ЗАҢ АДАМДЫ БАҒЫНДЫРАДЫ, ЗАҢДЫ АҚЫЛ
БАҒЫНДЫРАДЫ
13 қазан
2016 жыл
Т.Фуллер
ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН
НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАР
Жақында қытайлық ақпарат
құралдары ірі қылмыспен ұстал-
ған елге белгілі шенеуніктің өлім
жазасына кесілгенін жарыса жаз-
ған еді. Аспан асты елі үшін өлім
жазасы мемлекеттік саясат ре-
тінде әріден келе жатқан тәсіл
болғандықтан бұл қалыпты жағ-
дай. Жемқорлықтың жолын кесу,
қылмыстың алдын алудағы нақ-
ты заң қытайларды бүгінде аяғын
аңдап басатын жағдайға жеткізді.
Ішкі тәртіптің ықпалы болар,
жемқорлық сатысында әлем ел-
дерінің ішінде Қытай көп айтыла
бермейді.
Хош! Жемқорлармен пәрменді
күресіп жүрген тек біздің ел емес.
Қазірде Еуропадан маза қашты.
Кәрі құрлықты бойлаған мемле-
кеттерде жемқорлық өршіп тұр.
Тиімді тетік, шығар жолды табуда
әр мемлекет өз заңнамасына
сүйенеді. Елдің ішкі ахуалына ба-
сымдық береді.
"Ел ішінде ала да құла да бо-
лады" дегендей, әдетте қылмыс-
тар қасақана не білместіктен
орын алып жатады. Ал, саналы
түрде жемқорлыққа жол ашатын
"ым-жымы бір" шенеуніктердің
сыбайластық әрекеттері қылмыс
болып табылғанымен, оны мо-
йындайтындары ілуде біреу.
Құмырсқаның ізіндей өз жолын
тапқан жемқорлықпен күресті
тоқтату мүмкін емес. Себебі жем-
қорлық қазірде адамзат тіршілігі-
мен қабысып кетті.
Соңғы он жылдық көлемінде
Қазақстанда жемқорлыққа қарсы
салмақты саясат қабылданды.
Іске асырудың механизмдері мен
жолдары жазылған жаңа заңна-
малар жемқорлыққа қарсы күрес-
тің бір жүгін көтеруге мүмкіндік
берді. Жазылып та, айтылып
жүргендей, жемқорлардың жо-
лын кесуде "Сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы күрес туралы",
"Мемлекеттік қызмет туралы"
заңдар, сыбайластыққа қарсы іс-
қимыл саласындағы функциялар-
ды кешенді түрде іске асыратын
арнайы уәкілетті органдар күш
біріктіріп жұмыс жүргізуде. Осы
заңдардың орындалу барысына
бағыт беретін, нақты ахуалды
талдайтын стратегияда қабыл-
данғаны белгілі. Сыбайластыққа
қарсы саясаттың салмағын сара-
лайтын бірден бір құжат - "Қа-
зақстан Республикасының 2015-
2025 жылдарға арналған сыбай-
лас жемқорлыққа қарсы страте-
гиясы.
Елбасының жарлығымен бекі-
тілген, 10 жылдық межені қамти-
тын құжат сыбайлас жемқорлық
көріністеріне ықпал ететін негізгі
факторларды айқындауға мүм-
кіндік береді. Маңыз беріп қа-
райтын болсақ, старатегияда
алдағы он жыл ішінде жемқор-
лыққа тосқауыл қоюдың қам
қарекеті баян етілген. Осы заң
негізінде аймақ басшысы
Қырымбек Көшербаев сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жөніндегі 2015-2017 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспарын
бекітіп, оны орындауға облыс
әкімдігіне қарасты барлық бас-
қармалар кірісті. Іс-қимыл жос-
пары жайында сәл кейіннен
тоқталамыз. Алдымен стратегия-
ның негізгі бағыттары мен ше-
шімді талап ететін басты пробле-
маларына талдау жүргізсек.
Өткенге көз салатын болсақ,
айқын бір нәрсені аңғаруға
болады. Қазақстан ТМД елде-
рінің арасында алғашқы мемле-
кеттің бірі болып жемқорлық
сынды келеңсіз құбылыспен кү-
ресудің заңнамалық үлгісін оның
мақсаты мен міндетін, негізгі
қағидаттарын айқындайтын
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес" туралы заңды қабылдады.
Осы заң шеңберінде азаматтар-
дың сыбайлас жемқорлық факті-
лері туралы кедергісіз ақпарат
алуына жағдай жасалды. Бұл өз
кезегінде әрбір мемлекеттік
қызмет саласының ашықтық қа-
ғидатына жол ашқанын аң-
ғартады.
Ашықтықтың үстемдік құр-
ғанын билік органдарының
қоғамға есеп берушілігі мен оның
бақылауында болуы, сот төрелі-
гінің тәуелсіздігі мен әділдігі,
мемлекеттік кадр саясатындағы
меритократия, мемлекеттік
рәсімдердің жариялылығы арқы-
лы көрініс тауып жатыр.
Құжатта ширек ғасыр ішінде
сыбайластық әрекеттермен күре-
судің тиімсіз тұстарын таразы-
лайтын, жүйені жетілдірудің
жолдары жария етілген. Мәсе-
лен, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы насихат негізінен бір
жолғы акциялармен және нау-
қандармен, бұқаралық ақпарат
құралдарындағы шаблон түрін-
дегі сөздермен шектеледі,
интернет-кеңістік жеткіліксіз
пайдаланылатыны ашық жазыл-
ған. Бұл ретте сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы мемлекет қабылдап
жатқан шаралардың тиімділігін
зерделуге арналған социоло-
гиялық зерттеулердің жоқтығы
жемқорлардың аяғынан шалуға
қауқар болмай тұр.
Стратегияның маңызды бір
тұсы - жемқорлық көріністеріне
ықпал ететін негізгі факторларды
айналып өту. Оқырманға түсінікті
болу үшін заңда көзделген басты
факторларды инфографика тү-
рінде ұсынуды жөн көрдік.
Кез келген өркениетті елдерде
қоғам дамуына әсер ететін маңыз-
ды мәселелерді шешуде азамат-
тық сектордың позициясы
айқын көрінеді. Сол себепті де
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл" туралы заңында,
Қазақстан Республикасының
2015-2025 жылдарға арналған
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
стратегиясында да қоғам дертіне
баланған жемқорлыққа пәрменді
күш болатын қоғамдық бақы-
лауды жолға қою қарастырылған.
Тек айтылып қана қоймай, "Қо-
ғамдық бақылау туралы" заң
қабылданды. Азаматтық қоғамды
қалыптастыруды қажет ететін бұл
тәсіл жемқорлықтың алдын алуға
ықпал етуі тиіс. Жалпы «страте-
гияда қамтылған тапсырмалар-
дың орындалу барысы, оны іске
асырудың жолдарын қалай жүр-
гізіп келеміз?» деген заңды сауал
туындайды. Толғақты сауалдың
түйінін тарқату мақсатында заң-
гер, құқық саласында ұзақ жыл-
дық тәжірибесі бар Кажденбек
Баймахановтың пікірін білген
едік.
- Жемқорлық - мемлекетті
мемлекет ретінде жоятын бірден
бір кесел. Елдің ішкі дамуына
кері әсерін беретін бұл індетпен
күллі әлем елдері күресіп жатыр.
Тәуелсіздік алған жиырма бес
жыл ішінде сыбайлас жемқор-
лыққа қарсы шараларды қабыл-
дадық, заңды бекіттік. Меніңше,
жемқорлықты жою үшін тек мем-
лекеттік құрылымдар ғана емес,
тұтас халық қозғалуы керек.
Себебі, жасырып жабатыны жоқ,
халық кез келген саладағы жұ-
мыста қысқа жолды таңдап, мем-
лекеттік сектордағы қызметкер-
дің қолына "тиын қыстырып",
шаруасын бітіреді. Ал, бұл - жем-
қорлықтың бастау бұлағы. Құ-
қықтық мемлекет болғандықтан
әрбір адам өзі сыбайластыққа
жол бермей, тәртіппен жүрер
болса, жемқорлық мемлекет ал-
дындағы мәселеге айналмас еді,-
дейді Кажденбек Садуақасұлы.
Бүгінде "Жаңару" сыбайлас
жемқорлыққа қарсы жалпықо-
ғамдық қозғалысының аймақ-
тағы өкілі ретінде қызмет ететін
Кажденбек Баймаханов страте-
гияда көзделгендей, азаматтық
сектордың, қоғамдық бақылау-
дың жемқорлықты алдын бағуда
ерекше рөлі барын әңгіме бары-
сында ашық айтты.
- Қазіргі күнде жемқорлық
проблемасын күн тәртібінен
түсірмеу керек. Қандай да бір
парақорлық әрекет болсын
ашық, қоғамда жариялы түрде
талқылануы тиіс. Сонда ғана
жемқорлықты жоя аламыз. Бұл
ретте заң қатаң болуы тиіс. Мен
мемлекеттік қызметте 30 жылдан
аса жұмыс жасаған азамат ретінде
айтар болсам, жемқорлық қай
салада болмасын бар. Ол басы
ашық мәселе. Айталық, Елбасы
стратегияда ашықтық орнауы
үшін құқық қорғау саласынан
бөлек, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясатты жүргізуде қо-
ғамдық бақылау институтары-
ның жұмысын жолға қоюды тап-
сырды. Өкінішке орай, біздің
азаматтардың қоғамдық ұйым-
дарға деген көзқарасы өзгерек.
Сондықтан қоғамды ояту керек,-
дейді ол.
Ал, енді аймақтағы ахуалға
келейік. Материал барысында
айтып кеткеніміздей, стратегия-
ны орындау бағытында облыс
әкімінің іс-қимыл жоспары бекі-
тіліп, бүгінде сол бағытта бірша-
ма жұмыстар жасалып жатқаны
сезіледі. Алдымен аймақ басшы-
сы әрбір басқармаға сыбайлас
жемқорлыққа қарсы шараларды
халыққа уақытында ақпараттан-
дыру бағытында ақпараттық
ресурс орнату, сенім телефонын
іске қосу сынды тапсырмалар
жүктеген болатын. Сондай-ақ,
заңда көрсетілген жемқорлыққа
қарсы мәдениетті қалыптасты-
ру, мүлдем төзбеушілік ұғымын
енгізу, халық арасында әлеумет-
тік сауалнама жүргізуді міндет-
теді. Жүйелі жоспардың жүгі
осындай.
Міне, тоғыз айды артқа тас-
тадық. Жылдың қорытындысы
шығатын уақыт та таяп қалды.
Межеленген міндеттер мен
жүйелі жоспарлардың орындалу
барысын саралайтын сәт жақын-
дады. Біздің мақсат саладағы
жұмыстарды талдап, таразылау.
Сараптамалық материалдың
түйінін тарқатайық. Жемқорлық,
жемқорлар дегенде қоғамдағы
келеңсіздіктерді тіке айтатын
жазушы Шерхан Мұртазаның
өткір тілінен шыққан өктем сөзі
ойға оралады.
- Экономиканың реформа
түзу болу үшін алдымен адамның
санасын, құлқынын, нысабын
түзетіп ал. Біздің шенеуніктері-
міздің санасы ортағасырлық
теңіз қарақшыларының санасы
дәрежесінде қалған. Тек тонау!
"Кедей бай - болсам дейді, бай -
Құдай болсам дейді". Кедей бай
болсам деген жерде тоқтап қалса
ғой. Жоқ, бай Құдай болсам
дейді. Бұл - қағанатсыздық. Бә-
ленің бәрі осы қанағатсыздықтан
туа береді,- дегені бар еді.
Расында, қу құлқынның қамы
жемқор болуға итермелейді. Ащы
да болса шындықтың жазыл-
ғаны, айтылғаны жемқорлардың
санасына сәуледей тисе тамшы
ойдың текке кетпегенінің белгісі.
Абай ТАҒЫБЕРГЕН
5
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАР: