеткіш жабдықтарын күтіп-ұстаумен және оларды жөндеумен айланысатын жұмысшылар:

Желдеткіш және ауа баптау жүйелерін жөндеу және оларды күтіп-ұстау бойынша слесарь.



Газ тәрізді, сұйық отынмен және электрмен қыздыруда жұмыс істейтін жұмысшылар:

қазандық операторы, қазандық машинисі (отжағушы).



Жүк тиеу-түсіру жұмыстары: жүкші.

Байланыс жүйелерін пайдалануда жұмыс істейтін жұмысшылар: желілік телефон байланысы мен радиофикация құрылымының электромонтері.

Қызметті үй-жайларды жинаушылардың қызметтері: қызметті үй-жайларды жинаушы, жинаушыу, ауланы жинаушы, аула сыпырушы.
5. Есептеу кезінде қолданылған формулаларды көрсете отырып, нормаларды (нормативтерді) есептеудің пайдаланылған әдістерінің сипаттамасы.
Зерттеу барысында талдамалық әдіс қолданылды.

Зерттеу барысында талдамалық-зерттеу әдісі қолданылды. Талдамалық-зерттеу әдісі хронометражды байқау жүргізу жолымен тікелей нормаланатын объектінің жұмыс орнында еңбек операциясын орындауға жұмыс уақытының шығындарын зерттеу нәтижелері бойынша еңбек нормаларын есептеуді қамтамасыз етеді.



Талдамалық-есептеу әдісі. Еңбек процестерін саралау дәрежесіне байланысты нормаларды есептеу сараланған немесе ірілендірілген нормативтер бойынша жүргізілуі мүмкін.

Сандық нормативтерде дайындық-қорытынды жұмыстарға, жұмыс орнының күтіміне, тынығуға және жеке бас мұқтаждығына кеткен уақыт ескерілген.



Қызметкерлердің лауазымдық функцияларын орындауға кеткен уақыт шығындарын есептеулер әдістеме негізін құрайды.

Нақты жұмыс түріне жұмысшылардың тізбелік саны (Стіз) мына формула бойынша белгіленеді:

Стіз = Ск x Кш, (1)

мұндағы: Стіз – тізбелік саны;

Ск – келу саны,

Кш = 1,1 – барлық кәсіптер үшін демалыстар кезінде, ауруы және т.б. бойынша жоспарланып отырған коэффициенті.



Әрбір кәсіп бойынша олар болмаған уақытта міндеттерін орындау талап етілетін жұмысшылар санын белгілеу кезінде демалыс уақытында, ауруы және т.б. бойынша жоспарланған шықпаулар коэффициенті есептеледі.

Кш = 1 + (2)

Қызметтер нормаларын пайдалану кезіндегі келу саны 3 формула бойынша белгіленеді:



Ск = + + + , (3)

мұндағы: Q1, Q2, Q3, …Qn – жекелеген жұмыс түрлерінің көлемі;

Нo1, Нo2, Нo3 …Ноn – тиісті жұмыс түріне арналған қызметтердің нормалары.

4 формула бойынша белгіленген жинақта келтірілген уақыт нормаларын пайдаланғанда:



Ск = , (4)

мұндағы: Ен – нормалармен қамтылған жмұыс түрлері бойынша нормативтік еңбек сыйымдылығы;

Қж – есептеу кезеңінде бір жұмыскердің жұмыс уақытының жоспардағы пайдалы қоры.

Нормативтік еңбекке сыйымдылық 5 формула бойынша белгіленеді:

Ен = Нуақ x V, (5)

мұндағы: Нуақ – нақты нормаланатын жұмыс түрі көлемінің бірлігін орындауға жұмсалатын уақыт нормасы;



V - есептеу кезеңінде орындалатын нақты жұмыс түрінің көлемі.

6. Әзірленген нормалар (нормативтер) жобасын енгізудің күтілетін экономикалық тиімділігі.
1.1. Осы нормативтер персоналды пайдаланудың тиімділігін арттыру және жұмыс күші шығындарын оңтайландыру мақсатында жұмысшылардың нормативтік санын және оларға нормаланған тапсырмаларды беруді есептеуге арналған.




жүктеу 71,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау