С. П. НАУМОВ
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ
ПЕДАГОГТЫҚ ИНСТИТУТТАРДЫҢ ЖАРАТЫЛЫС
ТАНУ-ГЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТТЕРІНІҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ Қ¥РАЛЫ
Қазақ ССР Жогағы жэне арнаулы орта білім министрлігі коллегиясы бекіткен
“МЕКТЕП” БАСПАСЫ АЛМАТЫ — 19702—10—6 251—69М
С. П. Наумовтың “Омыртқалылар зоологиясы”
деген оқулығынан ықшамдап, еркін аударғандар:
Ш. Р. Ыбраев пен Т. X. Күлтебаев
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
ХОРДАЛЫЛАР ТИПІ
Хордалылар типше жалпы сипаттама
1-тип тармағы. Личинка хордалылар немесе туникат-
тар
ІІ-тип т а р м а ғ ы. Бас сүйексіздер
Ланцетник бас сүйексіздердің өкілі
Бас сүйексіздердің тектері
ІІІ-тип тармары Бас сүйектілер. немесе омыртқалылар
1-класс. Дөңгелек ауыздылар
Дене құрылысы
Дөңгелек ауыздылардың систематикасы мен экологиясы
1-отряд. Миногалар
2-отряд. Миксиндер.
2*класс Балықтар
1-топ. Шеміршёкті балықтар
1-класс тармағы Тақта, желбезектілер
1-отряд. Акулалар
2-отряд. Скаттар
2-класс тармағы. Бүтінбастылар немесе химерліктер
ІІ-топ Сүйекті балықтар
3-класс тармағы Шеміршекті-сүйектілер
Шеміршекті-сүйекті балықтардың систематикасы кологиясы
4-класс тармағы Қауырсын қанаттылар
Қауырсын қанатты балықтардың систематикасы
1-отряд үсті. Сүйекті ганоидалар
2-отряд үсті. Көп қанаттылар
3-отряд үсті. Сүйекті балықтар.
1-отряд. Майшабақ тәрізділер
2-отряд Қарп тәрізділер
3-отряд. Угрлар
4-отряд Шортан тәрізділер
5 отряд. Алабұға-шортан тәрізділер
6-отряд. Саргандар немесе ұшқыш балықтар
7-отряд. Тікен тәрізділер
8-отряд. Шоқ желбезектілер
9-отряд. Тікен қанаттылар
10-отряд. Треска тәрізділер
11-отряд. Камбала тәрізділер
12-отряд. Біріккен жақтылар
13-отряд. Аяқ канаттылар
5-класе тармағы. Қос тынысты балықтар
1-отряд. Бір өкпелілер
2-отряд. Қос өкпелілер
6-класс тармағы. Саусак, қанатты балықтар
Балықтардың экологиясы
Балықтардың кәсіптік маңызы
Бөгеуде балық өсіру шаруашылығы
Балықтардың тегі және эволюциясы
3-класс. Амфибилер немесе қос мекенділер
Амфибилердің систематикасы
1-отряд. Құйрықты амфибилер
2-отряд. Аяқсыз амфибилер
3-отряд. Құйрықсыз амфибилер
Амфибилердін. тіршілік ету жағдайлары және жалпы
таралуы
Қос мекенділердің шығу тегі
Қос мекенділердің манызы
4-класс, Бауырымен жорғалаушылар немесе рептилилер
Рептилилердің дене құрылысы
Қазіргі кездегі бауырымен жорғалаушыларға систематика-лық шолу
1-класс тармағы. Ящерогадылар немесе алғашқы кесіртке
лер
2-класс тармағы Қабыршақтылар
1-отряд. Кесірткелер
2-отряд. Хамелеондар
3-отряд. Жыландар
3-класс тармағы.Крокодилдер
4-класс тармағы. Тасбақалар
1-отряд. Жасырын мойын тасбақалар
2-отряд. Бүйір мойын тасбақалар
3-отряд. Теңіз тасбакалары
4-отряд. Жұмсақ терілі тасбақалар
Рептилилердің шығу тегі және эволюциясы
Рептиллиердің экологиясы
Рептилилердщ экономикалық маңызы
5-класс.Құстар
Құстардың дене құрылысы
Осы заманда тіршілік ететін құстарға систематикалық
шолу
Класс тармағы. Нағыз күстар
1-отряд үсті. Қырсыз төстілер немесе түйеқұс тәрізділер
1-отряд. Африка түйеқұстары
2-отряд. Америка түйеқұстары немесе нанду
3-отряд. Австралия түйеқұстары немесе қазуарлар
4-отряд. Қанатсыздар немесе кивилер
2-отряд үсті. Пингвиндер отряд. Пингвиндер
3-отряд үсті. Қырлы төсті құстар
1-отряд. Гагар тәрізділер
2-отряд. Поганкалар
3-отряд. Ескек аяқтылар
4-отряд. Дегелек (айст) тәрізділер
5-отряд. Қаз тәрізділер
6-отряд. Күндізгі жыртқышгар
7-отряд. Тауық тәрізділер
8-отряд. Тырналықтар
9-отряд. Сутартарлықтар
10-отряд. Дуадақтар
11-отряд. Балшықшылар
12-отряд. Чистиктер.
13-отряд. Көгершіндер
14-отряд. Көкектер
15-отряд. Тотылар
16-отряд. Ешкіемерлер
17-отряд. Ұзын қанаттылар.
18-отряд. Тоқылдақ тәрізділер
19-отряд. Жапалақтар.
20-отряд. Торғай тәрізділер
Құстардың экологиясы
Құстардың тегі және эволюциясы
Құстардың шаруашылық маңызы
6-класс. Сүт коректілер
Сүт қоректілердін дене құрылысына жалпы шолу
Осы замандағы сүт қоректілерге систематикалық шолу
І-класс тармағы. Жұмыртқа салушылар немесе алғаш-қы аңдар
2-класс тармағы. Нағыз аңдар
І-Инфра класс. Төменгі сатыдағы андар
І-отряд тармағы. Көп күрек тістілер
2-отряд тармағы. Қос күрек тістілер
2-Инфра класс. Плацентарлы немесе жоғарғы саты-
дағы аңдар
1-отряд. Насеком жемділер
2-отряд. Жүнді қанаттылар
3-отряд. Қол қанаттылар
1-отряд тармағы. Крыландар
2-отряд тармағы. Жарқанаттар
4-отряд.' Мүкі тістілер
5-отряд. Кесірттер (ящер)
6-отряд. Кемірушілер
7-отряд. Қоян тәрізділер
8-отряд Жыртқыштар
9-отряд. Ескек аяқтылар
10-отряд. Кит тәрізділер
1-отряд тармағы, Тісті киттер
2-отряд тармяғы. Тіссіз киттер немесе мүртты киттер
11-отряд Дамандақ
12-отряд. Ет тұмсықтылар немесе пілдер
13-отряд. Сирендер
14-отряд. Жұп трқтылар
1-отряд тармағы. Куйіс кайтармайтындар
2-отряд тармағы. Күйіс қайтарушылар
15-отряд. Тақ тұяқтылар
16-отряд. Түтік тістілер
17-отряд. Шала маймылдар немесе лемурлар
18-отряд. Маймылдар немесе приматтар
1-отряд тармағы. Кек танаулы маймылдар…
2-отряд тармағы. Тар танаулы маймылдар
Сүт қоректілердің экологиясы
Сүт қоректілердік экономикалық маңызы
Сүт қоректілердід тегі және олардық эволюциясы
КІРІСПЕ
Омыртқалылар зоологиясын анығырақ айтқанда — хордалылар зоологиясы деп атайды. Басқа жануарлармен салыстырғанда хордалылардын, үлкен маңызы бар. Бұлар ең жоғары ұйымдасқан, күрделі құрылысты, алуан түрі орталықта тіршілік ететін (40 мыңға жуық түрі бар) жануарлар. Хордалылар құрылықты, суды, ауаны және топырақ қабатын мекендейді. Сондықтан оларды бүкіл жер шарына түгелдей тараған деуге болады. Хордалылардың күрделенуі бір ғана олардың құрылысындағы және физиологиялық әрекетіндегі ерекшеліктерінін, түрліше екендігінде емес, сол сиякты олардын, тіршілік ету ортасымен өз ара қарым-қатысының да күрделене түсуінің, нәтижесінен болады.
Омыртқалылардын. халық шаруашылығыньщ түрлі салала-рын дамытуда үлкен практикалық маңызы бар. Өйткені үй малдарының барлығы хордалыларға жатады. Олардын. ішінде азық үшін өсіретіндері де, тері, жүн беретіндері де, көлік және спорттық мақсатқа пайдаланатын түрлері де бар.
Табиғатта тіршілік ететін көптеген тағы түрлері үй малда-рының жаңа, пайдалы тұқымдарын шығарудағы табиғи резерв болып саналады. Сондай-ак, жабайы омыртқалыларды жоспар-лы түрде аулай отырып, ет, май, бағалы терілер сияқты шаруашылыққа қажетті өнімдер аламыз.
Жабайы жануарларды жоспарлы түрде пайдалану және олардын, қолда өсірілетін жақа түқымдарын шығару жұмысы-на біздің елімізде үлкен маңыз береді. Мұның өзі мемлекеттің табыстың басты көзі болып есептеледі.
Хордалылардьщ пайдалы түрлерімен қатар зиянды түрлері де бар. Олардың көптеген түрлері ауыл шаруашылық зиянкестері. Оларға саршұнақтар, тышқандар, дала тышқандары, қасқыр т. б. жатады. Хордалылардың өзі ауру қоздырушы болмағанымен, кейбір түрлері алуан түрлі қауіпті ауруларды (оба,
3
туляремия, энцефалит, бруцеллез т. б.) тасымалдаушы, таратушы болып саналады.
Омыртқалылар — қаншама күрделі және көп түрлі болға-нымен толык, әрі жан-жақты зерттелген жануарлар. Хордалы-лардың түрлері, сипаты мен мақсаты түрліше ғылми зерттеу-лердің әрқашанда қажетті материалы болып келген. Осы зерттеудің нәтижесінде систематиканың, салыстырмалы анатомияның, гистологияның, экологияның, зоогеографияның, палеонтологияның, филогенетиканың көптеген күрделі жалпы мәселелері шешілді.
Омыртқалылар зоологиясыньщ осы замандағы биік шыңына көтерілуіне көптеген совет оқымыстыларының (Н. М. К н и п о -в и ч, В. К. С о л д а т о в, А. Н. Державин, Б. М. Ж и тк о в және т. б.) қажырлы еңбектері негіз болды.
Совет зоологиясының негізгі мақсаты — омыртқалылардың ұйымдастыру заңдылықтары мен тіршілік әрекеттерін зерттеп қана қоймай, жануарлар дүниесін халық шаруашылығында пайдаланудың жоспарлы, ғылми негізін жасау болып табылады.
1-тип тармағы. ЛИЧИНКА ХОРДАЛЫЛАР НЕМЕСЕ
ТУКИКАТТАР (Огосһопіаіа немесе Типісаіа)
Личинка хордалыларға — асцидиялар (аsсіdiае), сальпылар (sаlрае) және аппедикуляриялар (аррепdicиlагіае) жатады. Олар теңіздерде тіршілік етеді. Бұлардың барлығының да денесі — туника деп аталатын қабықтың ішінде болады. Туника — біріншіден тері эпителиясының туындысы; екіншіден туниканың ішкі қалың қабатына келіп орналасқаң жас клеткалардың есебінен де ол қалыңдап дамиды. Туниканың химиялық құрамы өсімдіктердің клетчаткаларына ұқсайды. Өсімдік клетчаткасы жануарлар дүниесінде тек осы организмдерде кездеседі. Хорда личинкалық дәуірінде болады, ал аппедикулярйяда ол өмір бойы сақталады. Ересек личинка хордалылардың нервтері қуыс емес. Сезім органдары жетілмеген, кан айналу системасы ашық. Жынысты, жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы орындалады (2-сурет).
Олардың бірнешеуі бірігіп, колония құрып немесе жеке жүріп тіршілік етеді. Қейбір турлері су түбіндегі заттарға
2-с у р е т. Асцидияның ішкі құрылысы:
/ — ауыз сифоны; 2 — клоака сифоны; 3 — туника; 4 — мантияның эктодермасы; 5 — мантияның қабаты; 6 — жұтқыншақ; 7 — жұтқыншақтық іші; 8— желбезек сақы” лаулары; 9 — эндостиль; 10 — арқа сайы;
11 •— желбезек айналасындағы қуыс;12 — желбезек айналасын-дағы қуыстың ке-регесі; 13 — қарын; 14 — бауыр өсінділері; 15— артқы тесіп; 16 — аталық безі; 17—анапық безі; 18 — жыныс жолдары; 19 — жүрек қабы; 20 — жүрек; 21 — шажырқай; 22 — нерв түйіні.
7
бекініп отырып, ал кейбір формалары қозғалып жүріп тіршілік етеді.
Бұл тип тармағының өкілі асцидияның құрылысы 2-суретте көрсетілген.
Личинка хордалыларды көп уақытқа дейін омыртқасыздар-ға, оның ішінде моллюскаларға, немесе мшанкаларға жатқызып келді. Тек қана 1866 жылы А. О. Ковалевский бұлардың эмбриональдық дамуын зерттеп, хордалыларға жататынын дәлелдеді. Асцидияның эмбриональдық дамуы ланцетниктердің эмбриональдық дамуына ұқсас. Заттарға бекініп отырьш тіршілік ететін асцидиялар, өз бетінше еркін қозғалып жүретін хордалылардан шыққандығы анықталды. Асцидиялар отырып тіршілік етуге бейімделген. Соның салдарынан көпшілік органдары дамымай қалған. Ересек формаларында хордалары жойылып кетеді.
11-тип тармағы. БАС СҮИЕКСІЗДЕР (Асгапіа)
Бұл тип тармағына бас хордалылар (серһаlосһогdаtа) деп аталатын бір ғана класс жатады. Бұлардың хордалары нерв түтігінен ұзынырақ алға шығып тұратын болғандықтан — бас хордалылар деп аталған.
Бұл класқа жататындардың негізгі белгілері мыналар: хор-далары бас миынан да алға шығып, созылып жатады, желбе-зектерінің айналасында (атриальдық) қуысы болады. Басы де-несінен айқын бөлінбеген. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас миы деп нерв түтігінің алғашқы бөлімін атаранмен де, оны қаптап тұратын бас сүйегі болмайды. Хорда және оның қабы скелет қызметін атқарады. Аяқ-колдары жоқ, ал нефридиясы және жыныс системалары сегментті болады.
ЛАНЦЕТНИК БАС СҮЙЕКСІЗДЕРДІҢ ӨҚІЛІ
(ВRАNСНІ0SТОМА LАМСBОLАТUМ)
Сыртқы түрі. Ланцетник — ұзындығы 5—8 *сж болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген жән-дік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцет-ке ұқсас болғандықтан — ланцетник деп аталған; Арқа қанаты кұйрық қанатына келіп түйісіп, одан ары тұтасқан түрінде жел-- безек қуысына шейін созылады.
Денесінің, құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплев-'ральдық қатпар болады. Олар артқа қарай атериальдық тесікке дейін созылады. Денесінің алдыңғы, бауыр жағында 10—12 пар қармалағышпен қоршалған, ас жолы басталатын ауыз алды тесігі болады.
Тері қапшыры. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан тұ-рады: сыртқысын — эпидермис, ішкісін — кутис деп атайды. Жоғары дәрежеде дамыған жануарлардың эпидермисінен, айырмасы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан тұрады да, оның сыртын жұқа қутикула қаптап жатады. Эпидермистің көпшілік клет-.
9
калары — цилиндр пішінді, бірқатары бокал тәрізді безді клеткалар, ал бірқатар клеткаларында сезімтал түктері бола-ды. Кутис қабаты нашар дамыған және ол қоймалжың ткань-дерден құралады (3-сурет).
3 - с у р е т. Ланцетникгің ұзынынан -жарып көрсеткендегі құрылысы:
/ — қармалағыштармен қоршалған ауыз алды тесігі; 2 — құйрық қанаты; 3—арқа қанаты; 4 — кұйрық асты қанаты; 5—метаплевральды қатпар; 6 — атриальдық тесік; 7—хорда; 8 — миомер (тек қана құйрық бөлімдегілері көрсетілген) 9 — миосепта; 10 — нерв түтіп, // — желкен, /2 —желбезек саңылаулары; 13—ішек; 14—ішектің бауыр өсіндісі; 15 — желбезек айналасындағы қуыс; 16 — эндостиль; 17 — жыныс бездері.
Ет системасы. Басқа хордалылар сияқты, бұлардың еті де денесіне біркелкі орналаспаған. Ет әсіресе денесінің арқа бөлі-мінде көп болады. Ет системасы ұзына бойы бөлінген екі — миомерлер деп аталатын бунақтарға бөлінеді. Миомерлер бірінен-бірі миосепта деп аталатын дәнекер тканьдермен шектеліп (бөлініп) тұрады. Сондықтан бунақтардың жіктері сырттан қарағанда айқын 'көрініп тұрады. Бұлшық еттерінің бөлшектерінің үшкір жағы денесінің алдыңғы жағына қарап орналасқан. Оң жағындағы миомерлері мен сол жағындағы миомерлері бір-бі-ріне тұспа-тұс орналаспайды. Мұның өзі су ішінде жүзгенде көлденең бағытта денесінің оңай иілуіне жағдай туғызады.
Хордасы негізінен каңқа қызметін атқарады. Хорда ланцет-никтің арқа жағында бүкіл денесін бойлап созылып жатады. Хорда клеткаларының шығарған заттарынан хорданың сыртын қаптап тұратын қабық пайда болады. Хорданың негізгі денесі талшықты дискалардан тұрады. Олардың арасында іші сұйық затпен толған вакуольдері бар. Қалың дәнекер ткані хорданы және оның үстіңгі жағына орналасқан нерв түтігін қаптап тұ-рады. Бұл қапшықтан миосепталарға, тері астындағы дәнекер тканьдерге, өсінділер тарайды. Желбезек саңылауларының маңайында клеткасыз талшықты құрылысты тор бар. Ол тор тірек қызметін атқарады. Тор көзіне тығыз орналасқан қоймалжың тканьдер қанаттарын қозғауға сүйемелдейтін кұрал есебінде пайдаланылады. Ауыз алды бөлімінде орналасқан-қармалағыш түктерінің түбінде де тіректік қоймалжың заттары болады.
Нерв системасы. Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп аталатьш бүкіл дене бойына хордамен қатарласып созы-
10
лып жатқан нерв түтігі болады, Нерв түтігінің бас жақ бөлімі-нің ішкі қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыс тар болады. Бұл қуысты — невроцель деп атайды. Ланцетник ұрығының даму кезінде невроцель сыртқы ортамен — невропор тесігі арқылы қатысады. Ересек ланцетниктерде невропор болмайды. Мұның орнына дененің бас бөлімінің үстіңгі жағында оязы қалады, оны иіс оязы деп атайды.
Бүкіл нерв түтігі бойымен, невроцельдің жиегіне, жарық сез-гіш — Гессе көзшелері орналасқан. Әрбір көзшенің өзі екі түрлі клеткадан тұрады. Біріншісі — жарық сезгіш клетка, ал екінші-сі — пигментті клетка. Ланцетник миының барлығы дерлік жа-рық сезгіш келеді. Перипериялық нерв системасы ми түтігінен кететін нервтерден құралады. Нерв түтігінін, алдыңғы кеңейген бөлімінен екі пар нерв кетеді де дененің алдыңғы бөліміне та-рамданып кетеді, қалған бөлімдерінен басқа нервтер тарайды. Сөйтіп әрбір ет сегментіне екі пар нерв келеді. Біреуі құрсақ, екіншісі—арқа нерві. Арқа нервтері атқаратын қызметіне қара-ғанда аралас қозғалтқыш-сезгіш, ал құрсақ нервтері таза қозғалыс қызметін атқаратын нерв болып саналады. Ланцетникте осы нервтердің жұмысы бір-біріне байланысты емес, бұл көптеген омыртқалылардың нервтерінен айырмашылығының бар екендігін көрсетеді.
Сезім органдары —өте карапайым. Олар Гессе көзшелері арқылы жарықтарды, иіс оязы арқылы судың химиялық ка-сиеттерін ажырата алады. Сонымен қатар денесінде — эпидермисте бытырап жатқан сезгіш клеткалары болады.
Ас қорыту және тыныс органдары. Ауыз алдындағы қармалағыш түктерінің түп жағында ауыз орналасқан. Ауызбен жұтқыншақты бөліп тұратын, етті сфинктер болады. Жұтқыншағы кең, ол жүзге жуық желбезек саңылауларын ара-лап өтеді. Ол сыртқа ашылмай атриальдық немесе желбезек айналасындағы қуысқа ашылады. Атриальдық қуысы бүйір қатпарларының өсуінен негізделген. Қатпарлар құйрық бөлімінде өспейді соның нәтижесінде атриопор деп аталатын тесік пайда болады. Сөйтіп су жұтқыншақтан желбезек сақылаулары арқылы атриальдық қуысқа одан атриопор арқылы сыртқа шығады.
Жүтқыншақтық құрсақ жағындағы ішкі бетінде өзекшесі бо-лады. Бұл өзекше безді және кірпікшелі клеткалармен эндо-стильмен қапталып тұрады. Ауыз маңына таянғанда-өзекше екі айырық болып, жүтқыншақтың үстіңгі бөліміне қарай созылады. Бұл жерде олар ішекке қарай созылып жатқан желбезек үс-ті оязына барып жалғасады. Эндостильдің шырын шығаратын бездерінің шырынына, су арынымен ілесіп келген қоректік заттардың ұсақ бөлшектері жабысып қалады. Эностильдік эпители кірпікшелерінің қозғалуы, шырынға оралған қоректік заттар-
11
дың ауыз бөліміне, одан әрі желбезек үсті өзек арқылы ішекке түсуін қамтамасыз етеді.
Ішегі жіктелмеген бүкіл дене бойына созылған түтіктен тұ-рады. Ішектің алдыңғы бөлімінің құрсақ жағынан бір қуыс жә-не тұйық өсінді шығады. Бұл жоғары сатыдағы омыртқалылар-дың бауырынын, қызметіне ұқсас қызмет атқарады. Сондықтан, бұл өсіндіні — бауыр өсіндісі деп атайды.
Бұл айтылғандардан: ланцетниктер пассивті түрде тыныс алады және қоректенеді деген қорытынды шығады. Анығырақ айтқанда, бұлардың тыныс алуы және қоректенуі ауыз бөліміндегі — жұтқыншағындағы және ішегіндегі кірпікшелі эпителийлерінің қозғалып тұруына байланысты. Ланцетниктер — пассив организмдер.
Қан айналу системасы — қарапайым, бірнеше қан тамырларынан ғана тұрады. Қаны түссіз. Жүрегі болмайды. Жұтқыншақтың астыңғы жағынан басталран кұрсақ қолқасы-нан бірнеше желбезек артериялары тарайды. Бұл артериялар желбезек саңылауларының арасындағы қатпарларға келіп ұш-тасады. Желбезек артериялары ұсақ қан тамырларының торларын құрамай-ақ тотыққан қанды қос желбезек үсті қан тамырларына немесе арқа қолқасының түбіріне апарып құяды. Қос арқа қолқасының түбірі яғни желбезек үсті қан тамырлары қатарласып келіп жұтқыншақтың соңғы бөлімінің тұсына келгенде қосылып, арқа қолқасына айналады. Арқа қолқасы хорданың астыңғы жағынан дененісінің артқы бөліміне дейін созылады. Арқа қолқасынан ішкі органдарға қан тамырлары кетеді. Арқа қолқасының түбірінен ланцетниктің бас бөлімдерін артерия қанымен қамтамасыз ететін — ұйқы артериялары тарайды.
Денесінің алдыңғы бөлімдегі қан дененің артқы бөліміне апаратын алдыңғы қос кардиналдық венаға жиналады. Ал денесінің артқы бөліміндегі вена қандарын, артқы қос кардиналдық веналар денесінің алдыңғы бөліміне алып келеді. Жұтқыншақтың артқы бөлімінде, алдыңғы және артқы кардиналдық веналары өз ара қосылып, (оң және сол) екі кең, жұқа қабырғалы кювьеров құйлысын құрайды. Кюзьеров құйылысынан вена қандары вена синусына құйылады. Құрсақ қолқасы осы вена синусынан басталады. Ішкі органдардан жиналған вена қаны — ішек асты венасымен бауырға келіп енеді. Бұл вена бауырға кірісімен капилляр торларын құрап, бауырдың қақпа системасын құрайды. Бауыр венасымен қан веңа синусына барып құйылады.
Жүрегі болмағандықтан ланцетниктің каны құрсақ жағын-дағы қолқаның жиырылуы мен желбезектегі қан тамырлары-ның төменгі бөлімінің жиырылып-жазылып тұруы нәтижесінде
қозғалады.
Зәр шығару системасы — жұтқыншақ маңайына ор-наласқан көптеген (90 пар) нефридия түтікшелерінен тұрады.
12
Нефридия түтікшелерінің бір ұшы желбезек маңындағы қуыспен жалғасады да екінші ұшы целом қуысына еніп тұрады. Осы қуысқа еніп тұратын ұшында, бірнеше тесіктер бар. Бұл тесіктердің іші қуыс, сырты түйреуіштің, басы сияқты клеткалар-мен — .соленоциттармен қапталған. Соленоциттардың іші қуыс оның ішіндегі қозғалып тұратын түктерінің көмегімен, целомның, ішіндегі зәр заттары желбезек қуысына келіп, одан сыртқа шығарылады. Ланцетниктердің зәр заттарын шығару органдары, кейбір буылтық құрттардын, зәр шығару органдарының құрылысына ұқсайды.
Жыныс бездері. Аталық және аналық жыныс бездері сырт жағынан ұқсас болғандықтан, оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Олар көптеген (25 пар), шар тәрізді целом қуы-сының желбезек бөліміне орналасқан денешіктерден тұрады. Жетілген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс жо-лы арқылы, желбезек қуысына келіп, одан атриопор арқылы сыртқа суға шығарылады. Жыныстық келеткалар су түбіне жа-қын қабатқа барып ұрықтанады, яғни ланцетниктің ұрыктануы сыртта болады.
Достарыңызбен бөлісу: |