Сабақтастығы мен бірлігі Мәңгілік ел негізі тақырыбында мерекелік шара өтті. Ел Тәуелсізді


ОҚУШЫ ЖАСТАРДЫҢ  ЕҢ СЕНІМДІ ҰСТАЗЫ, СЫР ЖАСЫРМАЙ



жүктеу 12,7 Mb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата13.11.2018
өлшемі12,7 Mb.
#19048
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

2

ОҚУШЫ ЖАСТАРДЫҢ  ЕҢ СЕНІМДІ ҰСТАЗЫ, СЫР ЖАСЫРМАЙ

АШЫҚ АЙТАТЫН АДАМЫ - МҰҒАЛІМ

Ғ.Мүсірепов

13 қазан

2016  жыл

Ел тәуелсіздігін ұлық-

тап, жоғары деңгейде

атап өту мақсатында елі-

міздің әр өңірі өзіндік

ерекшеліктерімен үлес

қосып келеді. Мемлекет

егемендігінің 25 жылды-

ғына 25 игі іс жасау мақ-

сатында жуырда "Нұр

Отан" партиясы Қызыл-

орда облыстық филиалы

"25 қайырымды іс: Ме-

йірімді жүрекпен" тақы-

рыбында акция ұйым-

дастырды. Акция бары-

сында жергілікті фи-

лиалдың барлық құры-

лымдық бөлімшелері жұ-

мылдырылып, өңірдегі

әлеуметтік аз қамтама-

сыз етілген және мүм-

кіндігі шектеулі азамат-

тардың отбасыларына,

жалғыз басты қариялар

мен көп балалы аналарға

көмек көрсетті.

Облыстық партия

филиалы төрағасының

орынбасары Әділбек

Ерсұлтанов бастаған

қайырымдылық акция-

сының бір топ мүшелері

алдымен қаланың Шан-

хай мөлтек ауданында

тұратын тыл және еңбек

ардагері, ғасыр жасаған

Рабиға Қоянбаеваның

отбасына барып, қарт

ананың хал-жағдайын

білді. Жуырда ғана 104

жасқа келген қарияны

мерекесімен құттықтап,

сый-сыяпатын табыс-

тады. Көпті көрген ғасыр

ғұмырдың иесі қайы-

рымды жандардың ниет-

теріне алғысын айтып,

батасын берді.

Акцияны ұйымдасты-

рушылар мұнан кейін 2001

жылдан бастап дәрігерлік

есепте тұрған І топ мүге-

дегі Тасболат Жидебаев-

тың отбасына барды. Әр-

дайым ақ халаттылардың

бақылауында жүретін қа-

рияға "Денсаулық" баста-

уыш партия ұйымының

төрағасы, "Теміржол"

ауруханасы директоры

Сұлтанбек Кенжебаев

бастап келген бір топ

медицина мамандары те-

гін медициналық көмек

көрсетті. Сонымен қатар,

бірнеше сырқат түрімен

есепте тұрған, әлеуметтік

жағдайы төмен, мүмкіндігі

шектеулі азаматқа жеке

гигиеналық заттар мен

қажетті дәрі-дәрмектерін

берді. Тасболат ақсақал да

дәрігер мамандарға алғы-

сын білдіріп, осы жандар-

дың еңбегіне дән риза

екендігін тілге тиек етті.

"Нұр Отан" партиясы

облыстық филиалы және

Қызылорда қалалық

филиалының бірігуімен

өткізіліп жатқан игілікті

шара тыл ардагері, І топ

мүгедегі Тұрсынкүл Дәуі-

тованың отбасына мате-

риалдық қолдау көрсе-

тумен жалғасын тапты.

Әлеуметтік жағдайы төмен

отбасын нұротандықтар

азық-түлікпен қамтамасыз

етті. Ал көп жылдан бері

пәтер кезегінде тұрған

азаматша тездетіп баспа-

налы болғысы келетіндігін

жеткізді.

- "Нұр Отан" партиясы

Қызылорда облыстық фи-

лиалы биылғы жылы тәуел-

сіздігіміздің 25 жылдығы

қарсаңында 25 игілікті іс-

шараны ұйымдастырып

отырмыз. Соның аясында

мүмкіндігі шектеулі аза-

матша Тұрсынкүл Дәуіто-

ваның пәтер алу мүмкін-

дігіне байланысты өтінішін

естідік. 2005 жылы қала

әкімдігіне пәтер алу үшін

кезектілікке тұрған оған,

заңға сәйкес түніктеме

бердік. Жуық арада осы

кезегімен арендалық пә-

терлерден өзінің кезегіне

сәйкес үйін алатын бола-

ды,- деді "Нұр Отан" пар-

тиясы Қызылорда облыс-

тық филиалы төрағасының

орынбасары Әділбек

Ерсұлтанов.

Нұротандықтар келесі

кезекте тағдыр тәлкегіне

түскен науқас ата-анасы

мен мүмкіндігі шектеулі

бауырларының қамқор-

шысы болып жүрген

Жорабек Мырзабековтың

шаңырағына ат басын бұр-

ды. Қайырымды жан-

дардың демеушілік көрсе-

тіп, көптің көмегімен

жуырда ғана қабырғасын

көтеріп болған Жорабектің

жаңа үйінде жасотандық-

тар жұмыла бірігіп жұмыс

жасады. Үй-жайының ішкі

құрылысын аяқтауға ат-

салысып, ауласын таза-

лады. Сондай-ақ, Жора-

бектің отбасы партия тара-

пынан уақытылы ыстық

тамақпен қамтамасыз еті-

ліп тұрады. Осы күні "Ела-

рай" қоғамдық қоры Жора-

бекке азық-түлік пен тұр-



ҰСТАЗ БОЛУ - ЖҮРЕКТІҢ БАТЫРЛЫҒЫ

мысқа қажетті заттарды

табыстап, алдағы уақыт-

та қыс мезгілінде отбасын

көмірмен қамтамасыз

етуге көмек көрсететін-

діктерін айтты.

Мұнан кейін, партия-

ның "Тұран" филиалы

Ақжарма ауылдық окру-

гіндегі №2 арнаулы әлеу-

меттік қызметтер көрсету

орталығындағы мүмкін-

дігі шектеулі балаларға

қайырымдылық кон-

цертін ұйымдастырса,

келесі топ "Сыр мейірімі"

қоғамдық әлеуметтік қо-

рының ұйымдастыруы-

мен өткізіліп жатқан

шараға қатысты. Тасбөгет

қыстағы "Арман" мей-

рамханасында өткен игі

шарада тұрмысы төмен,

аз қамтылған отбасылар-

ды ыстық тамақпен қам-

тылды.

Алғыстан алқа таққан



"Сыр мейірімі" жобасы

2010-2011 жылдары ара-

лығында "Игілік" корпо-

ративтік қоры тарапынан

қаржыландырса, 2012

жылдан бері мемлекеттік

әлеуметтік тапсырыс не-

гізінде халықтың әлеу-

меттік тұрғыдан осал топ-

тарына қызмет етіп, ап-

тасына 5 күн бойы 366 аз

қамтылған отбасын түскі

аспен қамтып келеді.

Тәуелсіздіктің 25 жыл-

дығына орай ұйымдасты-

рылып жатқан шара

"Қарттар күні" мерекесі

қарсаңында қаладағы

қарттар үйінде жалғасын

тапты. Мереке қарса-

ңында облыстық жұмыс-

пен қамтуды үйлестіру

және әлеуметтік бағдар-

ламалар басқармасының

басшысы Марат Делмұ-

хамедов сөз алып, қарт-

тарды құттықтап, арнайы

сыйлықтарын табыстады.



Майра БОЛАТОВА

"Маған жақсы мұғалім бәрінен де

қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі"

- деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай,

дүниедегі мамандық атаулысының төресі -

ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық

иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін

мейірімді абзал жандар. Ұстаздар мереке-

сіне орай №167 орта мектебінде "Ұстаз болу

- жүректің батырлығы" атты мерекелік кез-

десу ұйымдастырылды. Кездесуге Айсара

Искакова, Жеңіс Құрбанов, Орынбасар

Әбдіхалықов, Шара Бегімбаева сынды

бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер

ұстаздар және 7-11 сынып оқушылары

қатысты.  Аталмыш кеш барысында мектеп

директорының тәрбие ісі жөніндегі орын-

басары Қ.Оспанова сөз сөйлеп, барша мұғалімдерді

құттықтады. Кездесуде зейнеткер ұстаздардың

қызықты шақтары мен ұлы қызмет жолындағы еңселі

атқарылған еңбектері жөнінде сөз болды. Оқушылар

тарапынан арнайы сұрақтар да қойылды. Білім нәрін

берген, қаншама шәкіртті алтын ұядан ұшырған еңбегі

ерен ұстаздарға мерекелік арнау, музыкалық әуен және

гүл шоқтары тарту етілді.

З.ОСПАНОВА,

№167 орта мектебінің орыс тілі мен

 әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жаңақорған ауданы

Мен - ұстазбын, қарапайым,

                                      бірақ ұлы мамандықтың иесі,

Мейлі қандай заман болсын,

                       бір мысқал да ортаймаған киесі.

Ғашық етті мені өзіне бұзылмайтын мөп-мөлдір,

Атақсыз-ақ аты өшпейтін ұстаздықтың жүйесі.

Мен байлықты, даңқ пен бақты аласұрып іздемен,

Байлығым сол - шәкірттерім тәлім берген жүздеген.

Мен баланы дана етіп, тұлға етіп шығарсам,

Армандаған менің даңқым осы ғана көздеген.



Бағдагүл НАКИШЕВА,

Қызылорда қалалық қосымша білім беру

оқу-әдістемелік орталығының әдіскері

Егеменді ел болып еңсемізді көтергелі де ширек

ғасыр жүзі болыпты. Осы кез ішінде көреген Елбасы-

мыз еліміз үшін үлкен жұмыстар атқарды. "100 нақты

қадам" ұлттық жоспары бойынша "Мәңгілік ел" идеясы

да Қазақстанда тұратын көптеген ұлыс өкілдерін бір

тудың астына біріктіріп келеді. Биылғы жылы көптеген

іс-шаралар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына өткізіліп жат-

қаны белгілі. Соның бірі - Халықаралық қарттар күні.

ҚР-ның үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырым-

дамасының нақтыланған рухани-адамгершілік, пара-

сат" ұлттық тәрбие "дәстүр" бағыттары бойынша "қарты

бар үй - қазына" тақырыбында ашық тәрбие сағаттары

ұйымдастырылды.

Шараға кент әкімшілігі, ауыл қариялары, ата-ана-

лар мен ауыл имамы қатысты. Негізгі мақсат - жас өрен-

дерге ұлттық қадір-қасиеттер, үлкенді қадірлеу, иман-

дылық, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету болып та-

былады. Сонымен бірге ата-анасын қадірлеу, еңбекті

сүю, Отанымыздың білімді, тәрбиелі азаматы етіп

тәрбиелеу. 10-сынып оқушылары мен сынып жетек-

шілері А.Қошқар және А.Шайдаровтың ұйымдастыру-

ымен өткен жиында, оқушылар өздеріне берілген тап-

сырмалары өз дәрежесінде жүргізіп отырды.

Мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбаса-

ры Р.Жүнісов келген қонақтар мен мұғалімдерге,

оқушыларға өзінің ізгі ниетін, ұлттық дәстүрді бұзбай

еңбек етіп, оның жемісін көріп отырған кісілерге алғы-

сын білдіре отырып, абыз қарияларды мерекелерімен

құттықтады. Мұнан соң, мектептің өткен оқу жылын-

дағы жетістіктеріне тоқталды. Осы сынып оқушылары

Таңсұлу Алдаберген мен Аружан Дархан өздерінің әсем

ән-билерімен келген қонақтарды риза етті.

Оқушылар ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, әке

мен атаның ақылымен беріліп келе жатқан халқымыз-

дың тәлім-тәрбиесін шумақ өлеңдерімен, қара сөздері-

мен өз нақышында орындады. Кейбір бауырларымыз-

дың өзінің ата-аналарын қарттар үйіне беріп жатқанда-

рын да өлең-жырлармен келтірді. Ауыл ақсақалдары

Ерқос Райсов пен Кеңесбек Құрманбеков өздерінің

өнегелі сөздерін айтты. Білім мен еңбекті қатар ұштас-

тыруларын тер төгулерін айта отырып, ақ баталарын

берді. Кент әкімшілігінен келген Е.Дүйсебаев та қария-

ларға өз тілегін айтып, бүгінгі іс-шараны өткізіп отыр-

ған мектеп басшыларына алғысын жеткізді. Оқушы-

лар келген қонақтарға сұрақтар қойып, тұщымды жау-

абын алды. Ауыл имамы Дәуіт қажы Әлімбетов иман-

ды, өнегелі сөздерін айта келе, жас өрендерге ақ бата-

сын берді. Бүгінгі тақырыпқа сай әр отбасында қазы-

налы қарттарымыз көп болса, егеменді еліміздің жас

ұрпақтары саналы, елжанды болып өсері сөзсіз.

А.БИЖИКЕЕВ,

№86 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

Жаңақорған ауданы



МЕН - ҰСТАЗБЫН

Жуырда мұғалімдердің

мерейлі мерекесі қарса-

ңында Арал аудандық

мәдениет үйінде "Қалдыр-

ған ізің мәңгілік..." тақы-

рыбында мерекелік шара

өтті. Салтанатты кеште

алғы сөзді аудан әкімі

Абзал Мұхимов алып, ұс-

таздар қауымын төл мере-

кесімен құттықтады. Ау-

данның білім саласында

жеткен жетістіктеріне

тоқталды.

Шараға қатысқан об-

лыстық білім және ғылым

қызметкерлері кәсіподақ

комитетінің төрайымы

Р.Байназарова мұғалімдер

қауымына мерекелік лебі-

зін білдіріп, өткен оқу жы-

лында "Алтын белгі" ие-

ленген түлектердің ал-

ғашқы ұстаздарына Аста-

на қаласына жолдама та-

быстады. Сонымен бірге,

ол өз сөзінде аудан бо-

йынша дәстүрге айналып,

биыл үшінші рет өткізіліп

отырған пән мұғалімдері

арасындағы олимпиада-

ның облыстағы өзге ау-

дандарға үлгі боларлық

тың бастама екендігіне

тоқталды.

Биылғы оқу жылының

15-16 қыркүйегінде био-

логия пәні мұғалімдерінің

арасында олимпиада өт-

кізілген болатын. Аудан

мектептерінен 79 мұғалім

қатысып, оның 33-і ІІ ке-

зеңге жолдама алған

болатын.

Аудан әкімі мерекелік

кеште олимпиаданың же-

ңімпаздары мен жүлдегер-

лерінің есімдерін атады. І

орынды иеленген №74

Жаңақұрылыс орта мек-

тебінің мұғалімі Темірбек

Сүйеубаевқа автокөліктің

кілтін табыс етті. ІІ орынға

№14 мектеп-лицейдің

мұғалімі Гүлвира Балым-

бетова мен №59 Қарақұм

орта мектебінің мұғалімі

Ғазиза Мырзабекова, ал

ІІІ орынға №14 лицейдің

мұғалімі Боранкүл Серға-

зиева мен №57 Е.Көшер-

баев атындағы орта мек-

тептің мұғалімі Аманкүл

Әлниязова ие болды.

"Ұстаз ақпарат"

Жуырда Балалар өнер мектебінің

ұйымдастыруымен ауылдық мә-

дениет үйінде жергілікті өңірге таны-

мал, "Әлшекей" халық ұлт аспаптар

оркестрінің көркемдік жетекшісі, әрі

дирижёрі, күйші-композитор, арда-

гер ұстаз Бәден Айсыновпен "Дара

жол - дара дарын" атты кездесу кеші

өтті. Кеш күйші-композитордың өмі-

рі мен шығармашылығын таныстыра

отырып, халық музыкасының мұра-

сын насихаттауға арналды.

Б.Айсынов қызмет жолының

алғашқы кезеңінде аталған мектеп-

тің құрылуына өз үлесін қосып, осы

сәттен бастап мектепте ұстаздық ете

жүріп, өзі мектепті отыз жылдай

басқарады. Сонымен қатар, Әлше-

кей ұлт аспаптар оркестрі мен Айсы-

новтар жанұялық ансамблін құрады.

Өз отбасының да ұл-қыздарын

өнерге баулиды, тіпті отбасымен бірге

барған түрлі бай-

қаулардан үнемі

жүлдемен оралып

келді. Сабақ берумен қатар өз күй-

лерін шығара бастайды. Күйлері

аудандық, облыстық, республика-

лық байқауларда үздік деп танылған.

Кездесу кеші мектеп ұстазы

Ө.Оспанбековтың жетекшіліндегі

"Мереке-Думан" би тобының кере-

мет биімен ашылды. Мұнан соң

Бәден Айсыновтың өмірінен бір

сәттік деректі фильм мен суреттерден

құралған слайдтар көрсетіліп, ары

қарай концерттік бағдарламамен

жалғасты. Кешке келген қонақтар

арасында күйші-композитор Б.Ай-

сыновтың қызметтестері, шәкірт-

тері, туыстары қатысып, өздерінің

жаймашуақ әңгімелерімен және

естеліктерімен бөлісті, құттықтау-

лар мен ізгі ниеттерін де жеткізді.

Бесарық балалар өнер мекте-

бінің ұстаздары да қарап қалмады.

Кеш барысында күйші-компо-

зиторға бірнеше сұрақтар қойылды.

Жүргізуші Е.Мұстафаевтың "Өнер

жолында жүрген өнер адамына

атақ пен мінез қаншалықты қа-

жет?"деген сауалына кеш иесі:

"Маған атақ қажет емес, ал мінезім

туа біткен табиғи болмысым",-деп

қысқа ғана қайырды.

Кездесу кешінің соңында өнер

мектебінің ұстаздарынан құралған

топ "Егемен Қазақстан" күйін

оркестрмен орындап, кешті

қорытындылады.

Патима БИМУРЗАЕВА,

Бесарық балалар өнер

мектебінің мұғалімі

Жаңақорған ауданы



"НҰРОТАНДЫҚТАР" ИГІЛІКТІ ІСТЕР ЖАСАДЫ

ҚАРТЫ БАР ҮЙ - ҚАЗЫНА

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына

Автокөлік кілті табыс етілді


жүктеу 12,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау