Әлеуметтік жұмыскер «Әлеуметтік қОРҒаудан- әлеуметтік прогреске» бағыттайтын субьект ретінде турманова Ж. Е



жүктеу 36,06 Kb.
Pdf просмотр
Дата05.02.2018
өлшемі36,06 Kb.
#8739


http://www.enu.kz

 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСКЕР «ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДАН- ӘЛЕУМЕТТІК 



ПРОГРЕСКЕ»  БАҒЫТТАЙТЫН СУБЬЕКТ РЕТІНДЕ  

 

Турманова Ж.Е. 

Қазақ гуманитарлық заң университеті, Астана қаласы 

научный руководитель  Тынышбаева А.А., д.с.н., к.психол. н., профессор 

 Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева 

http://www.enu.kz

 

 

Тәуелсіз  Қазақстан  әлеуметтік-экономикалық  әлеуетін  нығайтқан  сайын  өркениет 

биігіне шығып, халықтың әл-ауқатын жақсарту барысында қоғамыздағы әлеуметтік әлсіз 

топтарға  жан-жақты  қамқорлық  жасауды  маңызды,  әрі  өзекті  мәселе  ретінде 

қарастырылады.  Қоғамда  әлеуметтік  жұмыскерлер  халықтың  әлжуаз  топтарына  

мемлекеттің  беретін  әлеуметтік  көмегін  үйлестіруші  ғана  емес,  жоғарыда  көрсетілген 

проблемаларды  болдырмау  немесе  солардың  алдын  алу  шараларын  жүргізуі  қажет.  ҚР 

Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың   «Жалпыға  ортақ  еңбек  қоғамына  20  қадам»  атты 

мақаласында «... мемлекет – шетсіз-шексіз донор емес, азаматтар әл-ауқатының өсуі үшін 

жағдай  туғызатын  әріптес  деген  ұстаным  қалыптастыру  маңызды.  Мемлекеттің 

стратегиясы  әлеуметтік  қорғаудан  әлеуметтік  прогреске  бағытымен  құрылады.  Бұл 

масылдыққа  жол  жоқ  дегенді  білдіреді.Тек  осындай  жағдайда  ғана  Қазақстан  қоғамы 

патернализм  инерциясын  еңсере  алады»  деп,  қазіргі  уақытта  әр  тұлға  өзі  үшін 

денсаулығын  сақтауы,  еңбек  етуі  және  қоршаған  қоғаммен  дұрыс,  үлгілі  қарым-қатынас 

жасай алатын тұлғалар қалыптастыратын уақыттың келгенін баса айтады. 

Қазірігі  қоғамдық  өмірдің  дамуында  ғылым  мен  техниканың  рөлі  өсіп,  кәсіби 

әрекеттің  өзіне,  маманына  қойылатын  талап  деңгейі  жоғарлауда.  Осының  негізінде  кез 

келген  маман  тұлғасынан  ішкі  бақылауды,  кәсіби  әрекет  пен  мінез-құлықты  өзіндік 

реттеуді  жүзеге  асыруды  алға  қояды.  Бұл  сол  тұлғаның  өзінің  ішкі  өміріне,  өзін-өзі 

тәрбиелеуіне  деген  көңіл  бөлушілікпен  байланысты.  Қазақстанда  саяси-экономикалық, 

әлеуметтік-демографиялық  құбылыстардың  ағымына  қарай  қоғам  өмірінің  әлеуметтік 

сферасы  да  түбегейлі  өзгерістерге  ұшырауда.  Халық  дифференциациясының  жоғарғы 

темппен  өсуі,  яғни  жетімдік,  жалғыз  басты  аналар,  аз  қамтылған  отбасылар, 

жұмыссыздық,  оралмандардың  оралуы,  кіріптарлық,  міндетті  түрде  тұрақ-жайын 

ауыстырушылық,  қолайсыз  экологиялық  жағдай  және  демографиялық  жағдайдың 

күрделілігі –мұның бәрі қазіргі қоғамның ащы шындығы. 

 

Осындай  күрделі  жағдайлар  өзекті  мәселелерді  топтастырады,  дәлірек  айтсақ, 



әлеуметтік    көмек  беру  мен  қолдау,  әлеуметтік  мәселесі  бар  белгілі  бір  топтың  немесе 

қауымның жеке тұлғаларын сауықтыру, көмек көрсету және оларға кеңес беру және т.б., 

осының  бәрі  әлеуметтік  жұмыстың  кәсіби  кадрлары  мен  мамандарына  қажеттілікті 

тудырады.  Бұл  қажеттілік  обьективті  және  субьективті  сипаттағы  мәселелерге 

шартталады,  олар[1; 52б]: 

    1-ден, әлеуметтік сфераны кадрлармен қамтамассыз ету жағдайы қанағаттанарлық емес, 

сондай-ақ  әлеуметтік  қызметтерді  мамандармен  қамту  перспективасында  шешілмеген 

күрделі жағдайлар қалып отыр; 

    2-ден,  қазіргі  заман  адамының  өміріндегі  ғаламдық  мәселелерді  шешетін  әлеуметтік 

қорғау  саласындағы,  оның  специализациясы  мен  технологиясын  жетік  білетін 

мамандарды жаппай дайындау қажеттілігі туындауда; 

    3-ден,  бүгінгі  күні  елімізде  әлеуметтік  жұмыскерлерді  дайындау  мәселесінің 

координациясы  бойынша  құрылымдық  саты  жаңадан  ғана  қалыптасуда.  Оның  ғылыми-

әдістемелік,  құқықтық,  саяси-экономикалық  негізі  осы  сала  мамандарын    ЖОО-да 

дайындау тәжірибесімен бір уақытта жүзеге асырылуы қажет; 

    4-ден,  әлеуметтік  жұмыскерлерді  дайындау  кадрларды  аттестациялау  жоспары  ретінде 

реттелмеген,  олардың  қызметтік  функциялары,  этикалық  және  құқықтық  нормалары 



http://www.enu.kz

 

нақтыланбаған,  әлеуметтік  жұмыскерлердің  кәсіби  әрекетін  зерттеу  жоспарында 



әлеуметтік  аумақтағы  еңбегі  экономикалық  қамтмассыз  етілмеген  және  ынталандыру 

шаралары қарастырылмаған,  сондай-ақ осы кәсіптің мамандарының кәсіби қалыптасуына 

әсер ететін факторлар өзгерісі ескерілмей келеді. 

Осы жоғарыда айтылған әлеуметтік сфераның қарама-қайшылықтарды шешу үшін 

тек әлеуметтік саясаттың ойлап тапқан тұрақты экономикалық жағдайына ғана сүйенбей,  

мұндай  жұмыстарды  дұрыс  ұйымдастыратын  дайындалған  мамандар  қажет.  Жоғары 

білікті  мамандарды  дайындау  айтарлықтай  қиын,  әрі  ұзақ  процесс  және  әлеуметтік 

жұмыскердің  өзін,  олардың  әлеуметтік  сферадағы  кәсіби  әрекетімен  тікелей 

байланыстырып  дайындау  керек.  Сондықтан  қазіргі  кезеңде  болашақ  әлеуметтік 

жұмыскер кәсіби әрекеттің субьектісі ретінде жан-жақты білімді меңгерген, кәсіби өзіндік 

сана-сезімді, тұлғалық мақсатқа бағытталған болып қалыптасуы өте маңызды.  

 

  Халықпен,  оның  әртүрлі  санаттарымен  жұмыс  жүргізетін  әлеуметтік  жұмыс 



мамандарының алдында да  «Қазақстандықтардың сапалы әлеуметтік үлгі-қалыптары мен 

кәсіби біліктілігі жүйесін, әсіресе экономикалық белсенді тұрғындардың арасында жасап 

енгізу  міндеті  тұр».  Әлеуметтік  жұмыстың  тәжірибелік   қызметі  және  әлеуметтік 

қызметкердің  кәсіби  бейнесі  ретіндегі   ерекшеліктерін  қарастырмас  бұрын  осы 

мамандықтың  негізгі  ұғымын  анықтап  алған  жөн.  Оның  ішінде  Қазақстан 

Республикасының  2008  жылғы  29  желтоқсандағы  «Арнаулы  әлеуметтік  қызметтер 

туралы»  N114-IV Заңында көрсетілген  мынадай ұғымдардың сол жұмысқа кілтті сөздер 

бола алады, атап айтқанда:   

-арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  -  өмірлік  қиын  жағдайда  жүрген  адамға  (отбасына) 

туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және 

оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған 

қызметтер кешені;  

-арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  көрсететін  субъектілер  -  арнаулы  әлеуметтік  қызметтер 

көрсету  жөніндегі  мемлекеттік  және  мемлекеттік  емес  секторларда  жұмыс  істейтін  жеке 

және (немесе) заңды тұлғалар;  

-  арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  көрсету  стандарттары  -  арнаулы  әлеуметтік  қызметтер 

көрсету сапасын, көлемін және шарттарын белгілейтін нормативтік  құқықтық  актілер;  

-әлеуметтік  бейімсіздік  -  жеке  адамның  әлеуметтік  ортамен  өзара  байланысының 

бұзылуы;  

-әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше 

қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айрылу;  

-әлеуметтік қызметкер - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы 

әлеуметтік  қызметтерге  қажеттілікті  бағалау  мен  айқындауды  жүзеге  асыратын, 

белгіленген   талаптарға   сәйкес  келетін  қажетті  біліктілігі  бар  қызметкер;  

-  әлеуметтік  орта  -  адамның  (отбасының)  өмір  сүруінің,  қалыптасуы  мен  қызмет 

атқаруының материалдық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани жағдайларының 

жиынтығы; 

-өмірлік  қиын  жағдай  -  адамның  тыныс-тіршілігін  объективті  түрде  бұзатын,  ол  оны  өз 

бетінше еңсере алмайтын ахуал.  

Болашақ әлеуметтік жұмыскердің кәсіби өзіндік сана-сезімінің қалыптасу мәселесі, 

оның  кәсіби  әрекеттегі  тұлғасының  дамуы  толық  қарастырылып,  зерделенген  жоқ. 

Сондай-ақ,  студенттерді  кәсіби  дайындау  кезеңдерінде  «Мен  бейнесін»  дамыту 

ерекшеліктері туралы  білімді әлеуметтік жұмыс саласындағы болашақ мамандарды оқыту 

және  тәрбиелеуге  дифференциациялық  келістің  практикалық  мақсатын  көздеу  үшін 

қажет[2; 71б]. 

Әлеуметтік  жұмыскер  болып  қалыптасуда  тұлғалық  бейнесіне  кіретін  әлеуметтік 

мәні  бар  кәсіби  нұсқауларға,  оның  тұрақтылығы  мен  тұтастылығын  қамтамассыз  ететін 

психикалық  білімдер  ең  алғашқы  қатарда  үлкен  мәнге  ие.  Оның  ішінде  әлеуметтік 

жұмыскердің  «Мен  бейнесі»  немесе  «Мен-тұжырымдамасы»  туралы  білімдер  де  кіреді. 



http://www.enu.kz

 

Кәсіби  өзіндік  сана-сезімнің  құрылуы  әрекет  етуші  тұлғаның  субьективті  позициясын 



қамтамассыз ететін маңызды процесс болып табылады.  

Резюме  

В  Казахстане  пподготовка  социальных  работников  имеет  свои  специфические 

особенности.  Из  них,  некоторые  трудности  практической  подготовки  специалистов, 

обусловленные  отсутствием  сформированной  устойчивой  системы  социальной  помощи 

населению;  интенсивный  рост  научных  исследований  в  области  социальной  сферы; 

интеграция усилий по подготовке социальных работников. 

 

In Kazakhstan preparation of social workers has the specific features: some difficulties of 



the practical training of specialists caused by lack of created steady system of the social help to 

the  population;  intensive  growth  of  scientific  researches  in  the  field  of  the  social  sphere; 

integration of efforts on preparation of social workers. 

 

Әдебиеттер 

1.  Социальная  работа:  Введение  в  профессиональную  деятельность:  Учебное  пособие/ 

Отв.ред. А.А.Козлов. М., 2004. – 366б. 

2.  2  Шмелева  Н.Б.  Формирование  и  развитие  личности  социального  работника  как 



профессионала: Учебное пособие.- М.: «Дашков и Ко», 2005.-196б.  

 

 

жүктеу 36,06 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау