С. А. Козлова, Т. А. Куликова


Ойынға қойылатын педагогикалық талаптар



жүктеу 4,62 Mb.
Pdf просмотр
бет259/298
Дата11.02.2023
өлшемі4,62 Mb.
#41256
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   298
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

Ойынға қойылатын педагогикалық талаптар 
Баланың дамуына, өзін ойында белсенді көрсетуіне, 
қуанышты өмір сүруіне көмектесу үшін ойыншық қандай болуы 
керек?
Ойыншықтарға қойылатын негізгі таплапты Н.К.Крупская 
«Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойыншықтар 
туралы» атты мақаласында анықтап берді: ойыншық мектепке 
дейінгі балалық шақтың әр жас ерекшелігі сатысында баланың 
дамуына ықпал етуі керек.Ойыншықтарды іріктеуде жас 
ерекшеліктеріне негізделу қажет, сондықтан мектеп жасына 
дейінгі балаларға арналған бірыңғай педагогикалық құнды 
ойыншық жоқ және болуы да мүмкін емес. Сәбиге айналадағы 
әлемге бағдар алуға көмектесетін, оның дербес әрекетін 
ынталандыратын, оны белгілі бір арнаға бағыттайтын 
ойыншықтар қажет. Ал жоғарғы мектеп жасына дейінгі балалар 
үшін айналадағы шындықты зерделеуге көмектесетін, ұжымдық 
ойынды ынталандыратын ойыншықтар керек. 


438 
Ерекше талап ойыншықтың тақырыбына, мазмұнына 
қойылады (ол нені білдіретініне), өйткені осыған көптеген 
жағдайда ойынның сипаты, бала орындайтын іс-қимылдар, оның 
сезімдері, мұңаюлары байланысты болады. 
Е.А. Флерина осы талапты былай белгіледі: «Ойыншық 
баланың дүниетанымын кеңейтуі керек, қазіргі шындық 
образдарымен тартуы қажет» 
(Флерина Е.А.
Игра и игрушка. — 
М., 1973. — С. 49). Мектеп жасына дейінгі баланың дамуына 
мейірімді мәнмен толыққан, баланы оң әрекеттерге баулитын 
ойыншық әсер етуі мүмкін. Зорлық, зомбылық құралдарын, 
қаруларды бейнелейтін, агрессиялық, бұзушылық мінез-
құлықты ынталандыратын ойыншықтар мектеп жасына дейінгі 
баланың психикасын жаралайды. Олар балаларға айналадаңы 
әлем, 
адамгершілік 
туралы 
бұзылған 
түсініктерін 
қалыптастырады, қалыптасып келе жатқан тұлғаның гуманистік 
бастамаларын әлсіретеді. Осы тұрғыдағы ойыншықтарды 
мектепке дейінгі мекемеде ұстауға болмайды. Педагог ата-
аналарға милитаристік мазмұндағы ойыншықтардың, сонымен 
қатар, қатыгездік, зорлық-зомбылық ғибадатын насихаттайтын 
шетелдік мультфильмдердің «қаһармандары» - ойыншықтардың 
балаға әсер ету залалдығын түсіндіру қажет. 
Ойыншық динамикалы, балаға ойынның әртүрлі әрекеттеріне 
баулуы тиіс. Бұл белсенді іс-қимылдарға, қызметке қажеттілік 
ретіндегі 
мектепке 
дейінгі 
баланың 
психофизикалық 
ерекшеліктерін ескеретін маңызды талап. Егер бала ойыншыққа 
меңзеп қана қараса, онда ол оның дамуына ісер етпейді. 
Е.А.Флеринаның сөздерін есте сақтау керек: «Ойыншық түрлі 
әрекеттергекөп мүмкіншіліктер жасаса, ол балаға соншалықты 
қызықтырақ, сонша тәрбие мүмкіндіктері көбірек» 

жүктеу 4,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау