Құрметті Қоянбай ауылының тұрғындары



жүктеу 79,57 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі79,57 Kb.
#14794

Cосновка ауылдық округінің әкімі А. Ораловтың ауыл тұрғындарының алдында есеп беру

ТЕЗИСІ
2010 жыл барлық Қазақстандықтар үшін ерекше жыл болды. Қазақстан-тұңғыш рет ЕҚЫҰ-ға төралық етіп, бүкіл ел тарихында ең маңызды әрі аса ауқымды шара-Астана -Саммитін жоғары ұйымдасқан түрде өткізілуі біздер үшін үлкен мақтаныш.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы Жолдауында ауыл әкімдеріне ерекше мән беріп отыр. Өйткені дағдарыс кезеңінде Жолдауда айтылған іс-шаралардың бәрін халыққа жеткізуші, орындаушы аудан, ауыл әкімдері.

Дағдарыс кезінде шағын және орта бизнесті қолдау, отандық тауарлардың мол өндірілуін қамтамасыз ету, ауылшаруашы- лығына берілетін көмекті қадағалау, жолдар мен көшелерді жөндеу бәріде әкімнің қадағалауынсыз жүзеге аспайды.

Сосновка ауылдық округінде округ ауылдарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту бойынша жұмысы

Ауылдық округте жыл ағымында « Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын тұрғындар арасында ақпараттық- насихаттау қолдауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді.

Округтің ауылдарында ақпараттық-насихаттау топтары кұрылды, оның құрамына мемлекеттік қызметшілердің, педагогикалық және медициналық қызметкерлердің, зейнеткерлердің арасында тереңірек дайындалған тұрғындар арасында беделге ие болған азаматтар енгізілді.

Әзірленген және бекітілген кесте бойынша ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіледі, оның нәтижесінен тұрғындарды ойландыратын мәселелер анықталады, оларды шешу жолдары белгіленеді.

Округте мемлекеттік және ресми тілдерінде Ел Президенті Жолдауының мәтіні, бекітілген жұмыс жоспарлары,

-2-


мемлекеттік қызметшілерден, педагогикалық және медицина қызметкерлері ішінен құрылған ақпаратты-насихаттау топтарының тізімдері, округ ауылдарында әр санаттағы азаматтармен кездесулерді өткізу кестелері, жиындарда сөйлеген азаматтардың сөздерінің мәтіндері, кездесулердің хаттамалары мен есептері бар арнаулы жинақ папкалары жүргізіледі.

Азаматтардың әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсарту жөнінде, кедейлік пен жұмыссыздықпен күресу, шаруа қожалықтары мен шағын бизнес объектілерінің санын көбейту, округ инфрақұрылымың дамыту жөніндегі көрсеткіштер қосылған жұмыстар жүргізілуде.

БЮДЖЕТ

2010 жылы округ бойынша жергілікті салық жинағы 102 пайызға орындалды. Барлық жиналғаны- 1778431 мың теңге,



оның ішінде : жер салығы- 158674 теңге, мүлік салығы -243561 теңге, көлік салығы-1376196 теңге

Зейнеткерлерге зейнетақылар мен бюджеттік мекемелерге жалақылар өз уақытында және толық көлемінде төленеді

2010 жылы зейнетақы -134432623 теңге, бюджеттік мекемелерге- 91178459 теңге жалақы төленді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар -1462824 теңге төленді.

Бүгінгі таңға еңбекақы мен зейнетақыдан қарыздар жоқ.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2010 жылдың қорытындысы округ экономикасының тұрақтандырылғанын дәлелдейді, оның негізгі бағыты –ауыл шаруашылығы.

Округ шаруашылық бағытында жұмыс істеп, жер реформасын жүзеге асыруда.

-3-

Егер 2009 жылы округ бойынша 58 шаруа қожалықтары болса, 2010 жылы 4 шаруа қожалығы ашылып, бүгінгі күні ауыл шаруашылығы өнімдерімен 61 шаруа қожалықтары айналысады.



Мал шаруашылығына келетін болсақ, биылғы жылдық есеп бойынша :

Ірі қара мал -4243 бас, қой –ешкі -8093 бас, жылқы-1327 бас, құстар -5410, шошқа-22.

Былтырғы жылға қарағанда малдың басы біраз өсті:

Қара мал -54 басқа, қой-ешкі- 360 басқа, жылқы -88 басқа., құстар-440.

Қолдағы бар малға, өткен жылы 10000 тонна қатаң мал азығы дайындалды. Қыстан шығуға толық мүмкіншілік бар деп есептеймін.

2009 жылдан бастап Мукинов Хабидулла Кабдулович асыл тұқымды мал шаруашылығы статусының иегері (ет бағытын-дағы-қазақтың ақ бас ірі қара малына), 2010 жылы «Мукинов» шара қожалығының басшысы Мукинов К.К «Жабе» асыл тұқымды жылқыға статусын алды.

2010 жылы егіс алқабы 1850 га аумағын құрады, бірақ барлық астық алқаптары ауа райының қолайсыздығына байланысты есептен шығарылды.

.

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС


Округ бойынша барлығы 14 дүкен, 3 дүңгіршек, 1-дәріхана, 1-жаттықтыру залы, 1-май соғатын цех, 1-диірмен, қолдан ұрықтандыру пункті, 3 мал сою алаңы бар. 2010 жылы Сосновка ауылында У. Баймухаметов және Қоянбай ауылында К.Саркытов мал сою пункттерін ашты.

Патент бойынша 31, куәлікпен 61 шағын бизнес субьектілері жұмыс істейді. Жыл сайын олардың көмегімен жұмыс орны ашылуда.

Шағын бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы жұмыссыз азаматтардың саны қысқартылды.

-4-


Округте шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасалуда,бұл олардың сандарының өсуіне,өнімдер мен қызметтер көлемінің артуына және тұрғындардың жұмыспен қамтылуына ықпал етеді.
МОРОЗОВ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Өткен жылы орманды қорғау және орман алқаптарын –өндіру жөніндегі Морозов «Семей орманы» мемлекеттік мекемесінде бір қатар жұмыстар атқарылды. Өрттен жанған жерге 350 га алқапқа ағаш көшеттері отырғызылды. 1812 кг қарағай бүршіктері дайындалды.

2011 жылға 307 га алқап ағаш көшеттерін отырғызуға дайын.

Өкінішке орай 2010 жылы 28 дала өрті, көлемі -28,9 га, 3 орман өрті болды. Орман өртімен жанған орман көлемі 0,5 га құрайды. Осы өрттерді сөндіру үшін 891704 теңге қаражат жұмсалды.

БІЛІМ БЕРУ


Білім жүйесіне келетін болсақ, округте 2 мектеп жұмыс істейді, мектептер комьютермен жабдықталған. Осы мектептерде 360 оқушы оқиды, мұғалім жас ұрпақтарға білім береді.

Мектептер мамандармен толық қамтамасыз етілген. Мектептерде әр-түрлі спорт секциялары жұмыс істейді (волейбол,баскетбол,теннис т.б).

Сондай-ақ мектептерде пәндік үйірмелер, қызықты клубтар жұмыс істейді.

Қазіргі кезде мектептер тек қана білім беру мекемесі ғана емес,сонымен қатар ауылдың әр түрлі мерекелік іс-шаралары өтетін,бүкіл ауыл тұрғындары қатысатын мәдени орталық.

-5-

Мектеп оқушылары мен қатар ауыл жастары үшін де мектепте демалыс кештері өткізіліп отырады.



Оқу жыл басталғаннан бері екі мектепте бастауыш сыныптардың оқушылары бір мезгіл ыстық тамақ ішеді, барлығы -177 бала оның ішінде :118оқушы -Сосновка орта мектебінде, 59 оқушы - Қоянбай орта мектебінде.

2010 жылғы қазан айында Сосновка орта мектебіне 25 орындық ПАЗ-32053 Маркалы жаңа автобус берілді. Қараша айында Сосновка орта мектебінің алдына 2 фонар қойылып, жарықтандырылды, 62500 мың теңгеге канализация, 74000 мың теңгеге су жіберу жұмыстары жүргізілді. Дәрігерлік кабитнетке 100 тың теңгеге қажетті медициналық жабдықтар алынды. Сосновка орта мектебіне Морозов орман шаруашылығының 59 оқушысы автобуспен тасымалданады.

2010 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуден – Сосновка орта мектебі – 86,5 балл, ал Қоянбай орта мектебі- 85,4 балл. алды.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ


Ауылдық округте 1 амбулатория, 2 дәрігерлік пункттер бар. Бұл салада 11 адам жұмыс істейді, оның ішінде: бірінші категориялық -1 дәрігер, 7-медбикелер, 2-тазалықшы, 1-жүргізуші. Жедел-жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген.

2010 жылы туғандар саны-31, туу көрсеткіші 12,9, ал қайтыс балған адамдар саны-30, көрсеткіші -12,4, өсімдік көрсеткіші -+0,5.

Жыл сайын рентгенография, флюрография өткізіліп отырады.

Округ бойынша 2010 жылы 2 адам туберкулезбен ауырды, емделіп шықты.

Қатерлі ісік ауруларымен ауыратын адамдар саны 2009 жылмен салыстырғанда екі есеге азайды, егер 2009 жылы 10 адам ауырса, ал 2010 жылы 5 адам.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша әйел адамдардың ағзасының қатерлі ісік ауруларының алдын-алу тексеру жұмыстары

-6-

жүргізіліп, скринингтен жыл сайын өткізіліп отырады. 18- жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер жыл сайын профилактикалық тексеруден өткізіледі.


БАЙЛАНЫС БӨЛІМШЕСІ
Округ бойынша 2 ауыл мекенінде байланыс торабы жұмыс істейді. Байланыс торабында телеграмма қабылдау, жөнелту, хат-хабарлар, газет - журналдар жеткізу қызметтері көрсетіледі.

2010 жылы телеграммамен қызмет көрсету, телефонмен сөйлесу – 10799040 теңгені құрады, 13 телефон жүйесі жүргізіліп, оған 150556 теңге төленді, газет-журналдарға жазылу – 712 дана, 638,423 мың теңге.

ТӘРТІП САҚТАУ
Ал енді тәртіп бойынша келсек, округте оперативті жағдайды тұрақтандыру, қылмысты болдырмау мақсатында «Құқық тәртібі», «Допинг», «Қару», «Мигрант» бойынша әр –түрлі ұйымдастыру тәжірибелік шаралар өткізілді.

Бірақ қолданылып жатқан шараларға қарамастан округ бойынша 2010 жылы әкімшілік жауапкершілікке 151 адам, қоғамдық ортада маскүнем күйінде болғандары үшін -33 адам, паспорт жүйені бұзғанары үшін 72 адам, ұсақ сотқарлық үшін 4 адам,қару сақтау ережесін бұзғандары үшін 8 адам, жол ережесін бұзғандары үшін 13 адам тартылды.

Арнаулы профилактикалық емдеу мекемесіне Литвинов Дмитрий Петрович емделуге жіберілді.

Октург бойынша қылмыстың алдын-алу, құқық бұзушылық және ұрлық болмауы үшін 3 адамнан тұратын сарбаздар жасағы құрылып жұмыс істеуде. Округте 9 адамнан тұратын Ақсақалдар кеңесі жұмыс істейді.

-7-

ЖОЛДАР, ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨРІКТЕНДІРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ.


Сосновка ауылдық округі бойынша қысқы жағдайларда автомобиль жолдарын пайдалану үшін 720 мың теңге қаржы бөлініп игерілді.

2010 жылы Башкуль-Морозов орман шарушылығы-Сосновка-Қоянбай жолдары қардан тазаланып, грейдермен тегістелді.

Сосновка ауылының Школьная көшесі құмдармен жабылып, грейдермен тегістелді.

Әрбір жұма күні «Тазалық жұмасы» және сенбі күндері сенбілік жүргізіліп отырады.

Ескерткіштерді жөндеуге 69000 мың теңге бөлініп игерілді.

МӘДЕНИ ЖӘНЕ СПОРТ


Округте 2 кітапхана жұмыс істейді. Кітаптар қоры -28597 дана, 802598 мың теңге. Әр- түрлі көпшілік шаралар өтті (жаңа-жылды қарсы алу, наурыз мейрамы, спорт түрлерінен жарыс).

Ата-Заңымыздың 15 жылдығына орай «Конституция –Ата Заңымыз! Бесқарағай туған жеріміз!» атты жүгіріс және митинг өтті, Ұлы отан соғысының 65 жылдығы, қарттар мен мүгедектер күні атап өткізілді.Соғыс ардагерлеріне бағалы сыйлықтар беріліп, концерт ұйымдастырылды.

Қарттар күніне жалғыз басты қарттарға және тұрмысы төмен отбасыларға заттай сыйлықтар тапсырылды.

2010 жылы 10 тамыз күні Шошқалы көлінің жағасында «Бесқарағай інжуін сақтайық» атты өткен акцияға ауыл жастары қатысып тазалық жұмыстарын жүргізді.

Сосновка орта мектебі аудан көлемінде жазғы демалыс лагерлерін жақсы дәрежеде ұйымдастырғаны үшін 1 орынға ие болды.

Мектептерде спорттық ойындардан жарыстар өткізіліп отырады.

-8-

Аудандық жарыста армреслингтен 11 сынып оқушысы Курбанов Рамиль 1 орынға ие болып,облыстық жарысқа қатысты.



2010 жылғы 27 қазанда округте ауыл шаруашылық күні өткізілді. Шаруа қожалықтарының иелерине аудан әкімі тарапынан және ауыл әкімі тарапынан алғыс хаттар мен грамоталар және сыйлықтар тапсырылды, спорттық ойындармен жалғасты. Сосновка-Коянбай және шекара бекеті «Қарағайлы» командалары арасында өткен волейбол жарысынан 1 орынды «Қарағайлы» командасы жеңіп алды.

Сосновка ауылының тұрғыны, Сосновка орта мектебінің жұмысшысы Малыгина Мария Петровна 2010 жылы Аудандық «Абай оқулары» сайысына қатысып, үшінші орынды жеңіп алса, 2010 жылғы 19 қарашада Өскемен қаласында өткен Ұлттық-мәдени орталықтар отбасылары арасындағы «Мемлекеттік тіл және отбасы» облыстық сайысқа қатысып бірінші орынды жеңіп алды.



Ел басымыз алға қойған биік мақсаттардың жүзеге асырылуына үлес қосуымызға баршаңызды шақырамын.

Құрметті ауыл тұрғындары сіздерді жаңа -жылдарыңызбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бақыт, еңбектеріңізге жеміс тілеймін.
жүктеу 79,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау