Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8) ғылыми дәрежесінің болуы.
-
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-33-45, e-mail: s.mukhametalina@enbek.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды
1. Қоғаммен байланыс департаментінің бас сарапшысы, С-4 санаты, 21-02
Функционалдық міндеттері:Департаменттің құзыретіне сәйкес Министрліктің нормативтік құқықтық актілері мен құжаттарының жобаларын әзірлеуді жүзеге асыру. Министрліктің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу. Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрінің, Үкіметтің, Президент Әкімшілігі басшылығының және Премьер-Министрі Кеңсесінің бағдарламалық құжаттары мен тапсырмаларын іске асыру бойынша есептерді дайындау. Министрліктің іс-шараларында аккредиттелген журналистердің жұмысын ұйымдастыру, журналистерді Министрлік қызметінің мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз ету, ақпараттық-анықтамалық материалдардың электрондық нұсқаларын, баспасөз релиздерін БАҚ-қа жедел тарату. Министрліктің отырыстарын, жұмыс сапарларын, ресми кездесулерін және басқа да іс-шараларын дайындауға және өткізуге қатысу. Министрлік қызметкерлерінің баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттарын және іскерлік кездесулерін ұйымдастыру, Министрліктің іс-шараларын имидждік сүйемелдеу. Сұхбаттардың, мақалалардың, ақпараттық материалдардың, сөз сөйлеу мәтіндерінің жобаларын дайындау. БАҚ-та сұхбат, мақала, ақпараттық материалдар, баспасөз релиздерін дайындау және жариялау, ақпараттық саясатты коммуникативтік сүйемелдеу. Министрліктің жұмысын интернетте ілгерлету бойынша ұсыныстар әзірлеу. Мемлекеттік, орталық және жергілікті атқарушы органдармен ресми хат алмасу. Жоғары тұрған және басқа да мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, квазимемлекеттік сектордың және үкіметтік емес ұйымдардың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау; БАҚ сауалдарына жауап дайындау. Министрліктің медиа-жоспарын жасау және оның орындалуын бақылау. Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің Web-сайтында ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету. Сұхбат, брифингтер, баспасөз конференциялары үшін имидждік алаңдарды ұйымдастыру. Министрліктің веб-сайтының жұмысын техникалық қамтамасыз ету, дизайнды жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау. Facebook, Twitter, Vk.com, Youtube және т. б.әлеуметтік желілерінде Министрлік парақшаларын құру, жедел толтыру, мониторингілеу. Кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындылар дайындауды жүзеге асыру. Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұлттық холдингтер мен акционерлік қоғамдардың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Министрліктің ресми Интернет-ресурсы мен Министр блогының жұмыс істеуі бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету. Белгіленген мерзімде басшылықтың тапсырмаларын орындау, сондай-ақ Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелерінің дайындауға қатысуын қамтамасыз ету. Құжаттарды есепке алу мен сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға бергенге дейін олардың жай-күйі мен сақталуын бақылауды қамтамасыз ету. Министрліктің басшылығына Департаменттің қызметі туралы есептерді (ұсыныстарды, жоспарларды) сапалы және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (қазақ тілі мен əдебиеті, орыс тілі мен əдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі,) гуманитарлық ғылымдар (филология, шетел филологиясы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғамдық байланыс, саясаттану, әлеуметтану)
2. Қоғаммен байланыс департаментінің бас сарапшысы, С-4 санаты, 21-03.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер - Министрінің, Үкіметтің, Президент Әкімшілігі басшылығының және Премьер - Министр Кеңсесінің бағдарламалық құжаттары мен тапсырмаларын іске асыру бойынша есептерді дайындау. Министрліктің PR-стратегиясын, коммуникацияларды, соның ішінде дағдарысқа қарсы басқару жүйесін, коммуникацияның бақыланатын және бақыланбайтын құралдарына әсер ету тактикасын жетілдіру бойынша жұмысқа қатысу. Министрліктің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін әзірлеуге қатысу, БАҚ үшін баспасөз релиздерін және ақпараттық хабарламаларды дайындау. Ақпаратты талдау және мониторингілеу,құрылымдық бөлімшелер ұсынатын ақпаратты жинау, зерделеу және өңдеу, Министрлік жұмысының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық кеңістіктің мониторингі, «жағымсыз» салдарларды болдырмау үшін жедел ұсыныстар енгізу. Министрліктің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында және Министрліктің Web-сайтында жариялауды қамтамасыз ету. БАҚ үшін баспасөз-релиздерді, ақпараттық хабарламаларды; апта сайынғы/ай сайынғы/тоқсандық есептерді дайындау; Министрліктің оқиғалық жоспарын жасау, оның іске асырылуын бақылау/ жариялау. Министрліктің веб-сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз ету (толтыру жеделдігі, ақпараттың өзектілігі, әлеуметтік желілерді мониторинглеу (Facebook, Twitter, Vk.com, Youtube және т. б.). Министрдің блогындағы ақпаратты өзектендіру бойынша жұмысты жүзеге асыру. Келіп түскен сұрақтарға жауап дайындауды жүзеге асыру. Кіріс және шығыс ақпараттар бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау мемлекеттік органдармен хат алмасу. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұлттық холдингтер мен акционерлік қоғамдардың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау. БАҚ-тың қатысуымен Министрліктің баспасөз конференцияларын, брифингтерін, әртүрлі іс-шараларын ұйымдастыру. Құжаттарды есепке алу мен сақтауды, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға бергенге дейін олардың жай-күйі мен сақталуын бақылауды қамтамасыз ету. Министрліктің басшылығына Департаменттің қызметі туралы есептерді (ұсыныстарды, жоспарларды) сапалы және уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету. Белгіленген мерзімде басшылықтың тапсырмаларын орындау, сондай-ақ Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауға қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім (қазақ тілі мен əдебиеті, орыс тілі мен əдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі,) гуманитарлық ғылымдар (филология, шетел филологиясы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (журналистика, қоғамдық байланыс, саясаттану, әлеуметтану)
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz
___________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
______________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |